164-сабақ. Теңдеу, теңдік, теңсіздік, өрнек
Сабақтың мақсаты: теңдеу, теңдік және теңсіздік туралы білімдерін жетілдіру; алған білімдерін таныс және жаңа оқу жағдайларында пайдалануға үйрету; математика бойынша білім мен дағдыны меңгеру деңгейін тексеру.
Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтың мақсатын түсіндіру.
Психологиялық дайындық.
Тірек білім, білік, дағдыларын жетілдіру.
Кестедегі математикалық терминдерді тауып, оқыңдар. Сөзді тек тігінен және көлденеңінен оқуға болады.
(Теңдік, теңсіздік, теңдеу, өрнек) Сабақтың тақырыбын тап.
Д
|
В
|
О
|
Т
|
В
|
О
|
Ф
|
Ө
|
Т
|
Е
|
Ң
|
С
|
I
|
З
|
Щ
|
Р
|
Е
|
С
|
Д
|
Н
|
Е
|
Д
|
X
|
Н
|
Н
|
Е
|
I
|
А
|
В
|
I
|
Ч
|
Е
|
О
|
В
|
К
|
Р
|
А
|
К
|
Е
|
К
|
К
|
А
|
Э
|
Ж
|
Д
|
Т
|
И
|
Ь
|
У
|
Р
|
А
|
Т
|
Е
|
Ң
|
Д
|
В
|
Н
|
Ы
|
Ф
|
Ц
|
Й
|
Ш
|
З
|
У
|
Математикалық диктант.
• 7 саны 91-ден неше есе кем?
• 68 шығу үшін, 17-ні неше есе арттырды?
• 8 шығу үшін, 56-ны қаншаға бөлу керек?
• Бір кітапта 40 бет, ал екінші кітапта 10 бет. Бірінші кітагіта
екінші кітапқа қарағанда неше бет артық?
• Тіктөртбүрыш пішінді журналдың мүқабасының ені 10 см,
үзындығы 20 см. Осы тіктөртбүрыштың периметрі неге тең? »
• Азайғыш 1000, азайтқыш 450. Айырманың мәнін тап.
• Бөлгіш 320. Бөліндінің мөні 4. Бөлінгіш неге тең?
• Санның төрттен бір бөлігі 60-қа тең. Сан неге тең?
• 190 мен 60-тың айырмасын 2 есе арттыр. Нәтижені жаз.
• 720 санын 2 есе кеміт.
№1, №4, №8 тапсырмаларды орындау.
3. Өткен тацырыппен жцмыс.
Теңдеудің шешуін белгісізді табу ережесіі-і қайталаудан бастаған жөн.
- Белгісіз көбейткішті қалаіі табуға болады? Бөлінгішті? Азайғышты? Азайтқышты?
- Көбейткіші белгісіз болатын теңдеуді оқы? Азайғышы? Бөлінгіші?
Теңдеудің осындай түрін шешу кезінде оларды қарагіайым түрге ауыстыру керектігі (ықтймал есептеулерді оріьіндау) оқушылардың есіне салынады.
4. Өздік жцмыс.
Сурет боііынша теңдеу қүрып, оларды шешіңдер.
Оқушылар теңдеулер құруды және шешуді (№2, №7) өздігінен орындай алады.
№6 тапсырма бірнеше нұсқамен орындалады. Мұғалім тексеру кезінде шешудің түрлі жолдарын қарастырады және оқушыларға қайсысы тиімді екенін анықтауды тапсырады.
№8 логикалық тапсырма өздік жұмыс ретінде беріледі.
№5 тапсырманы да өздері орындайды.
Үй жұмысы.
Үйге №3 тапсырма беріледі. Шығармашылық деңгей: теңдік және теңсіздіктер құру.
Сабақты қорытындылау.
Сабақтың мақсаты не болды? Біз мақсатымызға жете алдық па? Бұған сендерге не көмектесті? Бұл сабаққа тағы қандай тапсырмалар енгізуге болады? Сабақтағы жұмыстарыңа баға беріңдер. Өз нәтижеңді жақсарту үшін не істеу керек?
165—166-сабақтар. Есеп шығару
Сабақтың мақсаты: есептердің әр түрін шығару біліктілігін жетілдіру; есептеу дағдыларын дамыту.
Ұйымдастыру кезеңі.
Тірек білім, білік, дағдыларын жетілдіру. Ауызша есептеуге №1, №7
(165-сабақ), №1, №6 (166-сабақ) тапсырмалар және жай есептерді қамтитын математикалық диктант енгізіледі:
• Газет 15 теңге тұрады. Осындай 4 газет неше тұрады?
• Бақтиярда 100 теңге болды. Ол 55 теңгеге журнал алды. Оның неше теңгесі қалды?
• 200 теңгеге бірдей 5 ашықхат сатып алынды. Бір ашықхаттың бағасы неше?
• Кітаптың 100 беті, журналдың 25 беті бар. Журналда кітапқа қарағанда неше бет кем?
• Кітапта 100 бет, ал журналда 25 бет. Кітап журналдан неше есе қалың?
• Сара 30 бет оқып бітірді, бұл барлық кітаптың үштен бір бөлігін құрайды. Кітапта неше бет бар?
• Мирас 65 теңгеге альбом, 70 теңгеге қарындаш сатып алды. Мирас неше ақша жұмсады?
• Мектеп үшін 90 парта сатып алынды, бұл мұғалім үстелінен 10 есе артық. Мектепке неше мұғалім үстелі алынды?
Таза жазу минутын №9 (166-сабақ) тапсырма негізінде орындауға болады.
3. Бекіту.
Оқулықта берілген есептерді шешу және құрастыруды оқушылар өздігінен немесе мұғалімнің басшылығымен орындайды.
№6 (165-сабақ), №4, 5 (165-сабақ), №3 (166-сабақ), тапсырмалары өздік жұмыс ретінде ұсынылып, соңынан тексеріледі.
Сабақтардың бірінде тест жұмысын ұйымдастыруға болады:
1-нұсқа
1. Әр есептің шешуіне амал таңда.
а) Жоғарғы сөреде 96 кітап, төменгі сөреде 24 кітап бар. Жоғарғы сөреде кітап неше есе артық?
1) + 2) - 3) • 4) :
ә) Концертке 27 әнші қатысты. Бірнеше әнші ән орындағаннан кейін сахнаға шықпаған 12 әнші қалды. Неше әнші ән орындады?
1) + 2) - 3) • 4) :
2. Әр тапсырма үшін дұрыс жауабын тап.
а) Альбомда фотосурет жапсыру үшін 68 бет бар. 34 бетке сурет жапсырылған болса, бос неше бет бар?
1) 2бет 2) 34бет 3) 102 бет
ә) Үлкен гүл алаңына 60 қызғалдақ, ал кіші гүл алаңына 15 қызғалдақ отырғызылды. Кіші гүл алаңына үлкен гүл алаңына қарағанда неше гүл кем отырғызылды?
1) 75 гүл 2) 5 гүл 3) 45 гүл
3. 48 : 6 = өрнегіне есеп таңда және нөмірін белгіле.
а) бір себетте 48 алма, ал екіншісінде 8 есе кем. Екінші себетте неше алма бар?
ә) Толқында 48 жаңғақ бар. Ол 6 жаңғақты інісіне берді. Толқында неше жаңғақ қалды?
б) Аспазшы 48 самсаны 6-дан тәрелкелерге бөліп салды. Ол үшін неше тәрелке керек?
а) ә) б)
2-нұсқа
1. Әр есепке шешуі үшін амал таңда.
а) Үлкен жүйектен 48 кәді, ал кішісінен 24 кәді жиналды. Үлкен жүйектен неше кәді жиналды?
1) • 2) : 3) - 4) +
ә) Арман Досанның үйінен Бақыттың үйіне қарай шықты. Ол 37 м жүргеннен кейін, оған тағы 23 м жол жүру керек. Досанның үйінен Бақыттың үйіне дейін неше метр?
1) - 2) + 3) : 4) •
2. Әр есеп үшін дұрыс жауапты тап.
ә) Балабақшада 18 үлкен доп және 54 кіші доп болды. Кіші доп үлкен доптан неше есе артық?
1) 2 есе 2) 3 есе 3) 72 есе
ә) Бағбан 48 түп раушан гүлін 4 гүлзарға тең бөліп отырғызды. Әр гүлзарға неше түп раушангүл отырғызылды?
1) 12түп 2) 44түп 3) 52 түп
3. 54 : 9 = өрнегіне сәйкес есеп таңда және белгіле.
а) Бірінші сөреде 54 кітап, ал екіншісінде 6 есе кем. Екінші сөреде неше кітап?
ә) Алматта 54 жұлдызша бар. Ол 9 жұлдызшаны інісіне сыйлады. Алматта неше жұлдызша қалды?
б) Мақсат 54 қарындашты 9-дан қораптарға салды. Мақсат неше қорапқа салды?
а) ә) б)
№7 логикалық тапсырмалар мұғалімнің жетекшілігімен орындалады.
4. Сабақты қорытындылау. Үй жұмысы: №7 (165-сабақ), №6 (166-сабақ).
167—170-сабақтар. Өткен материалды бекіту және қорыту
Сабақтың мақсаты: математика бойынша 3-сыныпта алған білім, білік, дағдыларын меңгеру деңгейлерін бақылау.
Сабақтардың бірінде бақылау жұмысын жүргізу қажет
1-нұсқа 2-нұсқа
1. Есепте:
654 - 459 284:2
982 - 653 132-3
720 : 90 • 6 180 • 3 - 80 • 3
|
1. Есепте:
494 + 219 807 - 659
693:3 142 • 2
210 • 3 - 90 • 2 540 : 60 • 7
|
2. Есепті шығар.
Ара ұясының бірінен 140 кг бал, екіншісінен 210 кг бал жиналды. Барлық бал әрқайсысы 7 кг болатын ыдыстарра құйылды. Неше ыдыс қажет болды?
|
2. Есепті шығар.
Қыздар 140 кг қияр, ұлдар 160 кг қияр жинады. Қиярдың барлығын жәшіктердің әрқайсысына 20 кг-нан салды. Неше жәшік қажет болды?
|
3. Теңдеуді шеш.
х - 23 = 125 • 4
у • 30 = 1000 - 730
|
3. Теңдеуді шеш.
у • 2 = 450 + 372
х : 7 = 810 : 9
|
4. Қабырғалары 4 см және 3 см бо-латын тіктөртбұрыш сал. Оның периметрі мен ауданын тап.
|
4. Қабырғалары 5 см және 4 см бо-латын тіктөртбұрыш сал. Оның периметрі мен ауданын тап.
|
5*. Теңдік тура шығуы үшін бос торкөздерді толтыр.
• 2 - = 40
• 5 + = 67
|
5*. Теңдік тура шығуы үшін бос торкездерді толтыр.
• 2 + = 39
• 2 - = 20
|
Сабақтарды мұғалім оқулықтағы тапсырмаларды пайдалана отырып құрады. Өздік жұмыстың және сауалнамалардың көмегімен аз қамтылған тақырыптарды анықтап, оларды пысықтаған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |