1. Молекулярлық биология мен медициналық генетика нені зерттейді және тмедицинамен байланысы



жүктеу 99,11 Kb.
бет2/37
Дата21.09.2023
өлшемі99,11 Kb.
#43499
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
лек

2. Ақуыздың құрылысы мен қызметі – бұл полимерлер, олардың мономерлері болып амин қышқылдары саналады. Ақуыз құрамына 20 аминқышқылдары кіреді, олар клетка цитоплазмасында болады
Ақуыз құрылысының бірнеше деңгейлі құрылымы бар. Олар келесі түрге бөлінеді:
Алғашқы; 2. Екінші; 3. Үшінші; 4. Төртінші.
Алғашқы құрылымы – бұл бір-бірімен полипептидті байланысқан аминқышқылды қалдықтар байланысқан бір ізділігі.
Нақ осы құрылым РНҚ – дағы кодондардың бір ізділігімен тіке кодталады және трансляция кезінде көшірмесін алады.
Табиғаттағы ақуыздарда кездесетін барлық 20 аминқышқыл қалдықтарының құрылысы ұқсас, (лейцин, глицин, изолейцин, лизин, аспарагин, трипторан және т.б.). Олар үш мүшелі негізден тұрады, орташа (альфа – көміртекті атомымен байланысқан радикалдар -R). Аминқышқылдар қалдықтарының нақ радикалдармен айырмашылығы бар.
Ақуыздың екінші құрылымы.
Көптеген пептидті тізбектердің фрагменттері қалануға ие болады: альфа – спиральді немесе бета – құрылымды. Бұл деңгейдегі кеңістік ұйымы екіншілік құрылымды деп аталады.
Альфа спираль. Пептидті шынжыр негізгі тірегі, спиральге бұралған, аминқышқыл радикалдары спиральдан сыртқа қарай айналады. Бұл құрылым кезінде аминқышқыл негіздері сутекті байланыспен қосылады (бір спиарльді орамға 3,6 аминқышқыл қалдықтары қатысады).
Бета – құрылым. Бұл жерде пептидті тізбектердің негіздері иректелген конфигурацияны немесе бүктелген жапырақ тәрізді болып келеді.
Бұл құрылым сутекті байланыспен байланысқан. Ақуыздың екінші құрылымы оның алғашқы құрылымымен анықталынады. Жанама радикалдар анықтайды, пептидті тізбектердің қалай бүрілетінін және жалпы алғанда ол бүгіле алады ма соны анықтайды, егер радикалдар біртекті жасалған және бір-біріне жақын орналасса, онда альфа – спираль түзілмейді.
Үшінші құрылым. Ақуызды глобулалар конформациясы, яғни спиральдік, бета құрылымды және құрылымсыз пептидті тізбектер бөліктерінің кеңістіктегі қалануы деп түсінеміз. Үшінші құрылым – аминқышқыл радикалдары аралығында пайда болған байланыстар арқасында ұсталынады және пайда болады. Байланыстың өзгешілігі радикалдар табиғатына байланысты болады.
Толып жатқан көп радикалдар арасындағы байланыстар тұрақты конфигурацияның пайда болуына алып келеді, яғни ақуыздың үшінші құрылымы. Үшінші құрылымының қалыптасуы ақуыздың функцианальді белсенділікке ие болуында үлкен үлес қосады. Осы деңгейде, ақуызда белсенді орталықтар пайда болады – бұл радикалдар топтары, белгілі лигандалармен өзара қатынасқа қабілетті болады. Бұл радикалдар топтары тек фольдинг процессі кезінде жақындасады. Үшінші құрылым, белгілі жылжымалыққа иелі.
Төртініші құрылым. Төртінші құрылым, бірнеше суббірліктен тұратын, яғни ақуыздар үшін тән (мысалы, гемоглабин – 4 молекуладан тұрады).
Суббірліктер сыртта орналасқан радикалдар бойынша байланыстырылады, сондықтан төртінші құрылым, тек үшінші құрылымнан кейін ғана пайда болады.
Сонымен, ақуыздың алғашқы құрылымы толығымен екінші және үшінші құрылымдарды анықтайды (барлық хабар, пептидті тізбектегі амин қышқылдарының бірізділігінің болуында
Ақуыздардың қызметі.
1.Құрылымды түзуші қызметі. Құрылымдық ақуыздар клетка мен ұлпалардың тұрақтылығын және пішінін ұстап тұруға жауап береді. Мысалы: ақуыздар коллаген, гистондар. Гистондардың қызметі - хроматинде ДНҚ жинақтау болып саналады.
2.Тасымалдаушы қызметі. Гемоглобин ақуызы - өкпе мен ұлпалар аралығында оттегін және көмірқышқыл газын тасымалдауға жауап береді. Тағы басқа ақуыздар бар:
перальбумин – қалқанша безіндегі гормондарды тасымалдайды (тироксин, трийодтиронин)
интегральді ақуыздар – мембрана арқылы метаболиттер мен иондарды тасымалдауды қамтамасыз етеді.
3. Қорғаныс қызметі. Негізгі ақуыз – бұл иммуноглобулин, эритроциттерде мембраналық гликолипидтермен бірге комплекс түзуге қабілетті. Қызметі – ағзаны ауру қоздырғыштарынан және бөгде заттардан қорғайды.
4.Реттеуші қызметі. Ақуыздар – сигналдық заттардың (гормондар) және гормональді рецепторлардың қызметтерін атқаруға қабілетті. Мысалы: өсу гормоны соматотропин сәйкес рецепторлармен байланысады (ол сигналдың берілуін белсендіреді).
5.Катализаторлық. Ақуыздардың ішіндегі ең көп тобы - ферменттер. Төмен молекулярлы салмағы 10-15 кДа, орташа молекулярлы (алкогольдегидрогеназа – молекулярлы салмағы 100-200 кДа, жоғары молекулярлы глутамин синтетаза – салмағы 500 килоДальтон).
6.Қозғалыстық (жиырылғыштық) қызметі. Актин және миозин ақуыздары бұлшық еттің жиырылуына және басқа биологиялық қорғаныш түрлеріне жауап береді.
7.Қор жинауыш қызметі. Өсімдіктерде және жануарлар ағзасында кездеседі. Жануарларда резервті тағамдық затта, бұлшық ет ақуыздары болып саналады (өте қажет кезде ғана жиналады). Сүт ақуызы – казеин.
8.Тірек қызметі. Коллаген, эластин, тірек-қимыл аппараты –сіңір (сухожелия) құрамына кіреді.
9.Энергетикалық - аминқышқылдары гликолиз процессінде ыдырайды, клетканы энергиямен қамтамассыз етеді.


жүктеу 99,11 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау