1 Тақырып Қылмыстық-атқару қҰҚЫҒының ҰҒымы, МӘНІ, мақсаты мен міндеттер мақсаты



жүктеу 1,45 Mb.
бет2/7
Дата28.11.2017
өлшемі1,45 Mb.
#2409
1   2   3   4   5   6   7

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

  1. Қылмыстық жазаны жүзеге асыру жөніндегі мемлкеттік саясат дегеніміз не?

  2. Қылмыстық жазаны өтеуде Қазақстан Республикасының саясаты қалай түсінесің?

  3. Қылмыстық-атқару құқығының түсінігі және мақсаты.

ӘДЕБИЕТТЕР:

1) Қылмыстық атқару құқығы: Учебник Под ред. И.В.Шмарова. М.: Изд-во БЕК, 1996

2) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару құқығы: Оқу құралы. – Алматы: Жеті жарғы, 2002. 256 бет

2-тақырып. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЗАҢДАРЫ.
МАҚСАТЫ: Елдің қылмыстық-атқару заңының дамуы, оның саласына қылмыстық жазаны атқаруды енгізу жолымен жүргізіліп келеді. Мақсат солы қабылданған қылмыстық-атқару заңдары бүгінгі күні қалай жұмыс істейді, соны анықтау болып табылады.

2.1 ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЗАҢДАРЫНЫҢ ТҮСІНІГІ, МАҢЫЗЫ,

МАҚСАТТАРЫ МЕН ТҮРЛЕРІ

2.2 ЕҢБЕКПЕН ТҮЗЕУ ЗАҢДАРЫНЫҢ РЕФОРМАСЫ

2.ның қызметі арқылы жүзеге асырылады, оларға бұл салада ұйымдастыру қызметі: 2.23 ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ҚҰҚЫҒЫ НОРМАЛАРЫНЫҢ ТҮСІНІГІ, МАЗМҰНЫ, ТҮРЛЕРІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ

2.4 ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ҚҰҚЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ


2.1 ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЗАҢДАРЫНЫҢ ТҮСІНІГІ, МАҢЫЗЫ,

МАҚСАТТАРЫ МЕН ТҮРЛЕРІ

Қылмыстық-атқару заңдарын тар мағынада – жазаны атқару процесі кезінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттеуге және сотталғандарға ықпалды түзеу жазасын қолдану заңдар жүйесі деп түсіну керек.

КСРО ыдырағаннан кейінгі кезеңде Қазақстан заңгерлері қылмыстық жазаны атқаруды реттеудің өз жүйесін құрды.

Қазіргі күші бар қылмыстық-атқару заңдары жазаны атқару заңдар нормасын жүйеге келтіру нәтижесінде пайда болды. Қазіргі кезде ол Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарынан, сондай-ақ жазаны және сотталғандарға қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шаралары атқару мен өтеудің тәртібі мен жағдайларын белгілейтін нормативтік-құқықтық актілерден тұрады.

Сонымен, қылмыстық-атқару заңдары қылмыстық жазаның барлық түрлерін атқаруды реттейтін заңдардан құралады. Жазаны атқару кезіндегі әлеуметтік-құқықтық проблемалар тұлғаның қоғамдағы жағдайына байланысты шешілетін болғандықтан, қоғам, мемлекет жағынан оларға ықпал етудің айрықша пайда болады, арнайы мекемелер құрылады, сондықтан соттың шешімін үйлесімді орындай алатын және жазалау-тәрбиелеу процесін жүзеге асыратын, қылмыстық-атқару құқығы нормалары заңда бекітілген болуы керек. Қылмыстық-атқару заңдарының мазмұны – олар орындайтын қызметтік рөлімен белгіленеді. Жазаны тиісті түрде атқару – қылмыспен күресудегі маңызды кезең. Түзеу мекемелерінің жүйесі қалай жұмыс істейтіні қылмыспен күрес жүргізетін мемлекеттік органдардың барлық бөлімінің жалпы күш салуының қорытындысына байланысты. Қылмыстық-атқару заңдары – мақсатқа жетудегі жаза алдында тұрған құқықтық бағдарлама қызметі: сотталғандарды түзеу және тәрбиелеу, сотталғандарды да, басқаларды да жаңадан қылмыс жасауын болдырмауды ескерту.

Қылмыстық-атқару заңдары – бірыңғай қылмыстық-құқық жиынтығынан тұрады. Сондықтан қылмыспен күрес жүргізуде бұл заңдардың мақсаты ортақ болып табылады. Егер де қылмыстық құқық нормалары жазалау мен қылмыстық жауапкершіліктің негізін және шегін белгілесе, ал қылмыстық-атқару құқығы нормалары сот үкімімен белгіленген жазаны атқару тәртібін реттейді.

Қазіргі қылмыстық-атқару заңдары, 1997 жылғы желтоқсанның 13-інде қабылданған Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінен тұрады. Ерекше ескерте кететін жағдай, бұл кодеске «Тәртіптік әскери бөлімде ұстау түріндегі жазаны атқарудың тәртібі мен жағдайлары» туралы арнаулы тарау енгізілген.

Жоғарыда көрсетілгеннен басқа да қылмыстық-атқару заңдар жүйесіне әзірше заң күші бар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды ішкі істер органдарынан әкімшілік бақылау Ережесі, байқау комиссиялар туралы Ереже, кәмелетке толмағандар істерін қарайтын комиссиялар туралы Ереже және тағы да басқа нормативтік-құқықтық актілерді кіргізуге болады. Алдағы уақытта аталған нормативтік актілер Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес келтірілгенге дейін Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне қайшы келмейтін бөлігінде қолданыла береді.

Сонымен бірге қылмыстық-атқару құқығының кең мағыналы да түсінігі бар, себебі жазаны атқару кезеңінде түзеу мекемелерінен және басқа да жазаны орындайтын мемлекеттік органдардан, олардың лауазымды қызметкерлерінен, қоғамдық ұйымдардан және діни концессиялардан күнделікті нақтылы қызмет істеуі талап етіледі. Сондықтан өне бойы ереже белгілеу, сотталғандарға және тиісті мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына қатысы бар заң тәртібін қадағалаудың қажеттілігі пайда болып отырады. Бұл құқықтық актілерді ереже, нұсқау түрінде т.с.с. болжаулар шығаруды, мемлекеттік басқару органдары, соның ішінде жазаны атқаруға жауапты ведомство ретінде Ішкі істер министрлігі іске ендіреді. Сонымен бірге ведомствалық құқықтық реттеу заң нормалары шеңберінде болуы тиіс. Жоғарыда айтылғандай, қылмыстық-атқару заңдары кең мағынада барлық нормативтік актілердің жиынтығы болып есептелінеді. Бұлар сотталғандарға түзеу ықпалын қолданғанда және жазаны атқару процесінде пайда болатын, өзгеріп тұратын, яғни тоқтатылатын қоғамдық қатынастарды реттейді. Сондықтан да қылмыстық-атқару құқығының қайнар көздеріне мыналар жатады: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қылмыстық-атқару кодексі, еңбекпен түзеу ықпалы қолданылмайтын сотталғандардың қылмыстық жазаны атқару тәртібі мен шарттары туралы Ереже, байқау комиссиялары туралы ереже, кәмелетке толмағандар жөніндегі комиссиялар туралы Ереже, әкімшілік қадағалау туралы Ереже, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары. ІІМ сонда-ақ басқа министрліктер мен ведомстволардың біріккен бұйрықтары мен өкімдері, ІІм бұйрықтары мен өкімдері, облыстық ІІ бастықтары, мекеме басқармаларының т.с. сияқтылардың қабылдаған актілері қылмыстық-атқару құқығының негіздері ретінде қаралмайды.

Қылмыстық-атқару заңының міндеті Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 2-бабында белгілегендей, заңның бұл саласы қылмыстық жазаны орындауды қамтамасыз етуге бағытталған. Ол тек қана жасалған қылмыстың сазайын тартуымен бірге, сотталғандарды таза еңбек етуге баулу, заңды бұлжытпай орындауға, қоғамдық тәртіпті сыйлай білуге, түзелуге, қайта тәрбиелеуге бағытталып, соныммен қатар сотталғандардың, тағы басқалардың жаңадан қылмыс жасауын болдырмауды ескерту.

Сонымен, қылмыстық-атқару заңының міндеттері жалпы және нақтылы міндеттерден белгілі бір жүйе құрайды. Олар жазаны атқарушы, түзеуші мекемелер мен басқа да органдардың міндеттеріне жанама түрде қатысы бар және сотталғандарға жазалау – тәрбие шараларының жиынтығын қолдану арқылы олардың жұмыс әрекетінде іске асырылады.



2.2 ЕҢБЕКПЕН ТҮЗЕУ ЗАҢДАРЫНЫҢ РЕФОРМАСЫ

Заңның кез келген саласын реформалау процесі, соның ішінде қылмыстық-атқаруды, қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерге байланыссыз, яғни саяси-экономикалық дамумен есептеспей іске асуы мүмкін емес екені бізге мәлім. Қылмыспен күресті реттеудегі заң саласын реформалау кезіндегі қылмыс динамикасы мен құрылымы, өткен тарихтағы жағымды да жағымсыз тәжірибе, халықтың түгелдей немесе оның жекелеген топтары құқық санасының деңгейі, саяси партиялардың көзқарасы, елдің халықаралық құқық актілерін бекіту жағдайы, теориялық зерттеу мен ғылыми ойдың деңгейі еске алынуы тиіс.

Елдің қылмыстық-атқару заңының дамуы, оның саласына қылмыстық жазаны атқаруды енгізу жолымен жүргізіліп келеді. Бұл – заңды процесс, себебі біздің ойымызша, ол заңдылықты жетілдіре беруге және жазаны атқарғанда заңдылықты нығайтуға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің қабылдануы қылмыстық жазаның барлық түрінің орындалуы тәртібін жан-жақты және толық реттейтін табиғи кезең болғаны сөзсіз.

Бүгінгі заң күші бар Қылмыстық-атқару заңы отыз жылдарға жуық уақыт ішінде шамасында қалыптасты. Осы уақыттың ішінде Еңбекпен түзеу заңының негіздеріне және Еңбекпен түзеу кодексіне мезгіл-мезгіл қосымшаларымен өзгертулер енгізілді, жоғарыда көрсетілген заңдар реттемейтін кейбір жазаның тиісті орындалуын жөнге салатын жекелеген заң актілері де қабылданды. Біз бұдан Қазақстанда қазіргі уақытта жазаның барлық түрлерінің орындалуы жоғарыда аталған заңдармен реттелетіндігін көреміз.

КСРО ыдырап ТМД құрылғаннан кейін де біртұтас қылмыстық-атқару заңын даярлау мәселесі ашық болып қала берді. ТМД мемлекеттері ұзақ тарихи кезеңде бұрынғы КСРО халықтары қоян-қолтық бір қарым-қатынаста тұрғандықтан бір қылмыстық еңбекпен түзеу заңдары, жалпы проблемасы, барлық мемлекеттерге тән қылмыстық-атқару жүйесі болағндықтан, ол ТМД елдерінің өз алдына жеке-жеке Қылмыстық-атқару заңдарының үлгісі болатындай жаңа Қылмыстық-атқару кодексін жасаудың керектігін дәлелдеді.

ТМД елдеріне үлгі ҚАК-нің негізінде Қазақстан Республикасының ҚАК-нің жаңа жобасы дайындалып, 1997 жылы желтоқсанның 13-інде қабылданды.



2.ның қызметі арқылы жүзеге асырылады, оларға бұл салада ұйымдастыру қызметі: 2.23 ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ҚҰҚЫҒЫ НОРМАЛАРЫНЫҢ ТҮСІНІГІ, МАЗМҰНЫ, ТҮРЛЕРІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ

Қылмыстық-атқару құқығы құрылымы жағынан қарайтын болсақ, ол әр түрлі нормативтік жарлықтардан, тікелей айтсақ, бөлімнен тұратын аталған құқық саласының құрастырлған, біртұтас жүйелі құқықтық білім. әрбір құқықтық жарлық әлеуметтік, нормативтік, психология педагогикалық, ұйымдастыру-басқарушылық маңызбен белгіленіп толықтырылған. Қылмыстық-атқару құқығы құрылымының тұрақты байланысын, құқықтың бұл саласында әр түрлі институттар мен нормалардың өзара әрекеттілігін бұлар жиынтығында мазмұны мен мемлекеттегі қылмыстық-атқару құқығының әлеуметтік міндетін көрсетеді. Сонымен, құқық құрылымының бастапқы бөлімі қылмыстық-атқару нормасы болып табылады.

Норма – ереже, мінез-құлық ережесі. Заңдық (құқықтық) норма заңда көрсетіліп, бекітілген мінез-құлық ережесі. Норма – құқықтың құрылымдық элементтерінің бірі. Оны құру – құқықтық реттеуді қажет ететін және осыған байланыты құқық нормасы мазмұнын білдіретін тиісті қоғамдық қатынастардың болу қорытындысы. Сондықтан, құқықтық нормалар жиынтығын қабылдау – құқықтық реттеудің ерекше пәнінің барлығын және құқық саласының жекелігін дәлелдейтін айғақтың бірі.

Сонымен, қылмыстық-атқару құқығының нормасы деп субъектілердің тиісті мінез-құлық үлгісін және қатысушылардың (мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, қоғамдық құрылымдардың, лауазымды адамдардың, сотталғандардың және жеке адамдардың) құқықтық қатынасын айтамыз. Онда жалпыға бірдей міндетті ереже қойылады, жарлыққа байланысты қоғамдық қатынас реттеледі, жазаны атқару және сотталғандарға түзету шарасын қолданудың ықпалын тигізу процесінде пайда болады.

Жоғарыда айтылғандай, норма құқық саласының негізгі элементі, оның бірінші деңгейі болып есептеледі. Екінші деңгейін қоғамдық қатынастардың тиісті тобын реттейтін нормалар жиынтығы құрайды. Мысалы, қылмыстық жазаның кейбір түрлерін атқаруда, сондай-ақ жазаны өтеуден босатқан кезде (бас бостандықтарынан айыру, түзету жұмыстары және т.с.с.) пайда болады. Мұндай екінші деңгейдегі нормаларды біріктіру белгілі бір қылмыстық-атқару құқығы институтын құрайды. Институттардан тұратын құқық саласының өзі үшінші немесе ол құрылымның жоғары деңгейін құрайды. Құқық институттары құқықтық реттеу объектілерін нақтылы анық белгілеуге мүмкіндік береді, оның құқық шығармашылығы қызметінде маңызы зор.

Қылмыстық-атқару құқығының нормалары ішінде де құқық саласының жалпы ережелері мен жалпы түсінік принциптері құрылып қалыптасатын нормалар бар, сонымен қатар лайықты мемлекет органдарының міндеттері біріктіріледі. Бұл нормалар мәлімдеме ретінде жүргізіледі. Олар қылмыстық атқару саясатын іске асырады. Көрсетілген нормалар Ережесі қылмыстық-атқару құқық қатынастарында субъектілердің субъективтік құқық пен заңдық міндеттерін белгілейтін нормаларда айқындалады.

Құқықтық нормалар қоғамдық қатынастарды керекті бағытта реттеу үшін қабылданады. Сондықтан, құқықтық норманы ішкі маңызы жағынан қарайтын болсақ, екі жақты өкілетті – міндеттеуші болып бейнеленеді. Егер де бір субъектіде субъективті құқық пайда болса, онда басқа субъектіде құқық қатынасына лайықты міндеттер пайда болады т.с.с.

Қылмыстық-атқару құқығының нормалары құқықта айтылғандай, жазаны атқару кезіндегі тәртіп ережесін сақтауды көрсетеді. Кейбір жазаны орындауда түзеу ықпалы шара қолдану арқылы қаншалықты жүргізілсе, қылмыстық-атқару құқығы белгілеген нормалары ереже тәртібін сақтаудың түзеу ықпалын шара қолдану арқылы соншалықты орындайды.

Қылмыстық-атқару құқығы нормалары қоғамдық қатынастар процесінде және жазаны атқарудың реттеу үшін қолданылады, ал бұл орын алған кезде процесте пайда болған қоғамдық қатынастарды және түзеуге әсер ету шарасының жайын реттеу болады. Қылмыстық-атқару құқық нормалары жазаны атқару себебі процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастар субъектілерінің мінез-құлқын тәжірибеде реттейді. Бұл қатынастар қылмыстық-атқару құқығы нормаларымен реттеле отырып, қылмыстық-атқару құқық қатынастары болады.

Қарастырылып отырған нормалар маңызын түсіну үшін қандай да болмасын жаза түрін өтеуге байланысты құқығы мен міндеттерін білдіретін құқықтың басқа салалары нормаларымен олардың арақатынасын айыра білу керек.

Қылмыстық-атқару құқығы нормалары сотталғандардың тәртібін кең көлемде реттеген сайын оның нормаларының қимыл өрісі, құқықтың басқа салаларынан тарырақ болып тұр. Қылмыстық-атқару құқығы нормаларымен бас бостандығынан айыру тәртібі және жағдайлары жан-жақты белгілегені мәлім.

Қылмыстық-атқару құқығы нормалары азаматтық, отбасылық құқық саласымен өзара байланыста болады. Бұл нормалар сотталғандарды тұратын мекенін таңдап алу мүмкіндігінен айырады да көптеген басқа да азматтық пен отбасылық құқығы мен міндеттерін іске асыруға шектеулер қоя алады. Қылмыстық-атқару құқығы нормаларына сотталғандардың жеке меншік құқығы едәуір шектелген, өйткені олар ие болу, пайдалану, иелік ету немесе тек кейбір мүлік игілігін пайдалану немесе ие болу құқығынан айырылады. Қылмыстық-атқару құқығы нормалары және міндетті құқығына көптеген шектеулер енгізеді. Сотталғандар әр түрлі келісім жасау құқығынан айырылады, мысалы, сатып алу немесе басқа сотталғандармен айырбас жасау.

Нормалардың бәрі бірдей тиісті мінез-құлықтық үлгісін көрсете алмайды. Пайдаланылатын нормалар топтары ішінде құқық саласынан барлық,яғни оның жеке институттарының мақсаттарын, міндеттерін, принциптерін құрастыратын белгілі бір түсінік пайда болады (дефинициялар).

Құқық нормасын әр түрлі негіздермен жіктеуге болады. Қылмыстық-атқару құқығын материалдық және процессуалдық түрлерге жіктеуге болады. Материалдық құқық нормалары мінез-құлық ережелері маңызын белгілейді, процессуалдық норма оның жағдай мен тәртібін реттейді.

Қылмыстық-атқару құқығы нормаларын белгілейтін тәртіп ережесін өзіндік ерекшелігіне байланысты жеке-жеке түрге жіктеуге болады. Айтылған құқық нормаларының негіздері:; ә)мадақтаушы; б)қорғаушы болып бөлінеді.

а) Реттеуші нормалар субъектілердің құқығы мен міндеттерін және басқа да қылмыстық-атқару құқық қатынастарына қатынасушыларды белгілейді. Құқық пен міндеттердің белгіленген түрінің тәуелділігіне байланысты олар өз кезегінде, уәкілеттілік етуші және тыйым салушы болып бөлінеді.



Міндеттеуші нормалар –субъектілерден белгілі бір қимыл істеуді талап етеді.

Уәкілеттілік етуші нормалар – субъектілерге заңмен белгіленген шеңберде, мінез-құлық түрін таңдауды ұсынады.

Тыйым салушы нормалар – керісінше, субъектілерге тиісті бір әрекет етуді тоқтата тұруды талап етеді, оның себебі ол заңмен теріс деп бағалағандық болып табылады. Заң нормасында тыйым салу жалпы да, нақтылы да түрде белгіленуі мүмкін.

Заң әдебиетінде құқықты ретеудегі тыйым салу нормасының екі тәсілі ерекшеленеді: рұқсат беру және ерік беру. Рұқсат беру – нормативтік жарлықпен тікелей көзделген рұқсат. Ерік беру – тікелей тыйым салынбағанның бәріне ерік беру.

ә) Қылмыстық-атқару құқығының мадақтаушы нормалары сотталғандардың заң қабылдайтын мінез-құлқына жағдай жасауға бағытталған. Қылмыстық-атқару құқығының мадақтаушы нормаларының айырмашылығы – ол тек құқық қатынасының жалғыз субъектісіне, мекемесіне немесе жазаны атқарушы басқа бір орган әкімшілігіне мақтауға құқы береді. Екінші субъект – сотталғандар қосымша лайықты мадақтауға құқық беруді талап ете алмайды, ол үшін еңбек сіңіруі тиіс. Әкімшілік мадақтауға шешім қабылдағанда сотталғандардың тәртібін жасы деп сипаттайтын мағлұматтарды басшылыққа алады.

б) Қорғаушы нормалар – қылмыстық жазаны атқару процесінде пайда болатын құқық қатынастарын қорғауды қамтамасыз етуге шақыратын нормалар.

Қылмыстық-атқару заңдары жүйесінде ұйымдастыру-техникалық нормасын атап кетуге болады. Олар процессуалдыққа жақын болады, бірақ оның айырмашылығы – құқық қатынастарда қосымша құқық пен міндеттер қаралмайды. Мұндай нормалар негізінен ЕТМ ішкі тәртіп Ережесінде топталған. Мысалы, құрал-жабдыққа техникалық талап қою, сайман, бұйым тізімдерінің болуы т.с.с.

Қылмыстық-атқару нормаларын түрлерге бөлу тек қана оның жалпы теориялық маңызымен бірге, ол құқық қолдану қызметінде нақтылы талдауға да көмектеседі. Жаңа нормаларды құрастырғанда қай түрге жататынын, субъектілердің құқығы мен мазмұнын нақты белгілеуді және құқық қарым-қатынастарына қатысушыларды еске алу керек.

Қылмыстық-атқару нормалары – гипотезадан, диспозициядан және санкциядан тұрады.

Гипотеза арнайы шарттан тұрады, егер ол бар болса, бұл норма қолданылуы мүмкін. әдетте ол заң тарауы аталуында айтылады.

Диспозиция нормасы – бұл мінез-құлық ережесі, мұнда субъектілерге құқық пен бұл құқық міндеттемелерін байланыстыру үлесін беру көрсетіледі. Ол құқық қатынастарына қатысушы жақтардың тиісті тәртібін, әдеттегідей заң баптары мазмұнын бейнелейді.

Санкция нормасы – бұл диспозицияда айтылған ережені бұзған кездегі негативтік салдар.

Қылмыстық-атқару құқығы нормаларының ерекшелігі – олар негізінен императивтік сипатта болады. Құқық нормаларының көбінде гипотеза боламйды, бірақ диспозиция барлық уақытта болады. Көптеген нормалар нақты норма мәтінінің сыртында жатады.



2.4 ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ҚҰҚЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ

Үкімнің заңды күшіне енуімен және осы үкімнің атқарыла бастаған күнінен бастап мемлекетте, оның қылмыстық жазаны орындайтын тиісті мекемелері мен органдардың сотталғандарға құқық реттеу жиынтығын қолданатын, жазаға тән және түзеу шекарасын қолданып әсер ету құқығы пайда болады. Сотталған өз кезегінде құқық шектеуге көнуге міндетті және түзеу шарасын қолдануды басынан өткеруі тиіс. Сөйтіп, қылмыстық-атқару құқық қатынасы пайда болады. Ол осы құқық саласы нормаларымен реттеледі.

Қылмыстық-атқару құқығы нормалары нақты жазаны өтеу жағдайы мен тәртібін белгілей отырып, жазаны атқару жағдайында және процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды мемлекет мүддесінде реттеп, оған құқық қатынастарының маңызын береді.

Қылмыстық-атқару құқық қатынастары осы қоғамдық қатынастарды реттейтін қылмыстық-атқару құқығы нормаларының түрлеріне қарай топтастырылады. Егер де әңгіме міндеттерді орындау, тікелей қоғамдық қатынастарда құқықты пайдалану және тыйым салуды бұзбауда болса, онда ол материалдық нормалар болғаны. Олардың негізінде пай да болған құқықтық қатынастар материалдық қылмыстық-атқару құқық қатынастары болып аталады. Тәртіп туралы сөз болғанда, яғни шын мәнісіндегі қоғамдық қатынастарда әр жақтардың қатынасқанын құжатпен дайындағанда, онда оның процессуалдық нормалар болғаны. Олардың негізінде процессуалдық қылмыстық-атқару құқық қатынастары пайда болады, олар материалдық қылмыстық-атқару құқық қатынасының өмір сүру түрі болып табылады.

Материалдық та, процессуалдық та қылмыстық-атқару құқық қатынастары реттеушілер және қорғаушылар болып бөлінеді. Жан-жақтың құқығы мен міндеттерін іске асырудың әдеттегі процесі жүріп жатқан кезде, онда ол материалдық және процессуалдық құқық қатынастарын реттеу шеңберінде іске асырылады. Бұл құқықтық қатынастарда қылмыстық-атқару құқығы нормаларында қолданылған негізгі қорытынды сотталғандардың заңшылдық сипаты қалыптасады.

Жазаны атқару процесінде және түзеу ықпалын жүзеге асыруда қарапайым ғана емес, күрделі де құқықтық қатынастар пайда болады. Оларда құқық қатынастардың бірнеше элементтері бар болуы мүмкін және онда субъектілер арасындағы құқықтық байланыс, олардағы көптеген құқық пен міндеттерінің өзара қарым-қатынасымен бейнеленеді, мысалы, режим тәртібін іске асыру, еңбек жағдайын т.б. қамтамасыз ету.

Қылмыстық-атқару құқық қатынасы басқа құқық қатынастар түрлерінен айырмашылығы – олар өзінше ұзартылатын құқық қатынастар, өйткені мұнда сот үкімімен кесілген нақты мерзімі болады.

Қылмыстық-атқару құқық қатынастары басқа құқық қатынастар түрлерінен өзгешілігі – ол өзінің субъектілері арқылы олар жаза орындайтын мемлекеттің тиісті органдары және қылмыстық жазаға сотталған адамдары болуы мүмкін. Құқықтық қатынастар субъеутілерінің жағдайын алып қарағанда құқықтық пен заңдылыққа жататын міндеттер көпшілігінің теңдігіне емес, қайта бір жағының (сотталғандар) екінші жағына (мемлекеттік органдарға) бағыныштылығына негізделеді.

Қылмыстық-атқару құқық қатынастары үшін тән және ерекше объектілер, олар шын мәнісінде субъектілер әрекеті (әрекетсіздігі) қылмыстық жазаны атқару және өткеру процесінде болады.

Сонымен, қылмыстық-атқару құқық қатынастары дегеніміз – қылмыстық-атқару құқық нормаларымен реттелген, мемлекеттің тиісті органдары мен сотталғандардың жазаны атқару немесе өткеру кезінде пайда болатын қоғамдық қатынастар.

Кез келген құқық қатынастың өз құрамы бар, яғни ол онсыз өмір сүре алмайтын белгілі бір элементтердің жиынтығы. Құрамдас бөлімдері (элементтері) дегеніміз – субъектілер мен басқада құқық қатынастарға қатысушылар; құқық қатынастар маңызы; құқық қатнастар объектілері; заң ақиқаттары.

Құқық қатынастарының субъектілері мен басқа да қатысушылары қылмыстық-атқару құқығы нормаларында көрсетілген, субъектілік құқықтары және тиісті заңды міндеттері бар – заңды ұйымдар мен жеке адамдар болып есептеледі. Құқық қатынастарының субъектілерідеп субъективтік құқық пен міндеттерінің көп көлеміне ие болатын оның жан-жақтарын айтады. Олар болмаса құқық қатынастары құралмайды.

Қылмыстық-атқару құқық қатынастарының есебіне кіретіндер: жазаны орындайтын мемлекет мекемелері мен органдары, бақылау комиссиялары, лауазымды адамдар, кәмелетке толмағандар туралы комиссиялар, еңбек ұжымдары, сотталғандар және олардың жақын-жуықтары.

Қылмыстық-атқару құқық қатынастарының маңызын субъектілер мен қатысушылардың шын мінез-құлқы және олардың құқы мен міндеттерінің жиынтығы деп түсіну керек. Екі субъектінің де құқығы мен міндеттері бар. Дегенмен, егер де олардың біреуінің қандай да болмасын міндеті болса, онда екіншісінің бұл міндетке жауап беретін құқығы болады. Құқық және оған сәйкес келетін міндет немесе құқық қатынастар субъектілерін байланыстырады. Мазмұн мен қылмыстық-атқару құқық қатынастары субъектілеріне жататын құқық пен міндеттер көлемі, атқарылатын жаза түріне тәуелді және жазаны атқару мен түзеу ықпалының шарасы процесінде де ашылады.

Маңызы жағынан қарағанда құқық қатынастарының екі түрге бөлінетінін атап өту қажет. Олар жазаны атқару кезіндегі шара қолданбай құрылатын және түзеу шарасы ықпалын қолдану кезіндегі болып бөлінеді.

Қылмыстық-атқару құқық қатынастары объектісін құбылыстар мен бұйымдар құрайды немесе шын мағынадағы тіршілік жағдайлары кезіндегі пайда болатын құқық қатынастар. Құқық қатынас объектісі оның субъектілерінің немесе қатысушыларының белгілі заңды талабы бола алады. (Мысалы, сотталғандардың түзеу мекемелерінен қысқа мерзімге шығуы, жолығуға, сәлемдеме, тағам алуға рұқсат етілуі т.с.с.).

Заң шындықтары әрекеті немесе уақиғаны көрсетеді, осыған байланысты қылмыстық-атқару құқық қатынастары пайда болады, өзгереді немесе тоқтатылады.

Заң шындықтарының есебіне пайда болатын, өзгеретін немесе тоқтатылуды қамтамасыз ететін құқық қатынастарына кіретіндер: айыптау үкімн шығару немесе сот ұйғарымы, үкімнің заңды күшіне енуі мен өтеуді талап ету, кездестіру, жолықтыру, тәртіп жазасын беру немесе қапас тәрізді бөлмеге ауыстыру, сот шешімімен мерзімінен бұрын босату және т.б.

Заң шындықтарын талдау және бағалау құқық қатынастар заң жаратылысына шек қоюға мүмкіндік береді. Олар жазаны орындау кезінде пайда болады, әсіресе жекелеп айтсақ, сотталғандардың жеке меншігіне байланысты азаматтық құқық, сотталғандарды мерзімінен бұрын босату туралы қылмыстық іс жүргізуде пайда болады. Олар әр түрлі құқық қатынастары саласына кіретін норманы дұрыс қолдануға мүкіндік береді.


жүктеу 1,45 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау