А. А. Кастелбек Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынас



Дата12.02.2020
өлшемі70 Kb.
#28812

УДК 349.2 А.А. Кастелбек

Абылай хан атындағы

Қазақ халықаралық қатынас

және әлем тілдері университеті,

«Құқықтану» мамандығының

4 курс студенті,

 Алматы

Ғылыми жетекші: Б.Н. Каленова

з.ғ.м., аға оқытушы
A.A. Kastelbek

Kazakh University of International

Relations and World Languages

named after Abylai Khan,

On specialty «jurisprudence»

4th year student,

Almaty

Scientific supervisor: B.N. Kalenova

Master of Law, senior lecturer
Еңбек қатынастарындағы әйелдердің құқықтық жағдайы


Правовой статус женщин в трудовых отношениях




Legal status of women in labor relations



Аңдатпа

Бұл мақаланы жазу барысында еңбек қатынастарындағы әйелдердің құқықтық жағдайларының заңға сәйкес қалыптасуы мен реттелуінің түрлі жолдары қарастырып еңбек нормаларына сай әйелдердің құқықтарын белгілі жүйеге келтіре отырып оны қорғау мен қамтамасыз етуді мемлекет тарапынан қолдауды жүзеге асыру болып табылады.

Кілт сөздер: еңбек қатынастары, құқық, мемлекет, құқықтық қатынастар, еңбек нормалары, Конституция, жұмыспен қамту, жұмыс уақыты, жұмыссыздық.

 

Аннотация



Условия женщин в законодательстве трудовых отношений в процессе написания этой статьи рассмотрим различные способы в соответствии с законом и регулирования формирования делу прав женщин в соответствии с правилами системы и защитить его при поддержке государства является реализация залога.

Ключевые слова: трудовые отношения, право, государство, правоотношения, трудовые нормы, конституция, занятость, рабочее время, безработица.
Аbstract

The conditions of women in labor relations law in the course of writing this article consider the different ways in accordance with the law and the regulation of the formation of the cause of women's rights in accordance with the rules of the system and protect it with the support of the state is the realization of the collateral. 

Keywords: labor relations, law, state, legal relations, labor standards, constitution, employment, working hours, unemployment.

Қазақстан Республикасы Констиутциясының 24-бабының 2-бөлігіне және «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заңның 4-бабының 1-бөлігіне сәйкес әрбір азамат өзінің еңбек құқығын ешбір шектеусіз жүзеге асыруына тең мүмкіндікті иеленеді. Өкінішке орай, тәжірибеде жалғыз норманы ғана қабылдау әрқашан оң нәтижеге әкеле бермейді. 1999 жылы елімізде жедел тәртіппен бірқатар реформалар жүргізілді. Қазақстан Республикасының Парламентінде кейбір заң жобалары «жедел» графигімен қарастырылып өтті. Бірақ халықтың және мүдделі органдар мен ұйымдардың арасында талқыға салынбай заң қабылдаудың мұндай тәсілі көп балалы отбасылардың құқытырына, мүгедектерге, кейбір санаттағы жұмысшыларға және әйелдердің құқықтық жағдайына кері әсерін тигізді.

Мұндай негативті реформалауға көбінесе еңбек саласы ұшырады. 1999 жылдың аяғында «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» заң қабылданды. Бірақ ол Қазақстан әйелдерінің еңбек құқығын реттеуде оң өзгерістер бермеді. Әйелдердің еңбек құқықтарына мемлекет пен заң шығарушы тарапынан тиісті көңіл бөлінбеді.

Кейбір мамандардың бағалауы бойынша 2014 жылы халық шаруашылығында жұмыспен қамтылғандар саны 6127,6 адам, олардың ішінде әйелдер саны 2806,4, яғни барлық жұмыспен қамтылғандардың 45,8% құрайды. Бұның ішінде әйелдердің көп бөлігі денсаулық сақтау, дене шынықтыру және әлеуметтік қамсыздандыру саласында жұмыс істейтіндердің жалпы санының 82%-ын құрайды, білім беру саласында - 77%, қоғамдық тамақтандыру және ақпарттық-есептеу қызметі саласында-76%, мәдениет -70%, сауда-саттық - 63%, «қаржы, несие және сақтандыру» саласында - 66%.

Әйелдердің еңбек қауіпсіздігі мен еңбек қорғау саласына мемлекет пен заң шығарушы тарапынан тиісті көңіл бөлінбеудің салдары статистикадан мынадай көрініс тапты. Қазақстанның халық шаруашылығының негізгі салаларына әрбір оныншы әйел санитарлық-гигиеналы нормаларға сай келмейтін жағдайларда еңбектенуде, 138 мыңға жуығы түнгі ауысымда жұмыс істесе, әр жүзінші әйелге ауыр физикалық еңбек жүктелеген. 40 мыңға жуық әйел шу мен вибрацияның жоғары деңгеінде, 64 мыңы ауасы лас және шаң жағдайда, 26 мыңы қолайсыз температурада жұмыс істейді.

2014 жылы Қазақстанда әйелдер арасындағы өндірістік жарақаттың төрт мыңға жуық жағдайы тіркелді. Бұл өндірісте жарақаттанғандардың жалпы санынан 15% құрап отыр. 47 әйел қаза болды. Одан кейінгі өндірістік жарақаттар жөнінде мәліметтер жоқ, бірақ 2000 жылы өндірістегі әйелдердің өлімі 6,1% пайыз құрағаны белгілі – 17 әйел қазаға ұшыраған.

Әйелдерге тек еңбек етуге ғана емес, сондай-ақ бұл құқығын толық, жан-жақты жүзеге асыруына мүмкіндік беру қажет. Тамырымен жоймасақ та, әйелдердің еңбек қызметін жүзеге асыруына кері әсер ететін мән-жайларды барынша азайтуға шаралар қолдану қажет.

Жұмысшы әйелдердің ерекше бір санаты – бұл жүкті әйелдер және жас балалары бар әйелдер. Қазақстан Республикасының заңнамасында олардың құқығын қорғайтын кейбір шаралар қарастырылған. «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заңның 23 бабы 3-бөлігіне сәйкес жүкті әйелдердің медициналық қорытындыға сәйкес ауыр және қолайсыз өндірістк факторлардың әсері болмайтын басқа жұмысқа бұрынғы жұмысындағы орташа айлық жалақысы сақтала отырып ауыстырылуы қарастырылған. Бұдан басқа аталған заңның 48-бабының 2-бөлігінде жүкті әйелдерді түнгі уақытта жұмысқа тартуға олардың келісімімен ғана жол беріледі делінген.

Аталған нормалар кеңестік заңнамада алғашқы қабылданған сәттен айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған. Еңбек туралы заңдар Кодексіне сәйкес жүкті әйелдер түнгі уақытта жұмысқа жіберілмеген, оларды орташа жалақысы сақтала отырып жеңілірек жұмысқа ауыстырған. Сонымен бірге, жүкті әйелдерге айтарлықтай мөлшерде жеңілдіктер қарастырылған. Нарықтық экономика мен жұмыссыздықтың өсуі, еңбек ресурстарының үлкен мөлшері, өндірістің өсу деңгейінің төмендегі жағдайында жүкті әйелдерге түнгі уақытта еңбектенуге тыйым салу дәстүрлі әйелдер саласында еңбектенуді таңдау мүмкіндігін шектейді. Сондықтан жүкті әйелдерге олардың келісімімен түнгі уақытта еңбектенуге рұқсат беруді жақсы жетістікке жатқызуға болады.

Қазақстан Республикасында әйелдерге жүктілігі мен босануы бойынша босанғанға дейін ұзақтығы жетпіс күнтізбелік күнге, босанғаннан кейін елу алты (ауыр босанаған немесе екі не одан да көп бала туған жағдайда жетпіс) күнтізбелік күнге демалыс беріледі. Есептеу жиынтықтап жүргізіледі және демалыс әйелдің ұйымда жұмыс істеу ұзақтығына қармастан, жұмыс берушінің қаражаты есебінен жүктілігіне және босануы бойынша осы кезеңге төленген жәрдемақыны босанғанға дейін нақты пайдаланған күндерінің санына қармастан оған толық беріледі («Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заңның 66-бабы).

Жоғарыда айтылған барлық шаралар стратегиялық маңызды болып табылады. Өйткені мемлекеттің жүкті әйелдерді қорғау және жеңілдіктер ұсыну дәрежесі тікелей балалардың өмірі мен денсаулығынан және елдің жалпы демографиялық саясатынан көрініс табады. 90-шы жылдардан бастап Қазақстанда қолайсыз демографиялық жағдай қалыптасып отыр: өмір сүру ұзақтығы төмендеуде, туудың азаюы, аналар мен сәбилер өлімі деңгейінің жоғарылығы [1]. Созылмалы ауруларға шалдыққан балалрдың саны артты; балалрдың 80% анемия, рахит және т.б. ауруларға душар болған. Мысалы, Павлодар облысында соңғы екі жылдың ішінде сәбилер өлімінің өсуі тіркелген, өткен жылы ол бір мың туылған баланың 26,5 бөлігін құраған, одан басқа, әрбір жаңа туған бір мың сәбидің 288-і ауру болып туылған [2].

Солтүстік Қазақстанда соңғы 10 жылдың ішінде туу екі есеге дейін төмендеген: мың әйелге шаққанда 20 сәбиден 11,4 сәбиге дейін. Денсаулық сақтау қызметкерлері бұл жағдайды аналар денсаулығының нашарлауымен байланыстырып отыр. Осыған орай еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 1999 жылғы 20-қыркүйектегі Бұйрығымен әйелдердің еңбегін қолдануға тыйым салынған еңбек жағдайы ауыр және зиянды өндірістердің, мамандықтардың және жұмыстардың тізімі бекітілді. Оларға металл өңдеу, қорғасынмен жұмыстар, құрылыс-монтаждық, слесарлық жұмыстар және өзгелері жатқызылған [3].

Әйелдердің үкіметтік емес ұйымдары еңбектік және әлеуметтік заңнаманың гендерлік сараптамасын өткізді. Соның нәтижесінде әйелдер құқығына қатысты келесі бұзушылықтарды анықтады:

1. «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заңға сәйкес қазақстандық әйелдер бала емізуге арналған үзіліссіз құқығынан айырылған, ал ол ХЕҰ-ның Ана болуды қорғау туралы Конвенциясының 5-бабына қайшы келеді. Яғни, егер әйел баласын емізетін болса, онда ол осы мақсат үшін елдің заңнамасымен бекітілген мерзімге күніне бір немесе бірнеше үзіліс жасап, өзінің жұмысын тоқтата тұруға құқғы бар;

2. «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заңы әйелдің жүктілігі мен босануы бойынша әлеуметтік жәрдемақыны төлеу міндетін мемлекеттен жұмыс берушіге жүктеп отыр. Ал жұмыс беруші әлеуметтік жәрдемақыны өз қаражаты есебінен төлеу тиіс;

3. «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заңында жүктілігі мен босануына байланысты демалыста жүрген әйелдерді жұмыстан шығаруға тікелей тыйым салынбаған;

4. «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заңында әйелдердің толық емес жұмыс уақытының жеке графиктері мен тәртібін белгілейтін норма қарастырылмаған.

Осыған байланысты «әйелдердің еңбекке құқығы» ұғымында қандай мазмұн жатқанын анықтау қажет. Өз тарабымнан бұл әйелдердің мемлекет таныған және кепілдік берген мамандық таңдау құқығы, оған қол жеткізу, біліктілігі мен кәсіби дайындығына сәйкес жұмыстарды атқару, сондай-ақ сол жұмыстарды орындау кезінде оның денсаулығы мен еңбегінің барынша қауіпсіз болуы, қорғалуы деп пайымдаймын. «Әйелдердің еңбекке құқығы» ұғымы бұл құқықтың мәнінен, яғни оны қоғамдық көрініс ретінде сипаттайтын ішкі мазмұнынан ажырағысыз болуы керек. Оның мәні - әйелдердің еңбекке құқығы заңнамамен бекітілген және мемлекет таныған мүмкіндігі ғана болуы тиіс емес, ол, сонымен қатар, түрлі кепілдіктермен іске асатындай қамтамасыз етілуі керек.

Әйелдердің және отбасылық міндеттері бар өзге адамдардың еңбегін реттеу ерекшеліктері Еңбек Кодексінің келесі нормаларды қарастыратын 17-тарауымен реттеледі:

1) жүкті әйелдермен, үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдермен, он төрт жасқа дейінгі баланы (он сегіз жасқа дейінгі мүгедек-баланы) тәрбиелеп отырған жалғызбасты аналармен, аталған балалар санатын анасыз тәрбиелеп отырған өзге де тұлғалармен еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша, ҚР заңнамалық актілерімен көзделген теріс жағдайларды қоспағанда, бұзуға жол берілмейді;

2) егер әйел еңбек шартының мерзімі аяқталған күні мерзімі он екі апта және одан көп апта жүктілігі туралы медициналық қорытынды ұсынса, жұмыс беруші оның жазбаша өтініші бойынша еңбек шартының мерзімін бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыс аяқталған күнге дейін ұзартуға міндетті.

3) әйелдердің еңбегін ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда пайдалануға тыйым салынады;

4) әйелдердің өздері үшін белгіленген шекті нормалардан асатын жүкті қолмен көтеруіне және жылжытуына тыйым салынады;

Еңбек Кодексінің нормаларына сәйкес, әйелдерге жүктілігіне және босануына байланысты қалыпты босану кезінде 126 күнтізбелік күнге, ал қиналып босанған немесе екі немесе одан да көп бала туған жағдайда 140 күнтізбелік күнге дейін демалыс беріледі. «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңына сәйкес, қалыпты босану жағдайында 170 күнтізбелік күн және ауыр босанған жағдайда 184 күнтізбелік күн қарастырылған.

Қазақстан өзінің сыртқы саясатының басымдығы ретінде әлемдік қоғамдастық пен интеграцияны анықтады. Әлем елдерінің көпшілігі қол қойған Біріккен Ұлттар Ұйымының мыңжылдық декларациясында (2000 ж.) ерлер мен әйелдердің теңдігін көтермелеу, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту үшінші мыңжылдықтағы адамзат дамуының негізгі мақсаттары ретінде айқындалған.

Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан ерлер мен әйелдердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласында да белгілі бір дәрежеде ілгеріледі. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан қосылған халықаралық актілерде жарияланған, ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерін іске асыру үшін жағдай жасау, сондай-ақ олардың қоғам өмірінің барлық салаларына тең жағдайда қатысуы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын бекіту туралы» 2005 жылғы 29 қарашадағы Жарлығының басты мақсаты болып табылады.

Еңбек рыногында әйелдерге сұраныс аздау. Осыған орай, әйелдер арасындағы жұмыссыздық ерлерге қарағанда жоғары.

Қазіргі кезде, жалдамалы жұмыспен қамтылған тұлғалардың ішінде әйелдер жартысынан көбін құрайды. Бірақ олардың жалақысы ерлердің жалақысының тек 66%-ын құрайды. Мұның себебі, әйелдер әдетте өздеріне тән денсаулық сақтау немесе білім беру салаларында болсын, төмен төленетін лауазымдарда жұмыс істеуіне байланысты қалыптасуда.

Ерлер мен әйелдердің гендерлік теңдігіне қол жеткізуге және жыныстық белгісі бойынша кемсітушілікті жоюға бағытталған тұжырымдамаларды, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды іске асыру мақсатында 2009 жылдың 8 желтоқсанында «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» ҚР Заңы қабылданды. Заңға сәйкес, ананы, баланы және әкені, әйелдерді жүктілігіне және босануына, сондай-ақ ерлердің өмір сүру жасының ұзақтығын ұлғайтуға байланысты қорғауға бағытталған шаралар жыныстық белгісі бойынша кемсітушілік шаралары деп саналмайды.

Халықтың өмір сүруінің сапасы мен деңгейін арттыру негіздерінің бірі ана мен баланы лайықты әлеуметтік қолдау болып табылады. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексіне сәйкес, ана болуды қорғау тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында, ұрпақты болу жасындағы әйелдерге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде медициналық тексеріп-қарау, оларды динамикалық байқау және сауықтыру, сонымен қатар 1 жасқа дейінгі баланы емізетін ана баланы күтіп-бағу үшін медициналық ұйымда болған барлық кезеңде тегін тамақпен қамтамасыз етіледі.

Халықты гигиеналық оқыту, отбасын, ананы, әкені және баланы қорғау тәулік бойы медициналық бақылауы болмайтын, дәрігерге дейінгі немесе білікті медициналық көмек деңгейінде және адам, отбасы және қоғам деңгейінде жүзеге асырылады. Сонымен қатар, әйелдің ана болу туралы мәселені өзі шешуге және отбасын жоспарлау мен өз денсаулығын сақтау мақсатында, өзі қаламайтын жүктіліктен сақтанудың қазіргі заманғы әдістерін еркін таңдауға құқығы бар.

Республикадағы балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау кезегімен дамуда. 2006 жылы «Балалы отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақылар туралы» ҚР Заңы қолданысқа енгізілді және оған сәйкес 2006 жылдан бастап бала тууына байланысты бiржолғы мемлекеттік жәрдемақы мен отбасының табысына байланыссыз бала бiр жасқа толық толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты мемлекеттік жәрдемақы, сондай-ақ аз қамтылған отбасылардағы он сегіз жасқа дейiнгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар төлеу қарастырылған.

«Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жанұядағы жан басына шаққандағы табысының мөлшеріне қарамастан бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары бар және марапатталған көп балалы аналарға мемлекеттік бюджеттен ай сайынғы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалады

2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап ана мен жаңа туған баланы қорғауға байланысты міндетті әлеуметтік сақтандыру енгізілді. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып жұмыс берушілердің және (немесе) өзін-өзі еңбекпен қамтамасыз еткен тұлғалардың ай сайынғы әлеуметтік аударымдар төлеген еңбек шарттары бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалар болып табылады. Осыған байланысты міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып табылатын еңбек ететін әйел жүктілігіне және босануына байланысты уақытша еңбекке жарамсыздық парағын алғаннан кейін жұмыс орнында жүктілігіне және босануына байланысты демалысқа шығып, тұрғылықты жерінде орналасқан Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың бөлімшесіне барып Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) тағайындалатын жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылу жағдайына бір реттік әлеуметтік төлем алуға құжаттарын өткізе алады.

Ана мен баланы әлеуметтік қорғау еңбек ететін әйелдермен қатар еңбек етпейтін әйелдерге де көрсетіледі. Бұл орайда, жүктілігіне және босануына байланысты тағайындалатын әлеуметтік төлемдерден басқа жәрдемақыларға жаңа туылған баланың әкесі немесе шешесі құжаттарын өткізе алады.

2005-2010 жылдары Қазақстанда балалардың туылу көрсеткіштерінің және МӘСҚ-дан жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылу жағдайына бір реттік әлеуметтік төлем алушылардың санының өсу қарқыны байқалады.

2011 жылдың 1-ші желтоқсанына дейінгі МӘСҚ-дан төленген әлеуметтік төлемдердің 93%-ы жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылу жағдайына бір реттік және бала бір жасқа толғанға дейінгі оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайға ай сайынғы төленетін әлеуметтік төлемдер болып табылады

Сонымен қатар, егер бұрын декреттік демалыста болған әйелдерге зейнетақы жарналары жүргізілмесе, енді жұмыс істейтін әйелдер үшін жүктілігі, босануы және аналық кезін міндетті әлеуметтік сақтандырудың енгізілуіне байланысты әйелдің бала күтімі бойынша демалыста болған кезінде әлеуметтік төлемдерден міндетті зейнетақы жарналары ұсталынып, алушының жинақтаушы зейнетақы қорына жолданады.

Ана мен баланы қолдау халықтың өмір сүру сапасы мен деңгейін, мәдениетін, білімін, экономикалық жағдайын нақты баяндайтын көрсеткіш болып табылады. Сондықтан жүктілікті, босану мен аналықты міндетті әлеуметтік сақтандыруды енгізу ана мен бала өмірі маңызды орын алатын қоғам құруға жетелейді.

Қорыта айтатын болсам «Адамды адам еткен - еңбек» демекші, адамзат тіршілігінің барысында еңбек оның тіршілігінің негізгі нысаны және дамуының басты механизмі болған және болуда. Адам өзінің саналы ғұмырын рухани және материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін еңбектенумен өткізеді. Қазіргі кезде еңбекке және оның негізгі элементі қызметкерге деген көзқарастың өзі мүлде өзгеруде. Еңбек пен денсаулық бір – бірімен тығыз байланысты, өйткені еңбектің негізгі мақсаты адамға игілікті жағдайлар жасау болып табылады. Еңбек қорғау дегеніміз- тұлғаның үйлесімді дамуын қамтамасыз ету үшін, оның еңбек қабілеттілігін арттыруға, денсаулығын өндірістік ортаның әсерін қорғауға бағытталған мемлекет, кәсіподақтар, мекемелер, кооператив және қоғамдық бірлестіктермен бірігіп жасалатын ұйымдастыру- экономикалық, психологиялық, эстетикалық, емдеу – профилактикалық, құқықтық және тағы басқа да шаралардың жүйесі болып табылады.

Әйелдер еңбегін қорғау әйелдердің өндірістегі қалыпты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, экономикалық, медициналық, техникалық және өзге де шаралардың кешенді жиынтығы болып табылады. Бұның ішінде басымдылық әйелдер еңбегін қорғау жөніндегі тиісті нормалары мен жағдайларында бекітілген құқықтық қорғауға берілген.Әйелдер еңбегін қорғау жүйесінің маңызды әлеуметтік-құқықтық мәні бар, себебі оларға еңбектік құқықтар мен жеңілдіктер ұсына отырып, еңбек қызметін ана болу функциясымен үйлестіруге мүмкіндік береді.Әйелдер еңбегін құқықтық қорғау екі негізгі, өзара байланысты бөліктерден тұрады: қызметкерлердің еңбегін қорғайтын еңбек заңнамасының жалпы нормаларынан тұратын әйелдер еңбегін жалпы қорғау, және аналардың еңбек пен тұрмыс жағдайларын жақсартатын еңбекті қорғаудың арнайы ережелерінен тұратын «әйелдер еңбегін ерекше қорғау». Қоғамымызда мемлекет тарапынан ерекше қорғау мен қолдауды қажет ететін жекелеген санаттағы қызметкерлер бар. Соның ішінде әйелдердің еңбегін қорғауды қамтамасыз ету болып табылады. Бұндай тұлғалардың еңбегін қорғауды қызметкерлердің бәріне бірдей қолданылатын жалпы нормалармен қатар, олардың ағзасының ерекшеліктерін ескеретін ерекше нормаларды белгілеу қажет. Қоғамның әлеуметтік топтарына, яғни әйелдерге қатысты жүргізіліп отырған мемлекеттің саясаты, олардың мүдделерін қорғау мақсатымен қабылдаған шаралары бізідің қоғамымыздың адамгершілігінің, оның өркениетінің көрсеткіші болып табылады. Қазақстан Республикасының өзін әлеуметтік мемлекет ретінде бекітуі оның әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарын анықтайды.
Қолданылған әдебиеттер
1 Қазақстан Республикасының 30 тамыз 1995 жылғы Конституциясы.

2 «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2004 ақпан №528-ІІ.



3 «Қазақстан Республикасындығы еңбек туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 10 желтоқсан №493-І. (2001 жылғы 6 желтоқсан №260-ІІ ҚРЗ, 2003 жылғы 25 қыркүйек №484-ІІ ҚРЗ, 2004 жылғы 23 желтоқсан №20 – ІІІ ҚРЗ енгізілген өзгертулер және толықтырулармен бірге).

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау