73. Топырақтың гранулометриялық (механикалық) құрамы, механикалық элементтердің классификациясы, топырақтарды гранулометриялық бойынша классификациялау
Топырақтың гранулометриялық құрамы оның пайда болу процестеріне, қасиеттеріне әсер етеді. Топырақтың гранулометриялық құрамы өзгеше болса, онда табиғи жағдайлар бірдей болып келгеннің өзінде қасиеттері әр түрлі топырақтар құралады. Топырақтың ылғалдылық, физикалық, физикалық–гранулометриялық, ауа, жылу қасиеттері, сіңіру қабілеті, қоректік заттар мөлшері оның гранулометриялық құрамымен өте тығыз байланысты. Гранулометриялық құрамы құм, құмайт «жеңіл» топырақтардың су өткізгіштігі жақсы және тез қызады. Бірақ біршама нашар қасиеттері де бар. Олардың су тұту қасиеті және сіңіру қасиеті төмен, қоректік заттар мөлшері аз. Сонымен бірге осындай топырақтардың байланыстылығы қасиеті өте нашар болып, үгіліп эрозияға тез шалдығады. Грануметриялық құрамы жеңіл топырақтар жақсы су сіңімділігімен, оңтайлы ауа жүргісімен тез қызу қабілеттілігімен сипатталады. Сонымен бірге олардың теріс қасиеттері бар, мысалы ылғал сыйымдылығының төмендігі, қарашіріндісінің, қоректік элементтердің аз болуы, сіңіргіштік қабілетінің шамалылығы, жел эрозиясына бейімділігі.
Топырақтағы физикалық құммен саз бөлшектердің салыстырмалы мөлшеріне сәйкес ол құмды, құмайт(құмдауыт), саздауыт ( жеңіл, орта, ауыр ), сазды (олда 3-ке бөлінеді: жеңіл, орта, ауыр ), ал топырақты өңдегенде тарту кедергісіне байланысты шартты түрде жеңіл, орташа, ауыр топырақтар деп үш топқа бөлінеді.
Ауыр саздауытты және сазды топырақтар жоғары байланыстылығы және су сыйымдылығымен, қарашірінді, қоректік заттармен қамтамасыз етілу деңгейі жоғарлылығымен ерекшеленеді. Мұндай топырақтардың оң қасиеттері олардың құрылымы жоғары болғанда айқын көрінеді де, керісінше, шаңдақ болғанда теріс көріністері ұлғаяды.
Құрылымы нашар топырақтардың арасында өздерінің қасиеттерімен жеңіл және орта саздақты топырақтар ерекшел Механикалық элементтердің фракциялары әртүрлі ара қатынастағы топырақтар-ды құрайды. Топырақта немеес тау жынысында механикалық элементтердің фракцияла-рының салыстырмалы мөлшері механикалық немесе гранулометриялық құрамы деп аталады.
Топырақтағы әр түрлі механикалық элементтердің фракциялары түрлі қасиеттер-мен сипатталатын болғандықтан, нәтижесінде топырақтар немесе тау жыныстарының да қасиеттері бірдей болмайды. Топырақтарды және тау жыныстарын механикалық құрамы бойынша классифика-циялағанда негізіне физикалық құм мен балшықтың ара қатынасы алынған. Ең алғаш ғылыми тұрғыдағы классификацияны Н.М.Сибирцев ұсынған болатын. Қазіргі топырақ-тардың, тау жыныстарының механикалық құрамы бойынша классификаицляған Н.А.Качинскийдің жүйесі кең қолданылуда.
Бұл классификация бойынша физикалық құм мен физикалық балшықтың ара қатынасы берілген. Мысалы, шымды-күлді топырақтың құрамында физикалық балшық-тың мөлшері 28.1%, құм – 37, ірі шаң – 34.9, орташа және майда шаң – 16, тұнба шөгін-ділер – 12.1% құрайды.
Бұл классификацияның негізі агрегаттылыққа қабілетті балшықты фракцияның, топырақтың генетикалық табиғатын ескере отырып жасалға-нын, сонымен бірге оның гумустың мөлшеріне, ауыспалы катиондардың құрамына, минералогиясына байланысты. Бұл қабілеттілік жоғарылаған сайын құрамында физикалық балшығы бар топырақтардың балшықты қасиеттері әлсіз болып келеді. Сондықтан дала топырақтары, қызыл, сары топырақтар, физикалық балшығы өте көп ауыр топырақтар категориясына өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |