Ағымдық бақылау түрлері
|
Балл саны- 80 (15 апта)
|
Ескерту
|
1
|
Дәріс сабақтары бойынша
|
0-15 балл
(15 апта - max.15 балл)
|
1 балл – 1 апта үшін
|
online режимі
|
оffline режимі
|
Оnline режимдегі дәрістер сабақ кестесіне және Силабустағы тақырыптық жоспарға сай өткізіледі, сәйкесінше бағаланады;
оffline режимде білім алушылардың оқу жетістіктері «Univer» порталына (мүмкіндік шектеулі болған жағдайда электронды пошта қолданылады) жіберілген дәріс сабақтары бойынша орындаған тапсырмалары арқылы бағаланады
|
Бейнедәріске қатысуы
|
0-6
|
-
|
Бейнедәрістегі белсенділігі (сұрақ, блиц-сауалдар, пікірталас)
|
0-9
|
-
|
YouTube каналында жазылған бейнедәрістер негізінде жазбаша дәріс конспектісін құруы және «Univer» платформасына жүктеуі
|
-
|
0-6
|
Дәріс сұрақтары бойынша жазба жұмыстарын (тест тапсырмалары, эссе, сөздік, глоссарий, кесте және т.б.) орындауы
|
-
|
0-9
|
2
|
Практикалық /семинар/, зертханалық сабақтар бойынша
|
0-30 балл
(15 апта - max.30 балл)
|
2 балл – 1 апта үшін
|
Тапсырмалар
пән ерекшелігіне байланысты Силлабуста көрсетілген тақырыптарды қамтиды және сабақтар online режимінде сабақ кестесіне сәйкес жүргізіледі
|
Сабақ кестесіне сәйкес бейнесабақтарға қатысуы
|
0-9
|
Практикалық /семинар/, зертханалық сабақтар тапсырмаларын орындауы және белсенді қатысуы
|
0-21
|
3
|
Оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін студенттердің өзбетіндік жұмыстары (ОСӨЖ)
|
0-15 балл
(15 апта - max.15 балл)
|
1 балл - 1 апта үшін
|
ОСӨЖ тапсырмаларын кестеге сай орындауы және «Univer» платформасы жүктеуі
|
0-5
|
Сабақ кестесі бойынша оқытушымен байланыста орындалады, кері байланыс «Univer» платформасы арқылы жүзеге асырылады (мүмкіндік шектеулі болған жағдайда электронды пошта қолданылады)
|
ОСӨЖ тапсырмаларын қорғау және таныстыру/ презентация жүктеу
|
0-10
|
4
|
Студенттердің өзбетіндік жұмыстары (СӨЖ)
|
0-20 балл
(15 апта - max.20 балл)
|
1,33 балл - 1 апта үшін
|
|
СӨЖ тапсырмаларын кестеге сай орындауы және «Univer» платформасы жүктеуі
|
0-10
|
Студенттердің өзбетіндік жұмыстары бойынша тапсырмаларды тексеру, кері байланыс «Univer» платформасы (мүмкіндік шектеулі болған жағдайда электронды пошта қолданылады) арқылы жүзеге асырылады
|
Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс жасау қабілеті (конспект жазу, әдебиет тізімін жасақтау, жоспары, логикалық ойлары, дәлелдері, қорытындысы және т.б.)
|
0-10
|
5
|
Межелік бақылау
|
20
|
8 –ші апта
|
6
|
Аралық бақылау (емтихан)
|
100
|
Емтихан кестесіне сәйкес
|
Ескерту! Студенттердің оқу жетістіктерін ағымдық бақылау университеттің «Univer» платформасында сабақ кестесіне сәйкес тұрақты жүзеге асырылады.
13. КУРС САЯСАТЫ
Курс саясаты әкімшілік талаптар мен академиялық адалдық принциптерінен тұрады.
пән бойынша білімді толық көлемде игеру;
ББ бойынша құзыреттіліктерді меңгеру;
оқытушыларға, қызметкерлерге және білім алушыларға құрметпен және сыпайылықпен қарау;
силлабуста көрсетілген тапсырмаларды «өзбетінше» өзгертпеу және көрсетілген талаптарды сақтау;
сабақ кестесіне сәйкес онлайн және оффлайн режимдерінде оқытуға қатысу;
пән бойынша контент түрлерін тиімді қолдану, мысалы тақырыптар бойынша жазылған бейнедәрістерді YouTube каналынан тұрақты тыңдау, тапсырмалар, блиц-сауалдар және т.б.;
пәнді өткізу үшін қажетті ақпараттық (техникалық) құралдармен жұмыс жасау дағдысын меңгеру және техникалық талаптарды сақтау;
СӨЖ тапсырмаларын оқытушының жеке кестесінде көрсетілген мерзімде орындау және пән оқытушысымен кері байланыста болу;
бақылау тапсырмаларын (межелік, аралық бақылау) бекітілген мерзімде орындау ( дәлелді себептерден басқа жағдайда);
университет, кафедра мүлкіне жауапкершілікпен қарау;
университеттің ішкі тәртіп ережелерін сақтау;
кафедра, факультет, университет жұмыстарына белсенді қатысу.
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің
«Академиялық адалдық Кодексінен»
КӨШІРМЕ
сапалы білім алу;
онлайн режиміндегі сабаққа тұрақты қатысу және электрондық платформаларды («ZOOM» «MOODLE» және т.б.) бекітілген кестеге сәйкес қолдану;
оқытушының силлабуста көрсетілген талаптарын орындау;
тапсырманың барлық түрлерін (ОСӨЖ, диплом жобасы және т.б.) өз бетінше орындау және көрсетілген мерзімде оқытушыға ұсыну;
ағымдық, аралық, қорытынды бақылау тапсырмаларын орындау кезінде шпаргалка, ұялы телефондарды қолданбау;
оқу, ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау кезінде автордың атын көрсетіп түрлі деректерді пайдалану, пайдаланылған деректер тізімін жұмыс соңында көрсету;
ақпаратты шынайы және сенімді көздерден алу;
өзінің орындаған жұмысын басқа білім алушыға ұсынбау;
жеке, туыстық және қызметтік қарым-қатынастарды пайдалану арқылы оқытушыға және әкімшілікке пара ұсынбау.
Достарыңызбен бөлісу: |