1-тоқсан (45 сағАТ) 2-сыныпта өткенді қайталау


-сабақ. 7-ге көбейту және бөлу кестесі



жүктеу 1,3 Mb.
бет9/16
Дата14.11.2018
өлшемі1,3 Mb.
#19595
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16

61-сабақ. 7-ге көбейту және бөлу кестесі
Сабақтьщ мақсаты: 7-ге көбейту және бөлу төсілдері туралы білімдерін қалыптастыру; көбейту кестесін құруда көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін пайдалануға үйрету.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.

Есептеу дағдыларын жетілдіру үшін «Қай қатар тез есептейді?» ойынын өткізуге болады. Мұғалім 3 бет қағазға әр қатардағы оқушылардың санына сәйкес көбейту және бөлуге мысалдар жазады. Ойыншылар соңғы партадан бастап, мысалдың жауабын жазып, алдыңғы партадағы балаға береді. Мысалдарды тез және дұрыс орындаған қатар жеңеді.

«Кестені білем» ойынын өткізуге болады. Мақсаты: көбейту және бөлу кестесі туралы білімді бекіту.

Балалар екі командаға бөлінеді. Әр командадан 9 адамнан шығады. Олар екі қатар болып сап түзейді. Әр қатарда балалар рет санын дауыстап атайды да, кеуделеріне тиісті нөмір жазылған қағазды қыстырады.

Жүргізуші көбейту кестесінен кез келген көбейтіндіні атайды, мысалы: 48. 48 саны 6 мен 8 сандарының көбейтіндісі, сондықтан әр қатардан осы нөмірлі балалар ортаға жүгіріп шығады. Ойыншылар жылдам қимылдаған команда жеңіске жетеді.



  1. Жаңа сабақ.

7-ге көбейту және бөлу кестесі кестелік көбейту және бөлудің бұрын өткен жағдайларына ұқсас құрастырылады. (№1 тапсырма). Бастапқы бекіту үшін №3 тапсырма мен №2 тапсырманың есептері орындалады.

  1. Өткен тақырыппеп жұмыс.

Оқулықтағы есептерді шығармас бұрын тақтадағы сурет бойынша бірнеше есеп құрастырылады немесе мұғалім ұсынған есептер шешіледі:

• Серікте 30 теңге бар. Егер 1 тоқаш 5 теңге тұрса, неше тоқаш ала алады?

• Әсел 8 теңгеден 2 қарындаш сатып алды. Ол барлығы неше ақша жұмсады?

• Әлихан 2 дәптер үшін 12 теңге төледі. 1 дәптер неше теңге тұрады?

Содан кейін мұғалімнің басшылығымен №4 тапсырманың есептері шығарылады.

№7 тапсырманы (1-ші және 2-бағандар) оқушылар түсіндіре отырып орындайды, ал 3-бағанды өздігінен орындауға болады.



  1. Өздік жұмыс. №5 тапсырманы балалар өз беттерінше орындап, соңынан

тексереді. №8 логикалық тапсырманы да балалар өздері орындай алады. Мұғалім осындай есеп түрлерін шығаруда қиналатын оқушыларға көмектеседі.

  1. Сабақты қорытындылау. Үй жұмысы ретінде №6 тапсырма ұсынылады.


62-сабақ. Өткен материалды пысықтау
Сабақтың мақсаты: 7 санын көбейту және бөлу кестесі туралы білімдерін бекіту; есептеу дағдыларын жетілдіру; теңдеу құрастыру және шешуге үйрету.

Мұғалім 62-сабақтың тапсырмаларын пайдалана отырып, өз қалауынша ұйымдастырады. Сабақты есептеу дағдыларын бекіте отырып, ақшаның тарихы туралы әңгімеден бастауға болады.



1. Ұйымдастыру кезеңі.

- Бүгін біз сабақта тез және дәл есептеуді үйренеміз. Өте маңызды нәрселер туралы әңгімелейміз, экономикадан кейбір мәселелерді еске түсіреміз. Тез және дәл есептеу не үшін қажет? Шифрленген сөздерді шешу арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтаймыз.

2. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.
Тақтадағы мысалдарды шығарады. Алынған нәтижелерді өсу ретімен орналастыру. Сабақтың тақырыбы шығады:

Ақша.


7 • 7 ш

6 • 9 а


63 : 7 қ

21 : 3 а


- Ақша деген не? Адамға ақша не үшін керек?

Адамдар ұзақ уақыт керекті заттарды қалай сатып алу, сату керектігін білмеді. Адамдар тек бір-бірімен айырбас жасады және ақшаның орнына мал, тұз, шай, алтын, т.б. нәрселерді пайдаланды. Бірақ бұлай айырбас жасау үнемі тиімді бола бермеді. Сондықтан адамдар қажетінің бәрін айырбастауға бо-латын ерекше әмбебап тауарды ойлап тапты.

- Сендер қалай ойлайсыңдар, сол әмбебап тауар не болды? Ол қазір қалай аталады?

Әр елде ақшаны әртүрлі атайды. Егер мына мысалдарды дұрыс шешетін болсақ, кейбір елдерде ақшаның қалай аталатынын білетін боласыңдар. Карточканың екінші бетіне доллар, сом, рубль, франк, евро, теңге деген жазулар болады.

575 + 25 680 - 190 320 - 190 416 + 14 540 - 39 870 - 580

3. Өткен сабақты қайталау.

- Бізге ақша көбінесе қай жерде қажет?

Қазір біз дүкенге барамыз. Сендердің алдарыңда сатып алуға қажетті заттардың тізімі тұр. Сатып алынған заттарға неше ақша төлеу керектігін есептеңдер.

Есеп ауызша шығарылады.

• Сенде 100 теңге болды. Сен 25 теңгеге балмұздақ сатып алдың. Сенде қанша ақша қалды?

• Болат 80 теңгеге кока-кола және 50 теңгеге қытырлақ картоп сатып алды. Ол қанша ақша төледі?

• Айсәуле 9 теңгеден 3 қарындаш сатып алды. Айсауле неше теңге төледі?

•Арман 5 дәптерге 45 теңге төледі. Бір дәптердің бағасы қанша?

Альбом - 45 теңге.

Қарындаш - ? тг, 9 теңгеден 3 дана.) ? теңге

Есептің шешуі дөптерлеріне жазылады.

4. Теңдеу шешу (№ 7 тапсырма). Әрбір құрастырылған және шығарылған теңдеу үшін 5 балдың купон алады.

5. Сабақты қорытындылау.

- Тақтаға жазылған мақалды оқыңдар. «100 сомың болғанша, 100 досың болсын». Оның мағынасын қалай: түсінесіңдер? Әрине, ақша барлық адамға қажет, бірақ адамды ақша билемеу керек және адамға байлықтан басқа достар, денсаулық, білім керек.

- Ал ақша қайдан келеді?

Бүгінгі сабақта сендер де өз бағаларыңды еңбектеніп алдыңдар.

Қосымша материал

Көп жылдар бұрын ақшаның орнында басқа да айырбас тауарлар болды. Олардың ең көп таралғаны - тұз, нан, мал, тері. Африканың кейбір халқы мойынға моншақ етін іліп алатын бақалшақтармен есеп айырысқан. Конго тұрғындары тауарды матаға, Филиппин тұрғындары күрішке, Моңғолияда шай түйіршіктеріне айырбастаған. Кейіннен айырбас ретінде адамдар алтын мен күміс әшекейлерді пайдалана бастаған. Бағалы металдардың сынықтарымен есептесетін болған.


63—64-сабақтар. 8-бен 9-ға көбейту және бөлу.

Өткенді пысықтау
Сабақтың мақсаты: 8-бен 9-ға сандарын көбейту және бөлу амалдары туралы білімдерін қалыптастыру; кестені құрастыруда көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін қолдана білу; арифметикалық амалдардың компоненттерінің өзара байланысы негізінде теңдеулерді шешу.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.

Кестелік көбейту және бөлу дағдыларын жетілдіру мақсатында алдыңғы сабақтарда жүргізілген ойын түрлері ұйымдастырылады.

Көру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту үшін мынадай тапсырмалар орындатуға болады: «Сендердің алдарыңда сандар қатары тұр. Сендер осы сандарға мұқият қарап, берілген тәртіппен есте сақтауға тырысыңдар, содан кейін бірқатар сұрақтарға жауап беріңдер». Сандарды қарауға 30 секундтай уақыт беріледі, содан кейін бетін жауып қояды.

5 2 3 10 14 4 6

• Қай сандардың қосындысы 5-ті береді?

• Неше жұп сан бар?

• Қандай сандар көп — бір таңбалы ма, әлде екі таңбалы ма?

• Неше сан 3-ке бөлінеді?

• Неше сан 2-ге бөлінеді?



3. Жаңа сабақты түсіндіру.

8-бен 9-ға көбейту және бөлу кестесін құрастыруға дайындық үшін балаларға белгілі көбейту және бөлу түрлері қайталанады (8 • 2, 8 • 3, 8 • 4, 8 • 5, 8 • 6 т.б.) Бұл мысалдарды тақтаға алдын ала жазып қою ыңғайлы, балалар тек жауабын ғана жазады. Шығару кезінде 2-3 рет қалай есептеуге болатыны сұралып отырады. Егер ұмытылып қалса, оқушылар есептеудің басқа тәсілдерін: көбейтуді қосумен алмастыру, көбейткіштердің орнын ауыстыру, т.б. еске түсіреді. Балалар үшін жаңа мысалдар: 8 • 8, 9 • 8, 9 • 9 және оған сәйкес бөлулер (№1-а,ә тапсырма).



4. Бекіту.

Алғашқы бекіту жұмыстары үшін сандардың орналасу заңдылығын анықтап, шеңбердің ішіне төменгі қатардың сандары шығу үшін жоғарғы сандар қатарын неше есе арттыру керек екенін жазады, ал екінші шеңбердің ішіне бірінші қатардың сандары шығу үшін қандай амал керек және қандай сан жазу керектігін анықтайды және кестені толтырады:





1

2

3

4

5

6

7

8

9

8

16
























5. Өткен тақырыппен жұмыс.

№2, №7 (63-сабақ) тапсырмаларды оқушылар өздері орындай алады. №4 (63-сабақ) пен №5 (63-сабақ) тапсырмалар геометриялық материалдар туралы білімдерін қайталайды және көз мөлшермен өлшеуге үйретеді.

№8 (63-сабақ) логикалық тапсырманы орындау кезінде осыған ұқсас тапсырманы кестенің көмегімен қалай орындауға болатыны түсіндіріледі.





10 жас

9 жас

8 жас

Мәлік

-

+

-

Қарлығаш

-

-

+

Лаура

+

-

-

Пайымдау мынадай үлгіде құрылады: мен Мәлікті кеше де, бүгін де көрдім, яғни сол ғана 9 жаста болады, егер Мәлік 9 жаста болса, онда ол 8 жаста да, 10 жаста да бола алмайды. Лаураны мен бүгін көрдім, яғни ол 10 жаста, сонда Қарлығаш 8 жаста болады.

6. Сабақты қорытындылау.

Үйге теңдеу шешуге арналған №6 (63-сабақ) тапсырма беріледі және бөлу амалымен орындалатындай 2 теңдеу құрастырып жазу тапсырылады.



Қосымша материал:

9 санын саусақпен көбейту кестесі. Екі алақандарыңды төмен қаратып үстел үстіне қойыңдар. Сол қолдағы ең кіші саусақ - кішкентай бөбек бірінші, шылдыр шүмек - екінші, ортан терек - үшінші, т.с.с. оң қолдың бас бармағы - алтыншы, осылайша кете береді де, оң қолдағы кішкентай бөбек - оныншы болады. Бұл саусақтар мүдірмес санағыштар болады.

Мысалы:


  1. 9 • 5 = 45. Мұны саусақпен есептеу үшін бесінші саусақтан сол жаққа

қарай нешеу және оң жаққа қарай нешеу екенін қарау керек: сол жаққа 4 саусақ - бұл 4 ондық, ал оң жаққа 5 - бұл 5 бірлік, яғни жауап 45 болады.

  1. 9 • 9 = 81. 9-шы саусақтан сол жаңңа 8, оң жаққа 1, яғни 81.

  2. 9 • 1 = 9. 1-ші саусақтан сол жаққа бірде-бір саусақ жоқ, яғни жауапта

ондық болмайды, оң жаққа 9 саусақ - 9 бірлік.

9-ға көбейту кестесінде не қызық бар?

1 • 9 = 9

2 • 9 = 18

3 • 9 = 27 және т.б.

Әр көбейтіндінің цифрларының қосындысы 9-ға тең

2 • 9 = 18 (1 + 8 = 9)

3 • 9 = 27 (2 + 7 = 9)

Пысықтауға арналған 64-сабақ мұғалімнің қалауына қарай құрылады. Оқулықтағы барлық тапсырмалар оқушыларға таныс және көбінесе өздігінен орындалады.

№8 логикалық тапсырманы орындауда оқушылар қиналса, көрсетуге болады:

а) Бізде 3 тиын бар. Тиынның үшеуін таразыға тартамыз, нәтижесінде екі жауап шығуы мүмкін. 1) тиындар тең түседі, яғни олар - түпнұсқа, ал үшінші тиын - жасанды. 2) бір тиын жеңілдеу, яғни сол тиын - жалған.

ә) Егер тиынның саны 4 болса, 2 рет таразыға тарту керек. Кез келген екі тиынды таразыға тартудан жалған ақша анықталмаса, жалған ақша екінші жұпта қалған, онда қалған тиындар өлшенеді. Қайсысы жеңіл - сол жалған ақша.


65-сабақ. Есептер шығару.

Бағасы. Саны. Құны
Сабақтың мақсаты: 8-бен 9-ға көбейту және бөлу кестесі туралы білімдерін бекіту; есептеу дағдыларын жетілдіру; заттың бағасы, саны, құнын табуға арналған есептер шығару дағдыларын бекіту.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

2. Тірек білім, білік, дағдыларын жетілдіру.

Ауызша есептеу үшін кестелік көбейту дағдысын қалыптастыруға арналған №1 жаттығу берілген. «Иә - жоқ» математикалық диктанты ұйымдастырылады. Балалар тұжырыммен келіссе «плюс», келіспесе «минус» таңбасын қояды.

• 6 мен 8 сандарының көбейтіндісі 56-ға тең.

•81 мен 9 сандарының бөліндісі 8-ге тең.

•6 санын 9 есе арттырсақ, 34 шығады.

• 6 санын 9-ға арттырсақ, 15 шығады.

• 54-ті 9-ға бөлсең, 7 шығады.

• 72-ні 8 есе кемітсең, 9 шығады.

• 36 : 6 = 6
• 72 : 9 = 9

• 3-ті 7-ге арттырсақ, 10-ға тең.

• 3-ті 3 есе арттырсақ, 9-ға тең.

3. Жаңа сабақты түсіндіру.

Есептің жаңа түрін шығаруға дайындау үшін саны, құны бойынша бағасын табуға бір заттың массасын табуға, бір заттың сыйымдылығын табуға бір заттың массасын табуға, бір заттың сыйымдылығын табуға берілген бірнеше есептерді шығарады:

• Талғат 36 теңгеге 6 кәмпит сатып алды. 1 кәмпиттің бағасы қанша?

• Темірлан 54 теңгеге 6 түйме сатып алды. 1 түйменің бағасы қанша?

•Айгүл 48 теңгеге 6 тоқаш сатып алды, Тоқаштың бағасы қанша?

• Тігінші 8 бірдей көйлекке 48 түймені қадады. Бір көйлекке неше түйме қадалды?

• Сауыншы 12 л сүтті 4 бірдей құмыраға құйды. Бір құмыраға неше литр сүт сыяды?

• Анам 45 қараөрікті 5 тәрелкеге тең бөліп салды. Бір тәрелкеде неше қараөріктен?

• Атқа бір аптада 56 кг сұлы береді. Бір күнде неше килограмм сұлы береді?

Есептің жаңа түрін шешу тәсілін №2 тапсырмаға берілген иллюстрация негізінде түсіндіруге болады. Ең алдымен тауардың бағасын анықтап алып, бағасын білгеннен кейін саны мен бағасы арқылы құны анықталатынын көрсету маңызды. Жаңа сабақ туралы ұғымдарын кеңейте түсу үшін №3 және №4 тап-сырманы орындайды.



1 жәшіктің массасы

Саны

Жалпы массасы

?, бірдей


9 жәшік

54 кг

3 жәшік

? кг

Жаңа сабақты қаншалықты меңгергендерін тексеру үшін №5 тапсырманы оқушыларға өздігінен орындауға беруге болады, алдын ала қысқаша жазылуы кесте түрінде құрылады:

1 бидонның сыйымдылығы

Саны

Жалпы сыйымдылығы

?, бірдей


8 б.

40 л

? б.

30 л

4. Өткен тақырьтпен жұмыс.
Тіктөртбұрыштардың периметрін табу дағдыларын қалыптастыру үшін №6 тапсырма өздігінен орындауға беріледі, соңынан тексеріледі. №8 тапсырмада үшбұрыштар мен төртбұрыштарды санау үшін әр қиылысқан нүкте мен төбелерін латын әрпімен белгілесе жеңіл болады.

Өздік жұмыс үшін №7 тапсырманың 1, 3-бағаны ұсынылады.



  1. Сабақты қорытындылау.

Үй жұмысына №7 (2-баған), №8 тапсырмалар арналған (қарындашты қағаздан алмай және бір сызықты 2 рет бастырмай фигураның суретін салу).
66-сабақ. Пысықтау
Сабақтың мақсаты: көбейту мен бөлудің кестелік жағдайы туралы білімдерін бекіту; 2—3 амалмен орындалатын өрнектерді шығара алу дағдыларын дамыту; есептердің әр түрлерін шығару дағдыларын жетілдіру.

Көбейту және бөлу кестесін бекіту сабақтары мұғалімнің қалауына қарай сыныптың дайындық деңгейі мен әр оқушының жеке ерекшелігіне байланысты жүргізіледі. Ауызша есепке «Математикалық сайыс» ойынын енгізуге болады. Ойынның мақсаты: көбейту кестесі туралы білімді бекіту.

Бұл ойынды өткізу үшін арнайы трафарет, көлемі 20x15 болатын 9 қатты қағаз керек. Жоғарғы жағына 1,2,3,...9 сандары жазылады. Дәл осылай етіп сол жаққа тігінен де жазамыз, яғни трафарет Пифагор кестесіне ұқсайды, бірақ тігінен және көлденеңінен сызықтардың қиылысқан жерлеріне тесіктер жасалады. Сонда 81 тесігі бар тор шығады. Ойын жұппен ойналады. Мұғалім әр партаға бір трафареттен таратады. Трафареттің теріс жағына қағаз қыстырылады. Мұғалімнің бұйрығымен бір оқушы қарындашпен кез келген тесікке нүкте қояды, ал екінші оқушы жауабын жазады. Егер оқушы жауабын білмесе, ол жерді қызыл қарындашпен дөңгелектейді.

Мұғалімге өздік жұмысты ұйымдастыру қиындық тудыратын тақырыптарды анықтауға және олқылықтармен жеке жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді.

Сабақта қиналатын әр оқушы назарда болып, жеке көмек ала алатындай құрылуы тиіс.

Бұл сабақтарда балаларға «:» және «•» таңбаларының қалай пайда болғанын айтып беру тиімді.



Қосымша материал

Оқу жылы бойында жай мысалдардан күрделі мысалдарға дейін шығардық, осы уақыт аралығында математикалық таңбалармен қанша рет кездестік. Осы таңбалардың қайдан шыққаны туралы ойланын көрдіңдер ме?

Көбейту амалын белгілеу үшін еуропалық математиктердің бірі 16 ғасырда арту, көбею (мультипликация, бұдан мультфильм сөзі шыққап) деген ұғымды білдіретін атын сөзінің басында болатын М әрпін пайдаланды. 17 ғасырда кейбір математиктер көбейтуді «х» крест таңбасымен белгілей бастады. Ал кейбірі нүктені пайдаланды. Символды бірдей пайдалану деген болған жоқ. Тек қана 18 ғасырдың соңында математиктерің көпшілігі нүктені қолдана бастады. Көбейту белгісі (х, •) неміс математигі Готфрид Вильгельм Лейбництің арқасында жалпыға бірдей қолданылатын таңбаға айналды.

Мыңдаған жылдар бойы бөлу амалы белгіленбеді, оны сөзбен жазды. Үнді математиктері осы амалдың атауының басқы әрпін В әрпімен алғашқы болып белгілей бастады. Арабтар бөлуді сызықшамен белгіледі. «:» таңбасы 17 ғасырдың аяғында қолданысқа енді.


АУЫЗША (КЕСТЕДЕН ТЫС) КӨБЕЙТУ ЖӘНЕ БӨЛУ
67-сабақ. 10-ға, 100-ге көбейту бөлу
Сабақтың мақсаты: 340 : 10, 34 • 10, 800 : 100, 4 • 100 түріндегі көбейту және бөлу тәсілдері туралы білімдерін қалыптастыру; санның үлесін, үлес бойынша санды табу дағдыларын жетілдіру.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.

№3 тапсырма ауызша орындауға арналған. Үлесі бойынша санды табу дағдыларының деңгейін анықтау мақсатымен математикалық диктант алынады.

• Егер жартысы 8-ге тең болса, сан нешеге тең?

• Санның төрттен бір бөлігі 6-ға тең. Бұл қандай сан?

• Барлық алманың сегізден бір бөлігі 3 алманы құрайды. Барлық алма неше?

• Кесіндінің төрттен бір бөлігі 4 дм. Кесіндінің барлық ұзындығы неше?

• Егер алтыдан бір бөлігі 4 бет болса, альбомда неше бет бар?

• Жартысы 6-ға тең болатын санды тап?


  1. Жаңа сабақты түсіндіру.

№1 тапсырмаға берілген иллюстрация негізінде жаңа сабақ түсіндіріледі. Неше текше болды? Неше есе арттырдың? Неше текше болады? Көбейтудің көмегімен қалай жазуға болады? Бірінші көбейткіш пен көбейтіндінің мәнін салыстыр: сандардың қандай ұқсастығы бар? Қандай айырмашылығы бар? 10-ға көбейту кезінде сан қалай өзгереді? 10-ға бөлу кезінде сан қалай өзгереді?

100-ге көбейту және бөлу тәсілі осыған ұқсас жүргізіледі (№2 тапсырма).



  1. Жаңа сабақты бекіту.

№4 (1-баған) тапсырма оқушылардың түсіндіруімен тақтада орындалады, ал 2-4-бағанды өздігінен орындайды.

  1. Өткен тақырыппен жұмыс.

№6 тапсырманы түрлі тәсілдермен орындауға болады. Өздік жүмыс үшін №7 тапсырма берілген. Үш бағанды 3 ңатарға нүсңа бойынша орындатуға болады. №8 тансырманы оңушылар өздері орындайды.

6. Сабақты қорытындылау.

Үй жұмысы: №5. Шығармашылық деңгей: 10 санына көбейту туралы ертегі құрастыру.


68-сабақ. 10 • 9, 90 : 9, 100 • 7, 700 : 7

түріндегі есептеу тәсілдері
Сабақтың мақсаты: 10 • 9, 90 : 9, 100 • 7, 700 : 7 түріндегі көбейту және бөлу жағдайлары; санның үлесін, үлес бойынша санды табу дағдыларын жетілдіру.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.

Есептеу дағдыларын жетілдіру мақсатында «Үндемес», «Математикалық волейбол», «Қай қатар жылдам?» жаттығу ойындарын ұйымдастыруға болады. Оған мына тапсырмалар енгізіледі: 10 • 8, 600 : 6, 32 : 8, 500 : 100, 4 • 10, 40 + 480, 54 : 6, 100 • 7, 650 : 10, 800 : 8, 420 : 1, 81 : 9. Ауызша жаттығуға №1, №4 тапсырмалар берілген.

  1. Жаңа сабақты түсіндіру.

Дайындық жаттығулардан кейін оқушылар оқулық бойынша өз беттерінше осындай өрнектердің есептеу алгоритмін анықтай алады. Алғашқы бекіту жұмыстары үшін №2 (ә) (1-ші және 2-бағандар) тапсырмалар тақтада түсіндіріле отырып жасалады, ал қалған мысалдарды оқушылар өздігінен орын-дайды.

№3 тапсырма кестеден тыс көбейту туралы алған білімдерін бекітуге бағытталған. Балалар мұғалімнің басшылығымен есеп шартын талқылайды және қысқаша жазылуын құрады және өз беттерінше шығарады.



Бекіту.

Мұғалімнің жетекшілігімен орындау үшін №5 тапсырма берілген.



  1. Өткен тақырыппен жұмыс.

Өздік жұмыс ретінде №6 (3-баған) және №7 тапсырмалар орындалады да, соңынан тексеріледі. №8 логикалық есепті кестенің көмегімен шешуге болады.

  1. Сабақты қорытындылау.

Үйге №6 (1, 2-баған) тапсырма ұсынылады.
69-сабақ. Толық ондықтар мен жүздіктерді көбейту және бөлу
Сабақтың мақсаты: кестеден тыс көбейту амалдарымен таныстыру; есептеу дағдыларын жетілдіру.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.

Осы сабақта қаралуға тиісті барлық мысалдардағы амалдар ондықтармен, жүздіктермен орындалады, демек, кестелік есептеуге сәйкес, сондықтан көбейту және бөлу кестесін қайталаудан бастауға болады. Содан кейін санда неше ондың, неше бірлік, керісінше, бір жүздікте немесе бірнеше жүздікте неше бірлік бар екенін анықтауға арналған пысықтауға берілген жаттығуларды орындайды.

Кестелік көбейту және бөлуді пысықтау мақсатында «Компьютер», «Қай қатар мықты?», «Математикалық волейбол» ойындарын жүргізуге болады және №1 және №3 тапсырмалар ауызша есептеуге арналған.

«Қандай ұшақта ұшқаныңды анықта» деген жаңа ойынды ұйымдастыруға болады. Ойынның мақсаты: кестелік көбейту және бөлу дағдыларын бекіту.

Ойынға жауаптар жазылған ұшақтардың суреті қажет болады: 61, 25, 70, 18, 63, 60, 900, 50, 36, 35, 49, 28, 6, 42. Мұғалім карточкада жазылған мысалдарды шығаруды ұсынады және оқушы ұшақтардың қайсысымен ұшу керектігін анықтайды.

7 • 10 - 9, 6 • 3 + 7, 90 : 9 • 7, 54 : 6 + 9, 900 : 100 • 7, 24 : 4 • 10, 81 : 9 • 100, 35 : 7 • 10, 63 : 7 • 4, 28 : 4 • 5, 42 : 6 • 7, 700 : 100 • 4, 540 : 10 : 9, 380 : 10 + 4.


  1. Жаңа сабақты түсіндіру.

Дайындық жаттығулардан кейін оқушылар оқулық бойынша (№3 тапсырма) өз беттерінше осындай өрнектердің есептеу алгоритмін анықтай алады. Алғашқы бекіту үшін № 4 (1-ші және 2-бағандар) тапсырмалар тақтада түсіндіріле отырып орындалады, ал қалған мысалдарды өз беттерінше орындайды.

  1. Бекіту.

Мұғалімнің басшылығымен шешуге №5 тапсырмадағы (а)

есепті беруге болады. №6 тапсырманы оқушылар өздігінен орындайды, соңынан тексеріледі.

Содан кейін мұғалім №7 тапсырмаға берілген суреттер бойынша өрнектер құруды және өрнектердің мәнін табуды тапсырады.

5. Өткен тақырыппен жұмыс.

№8 логикалық есепті шығару үшін кесте құру керек.



Жәшіктің түсі

1

2

3

4

Ақ

-

-

-

+

Қызыл

-

+

-

-

Қара

-

-

+

-

Жасыл

+

-

-

-

Пайымдау мынадай үлгіде жүргізіледі: «Жазулардың дұрыс емес екендігін ескеріп, 1-жәшікте ақ шар емес, 2-жәшікте жасыл да, ақ та емес, 3-жәшікте қызыл да, жасыл да емес, 4-жәшікте көк те, жасыл да, қызыл да емес, демек, 4-жәшікте — ақ шар. Бұдан бір де бір шар ақ бола алмайтынын біле отырып, 3-жәшікте қызыл да, жасыл да, ақ та емес деген қорытынды жасаймыз, 3-жәшікте - көк шар. 2-жәшікте жасыл да, ақ та, көк те емес, демек, 2-жәшікте жасыл да, ақ та, көк те емес, яғни, 2-жәшікте - қызыл шар, ал 1-жәшікте - жасыл шар.

6. Өздік жұмыс үшін оқушыларға №4 (3, 4-баған) тапсырма беріледі, соңынан тексеріледі.

7. Сабақты қорытындылау.

- Бүгінгі сабақтағы негізгі мәселе не болды?

- Сабақта не қызықты болды?

- Үйге берілетін тапсырма қандай болуы тиіс?

Үйге не беру керектігін оқушылардың өздері анықтағаны
маңызды (№5 (ә, б) тапсырма).
70-сабақ. 1000 көлемінде көбейту бөлу
Сабақтың мақсаты: 40 • 7, 280: 7 түріндегі кестеден тыс көбейту және бөлу тәсілдерін меңгерту; екі-үш амалды өрнектерді шешу дағдыларын жетілдіру.


  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Тірек білім, білік, дағдыларды белсендіру.

Кестелік көбейту және бөлу жағдайы, 100 көлеміндегі қосу, азайтуға, 10 және 100 сандарынакөбейтуге (№1), фигуралардың ауданын анықтауға (№6) арналқан ауызша жаттығулар енгізілген дидактикалық ойындар ұйымдастыруға болады.

Кестелік көбейту және бөлуді орындауға дағдыландыру үшін келесідей «Дұрыс жауаптарды қос» деген тапсырма беріледі:


3•4

8

3•4

54-27

5•8

27

5•8

60-4

16:2

56

16:2

15:6

30:10

12

24:8

6•2

9•3

3

9•3

2•4

7•8

40

7•8

10•4

  1. Жаңа сабақты енгізу.

№2 жаттығудың алғашқы екі бағанының шығарылуын оқушылар өз беттерінше түсіндіреді, содан кейін 3, 4-бағанды түсіндіре отырып шығарады.

Есептеудің жаңа тәсілдері №3 және №4 тапсырманың есептерін шығару кезінде қайталанады. Бұл тапсырманы орындамас бұрын бірнеше есеп ауызша шығарылады:

• Үш жүйекке 60 қызғалдақтан отырғызылды. Барлығы неше қызғалдақ отырғызылды?

•6 жүйектен 10 кг-нан құлпынай жиналды. Барлығы неше килограмм құлпынай жиналды?

• 5 автобуста 40 адамнан келе жатыр. Автобустарда барлығы неше адам?

• 4 альбомға 200 теңге төленді. Альбомның біреуі неше теңге тұрады?

• 3 бірдей қалам 180 теңге тұрады. Бір қалам неше теңге тұрады?


  1. Бекіту.

№5 (1-баған) тапсырманың шығарылу жолы түсіндіріле отырып тақтада орындалады. 2-ші және 3-бағандарды оқушылар өздігінен орындайды.

5.Өткен тақырыппен жұмыс.

Логикалық ойлауды дамытуға арналған тапсырмалар (№7 және №8) мұғалімнің басшылығымен орындалады.



б.Сабақты қорытындылау.

7. Үйге тапсырма беру.

Үйге №5 тапсырма (2, З-баған) беріледі. Шығармашылық деңгей: математикалық диктантқа арналған есептер құрастыру.


71-сабақ. Өтілген материалдарды пысықтау
Сабақтың мақсаты: кестеден тыс көбейту және бөлу тәсілдерін бекіту; фигураның периметрі мен ауданын анықтау дағдыларын жетілдіру.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.

Көру қабілеттерін дамыту үшін мынадай тапсырмалар ұсынылады:

- 15 секунд сандар қатарын мұқият қараңдар, берілген тәртіп бойынша есте сақтауға тырысыңдар, содан кейін сұрақтар қойылады:

5 2 3 10 15 4 6

• Берілген қай сандардың қосындысынан 5 саны шығады?

• Неше жұп сан бар?

• Қай сандар көп - бір таңбалы ма, әлде екі таңбалы ма?

• Соңғы санның алдындағы сан 5 санының сол жағындағы көршісі ме?

• Бірінші және екінші сандардың көбейтіндісі қанша?

• Неше сан өзіне-өзі бөлінеді?

• Бесінші тұрған саннан төртінші санды азайт.

Ауызша есептеуге №1 тапсырма беріледі.


  1. Кестеден тыс көбейту және бөлу жағдайларын бекіту үшін мұғалімнің

жетекшілігімен №2 тапсырма орындалады.

Алдыңғы сабақтарда өткен есептеу тәсілдері №5 тапсырманы орындау барысында пысықталады немесе ауызша жұмысқа бірнеше жай есептер енгізу қажет:

• Дүкенде қаламды 60 теңгеден сатты. Осындай 6 қаламға неше теңге төленеді?

•Бір пакет суттің бағасы - 80 теңге. 6 пакет сүт қанша тұрады?

• 3 л айранға 270 теңге төленді. 1 л айранның бағасы қанша?

• Анасы 30 теңгеден 4 ақ ірімшік сатып алды. Анасы неше теңге төледі?



  1. Өткен тақырыппен жұмыс.

№4 тапсырманы мұғалімнің көмегімен орындауға болады. №6 (а, б) тапсырма ауданы мен ұзындығы берілген тіктөртбұрыштың және сынық сызықтың периметрін анықтай алу дағдыларын дамытуға арналған.

№8 логикалық тапсырманы таңдап алу жолымен орындауға болады. Таңдап алу нәтижесінде оқушылар Санжардың 50 теңгесі болғанын анықтайды.



  1. Өздік жұмыс ретінде №3, №7 тапсырмалар ұсынылады.

6. Сабақты қорытындылау.

- Сабақтың мақсаты қандай болды? Сабақтағы негізгі мәселе не болды? Қандай тапсырмалар орындауға қиын тиді? Неге? Алдағы уақытта қиындықтан шығу үшін не істеу керек? Оқулықтан қиындық келтірген тапсырманы меңгерту үшін көмектесетін тапсырманы таңда.
жүктеу 1,3 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау