1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар


-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті



жүктеу 325 Kb.
бет2/4
Дата19.11.2018
өлшемі325 Kb.
#20724
1   2   3   4

14-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
Жергілікті атқарушы органдар халықты жұмыспен қамту саясатын іске асыруды:

1) құзыреті шегінде халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ететін арнайы іс-шараларды іске асыру;

2) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдарды үйлестіруді және әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;

3) кәсіпкерлік бастаманы дамыту арқылы қосымша жұмыс орындарын құруды қолдау;

4) жұмыс іздеп жүрген жұмыссыз адамдарға әлеуметтік қорғау көрсету;

5) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган (атқарушы орган) бөлген квота шегінде не квотадан тыс корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ көрсетілген рұқсаттарды тоқтата тұру және кері қайтарып алу;

6) мүгедектерді жұмысқа орналастыруға арналған арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау;

7) ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерiнде мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгiлеу;

8) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу;

9) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу;

10) интернаттық ұйымдардың кәмелеттік жасқа толмаған түлектерін жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу;

11) Халықты жұмыспен қамту орталықтарының Ережелерін бекіту;

12) жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру шеңберінде адамдардың өз еркімен қоныс аударуы үшін елді мекендерді айқындау;

13) жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің басқа да шараларын жүзеге асыру арқылы қамтамасыз етеді.



15-бап. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі

жергілікті органның құзыреті
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган:

1) жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдайды, болжайды, еңбек нарығының жағдайы туралы жергілікті атқарушы органдарды және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органды ақпараттандырады;

2) мемлекеттік, үкіметтік бағдарламалар және аумақтарды дамыту бағдарламалары, сондай-ақ жеке сектор бастамалары шеңберінде іске асырылатын жобаларда сұранысқа ие мамандықтар бөлінісінде ағымдағы бос орындар және құрылатын жұмыс орындарының болжамы туралы еңбек нарығы деректерінің бірыңғай ақпараттық базасын қалыптастырады;

3) кәсіптік оқытуды ұйымдастырады;

4) кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесуді ұйымдастырады;

5) жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін өз еркімен қоныс аударуға жәрдемдесуді ұйымдастырады;

6) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;

7) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;

8) жастар практикасын ұйымдастырады;

9) мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ұйымдастырады;

10) білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдардан, білім беру ұйымдарынан, кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын ұйымдардың жанындағы оқу орталықтарынан түлектердің жұмысқа орналасуы туралы мәліметтер, оқыту жүргізілетін кәсіптер (мамандықтар) туралы және нақты кәсіптер (мамандықтар) бойынша даярланған, даярлау жоспарланып отырған және бітіріп шығатын мамандар саны туралы ақпараттар сұратады;

11) жұмыс күшінің өз еркімен қоныс аударуы үшін орындарды айқындау бойынша жергілікті атқарушы органдарға ұсыныстар енгізеді;

12) Халықты жұмыспен қамту орталықтарының жұмысын үйлестіреді;

13) жұмыс берушілерден кадрларға болжамды қажеттілік туралы ақпарат сұратады;

14) жұмыстан босату және жұмыс орындарын қысқарту қатері бар кәсіпорындарға мониторинг жүргізуді жүзеге асырады;

15) халықты жұмыспен қамту туралы заңнаманың сақталуын бақылау мониторингін жүзеге асырады.




16-бап. Халықты жұмыспен қамту орталығының құзыреті
Халықты жұмыспен қамту орталығы:

1) халықты жұмыспен қамтуды дамыту жағдайын және болжамын бағалауды, халықты еңбек нарығындағы жағдай туралы ақпараттандыруды жүзеге асырады;

2) осы Заңда көзделген жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыруды, сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің қосымша шараларын жүзеге асырады;

3) жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің қосымша шараларын әзірлейді және іске асырады;

4) өтініш білдірген адамдарды осы Заңның 18,19-баптарына сәйкес жұмыс іздеуші және жұмыссыз ретінде тіркейді;

5) тізбесін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген жұмысынан айрылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен әлеуметтік төлем тағайындау үшін қажетті құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және оларды Мемлекеттік корпорацияға жібереді;

6) 23-баптың 1-тармағына сәйкес адамдарға кәсіптік бағдарлау бойынша қызметтер көрсетеді;

7) жұмыс іздеп жүрген адамдарға және жұмыссыздарға жұмыс таңдауда жәрдемдеседі, жұмысқа орналасу үшін жолдама береді;

8) 24-баптың 2-тармағына сәйкес адамдарды кәсіптік оқытуға жібереді;

9) 27-баптың 2 тармағына сәйкес адамдарды қоғамдық жұмыстарға жібереді;

10) білім беру ұйымдары түлектерінің ішінен жұмыссыздарды жастар практикасына жібереді;

11) жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жібереді;

12) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорымен өзара iс-қимыл жасауды жүзеге асырады;

13) бос жұмыс орындарының (вакансиялардың) есебін жүргізеді;

14) ауыл тұрғындарының, моно және шағын қалалар тұрғындарының ішінде жұмыссыздардың, өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың кәсіпкерлік бастамасына қолдау көрсетеді;

15) жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін жұмыс іздеген адамдардың, жұмыссыздардың, өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың өз еркімен қоныс аударуына жәрдемдеседі;

16) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларының қатысушысы болып табылатын адамдармен әлеуметтік келісімшарт жасасады;

17) еңбек делдалдығын көрсетеді;

18) заңнамада көзделген жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын көрсетеді.


3-тарау. Жұмыссыздық
17-бап. Лайықты жұмыс
1. Кәсiби даярлығына, еңбек өтіліне және бұрынғы мамандығы бойынша жұмыс тәжiрибесiне, денсаулық жағдайына, жаңа жұмыс орнына көлiктiң қолайлылығына сәйкес келетiн жұмыс, оның ішінде уақытша сипаттағы жұмыс, ал жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдар үшін икемді және толық емес жұмыс уақыты режиміндегі жұмыс та лайықты жұмыс деп есептеледi.

Тұрғылықты жерінен лайықты жұмысқа көлiктiң қолайлылығын осы жердің қоғамдық көлік желілерін дамытуды ескере отырып Халықты жұмыспен қамту орталығы айқындайды.

2. Бiрiншi рет жұмыс iздеп жүрген, бiрақ кәсiбi (мамандығы) жоқ, сондай-ақ ұзақ үзілістен (екі жылдан астам) кейін еңбек қызметін жаңартуға талпынған адамдар үшін алдын-ала кәсiптiк даярлықты талап ететiн жұмысты лайықты жұмыс деп есептеуге болады.

3. Мүгедектер үшін оның тіршілік әрекетінің шектеулілігін ескере отырып, физикалық қолжетімділігі қамтамасыз етілген, осы Заңның 1-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкес келетін жұмыс лайықты жұмыс деп есептеледi.

4. Алдын ала даярлықты талап ететін немесе талап етпейтін (азаматтардың жас және өзге де ерекшелiктерiн ескере отырып) уақытша сипаттағы жұмысты қоса алғанда, ақы төленетін жұмыс бiрiншi рет жұмыс iздеп жүргендер және жұмыссыздар қатарындағы:


  1. бiрiншi рет жұмыс iздеп жүрген (бұрын жұмыс істемеген) және біліктілігі жоқ;

  2. оқудан бос уақытта студенттер, сондай-ақ жазғы каникул кезеңінде жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары;

  3. кідіру кезеңінде жалақысы сақталмайтын еңбек демалысындағы адамдар;

  4. ұзақ үзілістен (екі жылдан астам) кейін еңбек қызметін жаңартуға талпынған, сондай-ақ Халықты жұмыспен қамту орталығы оқуға жіберген және кінәлі әрекеттері үшін оқудан шығарылған;

  5. жұмысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер аяқталған кейін кәсіптік оқытудан және қосымша кәсіптік білім алудан бас тартқан адамдар үшін лайықты жұмыс деп есептеледі.

5. Егер:

1) жұмыс іздеп жүрген адамның келісімінсіз тұрғылықты жерін өзгертумен байланысты болса;

2) еңбек жағдайы еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес келмейтін болса, лайықты жұмыс деп саналмайды.

18-бап. Жұмыс іздеп жүрген адамдарды есепке алу


  1. Жұмыс іздеп жүрген адамдар тұрғылықты жерi бойынша не «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін Халықты жұмыспен қамту орталығына өтiнiш жасайды.

  2. Жұмыс іздеп жүрген адамдар Халықты жұмыспен қамту орталығында мынадай ұсынылған құжаттардың негізінде жұмыс іздеп жүргендер ретінде тіркеледі:

  1. жеке басын куәландыратын құжат;

  2. еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар адамдар үшін) (бар болған жағдайда);

  3. білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіби даярлығының болуы туралы құжат (бар болған жағдайда).

  1. 16 жасқа толмаған адамдар туу туралы куәлігінің және ата-анасының бірінің, қорғаншысының, қамқоршысының немесе асырап алушысының нотариат куәландырған жазбаша өтінішінің негізінде Халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркеледі.

  2. Халықты жұмыспен қамту орталығы бірінші рет жұмыс іздеп жүрген адамдар үшін он жұмыс күні ішінде лайықты жұмыс таңдауда жәрдемдеседі.

  3. Жұмыс іздеп жүрген адам Халықты жұмыспен қамту орталығында тегін кәсіптік бағдарлаудан өтеді және Халықты жұмыспен қамту орталығына үш жұмыс күні ішінде кемінде бір рет, ал ауылдық елді мекендерде тұратындар үш жұмыс күні ішінде кемінде бір рет кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне бару арқылы жұмыс іздеуде қызығушылық білдіруі тиіс.



19-бап. Жұмыссыздарды тiркеу
1. Жұмыс іздеп жүрген адамдар тұрғылықты жерi бойынша не «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін осы Заңның 18-бабының 2-тармағында көзделген өтінішімен және құжаттарымен Халықты жұмыспен қамту орталығына өтiнiш жасайды.

2. Егер 16 жасқа толмаған адамдарды қоспағанда, жұмыс іздеп жүрген адамдарға өтініш білдірген күннен бастап он жұмыс күні ішінде лайықты жұмыс ұсынылмаса, Халықты жұмыспен қамту орталығы оны жұмыссыз ретінде тіркеу туралы шешім қабылдайды.

3. Жұмыс іздеп жүрген адамдарды жұмыссыз ретінде тіркеу мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелері арқылы оның дербес деректерін тексергеннен кейін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекiтетiн нысан бойынша дербес есепке алу карточкасына алынған мәлiметтердi енгiзумен жүзеге асырылады.

4. Халықты жұмыспен қамту орталығы өтініш берушіні жұмыссыз ретінде тіркеген және есепке қойған немесе тiркеуден бас тартқан күннен бастап:

1) «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы өтініш жасаған кезде бір жұмыс күнінен;

2) Халықты жұмыспен қамту орталығына өтініш жасаған кезде үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.

5. Халықты жұмыспен қамту орталығына тiркелген жұмыссыздар – он жұмыс күні iшiнде кемiнде бiр рет Халықты жұмыспен қамту орталығында, ал ауылдық елдi мекендерде тұратын жұмыссыздар кемiнде айына бiр рет кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнде белгiленiп тұруға тиiс.

6. Жұмыссыз ретінде тіркелуге:

16 жасқа толмаған;

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнетақы жасына жеткен;

егер жұмысы мен табысының жоқтығы туралы көрінеу жалған мәліметтерді қамтитын құжаттар ұсынған, сондай-ақ оларды жұмыссыз деп тану үшін басқа да дәйексіз деректер ұсынған;

бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеп жатқан адамдардың құқығы жоқ.



  1. Егер жұмыс іздеп жүрген адам белгiленген тәртiппен жұмыссыз ретінде тіркелмеген жағдайда, сол адамның отыз күнтізбелік күн өткен соң тұрғылықты жері бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығына қайта өтініш білдіруге құқығы бар.



20-бап. Тiркелген жұмыссыздардың құқықтары мен мiндеттерi


  1. Тіркелген жұмыссыздар:

  1. Халықты жұмыспен қамту орталығынан:

лайықты жұмыс таңдау және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, оның ішінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары жөнінде қызмет;

қызмет (мамандық) түрін таңдау немесе өзгерту мақсатында консультациялық, ақпараттық және кәсіптік бағдарлау қызметтерін;

жұмыссыз ретінде өз құқықтары мен міндеттері туралы ақпараттарды;

еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасынан өзі туралы мәліметтерді тегін алуға;

2) егер ол міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып табылса, «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер алуға;

3) «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек алуға;

4) Халықты жұмыспен қамту орталықтарының және олардың лауазымды тұлғаларының шешімін, әрекетін және әрекетсіздігін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жоғары тұрған органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) және (немесе) сотқа шағымдануға құқылы.


  1. Тіркелген жұмыссыздар:

1) осы Заңды сақтауға;

2) осы Заңның 19-бабының 5-тармағына сәйкес Халықты жұмыспен қамту орталығына келiп тұрудың тәртiбiн, шарттарын және мерзiмдерiн сақтауға;

3) Халықты жұмыспен қамту орталығы берген жұмысқа жолдаманы алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде жұмысқа орналасу мәселесi бойынша жұмыс берушiге өтiнiш жасауға;

4) Халықты жұмыспен қамту орталығына:

тұрғылықты жерiн ауыстыруды;

тұрақты, уақытша жұмысқа, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмысқа орналасуды;

кәсiпкерлiк қызметпен шұғылдануды;

ұйымдық-құқықтық нысаны мен меншiк нысанына қарамастан, ұйымға құрылтайшы (ортақ құрылтайшы) болуды;

мүгедектiк тобын белгiлеудi немесе оның өзгеруiн;

зейнетақы тағайындауды және өзге де табыстарды қоса алғанда, жұмыссызбен алдағы уақытта жұмыс iстеу тәртiбiне ықпал ететiн өзгерiстер туралы мәлiметтердi дер кезiнде, бес жұмыс күнi iшiнде ұсынуға мiндеттi.

3. 2-тармақтың 4) тармақшасындағы мәлiметтердi жасырған немесе көрiнеу жалған мәлiметтер немесе жасанды құжаттар табыс еткен жағдайда, жұмыссыздар тiркеуден шығарылады және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапқа тартылуы мүмкiн.

21-бап. Жұмыссызды есептен шығару
1. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссызды мынадай жағдайларда:

1) лайықты жұмыстың ұсынылған екi түрiнен жазбаша түрде бас тартқанда;

2) дәлелсiз себептермен:

Халықты жұмыспен қамту орталығы жолдама берген күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде ұсынылған жұмысқа орналасу немесе оқу орнына;

шақыру бойынша халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу үшін үш жұмыс күнi ішінде Халықты жұмыспен қамту орталығына келмегенде;

жұмыссыз Халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша қоғамдық жұмысқа қатысуды немесе оқуды өз бетiнше тоқтатқанда;

3) жұмыссыздар осы Заңның 20-бабының 2-тармағында көзделген Халықты жұмыспен қамту орталығына келiп тұру мерзiмдерiн дәлелсiз себептермен бұзғанда;

4) тұрғылықты жерi өзгергенде;

5) лайықты жұмысқа орналасқанда;

6) жұмыссыз бас бостандығынан айыру түрiндегi жазамен сотталғанда не сот шешiмi бойынша мәжбүрлеп емдеуге жiберiлгенде;

7) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы  заңнамасына сәйкес зейнетақы төлемдері тағайындалғанда есептен шығарады.

2. Осы баптың 1-тармағының 1) – 4) тармақшаларына сәйкес есептен шығарылған жұмыссыздар есептен шыққан күннен бастап отыз күнтiзбелiк күн өткен соң ғана Халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыс іздеуші адам ретінде қайтадан тiркеле алады.



4-тарау. Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау
22-бап. Жұмыссыздықтан әлеуметтік қолдау шаралары


  1. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган және жергілікті атқарушы органдар елдің және өңірлердің экономикалық және әлеуметтік даму болжамының негізінде:

  1. жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын;

  2. жұмыссыздарға әлеуметтік көмекті;

  3. азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеуді көздейтін әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамтамасыз ету шараларын әзірлейді.

  1. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары:

  1. жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуді;

  2. кәсіптік бағдарлау жүргізуді;

  3. кәсіптік оқытуға жіберуді;

  4. азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларына жәрдемдесуді;

  5. жастар практикасына жіберуді;

  6. жұмыс берушілердің еңбекақы шығындарын ішінара субсидиялаумен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды;

  7. жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін өз еркімен қоныс аударуға жәрдемдесуді;

  8. мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орнын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялауды;

  9. қоғамдық жұмыстарды қамтиды.

  1. Әлеуметтік көмек:

  1. міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып табылатын жұмыссыздарға жұмысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді;

  2. атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді қамтиды.

  1. Жұмысқа орналастыруға арналған квоталар:

  1. еңбек қызметі үшін медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектер;

  2. интернаттық ұйымдардың кәмелеттік жасқа толмаған тәрбиеленушілері;

  3. бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар;

  4. пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін көзделеді.



23-бап. Кәсіптік бағдарлау


  1. Кәсіптік бағдарлау көзделген бюджеттік қаражаттар шегінде Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес адамдардың кәсіби артықшылықтарын, қабілеттерін, қызығушылықтарын және еңбек нарығындағы қажеттіліктерді ескере отырып, жұмыс іздеген адамдарға, жұмыссыздарға, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға, оралмандарға, сондай-ақ бала жеті жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты еңбек демаласында отырған әйелдерге, студенттерге, жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларына мамандық таңдауда, қызмет түрін ауыстыруда, біліктілігін арттыруда практикалық көмек көрсету мақсатында жүргізіледі.

  2. Кәсіптік бағдарлау:

  1. еңбек қызметі туралы, еңбек нарығының жағдайы, мамандықтарды дамытудың мазмұны мен перспективалары, қолда бар мамандықтар бойынша жұмысқа орналастыру мүмкіндіктері, сондай-ақ қайта даярлау және кәсіптік біліктіліктерге сәйкес біліктілігін арттыру туралы кәсіби ақпараттандыруды;

  2. адамның жеке-психологиялық сипаттамасының, өмірлік жағдайлары ерекшеліктерінің, кәсіби қызығушылықтарының, қабілеттерінің, денсаулық жағдайының және еңбек нарығындағы сұраныстардың негізінде жұмыс орны мен мамандық таңдауда кәсіби консультацияларды;

  3. нақты кәсіптер (мамандықтар) және лауазымдар үшін айқындалған талаптарға адамдардың сәйкестігін белгілеу арқылы кәсіби іріктеуді қамтиды.

  1. Кәсіптік бағдарлауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алулар және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс заңнамаларына сәйкес жеке жұмыспен қамту агенттіктерін және/немесе өзге ұйымдарды тарту құқығымен Халықты жұмыспен қамту орталықтары жүргізеді.

  2. Халықты жұмыспен қамту орталығы кәсіптік бағдарлаудан өткен адамдар туралы мәліметтерді еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасында орналастырады.

  3. Кәсіптік бағдарлауды жүргізудің тәртібі мен шарттарын білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.



24-бап. Кәсіптік оқыту
Кәсіптік оқыту кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктілік арттыруды қамтиды.

  1. Егер:

  1. қажетті кәсіби біліктіліктің болмауына байланысты лайықты жұмыс таңдау мүмкін болмағанда;

  2. кәсіби дағдыларға жауап беретін жұмыстардың болмауына байланысты кәсібін (мамандығын, қызмет түрін) өзгерту қажет болғанда;

3) бұрынғы мамандығы бойынша жұмыстарды атқару қабілетін жоғалтқанда, Халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша кәсіптік оқыту жүзеге асуы мүмкін.

  1. Кәсіптік оқыту:

  1. жұмыс іздеп жүрген адамдар;

  2. жұмыссыздар;

  3. бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар;

  4. өзін-өзі жұмыспен қамтығандар;

  5. еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндер үшін жүзеге асырылады.

  1. Жұмыс іздеп жүрген және жұмыссыз адамдар арасынан басым тәртіппен кәсіптік оқытудан өтуге:

  1. мүгедектердің;

  2. мүгедек бала тәрбиелеп отырған ата-аналардың, асырап алушылардың, қорғаншылардың (қамқоршылардың);

  3. Халықты жұмыспен қамту орталығында алты айдан астам есепте тұрған жұмыссыздардың;

  4. бірінші рет жұмыс іздеп жүрген (бұрын жұмыс істемеген) және біліктілігі жоқ азаматтардың;

  5. бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың құқығы бар.

  1. Кәсіптік оқыту көзделген бюджеттік қаражаттар шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек нарығындағы қажеттіліктерді ескере отырып, білім беру ұйымдарында немесе жұмыс берушілер ұйымдарының оқу орталықтарында жүргізіледі.

  2. Халықты жұмыспен қамту орталығы, оқыту жүргізетін ұйым, жұмыс беруші және оқушы арасында әлеуметтік келісімшарт жасалады.

Әлеуметтік келісімшарт тараптардың құқықтары мен міндеттерін, оқуға ақы төлеу шартын, мерзімінен бұрын бұзу шартын, кәсіптік оқытуды қаржыландыру мерзімдері мен көздерін қамтуға тиіс.

  1. Халықты жұмыспен қамту орталығы кәсіптік оқытуға жіберген жұмыссыздар өз бетінше, дәлелді себептерсіз оқуды тоқтатқанда, жұмыссыздар ретінде есептен шығарылады және Халықты жұмыспен қамту орталығына қайта тіркелген күннен бастап бір жыл өткеннен кейін оқуға қайта жіберілуі мүмкін.

  2. Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.



25-бап. Әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастыру


  1. Әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындарындағы бос орындар пайдаланылмайды және олар еңбек жағдайлары ауыр, зиянды және қауіпті өндірісте құрылмайды.

  2. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыссыздар үшін арнайы құрылады, олардың арасында:

  1. он алты жастан жиырма үш жасқа дейiнгi балалар ауылдарының тәрбиеленушiлерi және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектері;

  2. зейнеткерлiк жас алдындағы адамдар (зейнеткерлiкке шығуға екi жыл қалған);

  3. мүгедектер;

  4. бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар;

  5. пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;

  6. кәмелеттік жасқа толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызiлiктi, көп балалы ата-аналар;

  7. жеті жасқа дейінгі баланы, мүгедек баланы, бірінші және екінші топтағы мүгедектерді күтуді жүзеге асыратын адамдар;

  8. оралмандар;

  9. терроризм актісінен жәбірленуші адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар басым құқыққа ие болады.

  1. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органның шешімі бойынша:

  1. әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға сұраныс пен ұсыныс айқындалады;

  2. әлеуметтік жұмыс орнын құруға өтініш берген өңірлердегі ұйымдардың тізбесі, ұйымдастырылатын жұмыс орындарының саны және нақты жұмыс жағдайы, қатысушыларға төленетін еңбекақы мөлшері және оларды қаржыландыру көздері бекітіледі.

  1. Азаматтарды әлеуметтік жұмыс орындарына жіберуге олардың келісімімен ғана жол беріледі. Әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу кезінде азаматтардың денсаулық жағдайы, жас, кәсіптік және жеке ерекшеліктері ескеріледі.

Халықты жұмыспен қамту орталығы мен арнайы жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілер және әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілетін жұмыссыздар арасында әлеуметтік келісімшарт жасалады.

Әлеуметтік келісімшарт тараптардың құқықтары мен міндеттерін, еңбекақы мөлшерін және оны төлеу шарттарын, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру мерзімдері мен көздерін қамтуға тиіс.

Әлеуметтік келісімшарт әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген жұмыссыздың тұрақты немесе уақытша жұмысқа орналасуы кезінде мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.


  1. Әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген адамдарға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы, сондай-ақ зейнетақымен қамсыздандыру туралы және міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамалары қолданылады.

  2. Жұмыссыздар өз бетінше, дәлелді себептерсіз әлеуметтік жұмыс орындарында еңбек қызметін тоқтатқанда, жұмыссыздар ретінде есептен шығарылады және Халықты жұмыспен қамту орталығына қайта тіркелген (өтініш білдірген) күннен бастап тек үш ай өткеннен кейін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қайта қатысуы мүмкін.

  3. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.


жүктеу 325 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау