1. Мәдениеттанудың ғылым ретінде қалыптасуын тарихи өлшемде сипаттаңыз


Қазақстандық мәдениеттегі инновациялар мен дәстүрлерді суреттеп беріңіз



жүктеу 1,21 Mb.
бет12/52
Дата09.05.2020
өлшемі1,21 Mb.
#30278
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   52
Сессия жауаптары мадениеттану

9.Қазақстандық мәдениеттегі инновациялар мен дәстүрлерді суреттеп беріңіз

Дәстүр мен Жаңашылдық арақатынасы кез келген ұлттың әлеметтік-мәдени динамикасында, әсіресе транзитті қоғамдарда күрделі және қайшылықты мәселелердің қатарына жатады. Олардың өзара әсерінің негізгі үш формасын айқындауға болады: біріншісі – жаңашылдыққа қарсылық көрете отырып, оны теріске шығару және ескі тәртіпке сүйену; екіншісі – жаңашылдыққа бейімделе отырып, ескі дәстүрді бұзу; үшіншісі – жаңашылдықты өзгерте отырып, оны дәстүрге сиятындай қалыпқа келтіру.

Егер мәдени Жаңашылдық қоғамға тереңінен сіңіп, ал мемлекет – дәстүрдің сақтаушысы болса, онда бұл талас соңғысының мүддесіне шешілмейді. Қазақстандық қоғамда ұлттық дәстүрді қайта жандандыру бұқаралық сипат ала алған жоқ. Сондықтан тұрғындардың басым бөлігі дәстүрлі қалыптарды бұза отырып, нарыққа бейімделу барысында жаңашылдық пен таңсық атаулының барлығын байыбына барып сараламай қабылдауда немесе жөнжосықсыз жұтуда. Тұрғындардың келесі бір бөлігі – орта және онан жоғары буын өкілдері реформаға қарсы шығып, ескіні қайтаруды талап етіп, дәстүршілдікті көксейді. Жаңа жағдайға тез бейімделе алғандар – негізінен қала жастары.

Дәстүр мен жаңашылдық, әлемдік супермәдениеттердің арасындағы айқын үйлесімді теңдік өте күрделі процеске жатады және оның орындалуы көп шарттарды қажет етеді.

ХХ ғасырдың ортасына дейін дәстүрлердің барлығы, инновацияны мүлде қабылдамайтын, тек тежеуші күш деп саналған. М. Вебердің көзқарасы үстем болды. Батыс мәдениеттануы қоғамдарды дәстүрлі және модернистік қоғамдар деп бөлді.

Мәдениет – ескі мен жаңаның, өзімдікі мен өзгенікінің өзара қатынастары, оларды игеру мен жатсыну, мұралану және ажырау процестері.

Сонымен қатар, дәстүрлі мәдениет пен жаңашылдық (инновация), батыс мәдениеті мен өркениетінің экспансиялық тарихы, батыстық және шығыстық мәдениеттердің өзара сұхбаты мен қақтығыстары ғалым-философтар да талқылаған мәселе болып келеді. Бұл тақырыпты батыстық, ресейлік, шығыстық және отандық зерттеушілер әр түрлі, тіпті кейде қарама-қарсы позициялардан зерделеген.

Осы тұрғыда дәстүр мен жаңашылдық мәселесінің әрқайсысына жеке тоқталып өтсек.

Мәдениеттің тұрақты белгісі – бұл мәдени дәстүр. Яғни, осы мәдени дәстүр арқылы тарихта адамзат тәжірибелері жиналады және ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Және әрбір жаңа ұрпақ ата-бабалары жинақтап қалдырып кеткен тәжірибелерге өз іс-әрекеттерінде сүйеніп осы тәжірибе, үлгі-өнегелердің маңыздылығын арттыра түседі. Дәстүрді қадірлеп ұстанатын қоғамда мәдениетті игеру кезінде осы мәдениеттің үлгілері қайта жаңғыртылады, тіпті, қандай да бір өзгерістерді енгізсе де, тек дәстүр шеңберіне сай қасиеттерді енгізеді.

Қазақстан мәдениеттану әдебиетінде мынадай да анықтаманы кездестіруге болады: «Дәстүрлер, деп жазады М.Х. Балтабаев, – бұл ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын және белгілі бір қоғамдастықтарда, әлеуметтік топтарда ұзақ уақыт бойы сақталынып келетін әлеуметтік-мәдени мұралар. Дәстүрлерге деген менсінбеушілік көзқарас қоғам мен мәдениеттің дамуы мен сабақтастығын бұзуға, адамзаттық бағалы жетістіктерден айырылуына алып келді. Дәстүрлерге көзсіз бас ұру қоғам өміріндегі консерватизм мен тоқырауға алып келеді». Дәстүрлер мәдениеттің тұрақты ішкі ядросын құрайтындықтан, мәдениеттанулық рефлексияға талдау жасамай, айналып өтуге болмайды. Адам белгілі бір этникалық дәстүрлердің әрекет етуі өрісінде болады. Ана тілін білмеген ортада да адамзаттық мәдениет ықпалының өрісінен шыға алмайды. (ирландықтар, шотландықтар, аустралиялықтар негізінен ағылшын тілінде сөйлегенімен, этникалық тегінен айырылған жоқ). Дәстүрлердің өзгеруі – этникалық мәдениеттегі өзгерістерді білдіреді.

Мәдениеттің тұрақтылығын және инерттілігін қамтамасыз ететін – бұл дәстүр. Дәстүр – бұл ұрпақтан ұрпаққа өзгермей, сол қалпында беріліп отыратын мәдени мұра (идеялар, құндылықтар, әдетғұрып, рәсімдер, т.б.) элементтері. Дәстүр мәдениеттің барлық формаларында бар, мысалы, ғылыми дәстүр, діни дәстүр, ұлттық дәстүр, еңбек дәстүрі, ұнамдылық дәстүрі және т.б. Осы дәстүрлердің арқасында жас буын ештеңені де ойлап таппай, адамзат тәжірибесі арқылы қол жеткізген, уақыт илегінен өткен жетістіктерді игеріп, оларды ары қарай позитивті түрде дамытуы қажет.

Дәстүрлер жүйесі қоғамдық организмінің тұтастығын, тұрақтылығын, табандылығын бейнелейді. Ол жүйеге дөрекілікпен араласудың қажеті жоқ, өйтпеген жағдайда бұл жүйенің үйлесімділігін бұзып, мәдениеттің маңызды механизмдерін зақымдайды, сөйтіп, жүйені ауруға ұшыратады. Сонымен қатар, мәдениет жаңармай да өмір сүре алмайды. Өзгеріс және шығармашылық қоғам дамуының екінші бір жағы болып табылады. Жаңашылдық (инновация) мәдениеттің жаңару тәсілі. Дәстүрлік пен жаңашылдықтың бірлігі әрбір мәдениеттің әмбебапты мінездемесін қамтамасыз етеді.

Ал енді инновация мәселесіне келер болсақ, инновация деп адамдар өміріндегі жағдайларды, ойлау жүйесінің немесе дүниені қабылдаудың жаңа түрін қалыптастыруға бағытталған кейіптердің, рәміздердің, әдеп-ғұрып ережелерінің, іс-әрекеттердің жаңа түрлерін шығару және қалыптастыру процесінің нәтижесін айтуға болады. «Инновация» термині «innovus» (novus – жаңа, innovare – жаңаны жасау) латын сөзінен шыққан, ол «жаңару» немесе «жақсару» деген мағыналарды береді.

«Инновация» терминін жаңа экономикалық категория ретінде ХХ ғасырдың бірінші онжылдығында ғылымға енгізген австриялық (кейіннен американдық) ғалым Йозеф Алоиз Шумпетер болатын. Й. Шумпетердің ойы бойынша, инновация пайданың басты қайнары болып табылады: «пайда, табиғатынан, жаңа топтамаларды орындаудың нәтижесі болып табылады», «дамусыз пайда жоқ, пайдасыз даму жоқ». Ол өзінің «Экономикалық даму теориясы» (1911) деген еңбегінде алғаш рет дамудағы өзгерістердің жаңа топтамасы (яғни, инновация мәселелерін) мәселесін қарастыра отырып, инновациялық процестің толық бейнесін берді. Сөйтіп, Й.  Шумпетер дамудағы бес өзгерістерді атап көрсетті:

a) жаңа техниканың, технологиялық процестердің пайдалануы немесе өндірістің жаңа нарығын қамтамасыз етілуі;

b) жаңа қасиеттерге ие өнімдердің енгізілуі;

c) жаңа шикізаттың пайдалануы;

d) өндірісті ұйымдастыруда және оның материалды-техникалық қамтамасыз етуде өзгерістің болуы;

e) жаңа нарықтың пайда болуы.

Негізінде, инновация тек экономика ғылым саласында ғана емес, сонымен қатар, қоғамның басқа да салаларында әрекет етеді. Мысалы, адамдар өмірінде саяси қарым-қатынастар, өнер, қоршаған ортаны сақтау мәселелері, мәдениаралық қарым-қатынастар және т.б. инновациялық туындылар дүниеге келіп жатады.

Мәдениеттанудың кең контекстінде дәстүрді қандай да бір дамудың қажетті шарты деп қарастыру қажет. Дәстүрін, өзінің тарихи ескерткішін жоғалтқан қоғам деградацияға ұшырайды. Екінші жағынан, қоғам өзгермей өмір сүре алмайды.

«Дәстүр» және «жаңашылдық» мәселесі ғылымда маңызды мәселелердің бірі болып саналады. Сонымен қатар, бұл мәселе қазақ халық философиясында да үлкен даналықпен шешімін тапқанын білеміз. Ол қазақтың «Әдеттің озығы да бар, тозығы да бар» деген қанатты сөзі. Ендеше қазіргі терминдерді қолданып «дәстүрдің озығы да бар, тозығы да бар» деуімізге болатын шығар. Яғни дәстүрдің «озығы» – оның ең киелі, күшті жерлері, ішкі тылсым ұлттық идеяны» білдіріп тұрған, соны іске асыруға бейімделу барысында туған асыл қасиеттер жинағы (былайша айтқанда, ұлттық рухтың мәні, қаймағы», жүрегі, ділі). Ал «тозық» – жабысқан жат мінез (Өзгеден жұққан да, өзінің де тауып алғаны), сол сияқты «тозыққа», біздіңше, дәл осы бір тарихи кезеңде өзекті емес, маңызы шамалы ұлт мінездері, әдеттері кіреді.




жүктеу 1,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   52




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау