5.Топырақтың механикалық құрамының топырақтардың биологиялық, физикалық, химиялық қасиеттеріне әсері.
Топырақтардың механикалық құрамы топырақ түзу құбылысына және топырақ-ты ауылшаруашылығында пайдалануға үлкен әсерін тигізеді. Топырақ түзетін жыныстар-дан және механикалық құрамнан көптеген топырақ түзетін құбылыстардың қарқынды-лығы, топырақтағы органикалық және минералдық заттардың айналымы, жылжуы, жинақталуы тәрізді құбылыстары тәуелді. Нәтижесінде бірдей табиғи жағдайларда әр түрлі механикалық құрамды жыныстардан қасиеттері бердей емес топырақтар қалыптаса-ды.
Механикалық құрам су-физикалық, физика-механикалық, ауалық, жылу қасиетте-ріне, тотығу-тотықсыздану жағдайына, сіңіру қабілеттілігіне, топырақта гумустың, күлдік элементтердің, азоттың жинақталуына әсер етеді.
Топырақтың механикалық құрамына байланысты өңдеу жағдайлары, дала жұмыс-тарының мерзімі, тыңайтқыштардың нормасы, ауылшаруашылық дақылдарын орналасты-ру ауысып отырады.
Құмды және құмдауыт топырақтар (супесчаные) оңай өңделеді, сондықтан да оларды ежелден жеңіл топырақтар деп атап кеткен. Олардың су өткізгіштігі жоғары және қолайлы ауа тәртібімен сипатталып, тез жылынады. Бірақ олардың төмен ылғал сыйым-дылығы кері қасиеттерінің қатарына жатады. Сондықтан да, құмды және құмдауыт топы-рақтарда ылғалды аймақтардың өзінде өсімдіктерде ылғалдың жетіспеуі байқалады. Жеңіл топырақтарда гумус, қоректік элементтер қоры өте аз, сіңіру қабілеті төмен, жел эрозия-сына жиі ұшырайды.
Ауыр саздақ және балшықты топырақтар едәуір байланыстылығымен, су сыйым-дылығымен ерекшеленеді, қоректік заттарға, гумусқа бай келеді. Ондай топырақтарды өңдеу үшін өте көп энергетикалық шығын қажет, сондықтан оларды ауыр топырақтар деп атайды.
Құрылымсыз ауыр топырақтар жағымсыз физикалық, физика-механикалық қасиет-термен сипатталады. Олардың су өткізгіштігі төмен, оңай шайылады, қабықша түзіп, жоғары тығыздықпен, жабысқақтықпен ерекшеленеді, ауа және жылу тәртібі жағымсыз болып келеді. Құмды және құмдауыт топырақтар ауылшаруашылығында пайдалануға қолайсыз болып табылады.
Құрылымсыз және әлсіз құрылымды топырақтардың ішінде жоғары, қолайлы қасиеттермен жеңіл саздақ және орташа саздақ топырақтар сипатталады.
Қолайлы құрылыммен сипатталатын қара топырақтар кең таралған далалы аймақ-тарда механикалық құрамы жағынан ауыр топырақтар құнды болып есептеледі. Олар – ауыр саздақ, балшықты топырақтар, бұл топырақтар ылғалдың қоры болатын түрлерге жатады.
Солтүстік аймақтарда ылғалы жеткілікті және артық болатын - жеңіл саздақ топырақтар кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |