Топырақтанудың тарихы.Топырақтану ғылымын дамытудағы В.В.Докучаевтың ролі. Топырақтану (Почвоведение) — топырақтарды: олардың генезисін, даму тарихын, құрамы мен қасиеттерін, географиялық таралуын, сондай-ақ топырақты оңтайлы пайдалану мен оның құнарлылығын арттырудың жолдарын зерттейтін ғылым. Топырақтану ғылымының негізін орыс ғалымы В.В.Докучаев қалады. Оның Петербургте басылып шыққаң «Орыстың қара топырағы» (1883 ж.) атты еңбегінде топырақтың дүрыс анықтамасы, оның қасиеттері туралы ғылыми негізделген түсініктер берілген. В.В.Докучаев топырақ түзілу процесінің бес факторға байланысты екенін анықтады. Оларға: бастапқы аналық жыныстар,ауа райы, жер бедері, уақыт және өсімдіктер мен жануарлар жатады.Кейін ғылыми зерттеулердің нәтижесіне байланысты бұларға су (топырақ суы, жерасты суы) және адамның шаруашылық әрекеті қосылды. 3.В.В.Докучаев (1846-1903) жаңа жаратылыстану, немесе генетикалық топырақтану ғылымының негізін қалаушы. Ол ең алғаш топырақты өзіндік табиғи дене, оның қалыптасуы топырақ түзуші климат, жер бедері, өсімдік және жануралар дүниесі, топырақ түзуші жыныстар және жасы сияқты күрделі бес фактордың қатынасы екенін дәлелдеді. Ол, топырақтың үздіксіз уақытта, кеңістікте ауысып отыратынын көрсетті.В.В.Докучаевтың әрі қарай қаратопырақтарға, сұр-орманды, шымды-күлденген топырақтарға жасаған экспедициялық зерттеулері топырақтарды ең алғаш олардың экологиялық жағдайларын ескере отырып салыстырмалы-географиялық әдістерді жа-сауға және топырақтың ең алғаш табиғи-тарихи классификациясын қалыптастыруға мүмкіндік берді.В.В.Докучаев Солтүстік жартышардың топырағының классификациясын жасады. Онда 5 әлемдік географиялық аймақтар бөлінген (бореалдық, тайгалық, қаратопырақты, аэральды, латеритті). Олардың әрқайсысы белгілі бір топырақтың түрінің дамуымен, үгілу құбылыстарымен, климаттық жағдайларымен, өсімдіктер, жануарлар түрлерімен және жер бедерімен сипатталады. Ол топырақты зерттейтін әдістер дайындап, топырақ түзілудің көптеген заңдылықтарын ойлап тауып, эффективті құнарлылықты жоғарылатудың практикалық шараларын ұсындыТопырақ туралы ғылым геология, геохимия, минералогия, геоботаника, орман, егін, өсімдік шаруашылықтарына, географияға үлкен әсерін тигізді.В.В.Докучаев өзінен кейінгі ұрпағына өте көп әдебиеттер – 225 басылымнан шыққан еңбектерін қалдырды. Оның басты еңбектері «Орыстың қаратопырағы» (1883), «Топырақ аймақтары туралы ілім» (1899), «Нижегородск губерниясының топырағын бағалау туралы материалдар» (1884-1886), «Полтавск губерниясының топырағын бағалау туралы материалдар» (1889-1894) т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |