|
1. Статиканың негізгі ұғымдары. Механикалық қозғалыс, күш, күштер жүйесі, баламалы күштер жүйелері, тең әсерлі және теңгеретін күштерМатериалдардың қажуға беріктігі (төзімділігі) туралы ұғым. Қажуға беріктікке әсерін тигізетін факторлар
|
бет | 22/22 | Дата | 27.12.2022 | өлшемі | 0,96 Mb. | | #40798 |
| 1. Статиканы негізгі ымдары. Механикалы оз алыс, к ш, к ште30.Материалдардың қажуға беріктігі (төзімділігі) туралы ұғым. Қажуға беріктікке әсерін тигізетін факторлар.
Машиналар мен механизмдердің көптеген бөлшектері периодпен өзгеретін кернеулер жағдайында істейді және бұл өзгерістер уақыттың ағуымен өзгеретін де, өзгермейтін де жүктемеден туындауы мүмкін. Мысалы, вагон өсінің талшықтары қозғалыс кезінде біресе созылуда, біресе сығылуда болады. Айнымалы-қайталанбалы жүктемелер әсерінен сыну құбылысын қажып сыну, ал материалдың осындай жүктемелерге төтеп беру қабілетін қажуға беріктік немесе төзімділік деп атайды.
Қажуға сынаудың арасында ең кең таралғаны – симметриялы цикл кезіндегі таза иілуге сынау. Ол үшін диаметрі d = 7…10 ммбірдей үлгілер партиясын пайдаланады. Үлгілерді бірдей емес кернеулер денгейінде сынайды. Мысалы, бірінші оншақтысына 0,9σбер кернеуді түсіреді, келесілердікін азайтады (0,8σбер, 0,7σбер, т.т.). Сынаудың нәтижесінде N үлгі сынбай көтеретін циклдардың санын анықтайды. Алынған деректер бойынша Вёлердың қажу қисығы деп аталатын σmax= f(N) тәуелділігін графигін тұрғызады.Келесі материал болаттан жасалған үлгілерді сынау кезінде байқайтынымыз: егер кернеулердің берілген мәнінде үлгі 107циклді сынбай көтерсе, онда ол,циклдердің саны қаншалықты көп болса да, сынбайды (қажу сызыгы горизонталь асимптотасына жуықтайды). Осыған сәйкес σmax шамасын төзімділік шегі деп атайды да оны σR арқылы белгілейді, мұндағыR–сынау жүргізілген циклдің асимметрия еселігі. Аз көміртекті болаттар үшін σ-1=160…220 МПа.Түсті металдар мен кейбір легирленген болаттар үшін, егер үлгі циклдердің белгілі санын сынбай көтерсе, ол ары қарата да сынбай көтере береді деген циклдер саны жоқ. Бұл жағдайда σRтөзімділік шегі ретінде үлгі сынбай 108циклді көтеретін σmax шамасы қабылданады. Материалдың қажу сипаттамаларын табуға жеткілікті циклдер сыны сынау циклдерінің негізгі саны N0 деп аталады (болаттар үшін N0=107). Сонымен, төзімділік (қажу) шегі дегеніміз - сынау циклдерінің N0 негізгі санына жеткенше үлгінің сынбай төтеп бере алатын максималь кернеудің ең үлкен мәні. Материалда σR жалғыз емес, олардың жиынтығы болады. Осыған ұқсас жанама кернеулер әсер ететін жағдайға қатысты қажуға беріктік ұғымы енгізіледі.
Материалдарды қажуға беріктікке есептеу кезінде кернеулер циклінің түрін, материалдың статикалық және төзімділікке қатысты сипаттамаларын, материал бөлшектері өлшемдерінің, формасының және бетінің қалпын ескереді. Есептеу беріктік еселігін тексеру түрінде орындалады. Болжамды қауіпті қималардың әрқайсысы үшін n есептеу беріктік еселігін анықтап, оны қауіпсіз n мәнімен салыстырады.
Материалдардың беріктігі мен қажуына әсер ететін негізгі факторларды қарастырайық.
Біріншіден, Статикалық жүктеме ұзақтығы материалдын қажуына әсер етеді. Яғни,тұрақты жүктеме әсер еткен кезде уақыт өте келе кернеу және деформациясы өзгереді. Материалға және температураға байланысты бұл өзгерістер әртүрлі болуы мүмкін. Келесі бір фактор ол сығылу болып табылады.
Тұрақты жүктеме кезіндегі штаммның өзгерісі сығылу деп аталады. Одан кейінгі әсер серпімді және пластикалық болуы мүмкін. Серпімді әсерден кейін уақыт өткен сайын пайда болатын деформациялар біртіндеп азаяды және жүктеме жойылғаннан кейін жоғалады. Ал пластикалық әсер кезінде жүктемені алып тастағаннан кейін деформациялар аздап азаяды.Әр түрлі материалдардың сығылу қарсылығын салыстыру үшін сығу шегі деп аталатын сипаттама енгізіледі. Яғни, белгілі бір температурада қозғалатын штамм белгілі бір уақыт кезеңіндегі техникалық шарттармен анықталған мәнге жетеді. Ұзақ уақыт бойы жүктеме кезінде сығылу деформациясы құрылымның бұзылуына әкелуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|