1-ші гипермәтін: АҚш ақШ – тың «ndividual swith Disabilities Education Act»



жүктеу 38,08 Kb.
бет2/7
Дата13.02.2023
өлшемі38,08 Kb.
#41272
1   2   3   4   5   6   7
лек инк теор

2-ші гипермәтін: Ресей
Ресейде алғашқы инклюзивті білім беру мекемелері 1980 – 1990 жылдар шебінде пайда болды.
1991 жылдан бастап Ресейде «Мүмкіндігі шектеулі балаларды интеграциялау» жобасын іске асыру басталды. Жобаның нәтижесінде он бір аймақта мүмкіндігі шектеулі балаларды интеграциялап оқытудың экспериментальды алаңдары құрылды [2]. Бұл елде мүгедек балаларды оқытудың инклюзивті білім беруден басқа да нұсқалалары бар: арнайы мектептер мен интернаттар, коррекциялық мектептер, интернат-үйлер, үйден оқыту және қашықтықтан оқыту.
1992 жылдың күзінен бастап Ресейде «Денсаулық мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың ықпалдастығы» жобасының іске асуы басталды. Нәтижесінде 11 аймақта мүгедек балаларды біріктіре оқыту эксперименталды алаңдары құрылды.
2001 жылдың 31 қаңтарында денсаулық мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың бірлескен білім алу Концепциясы қабылданды. Денсаулық мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс істеуге педагогтарды дайындау мақсатында РФ Білім министрлігінің алқасы 1996 жылдың 1 қыркүйегінен бастап педагогикалық ЖООдың оқу жоспарларына «Арнайы (түзету) педагогикасы» мен «Денсаулық мүмкіндігі шектеулі балалар психологиясының ерекшеліктері» курстарын енгізу жайлы шешім қабылдады.
2008 – 2009 жылдары инклюзивті білім беру үлгісі эксперимент ретінде Федерацияның бірқатар субъектілерінде әр түрлі типті білім беру мекемелеріне енгізіледі. Мәскеуде инклюзивті оқыту бағдарламасы бойынша 47 мектеп жұмыс істейді.
Қазіргі уақытта Ресейде денсаулық мүмкіндігі шектеулі балалар үшін білім беру қызметтер нарығы тым шектеулі, арнайы (түзету) білім беру мекемелері оқытудың дәстүрлі формалары болып қалып келеді. Заңнамалық негізде және әлеуметтік қолдау жүйесінде анық кемшіліктер бар.
Ресейде әлі күнге дейін балалар дамуындағы ауытқушылықтарды ерте кезеңде анықтау бірыңғай жүйесі және ерте түзету-педагогикалыққолдау құрылмаған, ал шын мәнінде сапалы мектепке дейінгі түзету педагогикалыққолдаудан өткен балалардың жартысы білім алудағы шығыны көп арнайы (түзету) мектептері мен сыныптарында емес, жалпы білім беретін мектептерде оқи алады.
Мүгедек балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі қиындықтардың елеулі бөлігі түзету педагогтары (педагог-дефектолог), психологтар, тәрбиелеушілер мен әлеуметтік педагогтар сияқты білікті кадрлардыңқатты жетіспеуімен, олардың дайындық деңгейінің жетіспеушілігімен байланысты, көптеген мектеп директорлары мен мұғалімдері мүгедектік мәселесі жайлы көп біле бермейді және мүмкіндігі шектеулі балаларды қарапайым сыныптардағы оқу үрдісіне қосуға дайын емес.
Мүгедек балалардың драма, би үйірмелері, спорт секциялары және т.б. қатысу мүмкіндіктері жоқтыңқасы, бұл олардыңқоғамға одан ары қарай бірігуін қиындатады. Одан басқа инклюзивті білімге мектептердегі қажетті материалдық-техникалыққамсызданудың жоқтығы кедергі, сондай-ақ мүгедек балаларға білім беру, денсаулық сақтау мекемелері, тұрғын үйлер мен көлікке, спорт және мәдениет мекемелеріне жетудіңөзі қиыншылық тудырады, бұл оларды қоғамнан мүлде ажыратады десе де болады.
Бүгінгі таңда РФ аумағында инклюзивті білім беру РФ Конституциясы, «Білім туралы», «РФ мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» федерациялық заңдары, сондай-ақ Еуропалық адам құқықтары мен негізгі еркіндіктерін қорғау туралы конвенцияның №1 баяндамасы мен бала құқықтары туралы Конвенциямен реттеледі.
2010 жылдың 28 сәуірінде Мәскеу қаласында «Мәскеу қаласындағы мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың білім алуы туралы» заңы қабылданды, ол денсаулық мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу, қоғамға бейімделу және бірігу қажеттілігін мейлінше толық қанағаттандыру -ына бағытталған.
2012 жылы Ресейде «Мүгедектердің құқықтары туралы Конвенцияны бекіту туралы» Федералдық заңына қол қойылды.

жүктеу 38,08 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау