1. Мәдениеттанудың ғылым ретінде қалыптасуын тарихи өлшемде сипаттаңыз


Архаикалық мәдениеттің ерекшеліктерін схемалармен анықтаңыз



жүктеу 1,21 Mb.
бет6/52
Дата09.05.2020
өлшемі1,21 Mb.
#30278
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
Сессия жауаптары мадениеттану

3. Архаикалық мәдениеттің ерекшеліктерін схемалармен анықтаңыз.

Архаикалық мәдениет — адамзат мәдениетінің бастамасы. Архаикалық мәдениет қашан және қай жерде пайда болды? Бұл сұрақтарға нақты жауап беру оңайлыққа соқпайды, өйткені адамның қалыптасу процесінің тарихы тереңде, сонау көне заманда жатыр. Ақиқатқа жүгінсек, қазіргі антропология ғылымының өзі де адамзат баласының қалыптасып, дамуына байланысты туындайтын көкейтесті мәселелерге егжей-тегжейлі жауап бере алмайды.

Ежелгі дәуір мәдениеті туралы айтатын тұжырымдарымыз сондықтан болжамдар мен пайымдау дәрежесінде. Сонда да қазіргі ғылым адам мен мәдениеттің қалыптасуы туралы бірталай деректерді жинақтаған.

Ең алдымен адамзат өмірінің басталуын уақыт тұрғысынан бағалап көрейік. Адам мен қоғамның пайда болуы туралы ілім, яғни антропосоциогенетика бойынша адамзаттың қалыптасуы шамамен 3 кезеңнен тұрады:

1.Адамның биологиялық эволюциясы. Ол осыдан 20-25 миллион жылдар бұрын басталып,(дриопитек,рамапитек) 3-4 миллион жылдар бұрын аяқталды.

2.Бұдан 3-4 миллион жыл бұрын жер бетінде зор геофизикалық өзгерістер болды(радиация, мұздану, т.б) Бұл ретте алғашқы адамға қарай бет бұрған австралопитектердің тобырлық өмір сүру ерекшеліктерін, олардың қолынан шыққан еңбек құралдарын, ой арқылы жасалған жасанды заттарды, тілдің, қарапайым сананың, дін мен өнердің алғашқы түрлерін атап өтуге болады.

Мәдениеттің қалыптасуына үлкен әсер еткен факторлардың ішінде қарапайым адамгершілік принциптерінің маңызы зор. Мысалы, қан алмасушылыққа тыйым салу некелік қатынастарды реттеуге, одан аналық рудың пайда болуына негізгі себеп деу керек. Сол секілді қандастарын өлтіруге тыйым салыну, әлсіздерге көмек беру де мәдениет бастамасында жатыр.Әрине, бұл кезеңде биологиялық эволюция тоқтаған жоқ, алайда онымен қоса адамзаттың мәдени-әлеуметтік дамуы басталды.

3.Осыдан шамамен 40 мың жылдай бұрын қазіргі адам- хомо сапиенс қалыптасты. Сыртқы ортаға бейімделудің орнын мәдениет ауыстырды.

Ежелгі дәуір мәдениеті осы кезден алғашқы өркениеттер қалыптасқанға дейінгі уақытты қамтиды, б.з.б ІV-III ғасырға дейін.

Ежелгі дәуір мәдениетін барлық халықтар мен этностар өз басынан өткізді.

Ежелгі дәуір мәдениетінің кейбір ерекшеліктеріне тоқталайық.

Біріншіден, ғасырлар сабақтастығы адамның өз басынан айқын көрінеді. Миллиондаған жылдар бойы биологиялық дамудың нәтижесінде ерекше бір организм қалыптасты. И.Г.Гердердің тілімен айтқанда, адам барлық жануарлардың қасиеттерін өз бойына жинақтаған ең нәзік форма, әлемнің тұтқасы болып табылады.

Ежелгі дәуір мәдениетінің тағы бір ерекшелігі адамдардың қарым-қатынасының реттелуі заңдар арқылы емес, өте күрделі салт-дәстүрлер, табу, яғни тыйым салу жүйелері, ырымдар негізінде жүргізілуінде жатыр.

Ежелгі дәуір мәдениетінің дүниетанымы – миф. Ежелгі миф-аңыздар алғашқы адамдардың тіршілігінің маңызды белгісіндей, олардың рәміздік мазмұны арқылы адамзат қоршаған ортаны әрі игерді, әрі түсінді. Белгілі мәдениет тарихшысы Эдуард Бернетт Тайлор мифтердің мынадай түрлерін ажыратты:

1.Философиялық немесе түсіндірмелік мифтер

2.Нақтылы, бірақ бұрмаланған деректерге сүйенген мифтер

3.Тарихи және аңыздық тұлғалар туралы мифтер

4.Фантастикалық және метафоралық мифтер

5.Саяси-әлеуметтік және тұрмыстық мифтер

Алғашқы діндер (анимизм, тотемизм,фетишизм) мен мифтерде адам мен табиғаттың арасындағы бірлік ерекше жоғары дәріптелді. Егіншілік пен бақташылық, тіпті қолөнердің өзі ежелгі дәуір мәдениетінен табиғатпен сырласуды талап етті. Скиф-сақ өркениетіндегі «аң стилі», қытайдың инь-ян бастамалары, Египет пен Шумердегі өліп, қайта тірілген құдай туралы аңыздар - табиғатпен үйлесімділікке шақыратын рәміздер.


жүктеу 1,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау