1. Мәдениеттанудың ғылым ретінде қалыптасуын тарихи өлшемде сипаттаңыз


Қазіргі супер өркениеттердің белгілері мен динамикасына кестелік сипаттама беріңіз



жүктеу 1,21 Mb.
бет11/52
Дата09.05.2020
өлшемі1,21 Mb.
#30278
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   52
Сессия жауаптары мадениеттану

8.Қазіргі супер өркениеттердің белгілері мен динамикасына кестелік сипаттама беріңіз

Адамзат тарихында адам баласы варварлық заманнан өркениетке көшкеннен бергі кезеңде өркениетті дамудың екі типін бөліп қарастыруға болады. Тарихи жағынан біріншісі – дәстүрлік тип, екіншісі – батыстық тип. Қазір бұған батыс елдері ғана қамтылмай отырғандықтан, бұл өркениет техногендік деп аталады. Өйткені бұл өркениеттің дамуында жаңа технологияларды іздестіріп, дүниеге әкелу басты роль атқарады. Мұнда экономикалық өрлеу ғана емес, әлеуметтік басқару мен әлеуметтік коммуникацияның да озық технологияларын іздестіру көзделген. А.Тойнби қарастырған 21 өркениеттің көбісі дәстүрлік еді. Ал қазіргі өркениеттер негізінен техногендік болып табылады.

Өркениеттің бұл екі типінің өзгешеліктері мен айырмашылықтарын да В.Степин көп зерттеген, өркениеттік тәсілді қолданғанда көбінесе өркениеттердің өзгешеліктерін көбірек қарастырамыз. Қытайдың, Индияның, Грецияның және Римнің, ортағасырлық Еуропаның дәстүрлі мәдениетін сөз еткенде, олардың өз ерекшеліктері айшықталып көзге бірден ұрынып тұрады. Сонымен қатар оларда техногендік өркениет типіне тән ортақ белгілер де көрініс табады.

Техногендік өркениет Еуропа аймағында ХІV-XVІ ғасырларда қалыптаса бастағаны белгілі. Қайта өрлеу, реформация және ағартушылық заманында бұл өркениеттік құндылықтар жүйесінің ядросы қалыптаса бастады. Ол адамның қоғамдағы орны мен функциясын айқындауға бағытталды. Адамның табиғатты өзгертудегі және оны өзіне бағындырудағы ролі еске алынды. Бұл жасампаздық құбылыс техногендік өркениетке тән еді. Бұл әдеттегі мәдениетте болмайтын.

Дәстүрлі мәдениеттер әлемді жаңғыртуды, адамның табиғатқа үстемдігін қамтамасыз етуді өздеріне мақсат етіп қоймады. Техногендік өркениет табиғатты жансыз, органикалық емес дүние деп таныса, дәстүрлі өркениет оны тірі дүние, жанды организм деп қарап, адамды соның бір бөлшегі деп есептеді.

Бүгінгі жаһандану үдерісін академик В.Степин техногендік өркениет экспансиясының жемісі деп бағалайды.

Техногендік өркениет әлемге орасан зор жетістіктер ала келді. Халықтың көбі өздерінің болашағын осы өркениетпен байланыстырды. Бұдан жарты ғасыр бұрын осы өркениет әлемді жаһандық дағдарысқа жетелеп келеді деп ешкім де ойламаған болар. Қазіргі шындық басқаша болып отыр. Техногендік өркениет планетаны дағдарыстың құшағына да бөледі.

Экологиялық дағдарыс әркімнің көз алдында өтіп жатыр. Ал антропологиялық дағдарыс тұтынуды қоғамның негізгі өсу өлшемі деп бағалаумен тікелей байланысты дүние. Батыс өмір салтының стандарттарын ұстану адамдардың биосфераға салмағын барған сайын ауырлатып отыр. Әлемдегі халықтың 5 пайызын құрайтын американдықтар дүниежүзіндегі энергетикалық шығынның 45 пайызы, қоршаған ортаны ластайтын қалдықтардың үштен екісі солардың үлесіне тиіп отыр.

Техногендік өркениет бұл күнде әлемге тосын жайларды сыйлап отыр. Жаһандық дағдарыстар – осының дәлелі. Техногендік мәдениеттің құндылықтарының базистік жүйелерін өзгертпей бұл алапаттардан құтылуға бола ма? Бұл сұраққа академик жоқ деп жауап береді. Құндылықтарды жаңарту үшін ол адамдар қызметінің мақсатын түбегейлі өзгертуді ұсынады. Бұл үшін залалы мол болған техногендік өркениеттен жоғары көтеріліп, дамудың жаңа сатысына жетісуді ұсынады. Бұл үшінші жолды қажет етеді. Бұл дәстүрлі және техногендік өркениеттерге қарағанда өзгеше, үшінші сатыға көшу деген сөз.

Бүгінгі постиндустриялық қоғам техногендік өркениеттің одан әрі жай жалғасуы емес, бұл өркениет дамуының жаңа белесі, жаңа биігі болып табылады.

Дамудың жаңа сатысын қалыптастыру үшін қазіргі мәдениет бірден-бір алғышарт бола ала ма? деген сауал туындайды.

Бұл үшін табиғатқа деген бұрынғы көзқарасты қайта қарау керек болар. Адамның табиғатқа үстемдік ету идеясынан бас тарту қажет болары сөзсіз.

Академик В.Степин өркениетті жеке сөз етпей, бүгінгі жағдайда оны дамудың формациялық жолдарымен қатар алып сөз етеді. Техногендік өркениеттің жетістіктері мен кемшіліктерін қоса көрсетіп, бүгінгі постиндустриялық кезеңде өркениеттік дамудың жаңа белесіне көтерілуді қажет деп отыр.

Бұл жаңа өркениет болмақ. Атақты философтың тұжырымы бойынша, жаңа заман құндылықтардың жаңа үлгісін дүниеге әкеліп, өркениеттік жаңа кезеңге аяқ басудың алдында отыр. В.Степиннің бағытын ұстану өркениет туралы түрлі ұғымдарды шатастырмауға мүмкіндік береді, өркениет (цивилизация) деп мәдениет пен өмір құндылықтарының жаңа деңгейін қалыптастыруды түсінетін боламыз. Бұл жаңғыру материалдық дүниенің жаңаруы ғана емес, рухани әлемнің де жаңа сапаға көтерілуі болып табылады.




жүктеу 1,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   52




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау