1. Топырақтану-ғылым ретінде,оның мақсаты мен міндеттері, топырақ туралы түсінік


Топырақ туралы түсінік,топырақ анықтамасы,оның биосферадағы және адам өміріндегі орны мен ролі



жүктеу 1,1 Mb.
бет17/88
Дата25.08.2020
өлшемі1,1 Mb.
#31349
түріҚұрамы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   88
Топырақтану ответ

16.Топырақ туралы түсінік,топырақ анықтамасы,оның биосферадағы және адам өміріндегі орны мен ролі

Топырақ үш фазадан тұрады: қатты, сұйық немесе топырақ ерітіндісі және газ немесе топырақ ауасы. Олар бір-бірімен тығыз байланыста және әрекетте болады.Топырақ ауасы атмосфера ауасымен салыстырғанда құрамында шамадан тыс көмірқышқыл газының көп және оттегінің аз болуымен ерекшеленеді. Атмосфера ауасында көмірқышқыл газы (СО2) 0,03% болса, ал топырақ ауасында  оның мөлшері 0,3-1,0%, кейде 2%-3% немесе одан да көп болады.Оттегі жеткіліксіз жағдайда өсімдік тамырларының өсуі мен тыныс алу процесі, қоректік заттарды сіңіруі нашарлайды. Топырақта ауаның мол болуы оның микроағзаларының дамуына, өсімдіктің жақсы өсуі мен қоректенуіне қолайлы жағдай туғызады.Топырақ ерітіндісі оның өте-мөте белсенді және қозғалғыш бөлігі болып табылады. Мұнда әр түрлі химиялық процестер жүреді және одан өсімдік тікелей қоректік заттарды (тұздарды) сіңіреді. Тұздың топырақ ерітіндісіне сіңу процесі топырақтың мүжілуі және минералдардың бұзылуы, микроағзалардың топырақта органикалық заттарды ыдыратуы, топыраққа органикалық және минералды тыңайтқыштар беру нәтижесінде іске асады. Әдетте, суда еритін тұздар топырақта шамамен 0,05 % болады. Олардың топырақ құрамында шамадан тыс көп мөлшерде (0,2%-дан аса) болуы өсімдікке зиянды әсер етеді. Топырақтың адамзат қоғамы үшін маңызы өте ерекше. Ең алғашқы қауымдық құрылыс кезінде адамдар жабайы өсімдіктерді мәдени өсімдіктерге айналдыра бастады. Құнарлы топырақта өнімді өте көп алатынын адамдар сол кезде-ақ білген. Жер яғни топырақсыз адамның өмірі.Адамзаттың бүкіл өмірі осы топырақпен байланысты. Топырақ ауылшаруашылығы өндірісінің негізгі құрамы болып табылады. Топырақтың құнарлығын арттыратын әр түрлі тыңайтыштар бар. Бейорганикалық тыңайтқыштар құстың саңғырығы, малдың тезегі және т.б. осыларды ерте кезден бастап адамдар өздерінің шағын жерлеріне еккен егіндеріне тыңайтқыш ретінде пайдалана білген.Қазіргі кезде топырақтың құнарлығы өте төмендеп бара жатыр. 1953-55 тың игеру жылдарда Қазақстан даласының едәуір көп бөлігін жыртып тастады. Артынан ол жерлер түгел игерілмей қараусыз қалды. Осы кезде Қазақстан жерлерінің көп жерлері эрозияға ұшырап үстіңгі қара топырақ қабаты ұшып кетті. Кейін ол жерлер шөлді жерге айнала бастады. Ол жерді өте көп жыртудың зиянды еді. Егін салғанда да жерді жыл сайын өңдеп, тыңдырып отырмаса, құнарлығы төмендеп кетеді. Соңғы жылдары бактериялық тыңайтқыштар да қолданыс табуда. бактериялар массасын топыраққа араластырып микробиологияық процестерді күшейтуге және химиялық элементтердің сіңімділігін көтеруге қол жеткізуде. Мыс: фосфорбактерин органикалық заттарды алдыратын, фосфорды сіңімді фосфор түріне айналдырады. т.б. Ауылшаруашылығы дақылдарын қалыпты өсіру үшін макроэлементтер мөлшері ғана емес. Сирек кездесетін құрамы маңызды элементтердің болмауы өсімдіктің ауруына, түсімнің аз болуына әкеліп соғуда.Топырақтың адамзат үшін маңызды.Топырақтың адамзат қоғамы үшін маңызын айтып жеткізу қиын. Егер бұрынғы кезде өскен өнімді жинау кезінде топырақтың жанама маңызы болуы, себебі ол адамды жабайы өсімдіктер өнімдерімен қамтамасыз етті, ал жер жыртып, егіншілікпен айналысқан кезден бастап топырақ азық өнімдерінін көзіну айналды.Сондықтан еңбек адамы ежелден осы табиғи байлыққа үлкен құрметпен қарайды. В.В.Докучаев ойынша қара топырақты жерлерді Ресейдің негізгі байлығы деп атайды.Өндірістің кейбір салалары топырақты пайдалануға негізделген. Соның бірі маңызды азық-түлік өнімдерін жеткізуші ауыл шаруашылдығы. Топырақ ауыл шаруашылығы өндірісін негізгі құралы болып табылады. Топырақтың орман шаруашылығында және құрылыс салғанда – инженерлік құрылғылардың іргетасының негізгі ретінде және жол салуда гидротехникалық құрылыста құрылыс материалы ретінде маңызы зор.Топырақта жүріп жататын күрделі биологиялық, физика-химиялық және химиялық процестердін адамзат қоғамының түрлі тіршілік салалары үшін мәні зор. Осы процестерді тану топырақты іс жүзінде пайдалануда жаңа мүмкіндіктер ашады.Микробиологиялық және геохимиялық процестерді зерттеуге байланысты топырақтың халық денсаулығы үшін маңызы анықтала түседі. Топырақтағы физика-химиялық құбылыстарды зерттеудің гидротехникалық құрылыс үшін және алыс қашықтыққа созылған магистралық құбырлар салу үшін маңызы бар.


жүктеу 1,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   88




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау