Топырақтың көлемдік салмағы (КС) деп сұлбасын бұзбай алған 1 см3 абсолютті құрғақ топырақтың грамм түріндегі салмағын айтады. Көлемдік салмақ топырақтың структурасына және ондағы қарашірік құрамына тәуелді. Топырақ құрамында қарашірік көп болса, көлемдік салмақ аз болады; топырақ структурасы айқын болған сайын, оның қопсуы мен көлемдік салмағы да аз болады.
Топырақтың көлемдік салмағы қарашірікті горизонттарда өте аз болады – әдетте, 1,0-1,2 г/см3, орман төсенішінде және шымтезекте 0,2-0,4 г/ см3-не дейін түседі, төменгі минералдық горизонттарда 1,4-1,7 г/см3 дейін өседі. Едәуір көлемдік салмақ батпақтанған топырақтың глейлі горизонттарында – 1,7-1,9 кейде 2 г/см3-ке дейін байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |