Топырақтың минерологиялық құрамы. Топырақтың минералдық құрамы: Майда ұнтақталған тау жыныстары мен олардың топырақтағы минералды бөліктері өзінің пайда болу жағынан екі топқа бөлінеді: алғашқы және екінші. Алғашқы - магматикалық және метаморфикалық аса қатты үгілмеген минералдар. Екіншісі - жердің үгілу немесе топырақ қабаттарында алғашқы минералдардың көпжылдық үзіліссіз үгілуінің нәтижесінде, үгілудің соңғы аса майда ұнтақталған өнімдері түзілген минералдар. Көбінесе екі минералдар топтарының арақатынастары әр топырақтардың әр түрлі аймақтарда орналасуына және минералдардың үгілгіштігіне немесе үгілуге берілмейтін қасиеттеріне қарай әр түрлі болуымен байланысты. Әдетте, алғашқы минералдардың үлесі басым. Топырақ құрамдарынеғұрлым ірірек, жеңілірек болса, соғұрлым оның құрамында тасы, құмы мол болады да, ал топырақ құрамы сазды, балшықты болған сайын алғашқы минералдар азайып, екінші минералдар көбейеді. Тіпті балшықты топырақтар түгелдей екінші минералдардан тұрады деуге болады. Ол жағдайға тағы әсер ететін жай - жыныстар мен топырақтарда созылған
үгілудің ұзақтығы және үгу агенттерінің белсенділігі. Жылы, әрі ылғалды аймақтарда үгілу құбылыстары белсенді өтетіндіктен, ол өңірлерде негізінен екінші минералдар мол болады.
Топырақ ауасы. Топырақтың ауа қасиеттері. Топырақтың ауа режимі – топырақтағы ауа мөлшері мен құрамының мезгілді (тәулік, ай, жыл бойы) өзгеруін сипаттайтын ауа қоры болып табылады. Топырақтағы ауа бос күйінде абсорбциялы және ерітінді түрінде болады. Өсімдіктерге бос күйіндегі және абсорбциялы ауа тиімді. Топырақ ауасының басты қоры атмосфера ауасы және оның қабаттарында түзілетін газдар. Топырақ ауасы құрамындағы оттегі өсімдіктердің тамырларының, аэробты микроағзалардың және топырақ ішіндегі жәндіктердің тыныстануына қажет. Топырақ ауасы құрамында оттегі шамадан тыс кеміп, ал көмірқышқыл газы молайса өсімдіктердің өсуімен тамыр жүйесінің дамуы тежеліп, қоректік заттарды, ылғалды сіңіруі кемиді, өнімнің мөлшері шектеледі. Топырақ ауасы оның құрамындағы заттардың еруіне, жылжуына және топырақтың дамуы құбылыстарының қарқынына мәнді ықпал жасайды. Сонымен бірге топырақ атмосферадағы зардапты өндіріс қалдықтары газдарын өз бойына сіңіріп атмосфера құрамын тазартуға қатысады. Сондықтан топырақ ауасының құрамын, қасиеттерін, құбылымын зерттеу аса маңызды мәселе болып есептеледі.
Топырақтағы ауа үш күйде кездеседі. Олар еркін ауа, сіңірілген (адсорбцияланған) және еріген ауа. Еркін ауа топырақтың қылтүтікті және қылтүтікті емес қуыстарында болып қозғалмалы келеді және атмосфера ауасымен алмасып тұрады. Адсорбцияланған ауа топырақтың қатты бөлігінің бетіне сіңген түрлі газдар. Оның мөлшері топырақтың гранулометриялық құрамына, қарашірінді мөлшеріне және ылғалдылығына байланысты. Қарашіріндісі мол, ауыр гранулометриялық құрамды құрғақ топырақта адсорбцияланған ауа мол болады.
Еріген ауа топырақ ылғалы құрамында кездесетін түрлі газдар. Олар қөмірқышқыл газы, аммиак, оттегі, күкіртті газ.
Ауа қасиетіне топырақтың ауа өткізуі, ауа алмасуы (аэрация) жатады. Ол топырақтың борпылдақтылығына, ылғалдылығына байланысты. Топырақ қопсыған кеуек дене болғандықтан, оның құрамында үнемі ауа болады. Бұл ауаның мөлшері топырақтың ылғалдылығына, тығыздығына, өңделу жағдайларына, механикалық құрамына, өсіп тұрған өсімдіктің түрлеріне, , т.б. жағдайларға байланысты келеді. Топырақтанудың экология ғылымымен байланысы.
Достарыңызбен бөлісу: |