1. Мәдениеттанудың ғылым ретінде қалыптасуын тарихи өлшемде сипаттаңыз


Сұхбат адамдардың бірлескен тіршілігінің антитоталитарлық формасы ретінде бағалаңыз



жүктеу 1,21 Mb.
бет16/52
Дата09.05.2020
өлшемі1,21 Mb.
#30278
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   52
Сессия жауаптары мадениеттану

14. Сұхбат адамдардың бірлескен тіршілігінің антитоталитарлық формасы ретінде бағалаңыз.

Сұхбат адамның, мәдениеттің «өзіндік» шекарасынан шығу қажеттілігін қамтамасыз етеді, өйткені адам да, мәдениет те өзіне өзі тепе-тең емес, өзімен өзі ғана шектелмеген дүние. Адамның да, мәдениеттің де болу мүмкіншілігі тек «шекаралық жағдайда» жүзеге асады. Адамның басқа адаммен, мәдениеттің басқа мәдениетпен сұхбаты, қарым-қатынасы негізінде ғана бұл әлемдегі бар құндылықтар дүниеге келеді. Әрбір басқа адам, әрбір басқа мәдениет мен үшін маған тепе-тең, пара-пар, сайма-сай ғана емес, сонымен қатар, менің өзіндік болмысымның көкжиегін кеңейтуші күш.

«Мәдениетті мәдениеттер сұхбаты ретінде түсіну қажет (бұл — тавтология емес, бұл —мәдениет анықтамасының спиралі). Мәдениетті жеке тұлғалар сұхбатының бір түрі ретінде қарастыру керек...»[10]. Адам санасы оның өлеуметтік болмысының жемісі ретінде адамның бір-бірімен қарым-қатынас жасауының нәтижесінде қалыптасты. Адамдық қарым-қатынас оны басқа қоршаған табиғи ортадан бөліп-жарып, өзгешелеп алды. Тіпті физиологиялық тұрғыдан осы мәселеге көз тастайтын болсақ, онда да сананың сұхбаттық табиғатына куә боламыз. Адам миының жемісі болып табылатын сана — мидың қос жартышарларының диалогының нәтижесі. Ал мидың қос жартышарларының ақпарат қабылдаудың, сараптаудың қос тәсілінен, қос әдісінен тұратындығы белгілі. Яғни біртұтас мидың өзінің сананы тудыруы үшін екі қарама-қарсы бөлікке бөлінуі қажет болған. Сол өзгешелікке негізделген қос бөліктің қарым-қатынасынан туындайтын сананың өзі де о бастан («іштей туа») сұхбатты. Саналы адамның болмысы да диалогты, қоғамдаса өмір сүруі де сол бастапқы диалогтылықтан туындап жатса керек. Сұхбат адамдардың бір-бірімен пікір алысуымен шектелмейді, ол дегеніміз адамдардың қатынасы. Тіпті бір ауыз сөз айтылмаса да, ешбір мағлүмат алынбаса да сұхбаттың болу мүмкіншілігі бар, өйткені сұхбат — ішкі, көрер-көрінбес өрекеттің бір-біріне бағышталғандығы. Әлемдегі болып жатқан оқиғалардың, табиғаттағы орын алған құбылыстардың бөрін де мен өзіме бағышталған, өзімнен жауапты әрекет күтетін нышан деп қарастыруым керек. Тек осындай тұрғыдан ғана сұхбатта болу мүкіншілігім бар. Әлемдегі адамдардың бәрі бірдей емес, сол сияқты олардың сұхбатта болу мүмкіншіліктері де әртүрлі, дүрысырақ айтсақ, өзіне берілген сұхбаттық мүмқінщілікті әркім әрқалай пайдаланады, кейбіреуі тіпті пайдаланбайды десе де болады. Сұхбаттың үш түрі бар: шынайы сұхбат; техникалық сұхбат; сұхбат болып танылуға тырысқан монолог (М. Бубер).

М. Бубердің айтуынша, сұхбаттың бірінші түрі өмірде өте аз кездеседі, бірақ болашақта, мұратта соған жетуіміз керек. Ал сұхбаттың екінші түрі біздің қазіргі «тіршілік ету тәсілімізге» сай келеді. Үшінші түрдегі сұхбат... оны өміріміздің әр саласынан көптеп кездестіре аламыз. Бірін-бірі тыңдағансып, жайбарақат қана өз монологының шеңберінен асып ештеңені қабылдамайтын «көпшілік» құбылысы — қазіргі өмірдің ақиқаты. «Сұхбаттағы өмір дегеніміз көп адамдармен істес болу деген сөз емес, көп адамдармен істес бола түрып шынында да солармен бірге болу!» Сұхбат адамдардың белгілі бағыт-бағдарлы рухани ісәрекетінің көрінісі болғандықтан ол екі немесе бірнеше ерен интеллектуалдық позициялардың ара қатынасынан туындайды. Сұхбат барысында біреудің ғана қөзқарасы дұрысталып, екіншісі қалып қояды деп түсінбеу керек, сұхбат екі түрлі адам-дардың екі түрлі көзқарастарының ортақ нүктесін табады, оларды алыстатушы емес, жақындастырушы позицияны қалыптастырады.

Мәдениеттер сұхбаты концепциясы — мәдениеттанудың бастаушысы. Мәдениеттану адамның басқа мәдениеттермен, ондагы өзі секілді адамдардың ділінің, логикасының өзіндік ерекшеліктерімен белсенді сұхбатқа түсу дегенді білдірсе керек.


жүктеу 1,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   52




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау