1 требования к структуре умк дисциплины



жүктеу 4,26 Mb.
бет8/15
Дата22.05.2018
өлшемі4,26 Mb.
#16265
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15

Коммерциялық құрамы:

- чек нөмірі;

- трассат шотының нөмірі;

- трассат банктің коды;

- чек сомасының санмен қайталануы;

- бенефициар;

- кодтау желісі.

Біздің республикамызда чекті қолдану 2002 жылғы 13 мамырда ҚРҰБ Басқармасы бекіткен Қазақстан аумағында чектерді қолдану Ережесімен реттеледі.

Чек беруші мен чек беруші банктің арақатынасы чекті қолдануға байланысты чекті колдану туралы келісіммен реттеледі. Чектерді қолдану туралы келісім жасалмастан бұрын банктер чектермен операция өткізу бойынша банктік қызмет тарифтері туралы ақпарат алуға клиенттер құқығын және чектерді қолдану туралы келісімнің міндетті шарттарын қамтамасыз етуге тиіс.

Бұл келісімде көрсетілген негізгі деректемелер төмендегідей:

• чек кітапшасындағы чек бланктерінің саны және олардың қорғалу дәрежесіне қойылатын талаптар туралы мәліметтер (чек беруші банкі чек бланкісінің және чек кітапшасының үлгісін өз еркімен бекітуге құқылы);

• чектерді дұрыс толтыру талаптары, атап айтқанда:

- чек бланктерінің реттік нөмірін сақтау;

- чек сомасын санмен және жазып көрсету (жазылатын сома жолдың ең басынан басталуға тиіс, теңге сөзі жазып көрсетілген сомадан кейін бос орын қалдырылмауы тиіс, тиын сөзі чекте көрсетілмейді);

- «бұйрық бойынша төлеңіз» деген сөздерден кейінгі бағанада чек жазып берілетін адамның аты-жөні немесе заңды тұлға атауы көрсетіледі;

- чек жазып берілген күннің койылуы (күні және жылы -санмен, айы жазумен);

- чек беруші қолының қойылуы және заңды тұлға үшін мөрдің басылуы, олар чек берушінің (жеке тұлғалар үшін) немесе чек беруші чек кітапшасына ие болуға өкілеттік берген тұлғаның қолының және мөр-таңбасының (заңды тұлғалар үшін) үлгісі құжаттағы үлгіге сәйкес болуы тиіс;

- чектің түбіртегінде операция жасалғанға дейінгі сома қалдығының, чек сомасының және чек кітапшасы бойынша жаңа қалдықтың көрсетілуі (қалдық санмен және жазумен) беріледі, сондай-ақ чек жазып берілген күн және чек берушінің немесе чек кітапшасына ие болуға өкілетті тұлға қолы және чек берушінің мөрі (заңды тұлғалар үшін) койылады;

• Чекпен операция жасалған кездегі чек берушінің банкі мен чек беруші арасындағы өзара төлемдер тәртібі;

• Чек кітапшасын қолдану мерзімдері;

• Чек берушінің чектің қолданылмаған бланктеріне бақылау жасауды қамтамасыз ету тәртібі;

• Чек беруші банктің төленген чектерді есепке алу тәртібі;

• Чек берушінің жоғалған немесе ұрланған чектер, чек кітапшалары, чекке қол қоюға өкілеттілігі бар тұлғалар кұрамының (занды тұлғалар үшін) өзгеруі туралы чек берушінің банкті хабардар ету тәртібі;

• Чек беруші банктің чектерді төлеуден бас тарту, сондай-ақ ақауы бар және жалған чектер туралы чек берушіні хабардар ету тәртібі;

Чек беруші банктің чектермен операция жүргізу жөніндегі қызметін чек берушінің төлеуі жөніндегі шарттары;

• Чек беруші банкке чектің қолданылмаған бланктерін чек берушінің қайтару тәртібі;

• Чек беруші мен чек берушінің банкі қатынастарына талап кою тәртібі және тараптардың жауапкершілігі.

Егер олар заңмен қарастырылған болса және чекпен жасалатын операцияларды өңдеу үшін қажет болса, онда чек беруші банкі чекте қосымша деректемелерді талап етуге құқылы.

Чектерді қолдану туралы келісімде басқа да шарттар қарастырылуы мүмкін.

Қазіргі кезде Ұлттық банк нұсқауы бойынша есеп айырысуда тек депонирленген чектерді қолдану қарастырылуда. Қаржыларды депонирлеу чек беруші клиентпен банктік 2221 «Клиенттердің арнайы салымдары» шотында жүргізіледі, бұл аталған чек бойынша төлемдерді қамтамасыз етеді. Чек кітапшаларын рәсімдеу кезінде чек жіберуші банктің өкілетті тұлғасы төмендегілерді орындауға міндетті:

• Чек берушінің немесе оның мүддесін көздеуші тұлғаның жеке басының кім екендігіне көз жеткізуге;

• Чек кітапшасының мына мәліметтер көрсетілген немесе қойылған сыртқы бетін толтыруға:

- чек берушінің аты-жөні немесе атауы;

- чек берушінің (жеке тұлғалар үшін) немесе оның мүддесін көздейтін тұлғаның (заңды тұлғалар үшін) жеке куәлігінің сериясы, нөмірі, кім және қашан бергені;

- чек беруші банктің жеке банктік коды;

- чек бланктерінің нөмірлері (нөмірден нөмірге дейін);

- чек кітапшасын қолдану мерзімі;

- чек кітапшасындағы санмен жэне жазумен (соманы жазу жолдың шетінен міндетті түрде үлкен әріппен басталып, санмен жазылған сома бағанындағы бос орын және жазумен жазылған сомадан кейін асты екі сызықпен сызылады);

- чек кітапшасының берілу күні;

- өкілетті тұлға қолы және чек беруші банктің мөрі;

• Чек кітапшасының әрбір бланкіне:

- мөртаңбамен көрсетіп чек берушінің банкінің банктік жеке кодын және онын атауын қоюға;

- чек берушінің (жеке тұлғалар үшін) немесе оның мүддесін көздейтін тұлғаның (заңды тұлғалар үшін) аты-жөнін толық жазуға;

- салық төлеушінің - чек берушінің тіркеу нөмірін қою;

Чек беруші банктің чектермен операция жүргізу жөніндегі қызметін чек берушінің төлеуі жөніндегі шарттары;

• Чек беруші банкке чектің қолданылмаған бланктерін чек берушінің қайтару тәртібі;

• Чек беруші мен чек берушінің банкі қатынастарына талап кою тәртібі және тараптардың жауапкершілігі.

Егер олар заңмен қарастырылған болса және чекпен жасалатын операцияларды өңдеу үшін қажет болса, онда чек беруші банкі чекте қосымша деректемелерді талап етуге құқылы.

Чектерді қолдану туралы келісімде басқа да шарттар қарастырылуы мүмкін.

Қазіргі кезде Ұлттық банк нұсқауы бойынша есеп айырысуда тек депонирленген чектерді қолдану қарастырылуда. Қаржыларды депонирлеу чек беруші клиентпен банктік 2221 «Клиенттердің арнайы салымдары» шотында жүргізіледі, бұл аталған чек бойынша төлемдерді қамтамасыз етеді. Чек кітапшаларын рәсімдеу кезінде чек жіберуші банктің өкілетті тұлғасы төмендегілерді орындауға міндетті:

• Чек берушінің немесе оның мүддесін көздеуші тұлғаның жеке басының кім екендігіне көз жеткізуге;

• Чек кітапшасының мына мәліметтер көрсетілген немесе қойылған сыртқы бетін толтыруға:

- чек берушінің аты-жөні немесе атауы;

- чек берушінің (жеке тұлғалар үшін) немесе оның мүддесін көздейтін тұлғаның (заңды тұлғалар үшін) жеке куәлігінің сериясы, нөмірі, кім және қашан бергені;

- чек беруші банктің жеке банктік коды;

- чек бланктерінің нөмірлері (нөмірден нөмірге дейін);

- чек кітапшасын қолдану мерзімі;

- чек кітапшасындағы санмен жэне жазумен (соманы жазу жолдың шетінен міндетті түрде үлкен әріппен басталып, санмен жазылған сома бағанындағы бос орын және жазумен жазылған сомадан кейін асты екі сызықпен сызылады);

- чек кітапшасының берілу күні;

- өкілетті тұлға қолы және чек беруші банктің мөрі;

• Чек кітапшасының әрбір бланкіне:

- мөртаңбамен көрсетіп чек берушінің банкінің банктік жеке кодын және онын атауын қоюға;

- чек берушінің (жеке тұлғалар үшін) немесе оның мүддесін көздейтін тұлғаның (заңды тұлғалар үшін) аты-жөнін толық жазуға;

- салық төлеушінің - чек берушінің тіркеу нөмірін қою;

Чек берушінің (жеке тұлғалар үшін) немесе чек беруші чек кітапшасына ие болуға өкілеттік берген тұлға қолының және мөр бедерінің (заңды тұлғалар үшін) үлгілері бар кұжатты қабылдауға;

• Чек кітапшаларын тіркеу журналына тиісті жазбалар жасауға;

• Чектерді қолдану туралы келісімде көзделген жағдайларда бір мезетте бірнеше чек кітапшаларын беруге рұқсат етіледі.
Бақылау сұрақтары:

1. Банктік шотты ашу, жүргізу және жабу тәртібіне сипаттама беріңіз.

2. Төлем тапсырмасы және төлем талап тапсырмасымен есеп айырысу тәртібі неде?

3. ЛОРО, НОСТРО шоттары арқылы есеп айырысу есебі тәртібіне сипаттама беріңіз


Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

  1. Міржақыпова С.Т. Банктегі бухгалтерлік есеп және есеп беру. Алматы: Экономика, 2007

  2. Закон о платежах и переводах денег от 28 июля 1998 г.

  3. Инструкция «О порядке открытия, ведения и закрытия банковских счетов клиентов в банках РК» 2002 г

4. Правила использования платежных документов и осуществления безналичных платежей и переводов денег на территории РК № 1155 от 14 июня 2000 г.
4 Тақырып. Кассалық операциялары және шетел валюталармен жүргізілетін операциялар есебі


  1. Валюталық операциялар түрлері.

  2. СПОТ және Форвард операцияларының есебі.

  3. СВОП және Опцион операциялар есебі.

  4. Айырбас пунктін ашу тәртібі және есебін үйымдастыру.

  5. Коммерциялық банкте кассалық жүмысты үйымдастыру тәртібі.


1. Валюталық операциялар түрлері.

Валюталық құндылықтармен жүргізілетін операциялар екі түрге бөлінеді: ағымдағы валюталық операциялар, олардың құрамына елден валюта аудару және керісінше валюта қабылдау, саудалық сипатқа жатпайтын аударымдар және тура инвестициялар, қаржылық несиелер және т.б. капитал қозғалысымен байланысты операциялар жатады.

Шетел валютасыңда банктік операциялар жүргізуге лицензияларды Ұлттық банк шексіз мерзімге береді және атаулы болып табылады, яғни үшінші тұлғаларға берілмейді. Банк валюталық операциялардың лицензияда көрсетілген жағдайда және келесілерге сәйкес жүргізуге құқы бар:

• шетел валютасындағы қаражаттарды заңды және жеке тұлғалардың шотына және салымына орналастыруға және қабылдауға;

• банктер мен ұйымдарға шетел валютасында несие және қарыздарды тарту және ұсыну;

• заңды және жеке тұлғалардан шетел валютасындағы төлем құжаттарын сатып алу және сатуды жүзеге асыру;

• валюталарды сатып-алу сатуды жүргізу шетел мемлекеттерінің банктерімен корреспонденттік қатынастарды белгілеу;

• өз клиенттеріне шетел валютасында кассалық қызмет көрсету;

• шетел валютасында саудалық және саудалық емес операциялар бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру;

• халықаралық банктік тәжірибеге сәйкес басқа да операцияларды жүзеге асыру.



Валюталық операцияларды жүзеге асыруға құқық берілген банктер уәкілетті деп аталады. Валюта нарығында банктің рөлін анықтайтын негізгі фактор банктің көлемі, оның репутациясы, бөлімшелермен филиалдардың шетелдік желісінің даму деңгейі, жасалатын халықаралық банктік есеп айырысудың көлемі болып табылады. Сондай-ақ банк және оның валюта саясаты орналасқан орындарда кезең сайын енгізілетін валюталық шектеулер, телекстік және телефондық байланыс жағдайы маңызды рөл атқарады.

Шетел серіктестігімен есеп айырысуды жүзеге асыру үшін валюталық шот ашу қажет. Егер заңды тұлғаның банкте теңгелік шоты болмаса, онда оны ашу үшін келесі құжаттар үсынылады:

• нотариалдық куәландырылған кұрылтай құжаттарының көшірмесі;

• занды тұлғаның валюталық шот ашу туралы арызы;

• уәкілетті тұлғалардың қол және мөр үлгілері;

• салық төлеуші ретінде есепке тұрғаны туралы анықтама;

• Қазақстан Республикасының уәкілетті органына тіркелгендігі туралы куәлік.

Банкте төлемдерді жүргізу үшін өзара шарттар, келісімдер, мәмілелер көшірмесі бар заңдық іс жасалынады.

Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар банкте валюталық шот ашу үшін келесі кұжаттарды ұсынуы қажет:

- шот ашу үшін арыз (1-қосымша);

- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

- клиенттің салық есебіне тіркелгендігін растайтын салық қызметінің органы берген бекітілген нысандағы құжат мемлекеттік тіркеуден өткендігін растайтын уәкілетті орган берген құжаттың көшірмесі немесе соған теңесетін құжат (патент немесе лицензия) көшірмесі.



Шотқа келіп түскен валюталық қаражаттар заңды болуы қажет: уәкілетті банктер арқылы ішкі валюта нарығында теңгеге сатып алынған экспортты валюталық түсім, жарғылық капиталга салым, қаржылық көмек, дайырымдылықтар, сыйлықтар, несиелер, қарыздар, валюта. Заңды тұлғалар шетел валютасындағы несиені тек бейрезидент тұлғалармен есеп айырысу үшін және шетел валютасында алынған банктік несиелер бойынша міндеттемелерді орындау үшін ғана ала алады. Клиенттердің валютаны сатып алуы валюталық қаражаттарды сатып алуға берілетін арыз арқылы (2-қосымша) және кросс-операция (айырбастау) (3-қосымша) бойынша жүзеге асырады, ал сату валюталық қаражаттарды сатуға арыз-тапсырма негізінде жүргізіледі (4-қосымша).

Тауарды импорттау (жұмыстар мен қызметтер) бойынша келі-сімшарттардың төлемі алдын ала валюталық шоттан төленген кезде клиент банкке тиісті өзара шарт, келісімшарт немесе келісімдерді ұсынуы қажет. Ұсынылатын құжаттар негізінде валюталық шот ашу кезінде тоғыз таңбалы саннан тұратын нөмір беріледі.

000 000 000



1 2 3

Мұндағы: 1 - валютаның коды;

  1. - шоттың баланстық номірі;

  2. - клиенттің нөмірі (жеке).


Онда шоттың ашылған күні, клиенттің атауы, нөмірі және қосымша ақпараттар жазылатын, валюталық шоттарды тіркеу кітапшасы жүргізіледі. Сол уақытта клиенттерге папка ашылады: онда шот бойынша ақша қаражаттарымен байланысты барлық материалдар жиналатын заңды іс және дербес шот керсетіледі.

Жоғарыда айтылғандай, банктер шетел валютасында операция жүргізу үшін лицензия алулары қажет. ҚР ¥лттық банкі лицензиялауды заңдылықтарға сәйкес жүзеге асырады. Бүгінгі күні шетел валютасында қолма-қол есеп айырысу негізінде бөлшек сауда және қызмет көрсетулермен байланысты әрекет, резиденттердің мемлекет заңдылықтары бойынша кұқықтарына сәйкес шетел банктерінде және қаржы институттарында шоттар ашумен байланысты қызметтерге лицензия беріледі.

Кейбір шетел валютасындағы операциялар Ұлттық банкке тіркелуі қажет, мысалы, 100 мың АҚШ долларынан асатын ақша қаражатының бейрезиденттен резиденттердің пайдасына өтетінін қарастыратынын капитал қозғалысымен байланысты операциялар. Ұлттық банк қаржылардың резидент еместерден резиденттердің пайдасына өтуін қарастыратын капитал қозғалысымен байланысты валюталық операциялардың келесі тіркеу тәртібін анықтаған:

- 180 күннен асатын мерзімге дейінгі алынатын несие;

180 күннен асатын мерзімге резиденттердің экспорттык мәмілелерін бейрезиденттердің несиелеуіне байланысты есеп айырысуларды жүзеге асыру;

- 180 күннен асатын мерзімге резиденттердің импорттык мәмілелерін бейрезиденттердің несиелеуіне байланысты есеп айырысуларды жүзеге асыру;

- Қазақстан Республикасындағы бейрезиденттердің инвестициясы;

- жылжымайтын мүліктерге мүліктік және басқа да құқықтар төлемдеріне аударымдар;

- бейрезиденттердің 180 күннен асатын мерзімге резиденттердің экспорттық мәмілелерін несиелеумен байланысты есеп айырысуларды жүзеге асыру.

Жекелеген валюталардың ұзақ немесе қысқа позицияларында бірінші кезекте мүмкіндігі болатын қолма-қол өтелмеген мәмілелермен байланысты олардың қолдағы бар мүмкіндіктері жабылмаған мәмілелерімен валюталық операцияларды жүргізу кезінде банктер әр түрлі тәуекелге бел буады.

Валюталық позиция банктің шетел валютасындағы талаптар мен міндеттерінің арақатынастарын білдіреді. Олардың нақты валюта бойынша тең болуы кезінде валюталық позиция жабық деп есептелінеді, ал тең келмеуі кезінде - ашық.

Жабық валюталық позиция кезінде банк шетел валютасын сатып алу мәмілесін жасайды да және дәл сол уақытта оны алынған табыспен басқа сату мәмілесімен жабады. Ұлттық банк жабық валюталық позиция көлемін шектемейді.

Валюталық бағам Банк үшін жағымсыз бағытта' өзгеруі мүмкін болғандықтан, ашық валюталық позиция банктің зиян шегу тэуекелімен байланысты. Сондықтан да ¥лттық банк , оның мөлшерін шектеп, арнайы бөлек есептілікті тағайындайды.

Егер сатылған валюта бойынша міндеттемелер оған деген талап-тардан жоғары болса ашық валюталық позиция қысқа болуы мүмкін және егер сатып алынған валюталар бойынша талаптар оларға деген міңдеттемелерден жоғары болса, онда ұзақ болуы мүмкін.

Ашық валюталық позициясының шегі қатаң валютадағы банктің жарғылық капиталының 30% құрауы керек, ал ұзақ валюталық позиция жұмсақ валюта бойынша 5%, валюталық нетто-позицияның жарғылық капиталдьщ 50% құрауы керек.

Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін валюталық операциялардың түрлері кеңінен дамыды. Елуінші жылдардың аяғынан бастап өнеркәсібі дамыған елдерде валютаны жедел ұсыну («спот») және мерзімді (форвордтық) мәмілелер кең қолданылды, соңғылары валюталық реттеу объектілері болып табылады. Жетпісінші жылдардан бастап биржада фъючерстік және опционды валюталық мәмілелер дамыды. Бұл алып-сатарлық мәмілені және валюталық тәуекелден сақтандырудың жаңа нысаны. Қолма-қол валюталық операцияларды көп банктер жүзеге асырады, мерзімді операциялар мен «своп» мәмілелерін негізінен ірі банктер, ал опционды операцияларды ірілендірілген банктер жүзеге асырады. Жедел ұсыну («своп») валюталық операциялары өте кең таралған және төленген мәміле көлемінің 90% құрайды. Олардың мәні мәмілені жасау кезіндегі бағам бойынша мәмілеге отыру күнінен бастап екінші күні валютаны алып-сату шартына байланысты банк-контрагенттерінің оны жеткізуінде.

«Свифт» электрондық байланыс құралының, банкаралық электронды аударымдар жүйесінің, мысалы, АҚШ-та ЧИПС, Лонданда ЧАПС және т.с.с, компьютерлік өңдеудің кең таралуы «бүгіннен ертеңге дейін» немесе «ертеңнен келесі күнге дейінгі» бір күндік депозиттерді орналастыру операцияларын тез жүзеге асыру үшін айтарлықтай мүмкіндік береді. Алайда дәстүрлі валюталық операция негізінде «спот» мәмілесі және базалық бағам ретінде «телеграфты аударым бағамы» деп аталатын «спот» бағамы танылып

қалады. Осы бағам негізінде валюталық нарықта басқа мәміле бағамдары анықталады: мерзімдікте сол сияқты валютаны жеткізудің қысқа мерзіміндегі бір реттік мәмілеге арналған бағам.

Жедел ұсынумен байланысты валюталық операциялар валюталық позицияның ең мерзімді элементі болып табылады және белгілі бір тәуекелді өз мойнына алады. Банктер «спот» операциясының көмегі арқылы өз клиенттерінің шетел валютасындағы кажеттіліктерін қамтамасыз етеді, капиталдардың, оның ішінде «капыл»1 ақшалардың бір валютадан басқаға ауыстыра отырып төрелік және алып-сатарлык операцияларды жүзеге асырады.

Шетел валютасындағы мерзімді мәмілелер (форвардтық, фьючерстік) шарт жасаган кезде тіркелген бағам бойынша шетел валютасының сомасын белгіленген уақыттан кейін алып келуі туралы екі жақтың келісуі арқылы жасалынатын валюталық мәміле. Осы анықтамадан мерзімдік валюталық операциялардың екі ерекшелігі байқалады:

1. шарт жасау уақыты мен мәмілені орындау арасында интервал бар, яғни валютаны жеткізу. Ол мәмілені жасау күнінен бастап кезең соңы ретінде (мерзімі 1-2 апта, 1, 2, 3, 6, 12 ай және 5 жылға дейін) немесе мерзім шегіңдегі кез келген кезең.

2. операция белгілі мерзімнен кейін жасалса да, валюта бағамы мәміле жасалған кезде тіркеледі.

«Спот» және «форвард» мәмілесі бойынша валюта бағамының арасындағы айырма мерзімді мәміле бағамы төмен кезде, «спот» бағамы бойынша жеңілдік (дисконт - dis немесе депорт - D) ретінде немесе егер жоғары болған кезде сыйақы ретінде анықталады. Сыйақы мерзімі бойынша жасалған мәміледе валюта қолма-қол операцияға қарағанда кымбат айырбасталады дегенді білдіреді. Дисконт, форвард операциялары бойынша валюта бағамы қолма-қолға қарағанда төмен екендігін білдіреді. Жалпы алғанда, жеңілдік немесе сыйақы көлемі «спот» бағамына қарағанда тұрақты. Сондыктан банк аралық нарықта мерзімді мәмілелердің бағамын белгілеу кезінде көбінесе сыйакымен дисконт анықталады. Валютаны жанама белгілеу кезінде дисконт қосылады, ал сыйакы «спот» бағамынан шегеріледі. Сыйақы және дисконт әдісі бойынша емес, сандық белгіде белгіленетін мерзімді мәміле бойынша валюта бағамы «аутрайт» бағамы деп аталады.

Шетел валютасында жасалатын мерзімді мәмілелер келесі мақсаттарға жүргізіледі:

• коммерциялык мақсаттағы валюта айырбасталымы, валюталық түсімдерді валюталық тәуекелді сақтандыру үшін қажет төлемдерді сатып алуы немесе сатуы;

• валютальіқ бағамының төмендеуіне байланысты болатын шығындардан шекарадан тыс жерде және тікелей және қоржындық капитал салымдарын сақтандыру;

• бағам айырмасы есебінен алып-сатарлық пайда алу.



Вялюталық опцион сатып алу-сату (лат. оріtо, орtіоns -таңдау) - келісілген мерзім аяқталғанға дейін мәмілені жасау кезінде белгіленген бағам бойынша белгілі бір валюта көлемін тараптардың бір жағы сатып алу-сату мәмілесі кезінде сатып алу (саll мәмілесі - сатып алушы опционы) немесе сату (put мәмілесі -сатушы опционы) құқығын таңдауға мүмкіндік беретін белгіленген комиссияны (сыйақы) төлеу шарты кезіндегі келісім. Опцион жағдайындағы мәмілелер банк үшін тәуекелі жоғары, сондықтан ол клиентке аз табысты бағамын белгілейді. Опцион бойынша сыйақы мөлшері опциондық шарттың аяқталу күніндегі жедел мәміле бойынша валюта бағамының есебі арқылы анықталады. Опционды мәмілелер сыйақы көлемінен асып түсетін, бағамдық ауытқулар кезінде тиімді болады. Негізінен валюталы опцион валюталық тәуекелді сақтандыру үшін қолданылады. Опциондармен тек қана банкаралық нарықта ғана емес, сонымен қатар биржаларда қор және тауар биржасында саудаласады.

Жетпісінші жылдардан бастап батыс елдерінде қалқымалы валюталық бағамға өту барысында валюталық фъючерстер дамыды. Валюталық фъючерс - мәмілеге отыру кезіңде алдын ала белгі-ленген бағам бойынша белгілі бір мерзімге белгілі бір валютаның стандарттық көлемін сатып алу немесе сату міңдеттемесін білдіре-тін келісім. Стандарттық шарттарда барлық жағдайлар реттелген: сома, мерзім, кепілді депозит, есеп айырысу тәсілі. Фъючерстермен сауда жасау клирингтік үй арқылы жүзеге асырылады: ол әрбір сатып алушы үшін сатушы, ал әрбір сатушы үшін сатып алушы болып табылады.

Қолма-қол және мерзімді операцияларға сәйкес валюталық мәміленің әр түрлі «своп» мәмілесі болып табылады. «Своп» (ағылшын. swар - айырбастау) - бұл белгілі бір мерзімге сол валюталармен бір уақыты шартты мәміле бойынша жедел жеткізу жағдайындағы екі валюталық сатылу-сатып алуын қарастыратын валюталық операция болып табылады. «Своп» операциясы бойынша қолма-қол мәміле «спот» бағамы бойынша жүзеге асырылады. Сонымен бірге

клиент қолма-қол мәміле бойынша сатушы және сатып алушы бағамының арасындағы айырма маржадан үнемдейді. «Своп» операциялары банктер үшін өте қолайлы болып табылады: олар ашық позициясыз өтеді (сатып алу-сату жабылады), оның тәуекелсіз қажетті валютамен уақытша қамтамасыз етеді. «Своп» операциялары тек валютамен ғана емес, сонымен қатар пайызбен де жасалынады. «Своп» мәміле нысанында банктер валюталарды, несиелерді, депозиттерді, пайыздық мөлшерлемелерді, бағалы қағаздарды немесе басқа да құндылықтарды айырбастауды жүзеге асырады.

Валюталық операциялармен байланысты нарықтық қызметтін белгілі бір түрі — бұл төрелік - пайда табу мақсатында валютаны бір нарықтан сатып алу және сол уақытта оны сату. Төреліктін айтарлықтай маңызды нысаны - олардың қамтамасыз етілу икемділігін жоғарылату үшін пайыздық мөлшерлеме мен форвардтык сыйақы немесе дисконт айырмасы арасындағы қатынастарды банктер пайдаланатын және валюталық айырбас тәуекеліне ұшырамаған пайданы алу жағдайы кезіндегі пайыздық арбитраж.


жүктеу 4,26 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау