1-ші гипермәтін: АҚш ақШ – тың «ndividual swith Disabilities Education Act»



жүктеу 38,08 Kb.
бет7/7
Дата13.02.2023
өлшемі38,08 Kb.
#41272
1   2   3   4   5   6   7
лек инк теор

Тақырыбы: Инклюзивті білім берудің тарихы, халықаралық тәжірибесі

Жоспары:


  1. Инклюзивті білім берудің даму тарихы.

  2. Инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірибесі. 

  3. Инклюзивті процестің теориялық-метологиялық негіздері.

  4. Инклюзияның компоненттері, критерийлері мен көрсеткіштері.

Инклюзивті оқыту- барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында мектеп және мектепке өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту-оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді. Адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту-барлық балалардың мұқтаждығын ескеретін ерекше қажеттілігі бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы.


Инклюзивті білім беру балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдйын да өзгереді. Инклюзивті білім беруді ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіндік алады. Инклюзивті оқыту балаларды жалпы білім беру үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімделуге, жынысына, шығу тегіне, дініне қарамай балаларды айыратын кедергілерді жоюға ата-аналарын белсенділікке шақыруға балалардың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді саясат.
Инклюзивті білім беру – ерекше мұқтаждықтары бар балаларды жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті оқыту-даму мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыпты дамыған балалармен бірге әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы жеңілдетілген оқыту жүйесі.
Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасын қамтамасыз ету, сонымен қатар оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастырудың идеологиясы жатыр. Тәжірибе көрсеткендей қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалып жатады. Мұндай қалыптасқан жүйе баланың даралық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкншілігін қалыптастырады.
«Тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма? Біздің қазақтың жүректі кісі дегені – батыр кісі дегені. Онан басқа жүректің қасиеттерін анықтап біле алмайды. Рақымдылық, мейірбандылық, әртүрлі істе адам баласын өз бауырым деп, езіне ойлағандай оларға да болса игі еді демек, бұлар – жүрек ісі» А. Құнанбаев
Қазіргі таңда дүниежүзінің назарын аударып отырған мәселе ол — балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның және отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру болып табылады.Яғни, инклюзивті білім беру-ол баршаның сапалы білімге қол жетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған білім беру жүйесін тарату процестерінің бірі болып табылады.
Инклюзивті білім беру балалардың әр түрлі дене, психикалық, зияткерлік, мәдени- этникалық, тілдік және өзге де ерекшеліктеріне қарамастан, сапалы білім беру ортасына айрықша білім алу қажеттіліктері бар балаларды қосуды, барлық кедергілерді жоюды, олардың сапалы білім алуы үшін және олардың әлеуметтік бейімделуін, социумге кірігуін көздейтін оқыту түрі. Француз тілінен аударғанда «Инклюзив» сөзі-өзімді қосқанда ал, латын тілінен аударғанда -қосамын деген мағынаны білдіреді [1].
Н. В. Борисова, С. А. Прушинский және М. Перфильева инклюзивті білім берудің негізгі ұғым түсініктерін қарастырушы ғалымдар болып табылады. Осы ғалымдадың редакциялауымен жарық көрген «Инклюзивное образование: ключевые понятие» оқу құралында ең негізгі ғылыми аппаратқа тоқтала отырып, ұғым түсініктердің мәнін ашты.
20 ғасырдың 70-ші жылдарынан бастап шетелде мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған нормативті актілер пакетін әзірлеу және енгізу жүргізілуде, мүгедек балалардың ата-аналарыныңөздігінен ұйымдасу мәселелері, ересек мүгедектер мен олардыңқұқықтарын қорғаушылардыңәлеуметтік белсенділігі мәселелеріне арналған және инклюзивті білім беру идеясын дәріптеуге септігін тигізетін зерттеулер жүргізіліп, басылымдар жарық көруде. Мемлекеттік, муниципалдық мектептер қажеттіліктері айрықша балалар үшін бюджеттік қаржыландыруға ие болып, сәйкесінше, ресми түрде мүгедектер етіп тіркелген оқушылар санын арттыруға мүдделі.
Инклюзивті оқыту жайлы ережелер 2006 жылдың 13 желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясымен мақұлданған «Мүгедектердіңқұқықтары туралы» БҰҰ Конвенциясына енгізілген.
Инклюзивті білім беруді дамыту ең алғаш АҚШ, Ұлыбритания, Дания, Испания, Финляндия, Германия, Италия және Австралия елдерінде білім беру саясатының жетекші бағдарына айналды. Жоғарыда аталған елдерде балалардың дамуы мен әлеуметтік бейімделуі үшін тиісті психологиялық-педагогикалық жағдай жасалған жалпы білім беру ұйымдарында психикалық және дене бұзылыстары бар, дамуында артта қалушылығы бар балалар қалыпты дамыған құрдастарымен бірге табысты білім алуда.
Әр елдің тәжірибелерін қарастыра отырып,біздің көретініміз шет елдерде инклюзивті білім беру мәселесі біздің елге қарағанда едәуір жолға қойылған. Бұл елдерде инклюзивті білім беру XX ғасырдың 70 жылдарынан басталған, ал біздің елде екінші мыңжылдықтың басында қолға алына бастады. Европа елерін алатын болсақ, инклюзивті білім беру көптеген мәселелерді шешкен. Бұл елдерде мүгедек балаларға жалпы білім беретін мектептерде қосымша көмек жолдары ұсынылған. Біздің елімізде мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беру ортасына қарай бейімдеу 2002 жылдан басталды.
Сол жылы Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғаш рет «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медика-педагогикалық тұрғыдан қолдау» туралы заңды қабылдады. Осы заң аясында балаларға ерте бастан білім беру мәселесіне мән берілген. Оларды білім беру, әлеуметтік, медициналық тұрғыда қамтамасыз ету қарастырылған. Халықаралық тәжірибелерді жан жақты қарастыра отырып,оларды толық зерттеп, еліміздің даму стратегиясын, экономикасын, білім беру жүйесін, әлеуметтік саясатын, қоғам қажеттілігін, тіпті еліміздің менталитетін ескере отырып, тәжірибелерді осы ескерулерге сай өзгертулер мен толықтырулар енгіп жүзеге асыру қажеттілігі туындап отыр.
Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады.
Инклюзивті білім беру немесе «білім баршаға» бағдарламасы - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның Конвециясына 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілді.
Қазіргі заманғы зерттеушілер, инклюзивті білім беру тәжірибесін қамтамасыз ету саласында, аса жетілдірілген заңнамасы бар елдердің арасында келесі елдерді атауға болады: Канада, Кипр, Дания, Исландия, Үндістен, Мальта, Нидерланды, Норвегия, ОАР, Испания, Швеция, Уганда, АҚШ, Ұлыбритания. Италияда заңнама енгізілген оқытуды 1970 жылдан бастап қолдайды. Мұнда ең түбегейлі және жедел өзгерістер әлемнің ең кедей елдерінде байқалады: Уганда, Лесото, Вьетнам, Лаос, Иордания, Палестина, Марокко, Египет, Йемен. Бұл динамика көп жағдайда жоғарыда аталған елдерде ЮНЕСКО бағдарламасының тиімді жүзеге асырылуымен түсіндіріледі.
Бірқатар елдерде баланың жалпы мектепте білім алуын қамтитын инклюзивті оқыту үрдісі басым болады (Ұлыбритания, Италия, Канада, АҚШ, Норвегия, Австралия), ал кейбір елдерде баланың білімді арнайы мектепте немесе орта мектептің коррекциялық арнайы сыныбында алатын, бірақ сабақтан тыс уақытын дені сау балалармен өткізетін интеграция басым болады (Франция, Германия, Голландия, Финляндия, Бельгия). Әртүрлі елдер интеграцияға басқалардан айрықшаланатын, үлкен қиындықтары бар, оның пайдасы, нәтижелілігі және нормативті-құқықтық қамтамасыз етуінің құрастырылуы туралы пікірталастан кейін өз жодарымен келді. Білім берудегі интеграция құбылысы әлеуметтік-педагогикалық феномен ретінде, АҚШ және Батыс Еуропада 1970-жылдардың аясында қалыптасты. Алайда, әлеуметтік, нәсілдік, діни және басқа белгілері бойынша айрықшаланатын адамдарды бірлесіп оқыту үрдісінің пайда болуының алғышарттары, өзінің түп-тамырын соғыстан кейінгі жылдары қалыптасқан әлеуметтік жағдайдан алады. Күйреу, адамдар ресурсын аяусыз қырып-жою, қоғам мен оның мүшелерінің азаматтардан өзіндік сипаттамасымен айрықшаланатын адамға деген қатынасты қайта мағыналауға ықпал етті. Адамзат өмірі мен тұлғаның маңыздылығын саналы ұғынып, қоғам мүмкіндігі шектеулі балаларға деген қамқорлықты көрсете бастады.
Батыс Еуропадаға дискриминацияға қарсы саясатты жүргізу нәтижесінде, жалпы білім беретін мектепке әртүрлі бұзылуы бар балалардың көпшілік санын шынайы интеграциялау жүзеге асырылды. АҚШ және Батыс Еуропадағы интеграцияның дамуы, бұл үдерісті осы кезде реттейтін заңнамалық базамен қолдау табады. Соған сәйкес заңдар Бельгияда (1970), Ұлыбританияда (1981), Германияда (1973); Грецияда (1985), Данияда (1969), Италияда (1971,1975), Швецияда (1994) қабылданды. Осындай заңнамалық актілердегі бірыңғайлық осы кезге дейін жоқ.
Инклюзивті білім беруді дамыту қағидаттары:
- инклюзивті білім берудің жүйелілігі мен үздіксіздігі;
- ерекше оқытуды қажет ететін балаларды уақытылы (ерте жастан) анықтауды қамтамасыз ету және алдын алу, педагогикалық-түзету шараларын деркезінде қолдану;
- білім беру модельдерінің бейімділігі және әр оқушының ерекшеліктеріне, қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне сәйкес оны жеке оқыту мен дамыту;
- еріктілік және ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалардың жеке бейімділіктері мен ерекшеліктерін ескере отырып білім беру ұйымдарын таңдау құқығы;
- білім беру ортасының ерекше оқытуды қажет ететін барлық тұлғалар және олардың ата-аналары үшін қолжетімділігі, ашықтығы;
- кешенді медициналық, әлеуметтік және білім беру қызметтерінің үйлесімділігі мен түрлі ведомстволар, әлеуметтік институттар, қоғамдық және ата-аналар ұйымдарының өзара іс-қимылы арқылы кешенді ықпал және әлеуметтік серіктестік, тәртіпаралық өзара әрекет;
- мүгедектік немесе басқа да даму ерекшеліктері «тасымалдаушы проблема» болып қарастырылмайтын адамның шектеулі мүмкіндіктеріне әлеуметтік ықпал;
- денсаулығы мен әлеуетті мүмкіндігіне сүйене отырып, тұлғалардың даму проблемаларынан арылуды қарастыратын инклюзивті білім берудің түзетедамытушылық және әлеуметтік-бейімдеушілік бағыттылығы.
Инклюзивті білім беру саясатының міндеттері мынадай:
· Әрбір бала білім алуға құқылы және оны алуға тиіс.
· Әрбір баланың дара қабілеттері, қызығушылықтары, қажеттіліктері және оқуға деген мұқтаждықтары болады.
· Білім беру жүйесіне оң өзғерістер, яғни осы мұқтаждықтарды қанағаттандыру мақсатына орай өзгерту.
Осыған орай, инклюзивті білім берудің негізгі 8 принципі туындайды.
1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.
2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
3. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы.
4. Барлық адам бір-біріне қажет.
5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.
6. Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
7.Әрбір оқушы үшін жетістік кежетуөзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.
8. Жан- жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.
Инклюзивті бағыт кемтар балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады.
Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында «Балалардың мектепке дейінгі сапалы тәрбие және оқытумен толық қамтылуын, олардың мектепке даярлауға арналған әрқилы мектепке дейігнгі тәрбие және оқыту «инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіруін » қамтамасыз ету көзделген. Қазіргі уақытта дамуында ақауы бар балалар саны артып отыр.Оларды оқыту кеңейіп , түзетіп қолдау технологиялары жетілдіруде . Инклюзивті білім беру ерекше балаға білім беру саясатының бір түрі болып табылады. 2020 жылға дейін инклюзивтік білім беру мен мүмкіндігі шектеулі балалардың 50 пайызын қамту көзделсе, инклюзивті білімге жағдай жасаған мектеп үлесі 70-ға жету керек.
Білім берудің бұл түрінде мүмкіндігі шектеулі баланың өз-өзіне сенімі артады, ол маңайындағылар тарапынан өзіне қолдау бар екенін сезінеді,бұл баланың өзін –өзі бағалай білуіне, қоршаған ортасына сүйіспеншілікпен қарауына , өзін қоғамның толыққанды мүшесі сезуіне жол ашады, осы сенімділіктерін дамыта түсуде әлеуметтік педагогтың ролі зор.Оқытудың бұл түрі арқылы мүмкіндігі шектеулі бала өз қабілетіне сай , ата- анасынан алшақтамай , яғни арнайы мектеп – интернаттарда тұрып оқуға мәжбүр болмай , тұрғылықты жерде білім алып, қоғам біте қайнасып, әлеуметтік жағынан бейімделеді. Ата –анасы да баласының дамуы мен тәрбиесіне белсене қатысып , жеткіншек алдында жауапкершіліктері артады.
Сонымен қорыта айтқанда, инклюзивті оқыту- оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті білім беру - барлық балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтәк бейімдеуге, жынысына , шығу тегіне, дініне , жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергіліерді жоюға , ата –аналарын белсенділікке шақыруға , баланың түзету – педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау , қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне және білімдік қажеттіліктерінек бейімделуіне жағдай қалыптастыру , яғни , жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясаты.
Мемлекеттік, муниципалдық мектептер қажеттіліктері айрықша балалар үшін бюджеттік қаржыландыруға ие болып, сәйкесінше, ресми түрде мүгедектер етіп тіркелген оқушылар санын арттыруға мүдделі.


Пайдаланған әдебиеттер:
1.«Инклюзивное образование: построение и организация инклюзивного образовательного пространства»
І часть Е.В. Шестакова, Т.В. Сорокина. Ақтөбе 2011
2. Жалмухамедова А.К., Халыкова Б.С. Раннее развитие детей с ограниченными возможностями. Алматы 2012
3.Коррекционная педагогика: методика обучения и воспитания детей с нарушением развития № 1, 2013
4.Научно-практический журнал «Специальное образование в Казахстане» №2,2012
жүктеу 38,08 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау