1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер



жүктеу 1,19 Mb.
бет6/16
Дата11.01.2022
өлшемі1,19 Mb.
#32421
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Академиялық жазу

Бекіту сұрақтары:

  1. Зерттеу сұрағы дегеніміз не, оны қалай құруға болады?

  2. Ғылыми-зерттеу жұмысына қойылатын талаптар?

  3. Ғылыми әдіс дегеніміз не?

  4. Зерттеу болжамын тарқатып айт?

Әдебиет: Негізгі 1; 2; 3
7 Дәріс тақырыбы: Баяндама жасау

Сағат саны: 1 сағ.

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:

1.Баяндама жасаудың жолдары мен тәсілдері.

2.Айтылымы мен жазылымның ерекшелігі. Баяндама мәтінін дайындау жолдары.

3.Баяндама жасау барысында қолданылатын көмекші құралдар. Слайд безендіру жолдары. Слайд шоудың мазмұны мен құрылымы.

4.Аудитория назарын аудару жолдары.
Дәріс тезисі

Ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерін жазу және оны әдеби көркемдеу – зерттеу жұмысының негізгі элементі. Ғылыми жұмыстардың әдеби көркемделінуі төмендегі формалар түрінде орындалады:

Реферат – қандай да бір мәселе төңірегінде әдебиеттерге және басқа да ақпараттарға сыни көзқараста талдау жасалынған дүние;

Баяндама тезисі - баяндама мазмұнында айтылатын мәселелердің қысқа, логикалық нұсқасы.

Баяндама – негізінен ғылыми конференцияларда, ғылыми зерттеу жұмысының бағыты, барысы, нәтижесі т.с.с., жөніндегі хабарлама. Оның баяндалу ұзақтығы 10-20 минут. Көбінесе, аралығы 2 инетервалмен басылған бір беттегі материалды оқып шығуға 2 минут көлемінде уақыт кететіндіктен, оның кғөлемі 5-10 беттен аспағаны жөн.

Баяндама дайындауға қойылатын талаптар:

Баяндама толық 4 бетке дейін (суретті қоса есептегенде) Word 6.0, 7.0 for Windows97-2000 редакторында, А4 (210х297) форматты парақта дайындалып берілуі тиіс, қолданылатын шрифт – Times New Roman, Kz Times New Roman. Интервал – 1.

Парақтың барлық жағынан 25 мм алаң қалдырылуы тиіс. Материал төмендегі ретте орналасады: бірінші қатарда ЖОК көрсетіледі, 1 қатар тастап – баяндаманың тақырыбы (бас әріптермен), 1 келесі қатарда мекеменің және қаланың аталуы, бір қатардан соң резюме (тақырыпсыз курсивпен) қазақ (орыс тіліндегі баячндамалар үшін) немесе орыс (қазақ тіліндегі баяндамалар үшін) және ағылшын тілдерінде келтіріледі.

Осыдан кейін бір қатар тастап, баяндаманың негізгі тексті басылады. Әдебиеттер тізімі негізгі текстен кейін бір қатар тастап басылады.

Бекіту сұрақтары:

1.Баяндама деген не, не үшін орындалады?

2.Баяндама дайындауға қойылатын талаптарды ата?

3.Ғылыми жұмыстардың әдеби көркемделінуі қалай орындалады?



4. Баяндама тезисі деген не?

Әдебиет: Негізгі 1; 2; 3
8 Дәріс тақырыбы: Параграфты жазу

Сағат саны: 1 сағ.

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:

1.Параграф.

2.Параграфтың құрылымы: негізгі сөйлем, көмекші сөйлемдер, қорытынды сөйлем
Дәріс тезисі:

Параграф дегеніміз - бір ойды білдіру үшін топтастырылған бірнеше сөйлемнің жинтығы. Параграф мәтіннің негізгі құрылымы. Оның мақсаты ақпарат беру, ойды білдіру, мысалдар мен тұжырымдарды жеткізу. Параграф логикалық тұрғыда жазылып, жүйелі құрылыммен жазылады.

Абзац (нем. absatz - шегініс) - қара сөздегі мәтіннің әр бөлімінің алдыңғы жолын тұтас қатардан сәл шегіндіріп бастау. Бұл мәтіннің мағына жағынан бірыңғай тиянақты бөліктерін бір-бірінен ажырату үшін қажет. Логикалық мазмұн тұрғысынан мәтіннің бір тынысты кезеңін бөліп алып отыру, ой желісін дұрыс ширатып, өрбіте жүйелеуге өте ыңғайлы. Азат жол мәтіннің түсінікті, түйінді, тұжырымды болуына септігін тигізеді.

Абзац - бір азат жолдан екінші азат жолға дейінгі күрделі синтаксистік тұтастықты білдіретін мәтін бөлігі;

Азат жол - жаңа жолдан бастап жазуда оңға қарай жасалған шегініс.

Жақсы жазылған параграфтың құрылымы қандай болады?   

Құрылымы - негізгі сөйлем, идеяны түсіндіру, теориялық ойды қолдау, идеяны дамыту немесе оған пікір білдіру, қорытынды сөйлем.   

Байланыс - идеялар қаншалықты байланысқан, ондағы байланыстырушы сөздер қалай қолданылған   

Тақырыптық тұтастық - тақырыпқа қатыстылығы мен өзге параграфтармен байланысы

Бекіту сұрақтары

Параграф дегеніміз не?
Неліктен жазылым барысында параграф маңызды?
Жақсы жазылған параграфтың құрылымы қандай?

Әдебиет: Негізгі 1; 2; 3
9 Дәріс тақырыбы: Жазба жұмысында автор пікірінің берілуі

Сағат саны: 1 сағ.

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:


  1. Рецензия туралы түсінік. Рецензия мазмұны

  2. Рецензиялардың түрі, рецензент әдебі

  3. Өзге автор пікірлерін сыни тұрғыдан талдау.


Дәріс тезисі

«Рецензия» сөзі латын тілінен шыққан, қазақша «хабарлама», «баға», «пікір» деген мағынаны білдіреді. Рецензияға қатаң бекітілген зерттеу тақырыбы (ғылым, публицистика, көркемөнер шығармалары) және оны талдаудың (туындының идеясы, езектілігі жэне жеткізу тәсілдері) бағыты тән.

Рецензияның мазмұны тұтастай авторға байланысты. Осыдан келіп рецензияның жанрлық пішіндерінің әртүрлілігі шығады.

Рецензияның мынадай түрлерін атауға болады: рецензия - мақала (дәстүрлік пішін) рецензия - сұхбат (диалог, дөңгелек үстел) рецензия - фельетон (өткір сыни) - рецензия - очерк (очерк элементтерін бойына топтастырған көлемді рецензия) - рецензия - хабар-ошар (аннотацияға жақын шағын рецензия)

Рецензияны жазу автордың міндетіне оқырман қауымды жаңа туындымен таныстырып, оған баға беру жатады. Оқулықтар мен оқу құралдарында рецензияны субьективті жанр емес, қайнар көздің жүйеленген талдауына негізделген деп көрсетеді. Шын мәнінде жағдай бұдан да күрделірек. Тіпті белгілі, беделді әдебиет сыншыларының бір туындыға берген бағасы диаметральды түрде бір-біріне қарама-қарсы болып жатады. Сондықтан рецензия авторы екі мақсатты көздейді: ақпараттық-танымдық және шығарманың талдауын тұспалдайтын зерттеушілік.

Бекіту сұрақтары:

1.Дәйектемелер мен мысалдарды қалай қолданамыз?

2.Аргумент дегеніміз не?

3.Автордың өз ойын беруін тарқатып айт.

4. Біржақты бағыттағы жазба жұмыстарды қалай түсінесің?

5.Рецензия мақсаты?



Әдебиет: Негізгі 1; 2; 3
10 Дәріс тақырыбы: Кіріспе мен қорытынды

Сағат саны: 1 сағ.

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:

1. Кіріспе

2. Қорытынды. Оларды қалай жазуға болады?
Дәріс тезисі

Кіріспе - жазба жұмысының ең көп оқылатын бөлімі. Кейде кейбір студенттер үшін кіріспе бөлімді жазу біршама қиындықтар тудырады. Кіріспе жазу барысында мына кеңестерді есте сақтаған жөн: Кейбір студенттер үшін кіріспені соңында жазған тиімді. Өйткені, жазу барысында түрлі ойлар туындап, олар эссе құрылымы мен кіріспенің жазылуына әсер етуі мүмкін. Егер алдымен кіріспені жазғанды қаласаңыз, соңынан қайта қарап, түзетіп шығуды ұмытпаңыз.

Кіріспе көлемі сіз жазатын эссе көлеміне тікелей байланысты. Егер жиырма беттен тұратын ғылыми жұмыс жазсаңыз екі бет кіріспе жазылуы мүмкін. Сондықтан да, кіріспені тым көлемді түрде жазуға болмайды. Мүмкіндігінше ойыңыз анық болу керек. Талқынатын тақырып алғашқы сөйлемнен-ақ білінуі қажет. Ойды немесе тақырыпты алыстан қозғау жиі кездесетін қателік. Ойыңызды кіріспеде анық білдіретін болсаңыз, оны кіріспенің соңында беруіңіз мүмкін, бірақ бұл міндетті емес.

Неліктен кіріспе жазу қиындық тудырады?

• Ешқашан алғашқы қызығушылықты оятуға екінші рет мүмкіндік берілмейді.

• Кіріспе мәтіннің негізгі жоспары болып табылады.

• Кіріспе мәтінде қаралатын ақпарат туралы мәлімет беруі тиіс.

Бекіту сұрақтары:


  1. Кіріспе көлемі мен мазмұны қандай болады?

  2. Кіріспе жазудың ерекшеліктері?

  3. Кіріспе құрылымы?

  4. Қорытындының көлемі мен мазмұны?

  5. Қоытындының құрылымы?

Әдебиет: Негізгі 1; 2; 3

11 Дәріс тақырыбы: Түйіндеме

Сағат саны: 2 сағ.

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:

1.Түйіндеме туралы қысқаша мәлімет беру.

2.Түйіндемені жазудың ерекшеліктері.

3.Түйіндеменің жазылу құрылымымен танысу.

4.Түйін сөздер
Дәріс тезисі

Түйіндеме – үміткердің кең көлемдегі визит карточкасы сияқты. Түйіндеме оны жазған адам туралы толық мәлімет береді, оның білімі, біліктілігі, жеткен жетістігі, жұмыс тәжірибесі, икемділігі т.б.

Түйіндеме жазу барысында болашақта оны оқыған адамға қызығушылық тудыратындай етіп жазу мақсаты көзделуі керек. Біріншіден – білікті маман ретінде, екіншіден - позитивті мінездеме көрініс тапқаны жөн. Өйткені, оны қолға алған алғашқы 1-2 минутта қызығушылық тудырса, әрі қарай толықтай қаралады.

Ол үшін төмендегі талаптарды қанағаттандыру қажет:




жүктеу 1,19 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау