1-ші гипермәтін: АҚш ақШ – тың «ndividual swith Disabilities Education Act»



жүктеу 38,08 Kb.
бет3/7
Дата13.02.2023
өлшемі38,08 Kb.
#41272
1   2   3   4   5   6   7
лек инк теор

3-ші гипермәтін: Хорватия
Хорватия Республикасының заңнамасы 20 жылдан бері дамуында ауытқушылығы бар балалардыңқарапайым мектептерде оқытуға бірігу үрдісін дамытуға септігін тигізіп келеді, ең алдымен, бұл – 1991 жылғы Білім беру туралы заң мен 1992 жылғы Орта білім беру туралы заң. Білім берудегі ықпалдастық одан да кең әлеуметтік ықпалдастықтың бөлігі ретінде қарастырады.
Хорватиядағы ықпалдастықтыңөзіндік ерекшелігі мүмкіндігі шектеулі тұлғаның арнайы қажеттіліктерін қамтамасыз ету жауапкершілігі барлыққоғамға, соның ішінде әрбір индивид өз мүмкіндіктерін іске асырып, өзінің толық дамуын ала алатын орта болып есептелетін жергілікті қоғамның мойнына жүктеле алатындығында.
Дамуында ауытқушылығы бар балалар балабақшаға түсуде басымдыққа ие, олар бұқаралық балабақшада не қарапайым бағдарлама бойынша, не қосымша оңалту бағдарламасы бар бейімделген болмаса арнайы бағдарлама бойынша білім алады. Мемлекет қосымша білім беру бағдарламасын өтейді.
Хорватияда бастауыш білім (1-8 сыныптар) бала мүмкіндіктеріне қарамастан міндетті әрі тегін.Білім алудағы қажеттіліктері айрықша балалар білім алуға және ондағы көмекке конституциялық тұрғыда құқылы.
Білім алушының дамуындағы ауытқушылықтың күрделілігіне байланысты бұқаралық мектеп білім берудегі ықпалдастықтың түрлі үлгілерін ұсынады: толық және жартылай. Басымдылық толықүлгілі ықпалдастыққа беріледі – ауытқушылығы бар оқушылар қарапайым сыныпта оқиды. Онда осындай үш оқушының кірістірілуіне жол беріледі және мұндайда сыныптағы оқушылар саны 25-тен аспауы керек. Аталмыш ықпалдастықүлгісінде дамуында ауытқушылығы бар оқушылар жалпы немесе бейімделген бағдарлама бойынша оқытылады.
Алғашқы төрт сыныпта дамуында ауытқушылығы бар оқушылар қайта оқуға қала алмайды да, бір сыныптан келісісіне көшеді, онда олар жекелей оқу бағдарламалары (олар қарапайым бағдарлама бойынша оқи алмаса) бойынша білім алуын жалғастырады. Бесіншіден бастап, сегізінші сыныпқа дейін арнайы білім беру мамандары (дефектологтар) және балаларды оқытатын мұғалімдер бала бұқаралық мектептің жекелей оқу бағдарламасын игермеді деп есептесе, мұндай оқушылар қайта оқытуға қала алады.
Сегізінші сыныпты бітіргенде бір қанағатанарлық емес бағаға ие бола тұра, оқушы осы сыныпта қайта қалып немесе үшінші деңгейге өте алады. Егер бала бұқаралық бағдарламаны игермесе, онда оған ықпалдастықтың жартылай үлгісін ұсына алады, онда негізгі пәндер бойынша оқыту бейімделген бағдарламалар бойынша арнайы сыныпта, ал сурет, музыка, дене шынықтыру сияқты жалпы пәндер қарапайым сыныпта өткізіледі.
Айқын білінетін ауытқушылығы бар оқушылар үшін де толық және жартылай ықпалдастық түрлері ұсынылады.
Тағы бір үлгі бойынша барлық оқу үрдісі бұқаралық мектепте 5-10 оқушыдан тұратын арнайы топтарда (сыныптар) ұйымдасқан ұзартылған мектеп сағаттарымен өткізілетінді. Ақыл-ойы кемтарлығы бар оқушылар, аутизмге шалдыққан, қиын ауытқушылыққа ие балалар мектепте 21 жасқа дейін оқи алады. Бұл балаларға қатысты қатаң оқу жоспарлары, тұрақтанған оқу бағдарламасы бар сыныптар болмайды. Олар үшін бейімделген бағдарламалар әзірленеді. Жоғарыда аталған ықпалдастықүлгілерінің барлығы дамуында ауытқушылығы бар оқушыларға мүмкіндік болған сәтте бір оқыту үлгісінен екіншісіне еркін көшу мүмкіндігін ұсынады.
Заңға сәйкес үйі мен мектебінің арақашықтығына қарамастан дамуында ауытқушылығы бар оқушылардың барлығына көліктік тасымалдау қамтамасыз етіледі, білім алушының жағдайына байланысты қосымша қызметкерлер мен көмек бөлініп, әрбір мектепте логопед, психолог, дефектолог болуы керек. Мүмкіндігі шектеулі оқушылармен жұмыс істейтін мұғалімдер жалақысына үстеме алады.
Хорватияда балалар стационарда және үйде оқуға құқылы. Үйдегі оқытуға оқу жоспарының 50% бөлініп, төленеді. Ауруханада сыныптар құрылады.
Хорватияда орта білім міндетті емес, бұл оқудағы қажеттіліктері айрықша оқушыларға да қатысты. Конституцияға сәйкес (1990) орта білім, жоғары білім сияқты, барлық білім алушыларға олардыңқабілеттеріне сай тең дәрежеде қол жетімді. Заңда қажеттіліктері айрықша оқушылардың орта мектепке тура түсу мүмкіндігі бары көрсетілген (яғни түсу емтихандарын тапсырмастан, тек ата-анасыныңөтінішімен).
Орта мектепте де жалпы, бейімделген және арнайы бағдарламалар (ақыл-ой кемтарлығы бар балалар үшін жекелей бағдарлама) жүзеге асады. Орта мектеп тегін болып есептеледі. Оқу мерзімі 3 немесе 4 жыл.
Заңға сәйкес мұндай мектептердің мұғалімдеріне қосымша төлем жүргізіледі. Әдетте, әрбір бұқаралық мектептің жалпы білім беру үрдісіне түрлі қажеттіліктері бар балаларды кірістіруде басымдылықтары бар.
Дамуында біршама күрделі ауытқушылықтары бар оқушылар арнайы мекемелерде білім алады. Мұндай ұйымдар тізімін, бағдарламалар, шарттар, құралдар мен арнайы мекемеге алыну ережелерін Білім министрлігі әзірлейді. Мұндай арнайы мекемелер қазіргі уақытта Орталықтар деп аталады.
Егер балаға жалпы мектепте оқу қиындық тудырса, оның Орталыққа қайтып келіп, өз оқуын арнайы жағдайларда жалғастыру мүмкіндігі бар.
Хорватияның жалпы білім беретін мектептерінде қажеттіліктері айрықша оқушылар 4 және 8-сыныпта тапсыратын ұлттық емтихандар ұйымдастырушылық ерекшеліктерге ие. Әсіресе қалпына келу үрдісі әлі де қарқынды жүріп жатқан 4-сынып оқушыларының емтихандарын бейімдеу түрі мұқият анықталады. Қажеттіліктері айрықша оқушылардың білім алу түрлері мен бағдарламаларының кең шоғыры оларды бағалаудың да түрлілігін талап етеді, яғни Хорватияда біртіндеп енгізіліп жүрген ұлттық емтихандардың алуан түрлері мен санаттары соның дәлелі.
Мүмкіндігі шектеулі мектеп түлектері жооға түсуде басымдыққа ие. Олар өту балынан төмен көрсеткіш жинаса да, факультетке қабылдана алады. Мемлекет мұндай студенттің оқуын төлейді. Мүгедектер қабылданбайтын факультеттер де болады.
Осылайша, Хорватияда дамып жатқан ықпалдастықүрдістері салмақты заңнамалық негізге ие және әлі де бірқатар кемшіліктері болса да, жанұялар мен балаларға мейлінше ыңғайлы білім алу формасын таңдау мүмкіндігін ұсынады.


жүктеу 38,08 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау