Әдебиет: Негізгі 1; 2; 3
№5 Дәріс тақырыбы: Плагиаттық және одан сақтанудың жолдары
Сағат саны: 1 сағ.
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1.Плагиаттық туралы түсінік, плагиаттықтан сақтану жолдары.
2.Плагикат және авторлық құқық
3.Сілтеме және сілтеме берудің жолдары
4.Ғылыми плагиат үшін заңды жауапкершілік
Дәріс тезисі
Компьютер сауаттылығымен қатар, ғаламтордың дамуы адами белсендiлiктiң әртүрлi салаларында плагиаттың енуiне мүмкiндiк туғызады: плагиат бiлiмде өткiр мәселе болып, өнеркәсiп және ғылыми қоғамдастықта да өршіп тұр.
Плагиат (лат. plaqіo – ұрлау, ұрлық) – басқа aвтордың әдеби немесе ғылыми туындысын иемдену, шығарма үзінділерін өз еңбегінде авторын көрсетпей пайдалану. Бөтен шығарманы немесе оның бір бөлігін түпнұсқасын атамай, өз атынан жариялағанда, із жасыру үшін түрлі әдістер қолдану да кездеседі. Мысалы, мәтінге кейбір өзгертулер енгізу, басқа сөзбен алмастыру, т.б. Мұндай өзгертулер көп болса, плагиатты дәлелдеу оңайға түспейді, арнайы салыстырып тексеруді қажет етеді. Плагиаттық жасап, басқа біреудің шығармасын иемденіп, еңбегін пайдаланған адам авторлық құқықты бұзғаны үшін заң алдында жауапқа тартылады.
Авторлық ұрлық мүмкiн – құқықтық заңнаманы және патент заңнамасын бұзу болсын тиісті сапада заңдық жауапкершiлiкке әкеп соқтыруы ықтимал. Басқа жағынан, плагиат мына салаларда жиірек болып келеді. Мысалы, зияткерлiк меншiктiң өнімдерінің қандай да болмасын түрінде, математикада және басқа iргелi ғылыми пәндерде кездесіп жатады. Ең жиi ұрлық бөтен шығарманы өз есiмімен жариялауда байқалады немесе бөтен идеяларды, сондай-ақ бөтен шығармалардың фрагменттерiн жөн-жобасыз алып, оның пайдаланған көзін көрсетпеу. Ұрлықтың белгiсi авторлықты иемденуi болып табылады. Өйткенi пайдаланудың дұрыс емес жарияланымы, көшіруі т.б. шығармалар авторлық құқықпен қорғалатын, өзі ұрлық емес болып көрiнедi, оны ұрлық емес, авторлық құқыққа жасалған қарақшылық деп көрсетсек болады.
Бекіту сұрақтары:
Плагиат дегенді қалай түсінесің?
Авторлық құқыққа жасалған қарақшылықты тарқатып айт?
Патент заңнамасын бұзу дегенді қалай түсінесің?
Плагиатты шартты түрде төртке бөліп, әрқайсысының зерттеу обьектісін түсіндір?
Әдебиет: Негізгі 1; 2; 3
№6 Дәріс тақырыбы: Зерттеу жұмысын жазудың әдістемесі
Сағат саны: 1 сағ.
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
Зерттау жұмысты орындау. Академиялық мәтіннің тілі.
Жұмыстың құрылымы. Академиялық мәтіннің қажетті элементтері (титул парағы, мазмұны, мазмұндық бөлігі, әдебиет тізімі).
Зерттеу жұмысын жазудың кезеңдері мен зерттеу жұмысының әдістері (сандық және сапалық).
Дәріс тезисі
Ғылыми зерттеу жұмысы жалпы талаптарға сай болуы қажет:
- өзектілігі және қойылған мақсатты шешу;
- ғылыми зерттеу элементтерінен тұрады;
- материалдың нақты және логикалық тұрғыдан дұрыс құрылуы;
- қазіргі CASE-құралдарынан-математикалық, ақпараттық, бағдарламалық және т.б. қамтамасыз ету түрлерін пайдалану арқылы орындалады;
Ғылыми зерттеу жұмысының мазмұны:
- ғылыми жаңа материалдар мен теориялық, қолданбалы немесе ғылыми-әдістемелік маңызы бар жаңа нәтижелерді алу;
- ғылыми конференцияларда немесе ғылыми журналдар мен жинақтарға дайындалған жариялымдар, баяндамалар түрінде алынған нәтижелер мен қорытындыларды бекіту.
Ғылыми зерттеу жұмысының мазмұны негізгі ғылыми ұғымдарда төмендегідей берілуі қажет:
- мәселе – бір жиынға жиналған ғылыми сұрақтар зерттеудің болашақ саласы;
- дәлел – магистірлік диссертацияның негізгі элементі, жағдайлар немесе құбылыстар, гипотезаны растайтын немесе негіздеме ретінде қызмет ететін, оның анықтылығы, жаңашылдығы, нақтылығы және маңыздылығы болуы қажет;
- қағида – берілген көз-қарастарды дәлеледеу үшін пайдаланылатын кезкелген теорияның негізгі ережесі;
- зерттеу объектісі – ол құбылыс немесе процесс, зерттеуге арналған мәселелі жағдайды тудыратын;
- зерттеу пәні – ол объект шегінде болатын, объект және зерттеу пәні бір-бірімен тығыз байланысты: объектіде зерттеу пәні болатын жеке бөлім ретінде бөлініп шығады. Жұмыстың әрбір тарауы жалпы қорытындылар мен аяқталуы тиіс, оларда тарау бойынша зерттеудің негізгі нәтижелері көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |