1. Топырақтану-ғылым ретінде,оның мақсаты мен міндеттері, топырақ туралы түсінік


Топырақтың радиоактивті элементтері



жүктеу 1,1 Mb.
бет83/88
Дата25.08.2020
өлшемі1,1 Mb.
#31349
түріҚұрамы
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   88
Топырақтану ответ

71. Топырақтың радиоактивті элементтері.

Топырақтың радиоактивтілігі топырақта табиғи немесе антропогендік жолмен келген радиоактивті элементтерден пайда болады. Радиоактивтің өлшем бірлігі Бк (Беккерель), Ки (Кюри) 1Кu = 3,7∙1010Бк. Топырақтың радиоактивтілігі азды-көпті мөлшерде барлық топырақтарда кездеседі. Олар:

1. Топырақта аналық тау жыныстарымен немесе геохимиялық ағыммен келетін табиғи радиоактивтілік.

2. Космогендік, яғни ғарыштық сәулелердің ауа құрамындағы тұрақты элементтердің ядролары мен қарым-қатынасынан пайда болатын жасанды радиоактивтілік болып екі топқа бөлінеді

Топырақтың табиғи радиоактивтілігі көбінесе ауыр металдардың реттік нөмірі Z > 82 үлкен радиоизотоптарымен (радионуклеидтермен) байланысты.

Бұлар үш радиоактивтілік туысты құрайды:

– урандық (92U238) туыстық жартылай ыдырау периоды – Т1/2= 4,5 ·109 жыл;

– актинийлік (89А227) туыстық жартылай ыдырау периоды – Т1/2= 7,1 ·108 жыл;

– торийлік (90Тh232) туыстық жартылай ыдырау периоды – Т1/2= 1,4 ·1010 жыл;

Бұлардың әрқайсысында альфа, бетта, гамма бөлшектерін шығаратын 17-14-12 радиоактивті изотоптары кездеседі. Бұл элементтердің ең соңғы заты болып, қорғасынның тұрақты изотоптары жатады: Рb206, Рb207, Рb208.

Радиоактивті туыстық құратын түрлі элементтердің миграциялық қасиеттері әртүрлі болады, себебі олардан шығатын газ радон және оның көп мөлшері атмосфераға таралып ұшуы мүмкін. Атмосфера құрамындағы табиғи уран:

1. U234 (0.0058 %)

2. U235 (0.71 %)

3. U238 (99,28 %) сияқты үш изотоптардан тұрады

Көміртегі-14 және Тритий – космогендік изотоптар болып саналады. С14 – оның жартылай ыдырау периоды: Т1/2 – 5760 жыл. Табиғи радиоизотоптардын ішінде топыраққа маңыздысы 3Н1-оның жартылай ыдырау периоды Т1/2 – 12,3 жыл. Бұлар атмосферада ғарыш сәулелері – нейтрондары мен азот ядросының әрекеттесуінен пайда болғандықтан топыраққа ауадан түседі, сондықтан олардың мөлшері тұрақты көлемде болады. Ол көптеген тау жыныстарының ішінде кездеседі.

Кейбір химиялық элементтердің ядроларының өздігінен ыдырап басқа химиялық элементтерге айналып, бөлшектер мен сәулелер шығаруын радиоактивтілік деп атайды. Радиоактивті қатарға жататын жер қабатындағы элементтер 92U 235 , 92U238, 90Th 232, 37Rb 86, 19K 40.

Бұлардың ішіндегі топырақта ең көп тарағаны: 19К40 – жартылай ыдырау периоды Т1/2 = 1,3·109 жыл, оның мөлшері 25 пайыз, алуран мен торийдің мөлшері калийден ондаған, жүздеген есе кем болса (25 ·10-3%), радийдің мөлшері миллион есе кем (25· 10-4%).

Топырақтың құрамына байланысты олардың активтілігі де әртүрлі болады: 19К40 – 18 ПКи/г және 90Th232 – 0,7 ПКи/г.

Биологиялық тізбек арқылы топырақ-су-шөп-жануар-адамды ескерсек ішетін тамақпен адам ағзасына түсетін радионуклидтердің активтілігі мынадай:

19 К40 = 1000-3550 пКи/күн,3786 = 100-150 пКи/күн;

84Ро209 = 1,7-344 пКи/күн, 88Ra226 = 0.8-285 пКи/күн;

U236 - 0,15-2Пки/күн.



88Ra226 – ауыр химиялық элемент, ол химиялық элемент ішінде сілтілі жер элементіне жатады. Жартылай ыдырау периоды Т1/2=1600 жыл, яғни биофильді кальций, магний элементтерінің аналогы болып саналады. Ra ядросы басқа элементтерге айналғанда сәуле шығарып, өте көп мөлшерде жылу шығарады, оны радилі белсенді деп атайды.

жүктеу 1,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   88




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау