1. Мәдениеттанудың ғылым ретінде қалыптасуын тарихи өлшемде сипаттаңыз


Адам және мәдениет түсініктері белгілерін кестелік формада келтіріңіз



жүктеу 1,21 Mb.
бет9/52
Дата09.05.2020
өлшемі1,21 Mb.
#30278
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   52
Сессия жауаптары мадениеттану

6.Адам және мәдениет түсініктері белгілерін кестелік формада келтіріңіз

Осыған дейін қарастырылған анықтамалардан бір түйінді ой айтуға болады: мәдениет – адам әлемі. Мәдениет көріністерінде адамдық парасат, ақыл-ой, ізгілік пен әдемілік заттандырылып, игіліктер дүниесі құралған. Сонымен бірге мәдениет адамды тұлға деңгейіне көтеретін негізгі құрал.Бабамыз әл-Фараби айтқандай, адам- «хайуани мадани», яғни мәдениетті жан.

Адам- табиғат туындысы және ол үшін табиғи орта мәңгілік қажеттілік болып қалады. Мәдениет адамнан табиғатты бөліп алады деген пікір қанша рет айтылса да, адамның табиғи шығармашылықтың ең жоғары үлгісі екендігінде күмән жоқ. И.Гердердің тілімен айтқанда, адам табиғаттың бірінші азаттық алған пендесі.

Ғасырлар- адамның мәдени дамуының куәсі.

Адам мен мәдениет мәселесін тереңдете түсетін тағы бір мәселе адамның көпмағыналығына, жан-жақтылығына, шексіздігіне байланысты. Американ ғалымы К.Поппер айтқандай, адам бірдей үш дүниеге: физикалық, ментальдық, яғни психикалық және идеалдыққа жатады. Сонда мәдениет осылардың қайсысымен көбірек анықталады деген заңды сұрақ туындайды. Егер біз мәдениетті тек материалдық және рухани бөліктерге бөлудің қарадүрсін шеңберінен шыға алсақ, онда мәдениет өзінің ішкі мағынасында идеалды екендігіне көзіміз жетеді. Себебі, адамды қоршаған заттар, дүние – бұл мәдениеттің сыртқы көрінісі ғана, оның мәні руханилықты адам әрекетінің нәтижесінде заттандыруда жатыр. Мәдениеттің ішкі мәні қоғамдағы өмір сүріп жатқан адамдардың өзіндік санасында, парасаттылық сезімдерінде, рухани ізденістерінде айқындалады.

Ж.П.Сатрлық көсемсөзді қайталасақ, адам әлемге еркін жіберілген, ол еріктілік жазасына кесілген. Осы сипатта мәдениеттің құпиясы – адамдағы «Менділік». Одан сыртқа ерекше бір нұр – азаттық, жауапкершілік, адамгершілік сәулесі нұр шашып тұр. Мәдениетте адам ғажап биік деңгейге көтеріледі. В.С.Библер айтқандай, мәдениет дегеніміз менің өмірім, менен бөлінген, мен өлгеннен кейін де тірі болатын, менің шығармашылығым.

«Мәдениеттің» көптеген анықтамалары бар, оның саны да үнемі артып келеді. Батыстық мәдениеттанушылар санағандай егер 1871 жылдан 1919 жыл аралығында тек қана жеті анықтама берілген болса, ал 1950 жылдан 1990 жылдары – 400 артық анықтама берілген. Ресей мәдениеттанушысы А.С. Кармин «Мәдениеттанудың негіздері. Мәдениет морфологиясы» еңбегінде  1996 жылы  мәдениеттің 1500 анықтамасының болғанын ескере отырып, оларды сараптауға талпыныс жасады.

«Мәдениет дегеніміз не?» деген сұраққа жауап беру үшін бұл сөздің этимологиясына, яғни осы бір күрделі ұғымды білдіретін сөздің шығу тегіне тоқталу жөн. Қазақ тіліне бұл термин арабтың «маданият», яғни «қала» деген сөзінен енген. Бұл ортағасырлардағы мұсылман мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты.

Көне заманда «культура» деген ұғым «жерді өңдеу» деген мағынаны берген. Кейінірек, дәлірек айтқанда, Цицеронның еңбектерінде (б.з.д. 45 ж.) бұл сөздің мағынасы тереңдеп, «жанды жетілдіру» деген ұғымды білдірді. Уақыт өткен сайын еуропалық тілдерде мәдениет сөзі «білім беру», «даму», «қабілеттілік», «құрметтеу» сияқты мағыналарға ие бола бастады. Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке төмендегідей анықтамалар берілген:


  • мәдениет белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы;

  • мәдениет адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, критмикен мәдениеті, қазақ мәдениеті және тағы басқалары;

  • мәдениет адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті және тағы басқалары);

  • агро мәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет және тағы басқалары).

Ал осы ұғымдардың ішінде мәдениеттану пәніне алғашқы екі ұғымның тікелей қатысты екендігін аңғаруға болады.

Мәдениет ұғымы тарихи қалыптасудың ұзақ даму жолын өтті, оны алғашқы рет ғылыми тұрғыдан анықтауға ұмтылған философтар болды. Бірақ, өкінішке орай, XVIII ғасырға, яғни ағартушылық дәуірі кезеңіне дейін, басты құндылық — адам мен оның ақыл-ойы деген қағида жүзеге асқанға дейін «мәдениет» сөзі белгілі бір мойындалған термин ретінде қолданылмады, бар болғаны жаңа ұғымдардың синонимі ретінде ғана пайдаланды.

Жоғарыда атап көрсеткеніміздей бұл терминнің алғашқы мағынасы жер-анамен, оны өңдеп-баптаумен тығыз байланысты болды. Демек, «мәдениет» ұғымы жерді жырту, бау-бақшаны өңдеу, яғни өсімдіктер және жануарлар дүниесімен, дәлірек айтқанда, егіншілік пен ауыл шаруашылығымен тығыз байланыста қарастырылды. Оған қоса бізге үйреншікті болып кеткен «мәдениет» ұғымының тәрбие мен біліммен байланыстылығының тамыры да сонау көне заманда жатыр. Білімсіз және тәрбиесіз адам еш уақытта мәдениетті бола алмайтыны ақиқат, ендеше білім мен тәрбие барлық халықтар мәдениетінің қайнар бұлағы болып табылады. Сонымен бірге мәдениет сөзі «құрмет тұту, сыйлау, құрметтеу, табынушылық» деген мағыналарға да ие.

Мәдениет зерттеуші ғалым Ақселеу Сейдімбеков: «Мәдениет адамзат баласының ақыл-ойы мен маңдай тері тудырған жетістіктердің бәрін қамтиды»

Грузин ғалымы Н.З. Чавчавадзе: «Мәдениет- идеалды құндылықтың оның материалды иесімен қосылуын айтады»

И.Кант: «Мәдениет – табиғаттан бостандық патшалығына барар жол»

Э.Б.Тайлор: «Мәдениет пен өркениет кең, әрі этнографиялық мағынада – білімнен, наным-сенімдерден, өнерден, адамгершіліктен, заңдардан, салт-дәстүрлерден және қоғамның мүшесі ретінде адамның игерген дағдылары мен түрлі қабілеттерінен құралады. »

О.Сүлейменов: «Мәдениет дегеніміз – кісілер арасында адам болу өнері»




жүктеу 1,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   52




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау