1. Молекулярлық биология мен медициналық генетика нені зерттейді және тмедицинамен байланысы


Цитология ғылымы.Жасушалық теория



жүктеу 99,11 Kb.
бет17/37
Дата21.09.2023
өлшемі99,11 Kb.
#43499
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   37
лек

27.Цитология ғылымы.Жасушалық теория.Цитология-жасушаның құрылысын,химиялық құрамын және жасуша ішіндегі түрлі құрылымдардың атқаратын қызметтерін зерттейтін биологияның бір саласы.
Жасушаны көруге мүмкіндік берген алғашқы микроскопты 1665 жылы физик Р.Гук құрастырып,сол микроскоп арқылы жасушаны ашқан.1671 жылы М.Мальпиги,Н.Грю жасушаларды зерттеп,олардыңең негізгі құрамдық бөлігі-қабықшасы деп болжамдаған.
1858 жылы Р.Вирхов әрбір жасушаның бөліну прцесінің нәтижесінде өзінк ұқсас жасуша мен ағзаны құрайтын жасушаның пайда болатындығын және ағзаны құрайтын жасушадағы әртүрлі зиянды өзгерістерді,қандай да бір патологиялық кемшіліктердің болатындығын ашты.
К.Бэр жасушаның тірі ағзалардың құрылым және даму бірлігі екендігін айтты.
1866-1899 жылдары жасушаның бөлінуі мен хромасомалар сипатталды,митохондриялар,пластидтер,Голджи апараты және жасушаның басқада құрылым бөліктері зерттеліп ашылды.
Қазіргі жасушалық теория ХХ ғасырда ашылыған теория негізінде қалыптасып,төмендегідей тұжырымда сипатталады:
1.Жасуша тіршіліктің ең ұсақ құрылым бірлігі болып табылады,себебі барлық тірі ағзалар(өсімдіктер,жануарлар,саңырауқұлақтар,бөлшектенушілер) жасушалардан тұрады;
2.Жаңа жасуша бұрынғы жасушаның бөлінуінен пайда болады;
3.Жасуша –ашық биологиялық жүйе ,ол арқылы үнемі заттардың,энергияның және ақпараттар ағыны өтіп отырады;
4.Өсімдіктер мен жануарлардың жасушаларының құрылысы,жалпы алғанда бір біріне ұқсас болады.
28.Прокариоттық және эукариоттық жасушалар. Құрылысының күрделілігіне қарай клеткаларды екі топқа бөледі: прокариондық (гректің про — алдымен, карион — ядро) және эукариондық (эу — жақсы, карион — ядро) деп.
Прокариоттарға эубактериялар, көк-жасыл балдырлар, спирохеталар, риккетсиялар және микоплазмалар жатады, қалған барлық организмдердің клеткалары, саңырауқұлақтардың, қарапайымдардың, жануарлар мен өсімдіктердің клеткалары — эукариондық клеткалар.
Прокариоттардың клеткалары ұсақ болады (0,5-3 мкм). Митохондриялар, хлоропластлар, Гольджи аппараты, лизосомалар сияқты айқын байқалатын мембранамен шектелген органеллалар мен ядролық мембрана болмайды. Прокариоттардың гендік информацияның құрамында эукариондар клеткасының хромосомаларында болатын негізгі белоктар — гистондар жоқ, тұйық сақина пішінді ДНК-ның қос тізбегінен тұратын бір хромосомада орналасқан. Прокариоттардың ядросында митоздық аппарат пен ядрошықтар жоқ. Прокариондық клеткалар аминқышқылдары мен көмірсуларынан тұратын клеткалық қабырғамен қоршалған.
Олардың плазмалық мембранасы мезосомалар деп аталатын цитоплазмаға қарап ойындылар құрайды.
Цитоплазманың матриксінде ерігіш белоктардың негізгі массасы, гликолиз процестеріне қатысатын ферменттер, түрлі субстраттарды тотықтыратын ферменттер, белоктардың синтезі барысында аминқышқылдарының активтігін арттыратын ферменттер мен липидтер, полисахаридтер синтезіне қатысатын көптеген ферменттер жүйелері болады. Бұл зонада ДНК-ның молекулалары жатады. Прокариоттардың плазмалық мембранасында немесе оның ішкі бетіндегі өсінділерінде АТФ синтезделуіне әкеліп соғатын, тотықтырып фосфорлауға қатысатын ферменттер жүйесі орналасқан.
Эукариоттардың клеткалары әдетте ірі және құрылымы жағынан прокариоттардың клеткаларына қарағанда, анағұрлым күрделі келеді. Сонымен бірге эукариоттарда жақсы жетілген ішкі мембраналар жүйесі — эндоплазмалық тор мен Гольджи аппараты, мембраналармен шектелген органеллалар — ядро, митохондриялар, хлоропластар мен лизосомалар болады. Эукариондық клеткаларға цитоплазманың қозғалысы мен митоздық ұршық және талшықтар сияқты энергияны трансформациялаушы көптеген күрделі жүйелер тән. Эукариондық клеткалардың ядросында ядрошықтар мен хромосомалар болады. Хромосомалары ДНК мен гистондардан тұрады.
Эукариоттардың плазмалық мембранасы сыртқы жағынан прокариоттардікіндей, әсіресе өсімдіктерде айқын байқалатын, клеткалық қабырғаның элементтерімен қапталған. Жануарлар клеткасында клеткалық қабырғаның аналогі мембрананың құрылыстық белоктарының сыртқы бетінде орналасқан гликопротеиндік және полисахаридтік молекулалардың қабаты түрінде болуы мүмкін. Оның атқаратын функциясы иондарды байланыстыру, клетканың шекаралық микроқоршауын құрау және ерекше антигендер мен рецепторлардың рөлін атқару.
Саңырауқұлақтарда клеткалық қабықша хитин мен полисахаридтен тұрады, ал балдырларда, оомицеттерде және жоғары сатыдағы өсімдіктерде клеткалық қабырғаның негізгі компоненті полисахарид — целлюлоза.
Жануарлар мен өсімдіктер клеткаларының үш негізгі құрылыстық айырмашылықтары бар: 1) жануарлар клеткаларында болатын центриоль жоғары сатыдағы өсімдіктер клеткаларында болмайды; 2) өсімдіктер клеткаларының жануарлар клеткаларынан өзгешелігі цитоплазмасында пластидтер болады; 3) өсімдіктер клеткаларына целлюлозадан тратын қатты клеткалық қабырға тән.
Сыртқы ортадан алынатын энергияның түріне байланысты тірі клеткаларды үлкен екі типке бөлуге болады. Бірінші типтің клеткаларын гетеротрофты клеткалар деп атайды. Бұған жататындар адам организмінің барлық клеткалары мен жоғары сатыдағы жануарлардың клеткалары. Бұл клеткаларға химиялық құрамы күрделі дайын органикалық молекулалардың, атап айтқавда, көмірсулар, белоктар мен майлардың үнемі келіп тұруы қажет.
Гетеротрофты клеткалар энергияны осы күрделі заттарды тотықтыру арқылы алады.
Гетеротрофты клеткалар бөлінген осы энергияны өзінің биологиялық
функцияларының қажетіне жұмсайды.
Автотрофты немесе фотосинтездеуші клеткалар клеткалардың екінші типін құрайды. Бұған жататындар жасыл өсімдіктердің клеткалары. Фотосинтез процесі кезінде олар күн сәулесінің энергиясын хлорофилл пигментінің көмегімен химиялық энергияға айналдырады және атмосфералық көміртегінің қос тотығынан көміртегін бөліп алып жабайы органикалық молекуланы (глюкозаның молекуласын) түзеді.
Вирустарды құрылысы жағынан клетка деп есептеуге болмайды. Оларда әдеттегі клеткаларда болатын цитоплазма да, органеллалар да жоқ. Вирустарды орыс ботанигі Д. И. Ивановский 1852 жылы ашқан. 1898 жылы голландиялық Бейеринк «вирус» деген сөзді ойлап шығарған (латынның «У» деген сөзі). Вирус белоктік қабықшамен қапталған ДНҚ-ның (немесе РНҚ-ның) молекуласынан тұрады. Вирустардың ерекшелігі өз бетінше тіршілік ете алмайды. Вирус көбею үшін қандай да болмасын бір клетканы инфекциялауы керек.



жүктеу 99,11 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау