|
1. Статиканың негізгі ұғымдары. Механикалық қозғалыс, күш, күштер жүйесі, баламалы күштер жүйелері, тең әсерлі және теңгеретін күштер
|
бет | 14/22 | Дата | 27.12.2022 | өлшемі | 0,96 Mb. | | #40798 |
| 1. Статиканы негізгі ымдары. Механикалы оз алыс, к ш, к штежүйе шекті орын ауыстырғанда оның кинетикалық энергиясының өзгеруі, осы орын ауыстыруда жүйеге әсер ететін барлық сыртқы және ішкі күштердің жұмыстарының қосындысына тең.
17. Материалдар кедергісінің негізгі ұғымдары. Есептеу сұлбасы. Материалдар қасиеттерін ықшамдау.
Кез келген құрылғылар мен машиналардың әртүрлі қасиеттерінің ішіндегі ең маңыздыларына берітік пен қатаңдықты жатқызамыз. Беріктік дегеніміз қатты денелердің белгілі бір күштердің әсерінен бұзылмау қабілетін айтамыз. Қатаңдық дегеніміз қатты денелердің белгілі бір күштер әсерінен өзінің формасын сақтап, деформацияланбау қабілітін айтамыз. Сол себептен кез келген құрылғының беріктігі мен қатаңдығын сақтау үшін оларды сапалы материалдардан жасау керек және олардың белгілі өлшемдері болу қажет
Материалдар кедергісі- құрылғылардың және машиналардың беріктігі мен қатаңдығын зерттейтін ғылым болып табылады. Материалдар кедергісі статиканың заңдарана сүйенеді. Жалпы айтқанда материалдар кедергісі қатты денелердің деформациялануын зерттейді. Материалдар кедергісінің міндеті құрылғылардың типтік элементтерін есептеуінің қарапайым әдістерін беру болып табылады
Сол есептерді шешу есептеу сұлбасынан басталады Есептеу сұлбасы бұл обьектінің айтарлықтай емес факторларынан босатылған сипаттамасы.Бір обьект үшін бірнеше есептеу сұлбасын қолдануға болады, себебі есептеу сұлбасы обьект үшін талап қойылған нақтылыққа және құбылыстың қарастырылатын жағына тәуелді болып табылады. Кейде бір есептеу сұлбасына бірнеше обьектілер кертірілуі мүмкін.
Есептеу сұлбасын таңдау алдында материалдар қасиеттерін модельдеу қажет. Барлық материалдар біртекті орта ретінде қарастырылады, себебі бұл шексіз аз шамалар талдауының аппаратын қолдануға мүмкіндік береді. Біртекті ортаны шынайы материалдың қасиеттеріне ие болғызады.
Мысалы: бүкіл қатты денелердің анықталған серпімділік дәрежесі бар яғни денелердің формалары мен өлшемдерін өзгерткен күштерді алып тастаса олар бастапқы формасына келеді. Есептерде орта көбінесе абсолют серпімді болады. Егер абсолют серпімділіктен ауытқуы айтарлықтай көп болса, ортаны басқа қасиеттерге ие болғызады. Әдетте материалдар кедергісінде орта изотропты болып қарастырылады. Обьектінің геометриясы және күштер жүйесі қарапайымдалады .
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|