Питирим Сорокиннің мәдениет теориясы тіптен өзгеше. Оның ойынша, осы ғылымның деңгейінде мәдениет типологиясы және әлеуметтік мәдениеттің динамикасы зерттелінеді.
Э. С. Маркарянның еңбектерінде мәдениет теориясы: мәдениет генезисін, функцияларын, мәдениет типологиясын зерттеп қана қоймай, мәдениет және азаматтың арасындағы өзара байланыс, мәдениет және қоғам, мәдениеттер және қарекет, дәстүрлер мен новациялардың арақатысы, белгілі бір мәдениеттің «кодтарының» өзгеру мәселелері, ғылыми техникалық революцияның нәтижелері, соған байланысты туындайтын жаһандық мәселелер, мәдениет «құрылыстарының» мәселелері және оларды толық жетілдіру жолдары сияқты мәселелерді қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: |