Топырақтың су қасиетттері мен ылғалдылығы.Топырақтың су қасиеттеріне су сыйымдылығы (топырақ өзінің құрамындағы судың белгілі бір мөлшерін ұстап, сақтап тұруы жатады) оның бұл қабілеті топырақтың су ұстаушы қасиеті деп аталады.
Топырақтың қабатындағы судың осы қасиеттері түрлі физикалық күйіне және оның түрлеріне тығыз байланысты.
7.Топырақтану-ғылым ретінде,оның негізгі бағыттары және басқа ғылымдармен байланысы
Топырақтану – жаратылыстану ғылымдарының бөлігі болып табылады. Ол физика, химия, математика сияқты фундаментальді ғылымдармен, ауылшаруашылық, экономика салалаларымен тығыз байланысты.
Топырақтанудың маңызды бөлімдері: топырақтардың қалыптасуы және дамуы (генезисі); топырақ жамылғысы, құнарлылығы және оларды агротехникалық, мелиорациялық жолдармен реттеу принциптерін зерттейді. Ерекше бөлімі ретінде топырақты классификациялау (жіктеу) ажыратылады. Ол топырақты картаға түсіру, оның құнарлылығын кешенді түрде сипаттап, еліміздің біркелкі жер кадастрын жасау және оларды әрі қарай математикалық талдауға қажетті мәліметтерді жинақтауды қарастырады. Топырақтың қалыптасуы мен дамуы, оның қасиеттері, құрамы сияқты күрделі құбылыстарды зерттеу үшін бір жүйеге келтірілген химия, физика т.б. ғылымдардың әдістерін қолданады.
Топырақ туралы эмпирикалық мағлұматтар адамзаттың жабайы өсімдіктерді жинап, оларды алқаптарда өсіру кезінен бастама алды. Топырақ жайлы ең алғашқы ілімді ежелгі грек философтары Аристотель, Теофраст еңбектерінде жақсы, әдемі, құнарлы, кедей, азған, құнарсыз деген ссипаттамаларынан кездестіруге болады. Бірақ, топырақтану туралы ғылым әлдеқайда кейін қалыптасты.
ХVІІІ ғ. аяғында ХІХ ғ. бірінші жартысында Батыс Еуропада топырақ туралы екі бағыт пайда болды – агрогеологиялық және агромәдени химиялық.
Агрогеологиялық бағыттың жақтастары Фаллу, Берендт, Рихтгофен топырақты тығыз тау жыныстарының үгілуінің нәтижесінде пайда болған борпылдақ тау жынысы ретінде қарастырды. Олардың көзқарасы бойынша өсімдіктерге қоректік заттарды жолдан сіңіріп алатын пассивті роль берді.
Агромәденихимиялық бағыт А.Таэр, Ю.Либихтың еңбектерімен тығыз байланыс-ты. Бұл бағыттың өкілдері топырақты қорек элементтерінің көзі деп қарастырды.
Таэр өсімдіктер топырақтың органикалық заттарымен (гумусты теория) қоректе-неді деген тұжырым айтты. 1840 жылы Таэрдың «Егін шаруашылығы және өсімдіктер физиологиясының химиясы» деген еңбегі жарық көріп, онда ол өсімдіктер топырақтан минералды қорек элементтерін сіңіреді деп жазды.
Достарыңызбен бөлісу: |