Еуразиялық мәдени тип - Бұл типті негіздеуден бұрын, қазіргі кезде өтімді бір теория — С. Хантингтонның «Өркениеттер жанжалы» ілімінің бір қырын қарастырып өтейік. Бұл ілім бойынша әртүрлі суперөркениеттердің шекаралық аймағы тұрақсыздық пен жанжалдардың (конфликтердің) ықтимал ошақтары болып табылады. Ал Қазақстан өзінің геомәдени кеңістігі бойынша конфуцийлік және православиелік өркениеттердің ортасында орналасқан.
36. Түрік нанымдары ерекшеліктерін даихромдық тәсілде анықтап, кесте құрастырыңыз
Түріктердің наным-сенімдері және дінi — жалпы алғанда, отырықшы және көшпелі халықтың діни нанымдарында алдындағы дәуірлерден алынғаны көп. Адамдардың құдайлық күштермен «қарым-қатынасындағы» аралық міндеттер қоғамдағы ерекше топтың — ша- мандардың қолында болды, ал шамандар ертедегі түрік мәтіндерінде қам деп аталған. Шамандар, сәуегейлер, емшілер, «құдайдың қалауын» жариялаушылар болған. Ертедегі түріктер дінінің негізі Көкке (Тәңір) және Жер-Суға (Йер- Суб) сиыну болды". Құдірет деп есептелген бұл қос күштің негізгісі Көк болды. Қағандар нақ осы Көктің еркімен билік құрып, олар «Көк тектестер және Көкте туғандар» деп аталды. «Кек өз биігінен (көк жүзінен) менің әкем Илтериш-қағанға және менің анам Илбілге-қатынға жөн сілтей отырып, оларды (халықтан) жоғары қойды, менің өзімді түрік халқының аты мен даңқы жойылып кетпеу үшін қаған етіп отырғызған (қағандарға) мемлекетті сыйлаушы Кек деп ойлау керек». Көктің еркімен «түріктер жеңіске жетіп немесе жеңіліске ұшырап отырды». Жұт жайлаған жылдары түрік халқын Көк пен Жер-Су сақтап қалған. Түрік хандары өздерінің жазбаларында Көкті өздерін әрқашанда желеп-жебеуге шақырады.
Ұмай ана - Өзінің мәні жөнінен бұдан кейін тұрған әйел тәңірісі Ұмай - от басы мен бала-шағаны қорғаушы болған. Ұмайға табыну Алтайдың кейбір түркі тілдес халықтарында XIX ғасырдың аяғына дейін сақталып қалды. Сонымен бірге Ұмай түріктер сиынған құдіретті үш күштің бірі болған және оларға қашанда қамқоршы болып отырған. Мұны мәселен, Төнікөктің құрметіне орнатылған ескерткіштен көруге болады, онда түріктердің сәтті жорықтарының бірін сипаттағанда былай делінген: «Көк, Ұмай (құдай), қасиетті Жер-Су, бізге жеңіс сыйлаған осылар деп ойлау керек!».
Отқа табыну - Ертедегі түріктер арасында әр түрлі діндер таралгған, олардың ішінде ең әйгілілері — отқа табыну, жануарларға табыну, өсімдіктерге табыну. Византия тарихшысы Менандр түрік қағаны Дизабұлға елші Земархтың келуін сипаттай келіп, былай деп жазады: «Түріктердің осы тайпасының ішінен кесел біткенді аластай аламыз деп өзіне-өзі сенетін біраз адам Земархқа келді де, римдіктердің өздерімен бірге ала келген заттарын бір жерге үйді, одан соң ливан ағаштарының бұтақтарын лаулатып жағып, скиф тілінде әлдебір тағылық сөздер айтып сыбырлап, дабылдарын ұрғылап, үйіліп жатқан заттарға қайта-қайта төнді. Шытырлап жанып жатқан бір бұтақты ортаға әкеліп, құтырына айғайлап, кәрін төгіп, ойнақтаған жын-шайтанды қуғандай болды. Жұрт бұл адамдарға жын-шайтанды аластап, бізді кесел- пәледен құткарады деп сенеді; өздерінше барлық кеселді аластадық деп сенген олар Земархтың өзін осы оттан өткізіп, өзімізден де пәле-жаланы алас- тадықдеп сенгендей болды». Қала тұрғындары мен отырықшы халықтың отқа табынғаның археологиялық материалдар растайды. Баба-Ата қаласы жұртының қамалын қазып- аршыған кезде сарай кешенінің ең басты залында, жердің қалың қабатына қарағанда, отқа байланысты діни ғұрып өткізілген. Қалалардың жұрттарын қазғанда қой мүсіндері шығады, олардың осы жануарларға табынумен байланысты екені даусыз. Отырар алқабындағы Көк-Мардан қаласының орнынан VI—VII ғасырлар қабатынан от жағу үшін тақыт орнатылып, қошқармүйіз түрінде жапсырмасы бар қуыс жасалған ғибадатхана қазылып алынды.
Достарыңызбен бөлісу: |