1-тоқсан (45 сағАТ) 2-сыныпта өткенді қайталау


-сабақ. Көлемнің өлшем бірліктері



жүктеу 1,3 Mb.
бет13/16
Дата14.11.2018
өлшемі1,3 Mb.
#19595
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

105-сабақ. Көлемнің өлшем бірліктері.

Текше мен тіктөртбұрышты

параллелепипедтің көлемі
Сабақтың мақсаты: денелердің көлемі туралы түсінік қалыптастыру және көлемді өлшеу бірліктері туралы түсініктерін кеңейту; есептеу дағдыларын жетілдіру.

1. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтың мақсатын түсіндіру.

Геометриялық денелердің атауларын оқыңдар. Артық сөзді табыңдар: параллелепипед, текше, шаршы. Артық сөз: шаршы. Өйткені бұл жазық фигура, қалғандары көлемді фигуралар. Қай фигуралардың көлемін есептеп шығаруға болады? Сабақтың тақырыбын құрастырыңдар.




П

А

Р

А

Ю

Т

В

А

Ф

У

К

Л

Б

Е

Е

Д

П

Р

О

Л

Ь

К

П

Р

Ъ

З

Щ

Е

Т

Ш

Т

А

К

Ц

И

Л

И

Б

Д

Р

Я

Ч

С

Е

С

М

П

Т

Э

Л

Д

П

И

П

Е

Д

Ө

Ы

В

А

П

Р

О

Л

2. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.
Үй тапсырмасын тексеру.

- Өз параллелепипедіңнің үлгісін көрсет. Олардың көлемін қалай таптыңдар?



3. Нұсқалар бойынша өздік жұмыс жүргізу.
Есепте және тексер.

А деңгей




1-нұсқа

2-нұсқа

20•5

200:2


458-278

562 + 346



30•9

500 : 5


890-456

123 + 635



3. Оқу материалымен алғашқы танысу.
- Сынып бөлмесінің көлемін табуға бола ма? Мұны қалай жүргіземіз? Бөлменің көлемін см³ есептеген қолайлы бола ма? Неге? (Өйткені өте үлкен сандар шығады). Сынып бөлмесінің көлемін қандай бірліктермен есептеген ыңғайлы? (оқушылардың ұсыныстары тыңдалады). Үлкен денелердің көлемін дм³, м³-мен өлшеуге болады (оқулық №1 тапсырма).

Мұнан соң оқушылар текшемен танысады (№2 тапсырма), оның параллелепипедтен айырмашылығын анықтайды, текшенің биіктігі, ұзындығы, енінің бірдейлігін анықтайды, содан кейін түсіндіре отырып орындайды.



2 • 2 • 2 = 8 см³ 5 • 5 • 5 = 125 см³

8 • 8 • 8 = 512 см³ 4 • 4 • 4 = 64 см³

  1. Алғашқы бекіту.

№3 тапсырманы оқушылар өздігінен орындайды. Оқушылар қораптың үш өлшемін анықтайды, суреттен көрсетеді. Содан соң формуланы пайдаланып, көлемін табады.

№4 тапсырманы өз беттерінше орындайды: а) 50 • 10 • 2 = = 1000 м³ - бассейннің көлемі. ә) 50 • 10 = 500 м² - бассейн түбінің ауданы. б) 50 • 2 = 100 м² - жанындағы үлкен қабырғаның ауданы. 10 • 2 = 20 м² - жанындағы кіші қабырғаның ауданы. в) (100 + 20) • 2 = 240 м² - бассейннің жанындағы қабырғаларының қосындысы.

Егер оқушылар қиналса, параллелепипед үлгісі негізінде көрсету керек.


  1. Өткен тақырыппен жұмыс.

№5 тапсырманы шешуден бұрын егер ауданы мен бір қабырғасы белгілі болса, тіктөртбұрыштың белгісіз қабырғасын қалай табуға болатынын қайталау керек. №6 тапсырмадағы сызба бойынша өрнектер құру және оның мәнін табуды оқушылар өздері орындайды.

№7 (а) тапсырма тақтада түсіндіре отырып орындалады. №8 логикалық тапсырма мұғалімнің басшылығымен орындалады.



6. Сабақты қорытындылау. Үй тапсырмасы: №7 (ә).
Мұғалім оқушыларға сұрақтар қояды:

- Сабақтың мақсаты қандай болды? Сабақта тапсырмалар орындай отырып, біз мақсатқа жеттік деп айтуға бола ма? Сабақта не ұнады? Сабақта ең қиыны не болды? Ең жеңілі не болды? Сабақ барысындағы өз жұмысыңды бағала және өздеріңе баға қойыңдар.


106-сабақ. Көлемнің өлшем

бірліктерінің арақатынасы
Сабақтың мақсаты: көлемнің өлшем бірліктері туралы білімдерін жүйелендіру; есептеу дағдыларын жетілдіру.

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру.



2.Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.

№8 тапсырманы орындамас бұрын мұғалім төменгі есептерді шығаруды ұсынады:

• Ілиясты Айбек күндізгі сағат 4-ке қонаққа шақырды. Ол үйден күндізгі сағат 3-те шықты, 15 минут ол Диастың үйінде болды, бір сағаттың алтыдан бір бөлігін ол телефон арқылы сөйлесті, 10 минутта Айбектің үйіне жетті. Дос ба-лалар туған күнге кешігіп қалмады ма?

• Санат үй жұмысын 3 сағат 24 минут дайындады. Ол үй жұмысын неше минут дайындады?

• Дулат әжесіне 17 маусымда қонаққа барды. Онда 4 апта болды. Дулат қонақтан қашан келді?

• Данияр лагерьде 2 апта және 5 күн болды. Данияр лагерьде неше күн болды?

• Апайым бізге қонаққа 1 тәулік және 15 сағат жүріп келді. Ол жолға неше сағат жұмсады?

Содан кейін №1 тапсырма орындалады.



3. Сыйымдылықтыц өлшем бірлігі — литрмен таныстыру.
Мұғалім балаларға №2 тапсырмаға ұқсас есепті шығаруды тапсырады. Бұл үшін мұғалім балаларға пішіні әртүрлі бірнеше ыдыс ұсынады, балалар олардың қайсысының сыйымдылығы үлкен екенін анықтайды. Содан кейін мұғалім сыйымдылықты өлшеудің жаңа бірлігін енгізу қажеттігін жеткізеді. Литр мен см³ арасындағы қатынаспен балалар оқулықтан танысады (№2 (ә) тапсырма).

4. Бекіту.

Алғашқы бекіту үшін балалар №2 (б) тапсырманы тақтада түсіндіре отырып орындайды. Бұл балалардың көлем бірлігін литрмен салыстыруға арналған. Оқулықта көлемнің өлшем бірліктерінің кестесі келтірілген. Содан кейін №3 (а және ә) тапсырмалар орындалады.

№4 тапсырмадағы өрнектерді шешпес бұрын мұғалім өлшем бірлігі - литрді өмірде пайдалану туралы әңгіме жүргізеді. Содан кейін оқушылар №4 тапсырманы орындайды.

5. Өткен материалмен жұмыс.

Өрнектерді салыстыруды (№7 тапсырма) оқушылар түсіндіре отырып орындайды.

Өздік жұмысқа № 5 (а) арналған. №6 (1-нұсқа, 1-баған, 2-нұсқа, 3-баған).


  1. Үй жұмысы: №5 (ә), №6 (2-баған).

Шығармашылық деңгей: №5 тапсырмаға ұқсас тапсырма құрастыру.

7. Сабақты қорытындылау.

- Сабақтың мақсаты қандай болды? Біз осы мақсатқа жете алдың па? Сабақ барысындағы өз жұмысыңа баға бер. Табысты жұмыс істеу үшін өзіңде нені өзгерту керек? Бұған қалай қол жеткізуге болады?
107-сабақ. Есепті әртүрлі

тәсілмен шығару
Сабақтың мақсаты: есепті әртүрлі тәсілмен шығаруды үйрету; теңдеу шешу дағдыларын дамыту.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Тірек білім, білік, дағдыларды жетілдіру. Зейіндерін дамыту үшін

мынадай есеп түрін ұсынуға болады: «Цифрларының қосындысы қатарында қарамен жазылған санға еселік болатын сандарды ғана жазу керек».

18 17 21 6 8 19 2

32 11 15 18 13 24 3

45 50 15 14 37 41 5

Ауызша есептеуге алдыңғы сабақтарда көрсетілгендей дидактикалық ойындар енгізіледі және №1, №2 тапсырмалар орындалады. №8 құрастыру жұмысын оқушылар өз беттерінше орындай алады.


  1. Есептерді шығару.

№3, №4 тапсырмалардың есептерін шығару және талдау кезінде балаларға өздеріне шығаруға ұсынуға болады, әр амалды жеке жазып орындайды. Тексеру кезінде әртүрлі тәсілдер салыстырылады: «Есептің шешулерінің ұқсастығы қандай? Қандай айырмашылығы бар? 1-тәсілде бірінші амалмен нені білдік? Әр шешуінде екінші амалмен нені білдік? Қай тәсіл тиімді?»

  1. Өткен тақырыппен жұмыс.

№5 тапсырма мұғалімнің басшылығымен орындалады. Оқушылардың бірінші өрнектің жауабын білген жағдайда, оны кейінгі өрнектердің мәнін табуда қолдануға болатынына назарын аудару керек.

  1. Өздік жұмыс ретінде №7 (а) ұсынылады, №7 (ә) түсіндіре отырып

орындалады.

  1. Сабақты қорытындылау. Үй тапсырмасы: №6.


108-сабақ. Теңдеулерді шешу
Сабақтың мақсаты: жай және құрылымы күрделі теңдеулерді шығару дағдыларын жетілдіру; арифметикалық амалдар компоненттерінің өзара байланысы туралы білімдерін бекіту.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Тірек білім, білік, дағдыларын жетілдіру.

Ауызша есептеуге №1, тапсырма, сондай-ақ есептеу дағдыларын жетілдіруге арналған дидактикалық ойындарды ұсынуға болады. «Артық сөзді тап» ойынын ұйымдастыру:



ҚОСУ

АЗАЙТҚЫШ


АЙЫРМА

ҚОСЫЛҒЫШ


БӨЛГІШ

КӨБЕЙТКІШ



АЙЫРМА

БӨЛУ


БӨЛІНГІШ

АЗАЙТҚЫШ


БӨЛІНГІШ

БӨЛІМІ


КӨБЕЙТУ

БӨЛІНДІ

БӨЛГІШ


ҚОСЫНДЫ

АЙЫРМА


АЛЫМЫ

  1. Жаңа материалмен танысу

Жаңа материалмен танысу жұмысын оқулық материалдарын пайдалану немесе тақтаға осыған ұқсас жаттығуларды №2 тапсырманы жазу арқылы жүргізуге болады. Мұғалім оқушыларды «теңдеу шешуді жеңілдету» терминімен таныстырады. «Теңдеудің мұндай түрін шешу үшін, қосымша есептеулерді орындап, алдымен жеңілдетіп алу керек» деген қорытынды жасалады.

№3 тапсырмадағы теңдеулерді шешу кезінде оқушылар осындай түсініктеме бере отырып, тақтада орындайды. №4, №5 тапсырмаларды оқушылар өз беттерінше орындап, соңынан дұрыстығын тексереді.



3.Өздік жұмыс.

Өздік жұмыс үшін №6 тапсырманы ұсынуға болады.



  1. Сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма: №7.
109-сабақ. Есеп бойынша теңдеу құру
Сабақтың мақсаты: оқушыларды есепті шығарудың жаңа тәсілімен - теңдеу құру арқылы шешумен таныстыру; теңдеу құру дағдыларын арттыру; құрылымы күрделірек теңдеулерді шешу біліктіліктерін арттыру; талдау және қорытындылау дағдыларын дамыту.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Тірек білім, білік, дағдыларын жетілдіру.

№1 тапсырма ауызша есептеуге беріледі. Проблемалық жағдай туғызу үшін «теңдеу» және «өрнек» сөздерінің мағынасын түсіндіруі сұралады. Берілген математикалық түсініктермен жұмысты былай жүргізуге болады: Мұғалім тақтаны ортасынан сызықпен бөліп, алдымен теңдеу құрастыруға байланысты берілген тапсырманы орындатады, содан соң екінші бөлігіне мұғалімнің тапсырмасы бойынша өрнектер жазылады.

Теңдеу жазуға берілген тапсырмалар:

а) «Мен бір сан ойладым, оны 20 есе арттырып, 220 санын алдым. Мен қандай сан ойладым?»

ә) «Мен бір сан ойладым, оны 20 есе арттырып, 100-ді қосқанда, 220 саны шықты. Мен қандай сан ойладым?»

Өрнек жазуға берілген тапсырмалар:

а) 11 санын 20 есе арттыр.

ә) 11 мен 20 сандарының көбейтіндісін 100-ге арттыр.

Осы жазулар тақтаға жазылғаннан кейін, мұғалім оң жаңтағы және сол жақтағы жазулардың қалай аталатынын сұрайды. Олардың үұсастығы мен айырмашылығын табады. Балалар осылайша «өрнек» және «теңдеу» деген терминдерге анықтама береді.

Әңгімені сұрақ-жауап түрінде де ұйымдастыруға болады:

Жазулардың қайсысын теңдеу деп атауға болады?

Теңдеу деген не?

Теңдеуді шешу деген не?

Теңдеудің түбірі деген не?

3. Жаңа тақырыппен жұмыс.

Мұғалім жаңа сабақтың тақырыбын хабарлап, оқулықтағы №3 (а) тапсырмаға ұқсас есепті шығаруды ұсынады. Есепті теңдеу құрып шығаруға болады. «Бір күнде 100 мм қар түсті. Егер екі күнде 300 мм қар түскен болса, екінші күні қанша қар жауды?»

Ары қарай мұғалім есепті теңдеу құрып шығару кезінде есептің сұрағын анықтап, белгісіз санды табу керек екенін айтады. Екінші күні түскен қардың мөлшерін х деп белгілейік. Сонда мынадай теңдеу құруға болады: 100 + х = 300.

Теңдеуді шешіп, есептің сұрағына жауап береміз. Тақтаға мынадай жазу жазуға болады:





1-тәсіл

Амалдар бойынша немесе өрнек арқылы



2-тәсіл

Теңдеудің көмегімен



1-куні - 100 мм

300 мм


2-күні - ? мм

300 - 100 = 200 (мм)


х мм қар түсті дейік. Теңдеу

құруға болады:

100 + х = 300

х = 300 - 100

х = 200 (мм)


Жауабы: екінші күні 200 мм қар түсті.

Балалар есепті әртүрлі тәсілмен шығаруға болады деген қорытындыға келу керек.

4. Алғашқы бекіту.

Есептің сызбасы бойынша теңдеу ңүрастыру. Таңтаға есептің сызбасы ілінеді немесе сызылады. Бірінші сабақта белгісіз қосылғыш, азайғыш, азайтқыштары бар теңдеулер құрастыруға болатын есептің сызбаларымен шектеуге болады. Ары қарай келесі сабақтарда белгісіз көбейткіш, бөлгіш, бөлінгіш теңдеулер құрастыруға болатын есептермен жұмыс жүргізіледі. Сызбаның үлгілері:






Есептің үлгілері:

Велосипедшілер 2 күнде 110 км-ді жүріп өтуі керек. Егер оларға екінші күні әлі 60 км жүру керек болса, бірінші күні қанша километр жүрген?

Туристер 40 км жолды жүріп өткеннен кейін, өлі жүрілмеген 80 км жол қалды. Оларға барлығы қанша километр жолды жүрулері керек?

Оқушылар есепті әртүрлі тәсілмен шығаруға болатындығы туралы қорытындыға келулері керек.



  1. Өздік жұмыс үшін №3 (ә) тапсырманы ұсынуға болады.

Ауылда 45 бала ойнап жүрді. Олардың 14-і ер бала, ал қалғаны - қыздар. Неше қыз ойнап жүр?

Талдау жұмысы жүргізілгеннен кейін мұғалім осы есепті әртүрлі тәсілмен шығаруды ұсынады. №2 тапсырма теңдеу шешуге жаттықтыруға арналған. Жұпта бірін-бірі тексерді.



  1. Өтілгеп материалдармен жұмыс.

Есептеумен байланысты №4 тапсырманың біраз бөлігі сыныпта орындалады, ал қалған белігі үйге беріледі. №6 тапсырманың суреті мен өрнектері бойынша есептер құрастыру жұмысы жүргізіледі, ал №5 тапсырманы үйге тапсырма ретінде беруге болады.

  1. Рефлексия. Сабақтың қорытындысын шығару.

110, №111, №я112-сабақтарға есепті теңдеу құру арқылы шығару жұмысын қосуга болады.

жүктеу 1,3 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау