Жоба
«ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ТУРАЛЫ»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Осы Заң халықты жұмыспен қамту саласындағы құқықтық, кономикалық және ұйымдастырушылық қатынастарды реттейдi.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
әлеуметтiк жұмыс орны – жұмыс беруші жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшiн Халықты жұмыспен қамту орталығымен шарт негізінде құратын, олардың еңбегiне ақы төлеу шығындары субсидияланатын жұмыс орны;
2) әлеуметтік келісімшарт – жұмыс іздеп жүрген, жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар қатарындағы жеке тұлға мен Халықты жұмыспен қамту орталығы арасында, ал осы Заңда көзделген жағдайларда жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыруға тартылған жеке және заңды тұлғалармен, тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;
3) бос орын – жұмыс берушiдегi бос жұмыс орны (лауазым);
4) еңбек нарығы – жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты қалыптастыратын сала;
5) еркiн таңдап алынған жұмыспен қамтылу – Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың еңбекке, жұмыс орны мен кәсiптi таңдауға қабiлетiн еркiн пайдалану арқылы өздерi таңдап алған қызметi;
6) жұмыс орны – еңбек қызметі процесінде олардың еңбек міндеттерін орындауы кезінде қызметкер тұрақты немесе уақытша болатын орын;
7) жаңа жұмыс орны – жаңа шаруашылық жүргiзу субъектiсін (тоқтату арқылы құрылғаннан басқа) құруға байланысты құрылған немесе қызметкерлердің штаттық санын арттыру, сондай-ақ қызметкерледің жаңа білімін, дағдылары мен ептілігін талап ететін өндіріс технологиясын жаңғырту немесе өзгерту арқылы құрылған жұмыс орны;
8) жалақыны субсидиялау – Халықты жұмыспен қамту орталығының
жолдамалары бойынша жұмысқа орналастырылған қызметкерлердің еңбегіне жұмыс берушінің ақы төлеу шығындарының бір бөлігін өтеу;
9) жастар практикасы – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім берудің кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында іске асыратын еңбек қызметінің түрі;
10) жеке жұмыспен қамту агенттiгi – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелген, жұмысқа орналастыруда жәрдем көрсететiн жеке немесе заңды тұлға;
11) жұмысқа орналастыру – халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге септігін тигізуге бағытталған ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық iс-шаралар кешенi;
12) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылатын жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын және оралмандарды мемлекеттік қолдау шаралары;
13) жұмыспен қамтылу – азаматтардың жеке және қоғамдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн ақы немесе табыс орнына атқарылатын еңбек қызметі;
14) жұмыссыздық – жұмыс күшінің бiр бөлiгiнiң еңбек нарығында қажет болмай қалуынан туындайтын әлеуметтiк-экономикалық құбылыс;
15) жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғау – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекет жүзеге асыратын шаралар кешенi;
16) жұмысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер – олар үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып табылатын жұмыссыз ретінде тіркелген адамдардың пайдасына Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жүзеге асыратын төлемдер;
17) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры – әлеуметтік аударымдарды шоғырландыруды және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болған асыраушысынан айрылған жағдайда, оның асырауындағы отбасы мүшелерін қоса алғанда, оған қатысты әлеуметтік қатер жағдайы басталған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға төлемдер жүргізетін заңды тұлға;
18) «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
19) табысы аз адамдар (отбасылар) – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен адамдар (отбасылар);
20) қоғамдық жұмыстар – қызметкердiң алдын ала кәсiптік даярлаудан өтуiн талап етпейтiн, олардың уақытша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшiн жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын әлеуметтiк пайдалы бағыты бар еңбек қызметiнiң түрлерi;
21) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
22) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган – өңірлік еңбек нарығындағы ахуалға сүйене отырып, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің негізгі бағыттарын айқындайтын жергiлiктi атқарушы органдардың құрылымдық бөлiмшесi;
23) ұзаққа созылған жұмыссыздық – он екі және одан да көп айға созылған жұмыссыздық;
24) халықты жұмыспен қамту орталығы – ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру мақсатында құратын мемлекеттік мекеме;
25) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота – Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілерге тартуға рұқсат етілген шетелдік жұмыс күшінің шекті саны;
26) жұмыс күшi – еңбекке қабілетті жастағы жұмыспен қамтылған және жұмыссыз халық;
27) жұмыс күшінің құрамына кірмейтін адамдар – есепті қысқа уақыт ішінде не жұмыспен қамтылған, не жұмыссыз болып табылмайтын адамдар;
28) кәсіптік бағдарлау - бұл өз бетінше кәсіби айқындауға бағытталған және еңбекке қабілеттілікті іске асыруға, мамандық пен еңбек қызметінің түрін таңдауға немесе өзгертуге әсер ететін басқада факторларды анықтауға бағытталған өзара байланысқан экономикалық, әлеуметтік және психологиялық іс-шаралар кешені;
29) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – табыс алу үшін тауарлар, жұмыстар мен қызметтер өндірумен (өткізумен) дара айналысатын жеке тұлғалар, өндірістік кооператив мүшелері, отбасылық кәсіпорындардың (шаруашылықтардың) еңбекақы төленбейтін қызметкерлері қатарындағы жеке адамдар және жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланушы жұмыс берушілер;
30) жұмыс іздеп жүрген адамдар – жұмысы және/немесе табысы (еңбек табысы) жоқ, лайықты жұмыс іздеп жүрген, жұмыс істеуге дайын жеке тұлғалар;
31) жұмысқа орналастырудың жеке картасы –жұмыссыздың жеке бас деректері, жұмыспен қамтылу тарихы, бағаланған қажеттіліктері, ұсынылатын және іске асырылатын іс-шаралар, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсаты және олардың орындалуы көрсетілетін құжат;
32) кәсіптік оқыту – жаңа мамандықтар (кәсіптер) алу және біліктілігін арттыру мақсатында білім беру ұйымдарында не жұмыс берушілер ұйымдарының жанындағы оқу орталықтарында кәсіптік оқытуды, қайта даярлауды қамтитын оқыту;
33) жұмыссыздар – ақы немесе табыс орнына атқарылатын еңбек қызметiмен айналыспайтын, жұмыс iздеп жүрген және еңбек етуге әзiр, еңбекке қабілетті жастағы Халықты жұмыспен қамту орталығында тіркелген жеке тұлғалар;
34) мүгедектерді жұмысқа орналастыруға арналған арнайы жұмыс орындары – мүгедектің жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, жабдықталған жұмыс орны;
35) өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама – халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасында жұмысқа өз бетінше орналасу үшін экономиканың басым салаларында сұранысқа ие кәсіптер бойынша біліктілік талаптары және білім деңгейі сәйкес келетін шетелдік қызметкерге берілетін белгіленген нысандағы құжат;
36) «Шетелдік жұмыс күші» ақпараттық жүйесі – жұмыс берушілер тартатын немесе Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін өз бетінше жүзеге асыруға келген шетелдік жұмыс күшін тіркеуге, рұқсаттар, анықтамалар беруге, мониторингілеуге арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе;
37) корпоративішілік ауыстыру – Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерде орналасқан, Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше мемлекеттің аумағында құрылған және сонда әрекет ететін заңды тұлғада басшы, менеджер немесе маман лауазымында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды осы заңды тұлғаның Қазақстан Республикасы аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған филиалдарына, еншілес ұйымдарына, өкілдіктеріне еңбек шартында белгіленген, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге, бір жылға ұзарту құқығымен уақытша ауыстыру;
38) шетелдiк жұмыс күшін тартуға рұқсат – жергілікті атқарушы орган халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бөлген квота шегiнде Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тарту үшін жұмыс берушiге беретiн белгiленген нысандағы құжат.
2-бап. Халықты жұмыспен қамту туралы
Қазақстан Республикасының заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы
Заңнан және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.
2. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға және оралмандарға қолданылады.
3. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады және халықаралық шарттарға сүйене отырып, оны қолдану үшiн заң шығару талап етiлетiн жағдайларды қоспағанда, тiкелей қолданылады.
3-бап. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу
саласындағы мемлекеттiк саясаттың
негiзгi қағидаттары мен бағыттары
1. Мемлекет Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың, оралмандардың толық, нәтижелі және еркін таңдап алынған жұмыспен қамтылуға құқықтарын іске асыруға жәрдемдесетін саясат жүргiзедi.
2. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу саласындағы мемлекеттiк саясат:
1) жұмыс күшін дамытуға, олардың ұтқырлығын арттыруға;
2) Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ұлтына, жынысына, жасына, әлеуметтік жағдайына, саяси ұстанымына және дінге деген көзқарасына қарамастан ерікті жұмыс және кәсiп түрлерiн еркiн таңдауға құқықтарын жүзеге асыруда бiрдей мүмкiндiктердi қамтамасыз етуге;
3) азаматтардың заңнамаға сәйкес жүзеге асыратын еңбек және кәсiпкерлiк бастамаларын қолдауға, олардың өнiмдi және шығармашылық еңбекке қабiлетiн дамытуға жәрдемдесуге;
4) бiлiм беру жүйесiн еңбек нарығының қажеттілігiне және оның даму перспективасына сай кадрлар даярлау iсiне бағдарлауға;
5) жұмыс іздеуде қиындық көріп жүрген адамдарды жұмыспен қамтуға ықпал ететін іс-шараларды жүзеге асыруға;
6) жаппай және ұзаққа созылған жұмыссыздықты (бір жылдан астам) қысқартуға;
7) жұмысынан айрылған жағдайда міндетті әлеуметтік сақтандыруға және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауға;
8) еңбек нарығына қатысушылардың күш-жігерін біріктіруге және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі іс-шараларды іске асыру кезінде олардың келiсе отырып iс-әрекет жасауына;
9) Халықты жұмыспен қамту орталығы және жеке жұмыспен қамту агенттiктерi арқылы еңбек делдалдығын ұйымдастыруға;
10) шетелдiк жұмыс күшiн тартуға квота белгiлеу жолымен iшкi еңбек нарығын қорғауға;
11) жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөнiндегi республикалық iс-шараларды жергiлiктi атқарушы органдар қолданатын шаралармен ұштастыруға;
12) мемлекеттiк органдардың, кәсіподақтардың, қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өзге де өкілетті органдарының халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететiн шараларды әзiрлеу және іске асыру қызметiн үйлестiруге;
13) Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдегi және шетелдiктердiң Қазақстан Республикасының аумағындағы еңбек қызметiне байланысты мәселелердi шешудi қоса алғанда, халықты жұмыспен қамту проблемаларын шешуде халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыруға;
14) жұмыспен қамту саясатымен келісілген, мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін қосымша жұмыс орындарын ашу және арнайы жұмыс орындарын құру ісiн ынталандыруды қолдайтын қаржы, салық және инвестиция саясатын жүргізуге бағытталған.
4-бап. Жұмыспен қамтылған халық
Жұмыспен қамтылған халыққа:
1) еңбек шарты (келісімшарт) бойынша жұмыс iстейтiн, оның ішінде жұмысты сыйақы үшiн толық не толық емес жұмыс уақыты жағдайларында орындайтын, сондай-ақ ақы төленетiн өзге жұмысы (қызметi) бар;
2) өзін-өзі жұмыспен қамтыған, оның ішінде:
кәсіпкерлік қызметпен айналысатын;
қосалқы кәсiпшiлiкпен айналысатын және өнiмді шарттар бойынша өткiзетiн;
жұмысты мәні жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша, оның ішінде жеке кәсіпкерлермен жасалған шарттар, авторлық шарттар бойынша орындайтын;
3) ақы төленетiн қызметке сайланған, тағайындалған немесе бекiтiлген;
4) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында, Қазақстан Республикасының арнайы мемлекеттік органдарында қызмет өткерiп жүрген адамдар жатады.
5-бап. Халықты жұмыспен қамту
саласындағы мемлекеттік кепілдіктер
Мемлекет халықты жұмыспен қамту саласында:
1) жұмыс түрін және жұмысты еркін таңдауға;
2) кемсітушіліктің барлық нысандарынан қорғауға және кәсіп алуда, барлық азаматтардың мүмкіндіктерінің теңдігін қамтамасыз етуге, жұмыспен қамту және жұмыс жағдайын таңдауға;
3) жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауға кепілдік береді.
6-бап. Жұмыс орнын, қызмет түрі мен
тегін еркін таңдауға құқық
1. Әркімнің жұмыс орнын, қызмет түрі мен тегін еркін таңдауға құқығы бар, мұндай таңдауды мемлекет құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық жағдайлар жасау арқылы қамтамасыз етеді.
2. Жұмыс орнын, қызмет түрі мен тегін еркін таңдауға құқығын іске асыру адамның өз қызметін өз бетінше қамтамасыз ету немесе жұмыс берушіге жұмысқа орналасу мақсатында Халықты жұмыспен қамту орталықтарының, халықты жұмысқа орналастыруға жәрдем көрсететін басқа ұйымдардың жәрдемдесуі арқылы жүзеге асырылады.
7-бап. Кәсіптік бағдарлауға, кәсіптік оқытуға құқық
1. Жұмыс іздеп жүрген және Халықты жұмыспен қамту орталықтарына өтініш білдірген адамдарға кәсіп, қызмет түрін таңдау және ауыстыру бойынша тегін кәсіптік бағдарлау қызметтерінің кешені және еңбек нарығындағы сұранысты ескере отырып, басқа да кәсіптік бағдарлау қызметтері ұсынылады.
2. Кәсіптік оқытуға құқық білім беру ұйымдарында және тікелей жұмыс берушілерде кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру арқылы іске асырылады.
8-бап. Азаматтардың шетелде кәсіби қызметке құқығы
Азаматтардың жұмысқа орналастыратын елдiң заңнамасына сәйкес өз бетінше жұмыс іздеуге, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде жұмысқа орналасуға құқығы бар.
9-бап. Азаматтардың жұмыспен қамту саласындағы
әлеуметтік қолдауға құқығы
1. Белгiленген тәртiппен жұмыссыз деп танылған адамдардың Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес жұмысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер алуға құқығы бар.
2. Жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен адамдарға (отбасыларға) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек ұсынылады.
10-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың және оралмандардың Халықты жұмыспен қамту органдарының және олардың лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне шағымдану құқығы
Азаматтар Халықты жұмыспен қамту орталықтарының және олардың лауазымды тұлғаларының шешімін, әрекетін немесе әрекетсіздігін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жоғары тұрған органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) және (немесе) сотқа шағымдануға құқылы.
2-тарау. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік реттеу
11-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің
халықты жұмыспен қамтуды реттеу
саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
2) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларының қатысушыларына көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларын көздейтін үкіметтік бағдарламаларды бекітеді;
3) Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу тәртібін бекітеді;
4) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жанындағы Еңбек ресурстарын дамыту орталығының Ережесін бекітеді;
5) Конституцияда, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде өзіне жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
12-бап. Халықты жұмыспен қамту мәселелері
жөніндегі уәкілетті органның құзыреті
1. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган қызметiнiң тәртiбiн, оның құқықтық мәртебесiн және құзыретiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
2. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган өз құзыретi шегiнде:
1) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдiстемелiк басшылық жасауды жүзеге асырады;
2) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырады;
3) экономиканың кадрларға қажеттілігінің болжамын әзірлейді және оны мүдделі орталық атқарушы органдармен келіседі;
4) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларының қатысушыларын мемлекеттік қолдау шараларын көздейтін салалық бағдарламалар әзірлейді;
5) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
6) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
7) жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
8) кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
9) мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау тәртібін әзірлейді және бекітеді;
10) мүгедектің жұмыс орнының стандарттарын әзірлейді және бекітеді;
11) интернаттық ұйымдардың кәмелеттік жасқа толмаған түлектерін, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау тәртібін әзірлейді және бекітеді;
12) кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
13) конкурстық негізде микроқаржы ұйымдарын және кредиттік серіктестіктерді кредиттеу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
14) адамдардың өз еркімен қоныс аудару және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету тәртібін әзірлейді және бекітеді;
15) мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау тәртібін әзірлейді және бекітеді;
16) білім беру саласындағы орталық уәкілетті органмен келісу бойынша кәсіптік бағдарлау жүргізудің тәртібі мен шартын әзірлейді және бекітеді;
17) еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қалыптастырады, оны қалыптастыру қағидаларын бекітеді;
18) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес міндетті ведомстволық есептер нысандарын, тексеру парақтарын, қауіп дәрежесін бағалау критерийлерін, тексеру жүргізу жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
19) Халықты жұмыспен қамту орталығының үлгі жарғысын әзірлейді және бекітеді;
20) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру кезінде Қазақстан Республикасының азаматтарын өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға, жұмыссыздарға және аз қамтылғандарға жатқызу критерийлерін айқындау тәртібін бекітеді;
21) ағымдағы бос орындар және болжамды жұмыс орындары дерекқорына қосу үшін қажетті мамандықтар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтер ұсынуға арналған әкімшілік есепке алу нысандарын әзірлейді және бекітеді;
22) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) және өңірлік комиссиялар туралы үлгі ережелерді әзірлейді және бекітеді;
23) өңірлердің (аудандардың, қалалардың және облыстардың) жұмыспен қамту картасын қалыптастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;
24) жұмыс берушіге шетелдік жұмыс күшін тартуға, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруға рұқсат беру және (немесе) созу, тоқтату тәртібін және шарттарын бекітеді;
25) шетелдік қызметкерге өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін оның біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру тәртібін, шетелдік қызметкерлердің өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлері) және олардағы сұранысқа ие мамандықтардың тізбесін бекітеді;
26) Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу тәртібін әзірлейді;
27) Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны облыстар, Астана және Алматы қалалары арасында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шекте және тәртіппен бөледі;
28) «Шетелдік жұмыс күші» ақпараттық жүйесін жүргізуді қамтамасыз етеді;
29) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жанындағы Еңбек ресурстарын дамыту орталығының Жарғысын бекітеді;
30) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелердi пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетедi.
13-бап. Еңбек ресурстарын дамыту орталығының құзыреті
1. Еңбек ресурстарын дамыту орталығы – еңбек нарығын реттеу және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру жөніндегі мемлекеттік саясатты ақпараттық және талдамалық қолдауды, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдар мен халықты жұмыспен қамту орталықтарын әдістемелік қолдауды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға.
2. Еңбек ресурстарын дамыту орталығының қызметі:
1) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға еңбек нарығының жағдайын, жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс болжамын бағалау бойынша қызметтер көрсетуге;
2) еңбек нарығындағы жағдайлар мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы орталық және жергілікті атқарушы органдарды, сондай-ақ халықты ақпараттандыруға;
3) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі талдамалық зерттеу жүргізуге;
4) кадрларға қажеттілікті болжауды ұйымдастыруға және кадрларды кәсіптік даярлауға мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру бойынша, сондай-ақ қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеуге;
5) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыруды, оларды бағалауды ұйымдастыру мен мониторингілеуге қатысуға және оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуге;
6) Халықты жұмыспен қамту жөніндегі мемлекеттік саясатты жоспарлау, әзірлеу, ұйымдастыру, іске асыру және бағалау кезінде, сондай- жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларының қатысушыларын мемлекеттік қолдау шараларын көздейтін салалық бағдарламаны әдістемелік қолдауға;
7) еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын сүйемелдеуге;
8) еңбек ресурстарының сұранысы мен ұсыныстарын теңдестiру мақсатында кәсіптік оқыту үшін басым салалар мен басым бағыттарды айқындауға қатысуға;
9) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мәселелері бойынша жеке жұмыспен қамту агенттiктерiмен және үкіметтік емес ұйымдармен өзара iс-қимыл жасауға;
10) жұмыспен қамту, еңбек көші-қоны және азаматтарды әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша ведомстволық статистикалық есеп дайындауға бағытталған.
3. Еңбек ресурстарын дамыту орталығының:
1) еңбек нарығы және жұмыспен қамту мәселелері, сондай-ақ еңбек нарығын дамытуға және жұмыспен қамтуға ілеспе немесе әсер ететін өзге де мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және оларға ведомстволық бағынысты ұйымдармен, мемлекеттік емес органдармен және олардың бірлестіктерімен, жеке тұлғалармен ақылы және тегін негізде қызметтер көрсету бойынша шарттық қатынастарға түсуге;
2) еңбек нарығын дамыту және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі механизмдерді іске асыруға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған кәсіпкерлік және өзге де қызметтермен айналысуға құқығы бар.
Достарыңызбен бөлісу: |