6-шы гипермәтін: Ұлыбритания
1980-1990- жылдары Батыста мүгедектіктің табиғатын қоғамдық түсіндірудегі және соған сәйкес мүгедектерді толық экономикалық және әлеуметтік интеграциялаудың кепілдігі үшін қажет тәсілдер, шаралар мен қызмет түрлерін түсіндіруде трансформация жүзеге асырылды. Осы трансформацияның ортасында мүгедектердің өздері басқаратын және бақылайтын ұйымдардың санының өсуі болды.
Ұлыбритания инклюзия тәжірибесін таратудың заңнамалық базасын қамтамасыз ету жолымен жүріп келеді. Алғаш рет «арнайы білім беру қажеттіліктер» ұғымы елдің білім беру жүйесіне қатысты 1978 жылы арнайы комитеттің баяндамасында құрастырылды, онда оқушылардың арнайы білім алу қажеттіліктерін анықтау бойынша нақты процедура көрсетілді, мұндай ерекше қажеттіліктерді қамтамасыз ету жауапкершілігі білім берудің жергілікті басқармасына жүктелді, жалпы мектептің қосымша көмек арқылы осы арнайы білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыра алатыны көрсетілді. Көрсетілген идеялар 1981 жылы ерекше білім алу қажеттіліктері және мүгедектігі бар адамдарға білім беру туралы британдық заңды құрастырудың және қабылдаудың негізіне айналды.
Ұлыбританияда білім туралы Актінің қабылдануы (1981) жергілікті басқару органдарының арнайы мектептерді жабу және дамуында ауытқуы бар барлық балаларды жалпы білім беретін мектепке интеграциялау туралы бастамасына әкелді.
1981 жылдан бастап мемлекеттік саясат интеграцияға бағытталған. Арнайы білім беру қажеттіліктерін мамандар тобы анықтайтын болды: педагогтар, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер. Мұндай үлгі балаға бейресми түрде қатынас жасауға және реабилитациялық іс-шаралар жүйесін баланың өмір сүруінің сыртқы жағдайымен, оның ортасымен біршама дәрежеде арақатынаста болуына мүмкіндік береді. Сондықтан, білім беру саласындағы аталған заңның білім беру жүйесін мүгедектікті түсіндірудің медициналық моделінен әлеуметтік модельге әкелуін анықтауға болады.
Арнайы білім беру қажеттіліктерін ресми анықтау мен бағалау механизмі мен процедурасының әрі қарай дамуы, «Кодекс практики» (1994) арнайы құжатында өзінің жалғасын тапты. Кодекс заңнамалық талап болып саналмайды, бірақ арнайы білім беру қажеттіліктерін қамтамасыз ету саласында, заңнаманы жүргізуге жауапты мектептерден, жергілікті білім беру басқармасынан, білім беру сервистері мен агенттіктерден, оны сөзсіз орындау талап етіледі. Арнайы білім беру қажеттіліктері саласында заңнаманың орындаулын қамтамасыз ету үшін, арнайы тәуелсіз соттар құрылды. Олар арнайы білім беру қажеттіліктерінің мазмұны және анықталу процедурасы бойынша, ата-аналар мен жергілікті білім беру басқармасы арасындағы кикілжіңді мәселелерді қарастырады.
Британияда 2001 жылы ерекше білім беру қажеттіліктері мен мүгедектігі бар адамдарға білім беру туралы заңның қабылдануы, инклюзивті білім беру идеясы мен тәжірибесінің логикалық жалғасына айналды. Заң арнайы білім алу қажеттіліктері бар балалардың жалпы мектепте білім алу құқығын қамтамасыз етуді күшейтті, жергілікті білім беру басқармасының ата-аналармен өзара әрекеттегі жаңа міндеттемлерін енгізді. Заң арнайы соттарда істің қаралу уақытын реттеді, жаңа тәжірибе Кодексін енгізді, онда алдыңғы Кодекстің ережелері жеке оқу жоспарларымен жұмыс бойынша толықтырылды, сонымен бірге ата-аналар мен балалардың арнайы білім беру қажеттіліктерді қамтамасыз ету бойынша шешім қабылдау процедурасын анықтады. Маңызды өзгерістер ретінде, 16 жастан асқан балалармен жұмыс тәжірибесінің кодексін ендіру, Британдық заңнаманың арнайы білім беру қажеттіліктерін анықтау бойынша өңделген инструментарийді қабылдауы алынды.
Ұлыбританиядағы интеграция моделін лайықты үлгі деп атауға болады, оның барысында мамандар тоғыз айлықтан бастап, барлық балалармен жүйелі сабақ өткізуге кіріседі, онда дәл диагнозды анықтауға ұмтылмайды, балалардың әлеуетті мүмкіндіктерін барынша дамытуға ұмтылады. Мектепке дейінгі және кіші мектеп жасында интеграция өте ауқымды, бірақ бұл оқыту жүйесінің спецификалық бағыттылығымен түсіндіріледі.
5 жастан 11 жасқа дейінгі жас кезеңі, дайындық мектебіне сәйкес келеді. Осы кезеңде оқытудың әдістері мен мазмұны, біздің мектепке дейінгі білім беруге өте ұқсас. Сыныпта басқа балалармен оқи отырып, әрбір «интеграцияланған бала» өзінің мұғалімі, өзінің жеке бағдарламасы болады. «Ерекше баланы» дамытудың перспективасы мұқият жоспарланады, бұл үдеріске мектептің барлық педагогтары, әдіскер, тьюторлар мен ата-аналар енгізіледі.
Инклюзивті білім беру бойынша Ұлыбританияның заңнамасы, арнайы білім беру жүйесін теріске шығармайды және өзінің жаппай сипаты болмайды. Ғалымдардың бақылауы бойынша, мүмкіндігі шектеулі балаларға қатысты әлемдік және ағылшындық саясат, қазір жедел өзгерістер уақытын бастан өткеруде. Англия инклюзивті білім берудің теориясы мен тәжірибесіне қатысты ұзақ және қиын жолдан өтті және өтіп келеді. Елде осы саладағы саясат пен тәжірибені анықтайтын және реттейтін көптеген заңнамалық актілер мен басқа құжаттар бар.
Қазіргі кезде осы саясаттың ортасында білім министрлігі 2004 жылы құрастырған «Каждый ребенок важен» («Әрбір бала маңызды») құжат алынады. Бұл бағдарлама 2020 жылға қарай балалар арасындағы кедейшілікті жоюға қабілетті және әрбір балаға толығымен өзінің әлеуетін ашуға мүмкіндік беретін алдын алу мен көмек түріндегі іс-шараларға бағытталған. Оның басты назарында – «әлеуметтік эксклюзияға» қарсы күрес. Бұл бағдарламаның барлық балалар үшін бес маңызды нәтижесі мыналар:
- денсаулық;
- қауіпсіздік;
- өзін-өзі маңызды ету;
- өзінің тұлғалық әлеуетін жүзеге асыру;
- қоғамның пайдалы мүшесі болу шеберлігі және экономикалық әл-ауқат.
Кейде, авторлар көрсеткендей, ЕСМ америкалық «Ешбір бала заңнан тыс қалмайды» актісімен салыстырады. Алайда олардың арасындағы маңызды біршама айырмашылық бар: NCLB - білім беру стандарттарын сақтауға бағытталған, ал ЕСМ – балаларға деген біртұтас тұғырға бағытталған.
ЕСМ бірге мүмкіндігі шектеулі балаларға қатынаста саясаттағы өзгерістерді, Англияда қайырымдылық ұйымдары, ата-аналар бірлестіктері және мамандар кең қолдайды. Ғалымдар ЕСМ сынайды, атап айтсақ, оны өзін-өзі маңызды ету және өзінің тұлғалық әлеуетін жүзеге асыру, экономикалық әл-ауқат және қауымдастық өміріне позитивті үлес сияқты критерийлердің үйлесімі үшін сынайды. Бірақ, дамуында ерекшелігі бар
үйлесімділігіне жауап беруге қабілетті, бұл көпшілік осындай адамдарды қалыптасқан стандарттарға сәйкес келмейтін адамдар ретінде өмірден тысқары шығарып тастайды. Сонымен бірге, даму үдерісінің стандартизациясы, сатылардың әмбебап бірізділігін бағалауға бағдарлану, «қалыпты» және «қалыпты емес» идеясына алып келеді. Олардың пікірінше, бұл басымдылық аса кең әлеуметтік-мәдени және экономикалық факторларды теріске шығарады.
Достарыңызбен бөлісу: |