1. Топырақтану-ғылым ретінде,оның мақсаты мен міндеттері, топырақ туралы түсінік


Топырақтың гранулометриялық(меxаникалық)құрамы мен оның маңызы



жүктеу 1,1 Mb.
бет82/88
Дата25.08.2020
өлшемі1,1 Mb.
#31349
түріҚұрамы
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   88
Топырақтану ответ

70.Топырақтың гранулометриялық(меxаникалық)құрамы мен оның маңызы

Топырақтың механикалық құрамының биологиялық, физикалық, химиялық қасиеттеріне әсері.

Топырақтың қатты минералдық бөлігі негізінен топырақ түзілу процестерінде әртүрлі өзгерістерге ұшыраған аналық жыныстардан тұрады. Аналық жыныстар топырақ түзу процесінде жоғарыда айтқан факторлардың әсерінен өсімдік тіршілігіне қажетті заттарға байыған, толтырған ортаға айналады.
Топырақтың механикалық құрамы деп, оның көлемі жөнінен әртүрлі түйіршік бөлшектерден тұратынын айтады. Топырақ түйіршіктері неғұрлым майда болса, соғұрлым топырақтар балшықты-сазды келеді. Ал топырақ түйіршіктері ірілеу болған жағдайда ол құмдақ немесе құмды келеді. Егер де топырақ құрамында майда түйіршіктер мен ірілеу түйіршіктер аралас кездессе, бұл топырақтар құм-балшықты топырақтар болып саналады. Әдетте, топырақ негізінен майда ұнтақталған түйіршіктерден тұратын болғандықтан, түйіршік көлемі оның диаметрінің ұзындығымен өлшенеді, ал диаметр ұзындығы мм-мен есептелінеді. Еліміздің топырақтану саласындағы ірі ғалым профессор Н. А. Качинскийдің зерттеуі бойынша, топырақ құрамындағы түйіршіктер өздерінің көлеміне қарай: диаметрі 3 мм-ден іріректері – тастар, 1 мм-ден 3 мм-ге дейін – ірі құм, 0,25 мм-ден 1 мм-ге дейін – орташа құм, 0,05 мм-ден 0,25 мм-ге дейін – ұсақ құм, 0,01-деп 0,05-ке дейін – ірі шаң, 0,001-ден 0,005-ке дейін ұсақ шаң, ал диаметрі 0,001 мм-ден кішілеу – тозаң, 0,0001 мм-ден кішілері – коллоидтар болып бөлінеді. Осы Ғалымның зерттеуіне сәйкес топырақтар өзінің механикалық құрамына қарай төмендегі топтарға жіктеледі.

Топырақтың механикалық құрамының топырақ түзуде, топырақты ауыл шаруашылығы және басқа мақсаттарға пайдалануда маңызы зор.

Топырақтың механикалық құрамы мен оның кеуектілігі, су сыйымдылығы, ылғал өткізгіштігі, ылғалды жоғары көтеру қасиеті, коректі заттарды жинау мүмкіншілігі, ауа – жылылық режимдері сияқты қасиеттері тығыз байланысты.

Құмды және құмдақ топырақтардың құрылымы (структурасы) нашар келеді әрі әртүрлі ірілікті бөлшектерден тұрады. Ылғалды жақсы өткізеді, қолайлы ауа – жылу режимдері болады. Мұндай топырақты өңдеу де өте оңайға түседі. Бірақ та бұл топырақтар қоректік заттарға және карашірікке кемшіл болады, себебі олар ылғалмен жуылып-шайылып кетеді де онда өсімдіктер сирек өсіп, жөнді қалдықтар қалдырмайды. Ал балшықты топырақтар, керісінше, ылғалды аз өткізеді, су сыйымдылығы мол, ылғал бергіштігі, ауа режимі нашар болады. Бұл топырақтарды жырту да оңайға түспейді. Дегенмен, бұл топырақтар қоректік заттарға бай, құнарлы келеді.

Ауыл шаруашылығына пайдалануға ең қолайлы топырақтар - құрамында құмды түйіршіктер мен балшықты түйіршіктер кабаттасып келетін құм-балшықты топырақтар. Бұл топырақтарда құмды бөлшектер мен балшықты бөлшектердің пайдалы қасиеттері үйлесе келіп, топырақтың ылғал – ауа режимдерін жақсы ұстап, топырақ құнарлылығын арттырады.


жүктеу 1,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   88




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау