11.Адамдық құндылықтар мен жаһандық мәселелерді сипаттап, мағынасын ашып беріңіз
Жалпы адамгершілік құндылықтардың мәні мен мазмұндары көне заманнан бүгінге дейін философия, әлеуметтану, мәдениеттану, этика, эстетика, психология, педагогика ғылымдарында кеңінен қарастырылып, қоғам ерекшеліктері мен сұраныстарына орай талданып, жүйеленіп келеді. Өйткені, жалпы адамзаттық құндылықтар әрбір адамның ақыл-ой байлығының тікелей көрсеткіші. Сондықтанда болар, құндылықтың мәні мен табиғаты, оның адам мен қоғам тіршіліктеріндегі алатын орны, жас ұрпақты тәрбиелеудегі ықпалы т.б. мәселелер ғалымдарды толғандырары анық. Еліміздегі болып жатқан өзгерістер жасөспірімдердің мінез-құлықтарында бәсекелестік қабілетті қалыптастыру жаһандану заманында сұранысы артып отыр. Жаңашылдық үстем құрған уақытта адамгершілік құндылықтары жүйесінің орны ауқымдылығымен сипатталуында. Мәселен, құндылықтарға бейімделу, мойындау, әрбір адамзатқа көңілінен орын алатын мәдениетті қарым-қатынас жасау жүйесі жеке тұлғаның өмірлік мәні, ой-санасы, бет-бейнесі болып табылады.
Философ Т.Қ.Ғабитов «құндылықтар – қасиеттер» дей отырып, бұл қасиеттердің бала кезден, ана сүтімен бірге өзінің ана тілі арқылы мораль негіздері ретінде, өз тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін игеру нәтижесінде орнығатындығын ерекше бағалайды. Яғни, философиялық тұрғыдан алсақ құндылықтар – адам үшін пайдалы мәнге ие болатындардың барлығы, адамзат қоғамының іргелі дамуы мен адамның жеке тұлғасын жетілдіруге тиімді ықпал ететіндерің барлығы құндылық болып табылады. Психологтар құндылықтарды тұлға аралық қатынас тұрғысынан қараудың өзіндік мәні бар екенін айтады. Құндылық ұғымында құндылық қатынастың обьектісі болып табылатын заттардың сыртқы қасиеттерінің сипаттамасы, осы қатынастың субьектісі болып табылатын адамның психологиялық сапалары, құндылықтың жалпы мәнділігін көрсететін адамдардың өзара қарым-қатынасы ұштасады.
Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады,ар-ұят,өзін-өзі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды.Мұның өзі мейірімділікке,ізгілікке шақырады. Рухани –адамгершілік сана-сезімі оянған адам ғана мәңгі құндылықтарды уақытша құндылықтардан, шынайылықты жалғандықтан ажыратып, бақытты болып, өзгелерді де бақытты етеді.
Жалпыадамзаттық оқыту үрдісінде құндылықтарды енгізу арқылы адамның рухани өсуіне жағдай жасаймыз. Мәңгілік құндылықтар білімнің негізгі өзегі болып табылады. Жалпыадамзаттық құндылықтарды адамның бойынан жарыққа шығару ізгілікке апарады, яғни,мінезін өзгертуге болады. Адамның жақсылыққа ұмтылуы, ақиқатқа жүгінуі оның болмысынан ішкі жан дүниесінде бес құндылықтың бар екенінің дәлелі.
Қазіргі күрделі әрі аумалы-төкпелі заманда құндылықтар жүйесінің алатын орны ерекше.
Жаһандану ұғымы да жалпы алғанда әлемдік өркениеттің аса маңызды өлшемдерінің жалпыадамзаттық өлшемге ие болуы деп түсіндіріледі. Бүкіл әлемдік даму үдерісі жаһандануға алып келмей қоймайды. Бұл үдеріс бүкіл әлемдік жалпыадамзаттық құндылықтардың тұтастығын талап етеді. Жаһандық мәселелерді тек адамның қасиеттерін өзгерту арқылы ғана шешуге болады. Ол үшін жаңа гуманизм қажет. Оған кіретін құндылықтар: жаһандық (ақиқат,тыныштық), әділеттілікке деген деген сүйіспеншілік дұрыс әрекет, қиянат жасамау. Біз осы бір қағидаларды әрқашан жадымызда ұстауымыз, алдымен таза жанды, иманды, арлы, намысты, ұлты мен ұлттық құндылықты сүйетін тұлға тәрбиелеуге ұмытылуымыз керек.
Ғаламдық мәселелер - [франц. global - баршаға ортақ] - адамзаттың бұдан былайғы тағдыры және әлеуметтік дамуы шешілетін аса маңызды мәселелер жиынтығы. Қазіргі өркениетке тән құбылыс-ғаламдық қауіпқатердің әршуі. Олар әртүрлі және күннен-күнге үдей түсуде. Ғылыми әдебиеттерде бұл мәселелер үш топқа жіктеледі:
1. Халықаралық қатынастар саласымен байланысты мәселелер:
Соғыс және бейбітшілік мәселелері;
Этнологиялық мәселелер;
Дамушы елдердің экономикалық артта қалуын жеңу мәселесі;
Космос пен Әлемдік мүхитты бейбіт игеру мәселелері;
2. Жеке тұлға мен қоғам арасындағы өзара қарым-қатынасқа байланысты мәселелер:
Демографиялық мәселе;
Аштық пен тоя тамақтанбаумен күрес мәселесі;
Ғылыми-техникалық дамудың жағымсыз салдарын жою мәселелері; аса қауіпті індеттерді жою мәселесі;
Рухани ортаны және адамзаттың мәдени әркелкілігін қорғау мәселесі;
3. Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасқа байланысты мәселелер:
Экологиялық;
Шикізаттық;
Энергетикалық;
Ауа райы және т.б. мәселелер.
Ғаламдық мәселелерді шешудің басты шарты - әлемдік қауымдастықтың мақсатты түрде келісілген саясат жүргізуі. Оның мынадай стратегиялық аса маңызды екі бағытын атап көрсетуге болады: ғылыми-техникалық саясат және қазіргі халықаралық қатынастар- ды реформалау. Алғашқысы экология- лық, шикізаттық, энергетикалық және т.б. қолданбалы сипаттағы мәселелерді шешуге ғылыми-техникалық алғышарт- тар жасауды, ал, екіншісі әлемдік қа- уымдастықты әділ демократиялық не- гізде реформалауды кәздейді.
Ең бірінші орында ядролық соғыс қару-жарақтың жетілуі мен халықаралық бақылаудың шеңберінен шығып кетуі жатыр. Бұрыннан келе жатқан ядролық қаруы бар бес мемлекетке бүгінгі таңда Үнді, Пәкістан, Оңтүстік Африка, Израиль сияқты елдер қосылды. Біршама елдер ядролық технологияны игеру үстінде (Иран, Солтүстік Корея). Әңгіменің қиындығы- бұл қосылған жаңа елдер халықаралық шиеленістер аймағында орналасқан. 2001ж. Үнді мен Пәкістан арасындағы қақтығыстар сол елдердің мемлекет қайраткерлерінің «ядролық қаруды қолдануымыз мүмкін» деген жантүршігерлік қорқытуымен аяқталғанын білеміз. Бұл проблеманы шешудің негізгі жолы – барлық ядролық елдерді (соның ішінде ешкімге де артықшылық жасамай) халықаралық бақылау негізінде жаппай қарусыздандыру болмақ. Атомның күш-қуаты тек АЭС-терді салу арқылы бейбіт жолға қойылуы керек. Өкінішке орай, ядролық мемлекеттердің «өзімшіл пиғылы» бұл мәселені үзілді-кесілді шешуге кедергі жасауда. Алайда, бұл мәселе ертелі-кеш шешілмейінше, бүкіл адамзат үстіндегі «ядролық дамокл қылышы» сол үрейінде тұра бермек.
Екінші үлкен мәселе – бүгінгі қалыптасқан тәндік-сезімдік өмір бағыт негізінде тойымсыздық, табиғи ресурстарды өлшемсіз пайдалану, жағалай ортаны ластау – адамзатты болашақ экологиялық апатқа әкелу мүмкіндігі. Біз бұл мәселені толығырақ арнаулы тарапта талдаған болатынбыз
Үшінші – демографиялық мәселелер, яғни, жер бетіндегі халықтың тым тез қарқынмен өсуі. Егер соңғы мыңжылдықта жер бетіндегі халықтың саны 15 рет өссе, оның бірінші рет екі есеге өсуі 700 жылда болса, соңғысы – 40 жылда (егер 1956 ж. жер бетінде 2,8 млрд халық өмір сүрсе, 2004 ж. –6,3 млрд.). Әрине, бұл деректер үлкен ойға қалдырады. Бұл өсімнің 9/10 даму барысындағы елдерге жатады. Сонымен қатар, дамыған елдердегі халықтың құрылымын алар болсақ, онда кәрілердің саны өсіп (жақсы жағдайдағы өмір ұзақтығына байланысты), сонымен қатар туу деңгейі тым төмендеп кеткен. Сондықтан, ол елдерде халықтың өсуі түгіл, оны ескі деңгейде сақтау үлкен мәселеге айналуда.
Демографтардың болжауынша, алдағы уақытта Үнді халқының саны қытайлықтардан да гөрі өсіп, ал Африкада халықтың саны 1,5 млрд. дейін жетуі мүмкін. Халқы тез өсіп жатқан даму үстіндегі елдердегі өндіргіш күштердің төмендігі, ауыл шаруашылығы өнімділігі, тұрғындардың жалпы мәдени деңгейі, білім беру саласы – бәрі де сын көтермейтін жағдайда. Мұндай ақуал бұрыннан келе жатқан өмір салтын ұстау, бала тууға шек қоймау әдетімен байланысты екені айдан анық. Сондықтан, бұл үрдіс таяу арада бәсеңдейді деу артығырақ болар. Дегенмен де, Қытай еліндегі соңғы 15 жыл шамасында жүргізілген демографиялық саясат өз күшін көрсетті. Ертелі-кеш басқа елдер де сондай саясатқа көшуі мүмкін.
Төртінші мәселе –«Солтүстік пен Оңтүстік» проблемасын тудырды. Бұл Жалпылай келе, экватордан жоғары орналасқан елдердің даму қарқыны мен өмір сүру деңгейі төмен жатқан елдерден гөрі анаұғұрлым биік. Егер де дамыған елдерде тойымсыздық жолына түскен «алтын млрд.» тұрып жатса, жер бетінде осы күнге дейін тағы 1 млрд. жуық адам, басқа қажеттіктерді өтеуді айтпағанның өзінде, күнбе-күн азық-түлікке жарымай отыр, ал 75 млн. аштықтың зардабынан жыл сайын дүниеден кетеді. Бұл дамыған елдер мен дамып келе жатқан елдердің арасындағы қайшылықтың өсуімен тығыз байланысты. Бүгінгі таңда дамып келе жатқан елдер дамыған елдерге 1 трлн. доллардан артық берешекті. Олар оны өтеу түгіл, оның өсімінің өзін төлеуге қиналады. Сондықтан да, Кубаның көсемі Ф.Кастро БҰҰ-ның мінбесінен осы борышты сызып тастауға шақырды. Алайда, дамыған елдер ондай шараға барар емес. Ал мұндай жағдайдың өршуі кедей елдердің наразылығын тудырып, неше-түрлі экстремистік қозғалыстарға дем береді.
Әрине, дамыған елдер оларға көмек жасағандай болады. Жылына, шамасымен 50 млрд. доллларға жуық қаржы бөлінеді (салыстырыңыз: 2003-2004 ж.ж. АҚШ бір ғана Ирактағы соғысқа 200млрд. артық қаражат жұмсады). Өткен ғасырдың екінші жартысында дамыған елдер "көмек" ретінде ауыр да кір өндіріс салаларының біршамасын дамып келе жатқан мемлекеттерге аударды. Нәтижесінде, олар үш ұтысқа ие болды: өз елдерінің экологиясын дұрыстады, екіншіден, арзан жұмыс күшін пайдаланып, табыстарын өсірді, үшіншіден, ол елдердің шикізаттарын пайдаланды. Дегенмен де, ол кезде дамыған елдер мен дамып келе жатқандардың арасындағы айырмашылық бірте-бірте қысқарады деген үміт болатын-ды. ХХғ. 70-80ж.ж. бұл айырмашылық, керісінше, күрт өсе бастады. Өйткен себебі, біршама дамып келе жатқан елдер жаңа компьютерлік бағдарламаға негізделген технологияларды игеруге халықтың жалпы білімінің төмендігінен қол жеткізе алмады. Ғалымдардың есебі бойынша, кейбір елдер дамыған мемлекеттерден 150 есеге дейін қалып қойыпты!!! Егер де, шикізатқа бай елдер табиғи байлықтарын сатып күн көрсе, жоқ елдер – дүниежүзілік сауда үрдісінің шетіне ысырылып, қайыршылықтың ауыр зардабын көруде. Сонымен, құрметті оқырман, халықаралық терроризм мен экстремизмнің негізгі қайнар көзі Ислам дінінде емес, дамып келе жатқан елдердің аянышты әлеуметтік-экономикалық жағдайында екенін түсінген боларсыздар.
Енді бесінші мәселеге келер болсақ, жоғарыда көрсетілгендей, халықтың білім деңгейін көтермей, бүгінгі технологияларды игеру мүмкін емес. Адам тіпті әріптерді танып, оқи алғанның өзінде де «функционалдық надандықта» болуы мүмкін. Яғни, ол компьютерлік технологияларды игеріп, жұмыс істей алмайды. Олай болса, білім беру мәселесі де жаһандану үрдісінің негізгі проблемаларының біріне айналып отыр. Екінші жағынан, надандық демографиялық мәселені шешуге де кедергі тудыратыны белгілі. Дүниежүзілік практика «жан-ұяны жоспарлау» тек сауатты, салауатты да білімі жоғары елдерде ғана іске асатынын көрсетеді.
Алтыншыдан, соңғы кезде ғалымдар жаһандану үрдісінің негізгі проблемалары ретінде денсаулықты сақтау мәселесін атауда. Өйткені, бүгінгі таңда адамзаттың жағалай ортаны түбегейлі өзгертуі мен адамдардың денсаулығы төмендеуінің арасындағы байланысты анықтап отыр. Оның куәсі ретінде жүрек, бүйрек, бауыр, мұрыннан қан кету, СПИД, рак т.с.с. «цивилизация ауруларын» келтіруге болады. Егер де, дамыған елдердегі аурулардың көбі тамақты көп ішу, аз қозғалыста болу, шылым шегу, тәндік-сезімдік өмір бағытын ұстаудағы жолда байлықты өсіремін деп жүйкені тоздыру т.с.с. себептерден болса, дамып келе жатқан елдерде жағалай ортаның ластануы, баспана қиындығы, ішетін ас-су сапасының төмендігі туберкулез, трахома, малярия т.с.с. «әлеуметтік ауруларды» тудырады. Жаһандану үрдісі миллиондаған адамдардың бір елден екіншіге, бір континенттен келесіге миграция жасауына әкеліп жатыр. Сондықтан, жұқпалы аурулар бүкіл Дүниеге кеңінен тарап адамзаттың үрейін туғызуда…
Жаһандану мәселелерін шешу жолдарын зерттеуде негізінен екі бағыт қалыптасты. Олар: технооптимизм(болашақ жарқын) және технопессимизм(болашақ қасіретті).
Технооптимистік көзқарастар өз мәресіне ХХғ. 60 жж. жетті. Ол кезде ғылыми-техникалық революция (ҒТР) жетістіктерін кеңінен өндірісте пайдалану қарқын алған болатын. Дж.Гелбрайт, Р.Арон т.б. ғалымдар ғылым мен техниканың дамуы «бұқаралық нарықты» тудырып болашақта Жер бетіндегі барлық халықтарға тамаша өмір әкеледі деген ой тастады. 80ж.ж. Д.Бэлл, Ж.Фурастье, А.Тофлер сияқты ғалымдар «ғылымның негізгі өндіргіш күшке» айналуына байланысты барлық жер бетінде қорланған мәселелерді компьютерлік технологияларды өмірге еңгізу арқылы шешуге болатынын айтты. Алайда, жақын арада-ақ, ҒТР-дің теріс салдарлары да айқындала басталды. Көп елдер экологиялық дағдарысқа ұшырады. Шикізат қорлары шексіз еместігі анықтала басталды. Дамыған елдер мен артта қалған елдердің арасында қайшылық өсе бастады т.с.с. Әрине, бұл теріс өзгерістер технопессимистік көзқарастарды тудырды.
Технопессимизм (Г.Маркузе, К.Лоренц, Д.Гудмен т.б.) қазіргі қоғам адамдарды ғылым мен техниканың құлына айналдырады,- деген пікір айтты. К.Лоренц ҒТР адамдарды мыңдаған жылдар бойы бейімделген табиғи жағалай ортадан жұлып алып "тастан жасалған джунглиге" қамады. Кейбір адамдар жылдар бойы табиғатқа шыға алмайды. Автоматтар адамдарды ауыр қара жұмыстан босатқанмен, оның жүйкесін анағұрлым тез тоздырады. Қиындығы жоқ жеңіл өмір адамның күшті сезімдерін, өмірге деген жігерін әлсіретіп, зерігуе әкеледі. Іші пысқан адам не істерін білмей, өз өміріне қанағаттанбай, нашамен әуестене бастайды…
Батыста, Рим қаласында 1968ж. көрнекті ғалымдар «Рим клубын» құрып, адамзат алдында тұрған орасан-зор қиын мәселелерді зерттеуге кірісті. Нәтижесінде, «жарылған бомбадай» дүниежүзілік қауымға әсерін тигізген «Өсудің шегі» (The Lіmіt of Growth) деген баяндама 1972ж. дүниеге келді. Бұл баяндамада Табиғат байлықтарының шектелгені жөнінде, әрі қарай жаңа өндіріс кешендерін салу экологиялық теңдікті жойып, адамзатты апатқа әкелу мүмкіндігі баса айтылды. Осы клубтың бірінші президенті А.Печчеи адамзатқа ең керекті нәрсе – руханияттылық, әсірсесе – адамгершілік. Тек сонда ғана қорланған мәселелерді шешуге болады деген пікірге келеді. Орыстың ұлы ғалымы Н.Моисеев «ХХғ. адамзатқа ескерту жасады. Егер ХХІ ғ. ол оған мойын сұқпаса, құрып кетуі мүмкін»,- деген ой тастайды.
Әрине, бүгінгі таңдағы ұлы ғалымдар алаңдауының терең себептері бар. Уақытында ағылшын ойшылы лорд Честертон айтқандай, байлық адамды аздыртады. Өкінішке орай, материалдық байлықтың өсуі, көп жағдайда, соншалықты рухани өрлеуге әкелмейді. Керісінше, рухани құлдырау байқалады. Оны бүгінгі таңдағы өз өмірімізден-ақ көріп жатырмыз. Бұл қайшылықты жою адамзаттың қолынан келер ме екен? -Болашақ өмір оны көрсетер деген ойдамыз.
«Бір минутқада күмәнданбаймын осы бір болмыстың барлық ежелгі сұрақтарына жауап беру үшін жалпы адамзаттық құндылықтарды жаңғырту керек,өзіңнің бастауына оралуың қажет» С.А.Назарбаева
12. Модернизм (итал. modernismo, лат. modernus –жаңа, қазіргі) –XX ғасыр басында рухани сана дағдарысы кезінде пайда болған философиялық-эстетикалық ағымдардың жиынтық атауы десек те бұл тұжырыммен келіспеуге де болады. Модернизмнің шыққан бұлақ кезі –Еуропа. Яғни, еуропалық мәдениеттің өнімі. «Еуропа мәдениеті қайдан шыққан?» деген сауалдыңтууы –заңды құбылыс. Ол аспаннан түскен жоқ. Еуропа мәдениетінің басы –грек (юнан) һәм рим (рұм) мәдениеті. Грек-рим мәдениетінің кейбір ерекшеліктері мынадай болған:1. Материализм танымын ұстану;2. Комфортқа қатты құмарлық;3. Денеге табыну (денені рухани әмірден жоғары қою. Сұлу дене –гректер үшін ең биік идеал болған);4. Аста-тәк дастархан, той-томалақ, сауық-сайранға құмарлық, мейрамшылдық (олардың кеңес кезіндегідей жыл он екі ай күнтізбесі мейрамға, мерекелі күндерге толы болған);5 Трансцедентальді ақиқатты мойындамау (Ақыл, сана, танымнан тыс нәрселерді, мысалы: Құдайды ойлап бас қатырмау. Олар Құдайды бүтіндей жоқ демесе де Құдай туралы түсініктері тым күңгірт болған. Құдай дүниені жаратады, басқарады деген нәрселер ойларына келмеген. Әйтеуір адамнан сәл артықшылығы бар белсенді сана (Активный Разум), жаратушы іспеттес бірдеңе болады деп пайымдаған.
Модернизм –өнер қайраткерлерінің әлемдік қақтығыстарға, адамзат дамуындағы дағдарыстарға деген көзқарастарын білдірді. Ең алдымен, «modern» сөзі «қазіргі (жаңа) кезең» деген мағынаны білдіреді. Оның екі мәндік мағынасы бар: біріншісі қазіргі кезең «қазіргі кезең талабына сай», екіншісі модернге, яғни модернизмге. Өз кезегінде «модерн» терминімен мәдени құбылыстардың ауқымды тобы белгіленді. Тар мағынада, «модерн» ұғымы деп ХІХ ғ.-ХХ ғ. басындағы көркем-әдебиеттік қозғалыс түсінілді. Ал кең мағынада «модерн» ұғымы Жаңа заман (Modernity) деп аталған белгілі бір дәуірге сәйкес келген тарихи кезеңді айқындайды. Бұл дәуір Антикалық және Ортағасыр дәуірінен кейін келді. Осы екі дәуірдің жиынтығы «Pre-modernity» (предмодерн) деп аталады. Модерн тарихи дәуір ретінде модернизм деп аталған ерекше философиялық және ғылыми көзқараспен сипатталады. Өкілдері –Бэкон, Декарт, Ньютон, Гегель, Маркс және т.б. Бұл көзқарастың негізгі идеясы –адамның ақыл-ойының әлемді нақты объективті заңдылықтарға бағынатын, біртұтас жүйе деп қарастыру мүмкіндігіне деген сенім, сондай-ақ табиғат пен қоғамның негізгі заңдылықтарын табу тарихи прогреске әсер етіп қана қоймайды, сонымен бірге әлемді соған сәйкес қайта құруға мүмкіндік береді деген сенім. Осылайша, модернизм өзінің теориясында адам абсолюттік білімге жетеді және жүзеге асырады дегенді атап көрсетті. Осы жерде бұл қағида Жаңа Заманнан бұрын пайда болып, теориялық және практикалық қолданысқа толық енген деген факторды естен шығармауымыз қажет.
Постмодернистік әлем, модернге қарағанда басқа дүние. Постмодернизм, бұл «әсерден,әрекеттен...» әлдеқайда жоғары, бұл модерн әлемінен ерекше, өзіндік әлемді креациялау (жасағанның жазмышы деп есептеу) деген сөз. Егер постмодерн мен модерннің ара қатынасы жайлы мәселеде әлде қандай мағына болатын болса, онда бұл олардың айырмашылығы турасындағы мәселе деген ойдамыз.Бұл тұрғыда модерн де посмодернге тән сипаттармен –үзінділікпен (фрагментаризм), өзгешеленумен, тұрақсыздықпен, т.б. сипатталады. Сондықтан модерн мен постмодерн арасындағы өзгешелікті іздеу мүлде мағынасыз әрі оларды айырудағы ең басты қиындықтардың бірін қалыптастырады. Постмодерн табиғатында модернистік ерекшеліктерді шиеленістіре түседі.Фредерик Джеймисон модернизм және постмодернизмнің арасындағы қатынастардың қалыптасқан төрт түрін бөлектейді: пропостмодернистік/антимодернистік (сәулетшілер Чарльз Дженкс пен Роберт Вентури, жазушы Том Вулф және т.б.) антипостмодернистік/про-модернистік (әдеби сыншы Хилтон Крамер, New Criterion журналы және Юрген Хабермас); про-модернистік/проантимодернистік (Жан Франсуа Лиотар); және модернистік/антимодернистік түр, ол оған сәулет өнерінің итальяндық тарихшысы Манфредо Тафруди жатқызады. (Есесіне соңғы түрге Ресей мен Қазақстанда қаншама тұлғаларды жатқызуға болады).Шамасы, қатынастардың осынау төрт түрін түсіндіруде мағына бар сияқты. Про-постмодернистік/антимодернистік түр оның жақтастары постмодернизмді (постмодернитиді) модернизм мен модернитиден өзгеше термин және феномен ретінде қабылдап, қарастырады, сондай-ақ олар постмодернитиді тарихи кезең ретінде, немесе постмодернді мәдениет түрі ретінде модерннен бөліп қарайды дегенді білдіреді. Бұл Джеймсонның пайымдауынша, оның бар осалдығына қарамастан, барынша дәйекті және мығым бағыт болып табылады.Анти-постмодернистік/про-модернистік түр, оның жақтастары постмодерн(изм)ді термин ретінде, тарихи кезең және мәдениеттің бір түрі ретінде теріске шығарады дегенді білдіреді. Бұл бағытты да дәйекті әрі мығым құбылыс деп есептеуге болады. Мұның өзінде, постмодернизмді теріске шығару жолдарының әртүрлі болуы ғажап емес. Басты келіспеушіліктер осы екі негізгі түрлердің арасында туындайды, ал қалған екеуі жартылай және сенімсіз болып табылады. Үшінші, про-модернистік/про-модернистік түр, оның жақтастары постмодернизм терминін қабылдай отырып, постмодернизмді модернизмнің жалғасы немесе шарықтау шегі немесе Лиотар айтқандай, мәдениеттің ерекше жағдайы, дағдарысы, бірақ модерн мәдениеттің (яки «кейінгі капитализмнің») дағдарысы деп есептейтіндіктерін білдіреді. Бірақ, жағдай мынада жатыр: егер постмодернизм модернимзнің жалғасы немесе шарықтау шегі болатын болса, олардың арақатынасының мәселесі туындамас еді ғой. Мәселе модернизм мен постмодернизмнің арақатынасындағы байланыс, жалғасу және шарықтау емес, үздіксіздіктің үзілуі, ықшамдалуы ретінде қарастырылғанда туындайды. Төртінші, анти-модернистік/анти-постмодернистік түр, қарастыруға да татымайды, өйткені, идеологиясы оның жақтастары үшін жасырын болып қалатын қайсыбір метанарративтің негізінде әлдебір тізеге салынған «классиканы» қорғап қалудың әдеттегі мысалы болып шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |