1-тоқсан (45 сағАТ) 2-сыныпта өткенді қайталау



жүктеу 1,3 Mb.
бет14/16
Дата14.11.2018
өлшемі1,3 Mb.
#19595
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

110-сабақ. Қалдықпен бөлу және оны тексеру
Сабақтың мақсаты: қалдықпен бөлу және оны тексеру тәсілдері туралы түсінік беру; өтілген масса бірліктері және олардың арақатынасы туралы білімдерін қайталау; екі таңбалы санды екі таңбалы санға бөлу дағдыларын бекіту.

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Тірек білім,білік,дағдыларын белсендіру.

32 96


23 115


48 ?


56 112


? 126


95 : 19 ?



63 : 7 99



Мұғалім екі санның бір-бірімен байланысын құруды ұсынады және сұрақтардың орнына сандар жазып немесе сағат тілінің суретін салады. Кестелік көбейту және бөлу дағдыларын қайталау үшін бұрынғы айтылып жүрген дидактикалық ойындар ұйымдастырылады.



3. Жаңа сабақты түсіндіру.

Жаңа сабақты түсіндіруді практикалық жұмыс және демонстрациялық әдіс негізінде жүргізуге болады. Тақтаға шақырылған оқушыларға 3 дәптерден алдымен 6 дәптерді, содан кейін 12 дәптерді тарату (шешуі тақтаға жазылып отырады), одан соң 7 дәптерді тарату тапсырылады (3 дәптерден таратқанда 1 дәптер қалып қоятыны белгілі болады). Тақтаға жазылады: 7:3 = 2 (қалдық 1). Осындай демонстрациялық жұмыстарды оқушылар санау материалдарын пайдаланып жүргізеді. Бір жағдайларда бөлу қалдықсыз, бір жағдайларда қалдықпен орындалуы маңызды. Тақтадағы жазуларды салыстыра отырып, оқушылар бөлген кезде кейбір сандарда қалдық болады, ал кейбір сандарда қалдық болмайды деген қорытындыға келеді. Сондай-ақ қалдықтың бөлгіштен кіші болатынын байқаулары керек.

№1 тапсырманы мұғалімнің көмегімен орындайды. Оқушыларды қалдықпен бөлуді дұрыс оқуға үйрету: «18-ді 4-ке бөлсек, 4 және 2 қалдық шығады немесе бөлінгіш - 18, бөлгіш - 4, бөліндінің мәні - 4 және 2 қалдық».

4. Алғашқы бекіту үшін балалар №2, №3 тапсырмаларды орындайды.

5. Өткен тақырыппен жұмыс.

№4 (І-баған) тапсырманы оқушылар жан-жақты түсіндіре отырып тақтада орындайды, қалған мысалдарды өз беттерінше шешеді. Тапсырмаларды орындап болған соң мұғалім мысалдардың қайсысы қиындық келтіргенін сұрайды.

№5 тапсырма масса бірліктерінің арақатынасын қайталауға арналады. Оны орындар алдында келесі сұрақтар қойылады:

• Қандай масса бірліктерін білесің?

• Қандай ең үлкен масса бірлігін білесіңдер?

• Тоннада неше килограмм бар?

• Массаның ең кіші өлшем бірлігін ата? ;

• 1 кг-да неше грамм бар?

• 1 центнерде неше килограмм бар?

• 1 тоннада неше центнер бар?

№6 тапсырма кестеден тыс бөлуді бекітуге бағытталған және мұғалімнің басшылырымен немесе өз беттерінше орындауға бағытталған.

№7 тапсырма мұғалімнің жетекшілігімен орындалады. Есептің шешуін дәптерге жазуға болады. №8 тапсырма ауызша орындалады.



6. Сабақты қорытындылау. Үй тапсырмасы: № 4 (2, 3-бағандар).
111—112-сабақтар. Қалдықпен бөлу

және тексеру. Бекіту


Сабақтың мақсаты: қалдықпен бөлу және оны тексеру тәсілдері туралы білімдерін бекіту; көпбұрыштың ауданы мен периметрін табуға үйрету.

Сабақ мұғалімнің қалауынша құрылады. Сабаққа қажетті материалдар оқулықта берілген тапсырмалардан алынады. Сабақта қалдықпен бөлуді орындау тәсілдерін бекітуге негізгі көңіл бөлінуі тиіс. Фигураның боялған бөлігінің ауданын анықтау үшін (№7 тапсырма, 111-сабақ) жалпы ауданнан боялмаған бөліктің ауданын азайту керек. Тест жұмысын ұйымдастыруға болады.


113-сабақ. Қалдықпен бөлуге

берілген есептер шығару
Сабақтың мақсаты: қалдықпен бөлуге берілген есептерді шығару тәсілдері туралы білімдерін қалыптастыру; 2—3 амалды өрнектерді құрастыру, шығару дағдыларын бекіту.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Тірек білім, білік, дағдыларын жетілдіру.

Алдыңғы сабақтарда оқып-үйренген кестеден тыс көбейту мен бөлу туралы білімдерін бекіту үшін №6 тапсырма орындалады және дидактикалық ойындар ұйымдастырылады: «Үндемес», «Математикалық домино», «Қай қатар жылдам?». Бұл тапсырмаларға мынадай мысалдар енгізілген:
72 : 12 52 : 13 52 : 2 75 : 5 12 • 8

64 : 4 45 • 2 34 • 2 18 • 5 19 • 6

63 : 3 60 : 5 210 : 10 55 : 5 36 : 12

3.Жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақ балаларға таныс материалдар негізінде құрылған, бірақ өткен сабақта танысқан қалдықпен бөлуге берілген сюжетті есептерді шығарады, сондықтан қалдықпен бөлуге бірнеше есептер беруге болады:

• 3 қыз бала 10 жаңғақты теңдей етіп бөліп алды. Әр қыз бала неше жаңғақтан алды және неше жаңғақ қалды?

• Тігіншіде 42 түйме бар. Бір көйлекке 5 түйме кетеді. Түйме неше көйлекке жетеді және неше түйме қалады?

• 66 дәптерді 20 оқушыға тең бөліп беру керек. Әр оқушы неше дәптерден алады және неше дәптер қалады?

• 19 раушан гүлінен 6 гүлшоғын жасады. Әр гүлшоғында неше гүл болады және неше гүл қалады?

Оқушылар есептің шешуін дәптерлеріне жазады.

№1 мен №2 тапсырма мұғалімнің басшылығымен орындалады. №1 тапсырманы талдау кезінде оны шығару үшін ең бастысы оқушылар 100 санында 40 (30) неше реттен бар екенін білуі керек. №2 тапсырманы да талдай отырып орындайды.



4. Бекіту.

Содан кейін оқушылар №4 және №5 тапсырмаларды өздігінен орындайды. Тек қана қалдықтың бөлгіштен кіші болатынын естеріне салу керек. Есепті шығарып болғаннан соң балалар оқулықта өрнек түрінде берілген қалдықпен бөлуге арналған бірнеше есепті ауызша құрастырады және шығарады.



5. Өткен тақырыппен жұмыс.

Қалдықпен бөлуге берілген есептерді шығару кезінде (№3 тапсырма) тексеруді қалай орындау керек екенін көрсету керек: бөліндіні бөлгішке көбейтіп, қалдықты қосу керек, егер нәтижесі бөлінгішпен тең болса, онда мысал дұрыс орындалған.

№8 логикалық тапсырманы орындау үшін сағатта көрсетілген уақытты ретімен жазу керек: 9.30, 11.00, 12.00, 12.30. Одан кейін неше сағат қалып қоятынын және неше сағат озып кеткенін анықтау керек. Екі сағат қалып қоятынын, ал бір сағат озып кететіні анықталғаннан кейін үшінші сағаттың дұрыс жүретінін (12.00) білуге болады. Тексеріп көрейік: егер дұрыс сағат 12.00 болса, 30 минутқа озып кететін сағат - 12.30, енді 1 сағатқа қалып қоятын сағат - 11.00 болады, екі жарым сағатқа қалып қоятын сағат - 9.30 болып тұр.

6. Өздік жұмыс үшін №7 тапсырманы ұсынуға болады.

7. Сабақты қорытындылау. Үй жұмысы: №6. Шығармашылық деңгей: қалдықпен бөлуді орындауды түсіндіруге иллюстрация ойластырып келу.
114—115-сабақтар. Өткенді пысықтау.

Білімді тексеру
Сабақтың мақсаты: қалдықпен бөлуді орындау дағдылары мен білімдерін бекіту; теңдеудің күрделірек түрін шешуге үйрету; логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Сабақ мұғалімнің қалауынша құрылады. Негізгі көңіл қалдықпен бөлуді орындауға және теңдеудің күрделірек түрін шешуге бөлінеді. Оқулықта берілген барлық тапсырмаларды оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастыруға пайдалануға болады және соңынан тексеріледі.


116-сабақ. 204 • 2, 408 : 2 түріндегі

ауызша көбейту және бөлу тәсілдері

Сабақтың мақсаты: үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбенету және бөлу туралы білімдерін қалыптастыру; 3-4 амалмен орындалатын құрама есептерді шығаруға үйрету; құрылымы күрделірек теңдеулерді шығару дағдыларын бекіту.

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Тірек білім,білік,дағдыларын белсендіру.

Жаңа материалды қабылдауға дайындау үшін сандардың ондық құрамын қайталау пайдалы. Ол үшін оқушылар №1 тапсырманы ауызша, №7 тапсырманы жазбаша орындайды.

Кестелік көбейту және бөлуді ойын түрінде қайталауға болады. Бұл сабақта «Иә-жоқ» математикалық диктантын жүргізу тиімді.

• 29 бен 3-тің көбейтіндісі 87-ге тең.

• 5 санын 19 есе арттырғанда 85 шығады.

• 17 мен 5 сандарының қосындысын 4 есе арттырғанда 98 шықты.

• 56-ның жетіден бір бөлігін 12-ге арттырғанда 96 болады.

• Бірінші көбейткіш 25-тің бестен бір бөлігіне тең, екінші көбейткіш 11-ге тең. Көбейтіндінің мәні 55.

• 12 мен 8-дің көбейтіндісі 100-ден кіші.

• 57 мен 37-ні 4 есе арттырғанда 90 шықты.

• Бөлінгіш 72, бөлгіш 20 мен 11-дің айырмасы. Бөліндінің мәні 9-ға тең.

• Бірінші көбейткіш 37 мен 4 сандарының қосындысына тең. Екінші көбейткіш 2-ге тең. Көбейтіндінің мәні 82-ге тең.



  1. Жаңа сабақ.

Кестеден тыс көбейту мен бөлудің жаңа түрін түсіндіру №2 тапсырма негізінде жүргізіледі. Мұғалім бірінші және екінші бағанның мысалдарын салыстырып, есептеуді орындауды тапсырады.

№3 (а, ә) (1-баған) тапсырманы жан-жақты түсіндіре отырып орындау арқылы білімдері тиянақталады, 2-ші және 3-бағандарды өздері орындайды.



  1. Өткен тақырыппен жұмыс.

№4 және №5 тапсырманы оқушылар мұғалімнің басшылығымен орындайды. Оқушылар есептің шығару жоспарын өздері орындайды.

  1. Өздік жұмыс үшін тура теңдік пен теңсіздік құрастыруды (№6 тапсырма)

тапсыруға болады. Оқушылар тапсырманы орындап, бірін-бірі тексереді.

№8 тапсырманы оқушылар өздігінен орындайды.



  1. Сабақты қорытындылау. Үй жұмысы: №7. Шығармашылық деңгей:

өтілген материалға ұқсас 4 мысал құрастыру.
117-сабақ. Өткенді пысықтау
Сабақтың мақсаты: кестеден тыс көбейту және бөлу, қалдықпен бөлуді орындау дағдыларын бекіту; тексеру жүргізу; есептің өтілген түрлерін шығару.

Мұғалім сабақты оқу материалдарын пайдалана отырып, 63 қалауынша ұйымдастырады.


118-121-сабақтар. 242 • 2 және 484 : 2

түріндегі көбейту мен
бөлудің ауызша тәсілдері.


Пысықтау
Сабақтың мақсаты: үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту және бөлу туралы білімдерін қалыптастыру; 3-4 амалмен орындалатын құрама есептерді шығаруға үйрету; құрылымы күрделірек теңдеулерді шығару дағдыларын бекіту.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Тірек білім, білік, дағдыларын жетілдіру.

Жаңа материалды қабылдауға дайындау үшін сандардың ондық құрамын қайталау пайдалы. Ол үшін оқушылар №1 тапсырманы ауызша, №7 тапсырманы жазбаша орындайды.

Кестелік көбейту және бөлуді ойын түрінде қайталауға болады. Бұл сабақта «Иә-жоқ» математикалық диктантын жүргізу тиімді.

• 25 пен 3-тің көбейтіндісі 85-ке тең.
• 5 санын 10 есе арттырғанда 15 шығады.

• 12 мен 5 сандарының қосындысын 4 есе арттырғанда 68 шықты.

• 50-дің бестен бір бөлігін 12-ге арттырғанда 130 болады.

• Бірінші көбейткіш 25-тің бестен бір бөлігіне тең, екінші көбейткіш 12-ге тең. Көбейтіндінің мәні 60-қа тең.

• 11 мен 9-дың көбейтіндісі 100-ден кіші.

• 67 мен 37-нің айырмасын 4 есе арттырғанда 100 шықты.

• Бөлінгіш 72, бөлгіш 20 мен 11-дің айырмасы. Бөліндінің мәні 9-ға тең.

• Бірінші көбейткіш 37 мен 4 сандарының қосындысына тең. Екінші көбейткіш 2-ге тең. Көбейтіндінің мәні 82.

Ауызша есептеуге геометриялық конструктормен №8 тапсырма беріледі.


  1. Жаңа сабақ.

Кестеден тыс көбейту мен бөлудің жаңа түрін түсіндіру №2 тапсырма негізінде жүргізіледі. Мұғалім бірінші және екінші бағанның мысалдарын салыстырып, есептеуді орындауды тапсырады.

№3 (1-баған) тапсырманы жан-жақты түсіндіре отырып орындау арқылы білімдері тиянақталады, 2-ші және 3-бағандарды өздері орындайды.



  1. Өткен тақырыппен жұмыс.

№4 (а, ә) тапсырманы оқушылар мұғалімнің басшылығымен орындайды. Бұл есептер қалдықпен бөлуді орындау дағдыларын дамытуға бағытталған. №4 (б) тапсырманы өздік жұмыс ретінде ұсынуға болады.

Содан кейін түсіндіре отырып қалдықпен бөлу орындалады (№5 тапсырма).

№7 тапсырманы орындай отырып, оқушылар есептеудің тиімді тәсілдерімен танысады.

5. Өздік жұмыс үшін №6 тапсырманы беруге болады. Оқушылар тапсырманы орындап, бірін-бірі тексереді.

6. Сабақты қорытындылау. Үй жұмысы: №6 (3-баған).
Шығармашылық деңгей: өтілген материалға ұқсас 4 мысал құрастыру.

119—121-сабақтар. Ауызша кестеден тыс көбейту және бөлу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Тапсырмалардың барлығы оқушыларға таныс, сондықтан сабақта көбінесе өздерінің орындауына ден қойған жөн.

Бекіту сабақтарының бірінде бақылау жұмысы жүргізіледі




Бақылау жұмысы

-

1. а) Есепте:

1. а) Есепте:

32 • 3 18 • 3 5 • 12

560 : 40 42 : 3 420 : 8

ә) Тиімді тәсілмен есепте.

(40 + 36) : 4

(250 + 50) : 6

(75 + 25) : 5



21 4 18 • 3 5 • 12

640 : 4 42 : 3 420 : 3

ә) Тиімді тәсілмен есепте.

(27 + 36) : 9

(110 + 40) : 3

(28 + 42) : 7


2. Есепті шығар.

Мұғалім еңбек сабағына арнап түрлі-түсті қатырмақағаз жинағынан 15 беттен 3 рет алды. Осыдан кейін жинақтатағы 25 бет қалды. Жинақта барлығы неше бет картон болды?




2. Есепті шығар.

Мектепке 122 парта әкелінді. 5 сы-нып бөлмесінің әрқайсысына 14 пар-тадан қойды. Сонда қойылмаған неше парта қалды?




3. Теңдеуді шеш.

у + 260 = 650 + 350

6 • х = 30 + 330


3. Теңдеуді шеш.

600 - х = 3 • 90

810 : у= 30 + 30 + 30


4. Ұзындығы 6 дм, ені 3 дм, ал биіктігі 4 дм болатын аквариумның көлемін есептеп шығар.


4. Ұзындығы 5 м, ені 3 м, ал биіктігі 3 м бөлменің көлемін есептеп шығар.


5*. Есепті әр түрлі тәсілдермен шығар (шешуін өрнек түрінде жаз). Хайуанаттар сататын дүкенде 12 ақ 36 қоңыр тышқан бар. Оларды торға 6 тышқаннан отырғызды. Бұл үшін неше тор қажет болды?


5*. Есепті әр түрлі тәсілдермен шы-ғар (шешуін өрнек түрінде жаз). Гүл сататын дүкенге 25 қызыл және 30 ақ раушангүл әкелінді. Оларды 5-тен топтастырып, гүлшоғы жасалды. Неше гүлшоғы шықты?



КӨБЕЙТУ МЕН БӨЛУДІҢ

ЖАЗБАША ТӘСІЛДЕРІ (НЕГІЗГІ АЛГОРИТМ)
122-сабақ. 43 • 2, 143 • 2 түріндегі

жазбаша көбейту тәсілі
Сабақтың мақсаты: екі таңбалы және үш таңбалы сандарды жазбаша көбейту алгоритмімен тапыстыру; тіктөртбұрыштың берілген ауданы және ұзындығы бойынша енін таба білуге үйрету.

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2. Тірек білім,білік,дағдыларын жетілдіру.

Жаңа сабақты меңгеру үшін көбейту және бөлу кестесі жақсы меңгерілген болуы тиіс. Есептеу дағдыларын жетілдіруге арналған тапсырмалармен «Математикалық домино», «Тир» ойындарын немесе кестелік көбейту және бөлу дағдыларын жетілдіруге, үш таңбалы сандар құрамын жақсы меңгеруге арналған өзге де ойындарды ұйымдастыруға болады. Сандар құрамын қайталау үшін №1 тапсырма беріледі.



  1. Жаңа сабақты түсіндіру.

Жаңа материалды қарастыруға дайындық үшін қосындыны санға көбейтуді қайталаған пайдалы: (8 + 2) • 2, содан кейін кестеден тыс 100 көлеміндегі екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту тәсілдерін еске түсірген дұрыс (мысалы, 25 • 3). Содан соң осы тәсілді қолдана отырып, үш таңбалы санды бір таңбалы санға қалай көбейтуге болатыны көрсетіледі мысалы: (214 • 2) (жолға жазылады). Соңғы мысалдың шығарылуын талдағаннан кейін бұлай көбейтудің қолайсыз екеніне және көп жазуға тура келетініне балалардың назары аударылады. Мұғалім екі және үш таңбалы сандарды баған түрінде көбейту қолайлы екенін айтады. Екі таңбалы және үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға баған түрінде көбейтудің алгоритмімен таныстырылады (2-жаттығу).

  1. Бекіту.

Алғашқы бекіту үшін оқушылар жан-жақты түсіндіре отырып №3 тапсырманы орындайды.

  1. Өткен тақырыппен жұмыс.

№5 тапсырма берілген ауданы мен қабырғасы бойынша екінші қабырғасын табуға арналған. Оқушылар алдын ала жүргізілген есептің берілуін талдау жұмысынан кейін тапсырманы өздері орындауларына болады. Тіктөртбұрыштың ауданы мен бір қабырғасын біле отырып, екінші қабырғасын қалай табуға болатынын, периметрін біле отырып, шаршының қабырғасын қалай табуға болатынын қайталау маңызды. №4 тапсырманы балалар өз беттерінше орындайды.

  1. Өздік жұмыс үшін нұсқалар бойынша теңдеулер шешуді тапсыруға

болады (№6 тапсырма): 1-нұсқа - І-баған, 2-нұсқа -2-баған және №8 логикалық тапсырма. Логикалық есепті шығару кезінде оқушылар балықтарды бір-біріне алып салуға болмайтын болса, онда балықтарды теңдей бөліп беру үшін тең болатын 2 қосындыны табу керек.

  1. Сабақты қорытындылау. Үй жұмысы: №6, шығармашылық деңгей:

жазбаша көбейтуге 4 мысал құрастыру және оны шығару.
123-сабақ. 86 : 2, 286 : 2

түріндегі бөлудің жазбаша тәсілі
Сабақтың мақсаты: екі таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритмімен таныстыру; күрделі теңдеулерді шешу дағдыларын жетілдіру; есептің өтілген түрлерін шығару дағдыларын бекіту.

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Тірек білім, білік, дағдыларын жетілдіру.

Ауызша тапсырмаларға кестелік көбейту және бөлу, қосу және азайтуға арналған тапсырмалар беру. Мұны «Үндемес», «Баспалдақ» және т.б. дидактикалық ойындар түрінде ұйымдастыруға болады. Шамаларды түрлендіруді қайталау үшін №7 тапсырма ауызша немесе жазбаша орындалады.



  1. Жаңа сабақты түсіндіру.

Жаңа материалды меңгеруге дайындау үшін екі таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу жағдайларын қайталап алған дұрыс (64 : 2). Содан кейін үш таңбалы санды екі таңбалы санға бөлу де осылай орындалатынын көрсету (482 : 2 = 400 : 2 + 80 : 2 + 2 : 2 = 241). Мұғалім екі таңбалы және үш таңбалы сандарды баған түрінде бөлудің ыңғайлы екенін айтады (№1 тапсырма). Бөлуді баған түрінде тор көздерге қалай жазу керек екенін түсіндіру. Жазбаша бөлуде басқа бөлу таңбасы қолданылатынына назарларын аудару. Бөлу орындалғаннан кейін шығарылған мысалға қайта оралып, орындалу тәртібі түсіндіріледі.

  1. Бекіту.

Алғашқы бекіту үшін балалар толық түсіндіре отырып №2 тапсырманы орындайды.

  1. Өткен тақырыппен жұмыс.

Мұғалімнің басшылығымен балалар №4 (а) тапсырманы шығарады, содан кейін есептің берілуі сандың деректермен толықтырылып, (ә) шешуін өздері орындайды. №8 логикалық тапсырманы оқушылар өздері орындауларына болады. Егер оқушылар қиналатындай болса, пайымдауды бастауға көмектеседі: «Ағайынды бала үшеу, егер олар 4 самсадан алатын болса, бұл 12 самса болады және 1 самса қалады. Демек, ыдыста 13 самса болған. Егер олар 5-тен алған болса, онда 15 самса болады, екеуі жетпей қалатын еді».

  1. Өздік жұмыс ретінде баған түрінде көбейтуге тапсырмалар беруге

болады: 23 • 3, 24 • 2, 21 • 4, 18 • 3, 12 • 3, 22 • 4 және №6 тапсырма орындалады.

7. Сабақты қорытындылау. Үй жұмысы: №3 (б).
124—127-сабақтар. Пысықтау
Сабақтың мақсаты: қалдықпен бөлуді орындау дағдыларын бекіту; күрделі теңдеулер шешуге үйрету; логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Сабақтар мұғалімнің қалауынша ұйымдастырылады. Екі таңбалы және үш таңбалы сандарды бір таңбалы сандарға көбейту мен бөлудің ауызша тәсілдерін бекітуге басты көңіл бөлінеді. Оқулықта берілген барлық тапсырмаларды балалардың сыныпта соңынан тексере отырып өз бетінше жұмыс істеуін ұйымдастыру үшін пайдалануға болады.


128-сабақ. Білімді тексеру
Сабақтың мақсаты: оқушылардың ауызша көбейту және бөлуді орындау дағдыларының қалыптасу деңгейін тексеру; қалдықпен бөлуді орындау; жазбаша қосу және азайту; құрама есептер шығару; құрылымы күрделі теңдеулер шешу; фигураның ауданын есептеу.


1. Есепте:

900 : 2 290 • 2 460 : 2

15 • 30 320 : 2 350 : 7

202 • 3 + 102 • 2 101 • 5 - 21 • 5

Баған түрінде жазып, есепте

956 - 509 129 + 377 123 + 41 + 369

140 - 69 900 - 78 19 + 659 + 31


1. Есепте:

900 : 20 29 • 20 680 : 2


150 • 3 120 • 3 420 : 6

302 • 3 – 102 • 4 202 • 3 + 111• 2 Баған түрінде жазып, есепте

901 - 99 521 + 209 402 + 121 + 68
480 - 109 800 - 48 119 + 87 + 421


2. Есепті шығар.

Динада 200 теңге бар. 15 теңгеден

6 ашықхат сатып алса, неше теңге

қайтарады?



2. Есепті шығар.

Тігіншінің шеберханасында 200 түй-ме бар. 9 костюмнің әрқайсысына 12 түймеден қадаса, неше түйме қалады?



  1. Теңдеуді шеш.

480 + х = 120 + 680

500 - х = 32 • 2



3. Теңдеуді шеш.

390 + х = 900 + 164

356 - х = 26 • 4


4. Қалдықпен бөлуді орында (тексе-

румен).


35 : 8 89 : 9 28 : 6

4. Қалдықпен бөлуді орында (тексе-

румен).


23 : 4 21 : 5 30 : 8

5*. ІІІаршының периметрі 12 см. Шаршыны сал. Ауданын есепте.

5*. Шаршының периметрі 16 см. Шаршыны сал. Ауданын есепте.

129—131-сабақтар. Пысықтау.

Қайталау
Сабақтың мақсаты: ауызша көбейту және бөлуді орындау дардыларын жетілдіру; қалдықпен бөлуді орындау; жазбаша қосу және азайту; құрама есептер шығару; құрылымы күрделі теңдеулер шешу; фигураның ауданын есептеу.

Сабақтарды мұғалім бақылау жұмысында жіберілген қателерді ескере отырып құрады. Қатемен жұмыс жүргізілгеннен кейін балаларға жіберген қателеріне қарай оқулықтан тапсырмалар орындау ұсынылады.


4-ТОҚСАН. (40 САҒАТ) КӨБЕЙТУ ЖӘНЕ БӨЛУДІҢ ЖАЗБАША ТӘСІЛДЕРІ

132—133-сабақтар. Қалдық пен жазбаша бөлу
Сабақтың мақсаты: оқушылардың қалдықпен жазбаша бөлуді орындау дағдыларын қалыптастыру; көлем, ауданды есептеу дағдыларын жетілдіру.

1. Ұйымдастыру кезеңі.



2. Тірек білім, білік, дағдыларды қалыптастыру.

Жаңа материалды ұғыну үшін «Математикалық жарыс», «Компьютер», «Математикалық футбол» ойындары түрінде бөлу және көбейтудің кестелік жағдайларын қайталаған жөн. Содан соң оқушылар №1 тапсырманы (132-сабақ) ауызша орындайды және 8-есептің кодын табады(132-сабақ).



3. Жаңа сабақты түсіндіру.

Бөлудің жаңа тәсілін түсіндіруден бұрын қалдықпен бөлу кезінде: қалдық бөлінгіштен әрдайым кіші деген негізгі ережені еске түсірген жөн. Мұғалім үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлудің кез келген мысалын жаза отырып, бөлудің жаңа тәсілімен таныстырады.

Мұғалім оқулықта көрсетілгендей алгоритмге сәйкес түсіндіріп өтеді (132-сабақ, №2 тапсырма; №1 тапсырма, 133-сабақ). Бөлуді жоғарғы разряд бірлігімен бастайтыны міндетті түрде оқушыларға ескертіледі. Содан кейін 132-сабақ, №3 тапсырма (1, 2-баған); 133-сабақ, №2 (1, 2-баған) есептері тақта алдында толықтай түсіндіріліп орындалады.

4. Қайталау жұмыстары.

Алдын ала талдау жасалғаннан кейін оқушылар төртінші пропорционалды табу тапсырмасын шешеді (132-сабақ, №4 тапсырма). 132-сабақ, №5 (а, ә) тапсырма және 133-сабақ, №5 (а, ә) тапсырманы шешу кезінде оқушылар өрнектерді ғана жазып алып, олардың амалын табады. 133-сабақта оқушылар №3 тапсырманы ауызша есептеп шығарады.

Ауызша үшбұрыштың ауданын табады - (132-сабақ) №7 тапсырма (үшбұрыштар тіктөртбұрыштың жартысы болып келеді, сондықтан алдымен тіктөртбұрыштың ауданын тауып аламыз, содан кейін ауданын екіге бөлеміз сонда ғана бұл үшбұрыш ауданы болып табылады). №6 тапсырмада (133-сабақ) тіктөртбұрыштың периметрін есептеуді оқушылар соңынан тексеру арқылы орындай алады.

Көлемді есептеу (№6 тапсырма, 132-сабақ) мұғалімнің басшылығымен орындалады.

Қатысушылар санның үлесін табу және бөлшекті салыстыру тапсырмасын (№9, 133-сабақ) мұғалімнің басшылығымен орындайды.

5. Өздік жұмыс: №7 теңдеуді шешу (133-сабақ) және шамалармен есептеп шығару №8 тапсырмасы (133-сабақ) беріледі.

6. Сабақты қорытындылау. Үй тапсырмасы: №3 (3-баған) №5 (б, в) - 132-сабақ, №2 (3-баған), №4 - 133-сабақ.
134—135-сабақтар. Разрядтан аттап өту жағдажында

жазбаша көбейту және бөлу

23 • 4, 23 • 5, 92 : 4,115 : 5.

Пысықтау
Сабақтың мақсаты: Разрядтан аттап өту жағдайында жазбаша бөлу және көбейту дағдыларын жетілдіру; периметрі және ұзындығы берілген тіктөртбұрыштың ауданын табуды қайталау.


  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Тірек білім, білік, дағдыларын жетілдіру.

Жаңа материалды ұғыну үшін «Қай қатар мықты?» немесе мұғалімнің қалауы бойынша кез келген ойындар түріндегі кестелік көбейту және бөлуді қайталаған жөн.

Математикалық диктант түріндегі бірнеше қарапайым есептерді шығару тапсырылады:

• 30 кәмпит бөлініп 6 қорапқа тең бөлініп салынды. Бір қорапта қанша кәмпит?

• Анасы 12 шоколад кәмпитін сатып алды, балы бар кәмпит 3 есе артық. Анасы қанша бал кәмпит сатып алды?

• Бидонда 16 л сүт бар, ал құмырада 4 л. Құмырадағы сүт бидондары сүттен қанша есе кем?

• Асқабақтың салмағы 4 кг, орамжапырақтың салмағы 2 есе кем. Орамжапырақтың салмағы қанша?

• 4 тортқа 16 жұмыртқа жұмсалды. Сонда 1 тортқа қанша жұмыртқа қажет?

• 28 кәмпитті 7 бала теңдей бөліп алды. Әрбір балаға қанша кәмпиттен келіп тұр?

Ауызша жұмысқа №8 тапсырманы енгізу керек.


  1. Жаңа сабақ түсіндіру.

Мұғалім 32 • 4 мысалын баған түрінде жазуды ұсынады және кез келген оқушыға шығарып көруді тапсырады. «Ойланыңдар, көбейтуді неден бастаймыз? Алынған нәтижені қайда жазамыз? «Бірліктердің астына. Бірліктерді көбейтіп болғаннан кейін, нені көбейтеміз? Неше болды? 2 ондық болды. 12 санын қайда жазамыз? 10 ондық - бұл ? жүздік. Жүздікті қайда жазамыз?». Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейтуге берілген бірінші мысалды мұғалім тақтаға жазып түсіндіреді. Көбейтудің бірліктерден басталатыны естеріне түсіріледі. №1 тапсырма арқылы жаңа сабақ бойынша алған білімдері тиянақталады.

Бөлумен таныстыру жұмысы да осылайша жүргізіледі. Оқулықта берілген бөлуді орындау алгоритміне сәйкес мұғалім түсіндіру жұмысын жүргізеді (№2 тапсырма). Бөлудің жоғарғы разрядтан басталатыны міндетті түрде ескертіледі. №3 тапсырма тақтада түсіндіріле отырып орындалады. Бөлу алгоритмін оқушылар жақсы меңгеру үшін оны үлкен етіп плакатқа немесе тақтаға жазып қойған тиімді.



  1. Өткен тақырыппен жұмыс.

№4 тапсырманы алдын ала жүргізілген талдау жұмысынан кейін оқушылар өздері орындайды. №5 (а) тапсырма мұғалімнің көмегімен орындалады. Аудан, периметр деген не, тік төртбұрыштың ауданын есептеу тәсілдері, тіктөртбұрыштың периметрін табу, берілген ауданы, қабырғасы бойынша екінші қабырғасын табу туралы білімдерін қайталау маңызды.

№6 тапсырманы балалар ауызша орындайды. Оқушылар оқулықта берілген сұрақтарға жауап береді және өздерінің сұрақтарын ойластырады.



  1. Өзіндік жұмыс.

1 – нұсқа 2 – нұсқа

433 • 2 223 • 4

124 • 2 218 • 3

183 • 3 123 • 3

82 • 6 74 • 4

  1. Сабақты қорытындылау. Үй жұмысы: №5 (ә), №7. Шығармашылық

деңгей: жазбаша көбейтуге 4 мысал құрастыру.

135-сабақ қайталау сабағы болып табылады және мұғалімнің қалауы бойынша ұйымдастырылады. Сабақта разрядтан өту арқылы жазбаша көбейту және бөлуді орындау дағдыларын нығайтуға басты көңіл бөлінеді. Бұл үшін мұғалім алгоритмді тағы бір рет түсіндіреді, содан кейін оқушылар тақтаға шығып, жан-жақты түсіндіре отырып есептершығарады.
136-137-сабақтар. 120 - 3, 360 : 3 түріндегі

жазбаша көбейту және бөлу. Пысықтау
Сабақтың мақсаты: жазбаша көбейту мен бөлуді орындау дағдыларын қалыптастыру; 2-3 амалмен өрнек түрінде шығарылатын есептер құрастыру және шешу дағдыларын бекіту.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Тірек білім, білік, дағдыларын жетілдіру бұрынғы сабақтарға ұқсас

жүргізіледі.

  1. Жаңа сабақты түсіндіру.

Жаңа мысалдарды есептеуді түсіндіру кезінде мұғалім оқулықтағы жазуды қарастыруды ұсынады (№1 тапсырма). Түсіндіру барысында көбейтіндіде бірлік, ондық, жүздік қайда жазылатынына назар аудару керек. Бөлу алгоритмімен таныстыру кезінде балаларға бөлудің толық түрдегі жазылуын ұсыну керек (№2).

  1. Алғашқы бекіту үшін №3 тапсырманың 1-ші және 2-бағандары толық

түсіндіре отырып орындалады.

  1. Өткен тақырыппен жұмыс.

№4 тапсырманы оқушылар өздігінен орындайды. Содан кейін оқулықта берілген қысқаша жазылғандары бойынша есептер шығарады (№5 тапсырма). №8 тапсырма мұғалімнің басшылығымен орындалады.

Өздік жұмыс.

№7 және №6 тапсырмаларды балаларға бірін-бірі тексере отырып, өз беттерінше орындатуға болады.



6. Сабақты қорытындылау. Үй жұмысы: №3 (3-баған), №7.

137-сабақ алдыңғы сабақтарға ұқсас ұйымдастырылады. Оқушылардың жазбаша көбейту және бөлу алгоритмі туралы білімдерін бекіту қажет.
138—139-сабақтар. Бір таңбалы сандарды үш таңбалы

сандарға жазбаша көбейту және бір таңбалы санға бөлу

тәсілдері. 103 • 3, 309 : 3. Бекіту
Сабақтың мақсаты: разрядтан өтпей және разрядтан бір рет өту арқылы жазбаша көбейту мен бөлудің жаңа түрімен таныстыру.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Тірек білім, білік, дағдыларын жетілдіру алдыңғы сабақтарға ұқсас

жүргізіледі. Ауызша есептеуге №1 тапсырма арналған.

  1. Жаңа сабақты түсіндіру.

Жаңа сабақты түсіндіру алдыңғы сабақтардағыдай жүргізіледі. Бұл жұмысты №2 тапсырманың материалы негізінде жүргізуге болады.

  1. Бекіту.

Алғашқы бекіту үшін оқушылар №3 тапсырманың 1-ші және 2-бағандарын толық түсіндіре отырып орындайды. Қалған мысалдарды балалар өз беттерінше орындап, соңынан тексереді. Мұнан соң №7 тапсырма балалардың дайындық деңгейіне қарай өздігінен немесе түсіндіре отырып орындалады.

  1. Өткен тақырыппен жұмыс.

Кері есептер құру және шығаруды (№5 тапсырма) оқушылар өздігінен орындайды. Өздігінен есептеуге №4 тапсырманы енгізуге болады.

Балалар №6 тапсырмада есеп құрастырып, шығарады және №8 логикалық тапсырманы мұғалімнің басшылығымен орындайды.



  1. Сабақты қорытындылау. Үй жұмысы: №3 (3, 4-баған)

139-сабақ алдыңғы сабақтарға ұқсас жүргізіледі.
140-141-сабақтар. 103 • 6, 618 : 6

түріндегі жазбаша көбейту және бөлу.

Пысықтау
Сабақтың мақсаты: оқушылардың жазбаша көбейту және бөлудің жаңа түрлерін орындау дағдыларын қалыптастыру; құрама есептер шығару алгоритмін бекіту және құрылымы күрделі теңдеулер туралы білімдерін бекіту.

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың білімін жетілдіру.

Жаңа сабақты меңгерудің негізі көбейту мен бөлудің кестелік жағдайларын білу, сондай-ақ үш таңбалы сандар құрамын білу болғандықтан барлық тапсырмалар, ойындар осы тақырыптармен байланысты болуы тиіс. Осыдан кейін «Компьютер» ойынын жүргізуге болады.



Ауызша есептеуге №1, №8 (140-сабақ) және №1, №6, №8 (141-сабақ) тапсырмалар арналған.



2. Жаңа сабақты түсіндіру №2 (140-сабақ) тапсырма негізінде құрылады. Алғашқы бекіту үшін оқушылар №3 (140-сабақ) тапсырманы толық түсіндіре отырып орындайды.

3. Өткен тақырыппен жұмыс.

Мұғалімнің басшылығымен өрнектер құрастырылады және шығарылады (№2, 141-сабақ).

Оқушылар кері есептер құру және шығаруды өздігінен орындап, соңынан тексереді (№5, 140-сабақ). Келесі сабақта балалар қысқаша жазылуы бойынша есептер құрастырады (№3, 141-сабақ). №6 (а) (140-сабақ) тапсырманы ауызша орындауға болады, ал №7 (б) (141-сабақ) тапсырманы оқушылар түсіндіре отырып жазбаша орындайды.

4. Өздік жұмыс. Оқушылар 140-сабақ №4 (1-3-бағандар) тапсырманы орындайды және теңдеулер шешеді (№7 тапсырма. 140-сабақ). Бекіту сабағының өздік жұмысына №4, №5 (1-ші, 2-бағандар) (141-сабақ) тапсырмалар енгізіледі.

5. Сабақты қорытындылау. Үй тапсырмасы: №4 (2—4-бағандар, 140-сабақ).


жүктеу 1,3 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау