1. «Ленгір-баянауыл» автомобиль жолының технико-экономикалық негіздеу



жүктеу 1,73 Mb.
бет4/7
Дата22.05.2018
өлшемі1,73 Mb.
#16263
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7

5. ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ.

5.1. Қазақстан Республикасының Еңбекті қорғау туралы заңы.
Қазақстан Республикасының 12.03.2004 ж. «Тіршілік және еңбек қауіпсіздігі» заңына сәйкес қызметкерлердің еңбекті қорғау құқығын қамтамасыз етуге бағытталған, өндірістегі жазатайым жағдайлар мен денсаулыққа зақым келтірудің, алдын-алу қауіпті және зиянды өндірістік факторларды барынша кеміту мақсатында бұл саладағы ұлттық саясаттың негізгі принциптерін белгілейді және меншік түріне қарамстан шаруашылық қызметі мен кәсіпорындардың барлық түрін қамтиды.

Еңбек қорғау дегеніміз тиісті заң және басқа да нормативтік актілердің негізінде еңбек процесінде адамның қауіпсіздігін денсаулығы мен жұмыс қабілетін сақтауды қамтамасыз ететін әлеуметтік-экономикалық ұйымдастыру, техникалық, гигиеналық және емдеу, алдын-алу шараларын білдіреді. .

Кәсіпорындардағы еңбекті қорғау қызметтері кәсіпорындарда тиісті органдармен келісім бойынша еңбекті қорғаудың мемлекеттік органы бекіткен үлгі-ережеге сәйкес әрекет ететін еңбекті қорғау жөніндегі қызметтер құрылады. Еңбекті қорғау қызмет өзінің мәртебелі жағынан негізгі өндірістік қызметтермен теңеледі. Және кәсіпорын басшысына бағынады.

Еңбекті қорғау жөніндегі тиісті ызметтер, кәсіпорындар жаңадан құратын ассоцацияларды, корпорацияларда, концерндерде басқа да бірлестіктерде құрылу тиіс.

Қызметтерді еңбекті қорғау талаптарын бұзғаны үшін жауаптылығы. Еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік актілердің талаптарын бұзғаны үшін кәсіпорын қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапқа тартылады.

5.2. Жолды жөндеу және күту жөніндегі қауіпсіздік техникасына

негізгі талаптар.
Қолданылып жатқан машиналар, механизмдер, жабдықтар мен саймандардың техникалық жағдайы жұмыстарды қауіпсіз орындау үшін шараларына сай келуі керек. Жүріс бөлігінде және жаяу жүргіншілер жолында жұмыс істейтіндер, механизмдер операторлары мен жол машиналарының жүргізушілері ашық-сары түстегі сигналды жилеттер киюі керек. Тәуліктің қараңғы уақытындағы жүмыстар кезінде жарық шағылыстырғыш бояуы бар жилеттерді қолдану керек.

Жолдағы жөндеу-құрылыс жұмыстарын тек қана қоршауларды орнатқаннан кейін және арнайы белгілерді қойғаннан кейін орындау қажет. Жол белгісін жөндеуге дейін жүріс бөлігіне жол-құрылыс материалдарын және өнімдерін әкелуге, машиналар мен механизмдерді және жабдықтарды қоюға тиым салынады.

Жол жұмыстарының өндірісі және ұйымдастыру кезінде бақытсыз жағдайлардың алдын-алу және үздіксіз технологиялық процесті қамтамасыз ету үшін шаралар қолдану қажет. Жол жұмыстарының өндіріс жоспарының негізіне жұмыстарды қауіпсіз орындау үшін нақты іс-шаралар кіргізілуі керек.

Жұмысшылардың, жол машиналар жүргізушілердің және механизмдер операторларының іс-әрекеттері жұмыс өндірісінің басында келісіліп қойылады.

Бұл кезде технологиялық транспорттың, механизмдер мен машиналар жұмыстарының технологиялық зоналары, жұмысшылардың қозғалуының қауіпсіз зоналары көрсетіледі, саймандар мен материалдардың қоймалық орындары, машиналар мен механизмдердің қолданылу сипаты, технологиялық операцияларды орындау тәртібі, жүмысшылармен, жүргізушілермен және операторлармен берілетін белгілер анықталады.

Жолды жөндеу кезіндегі технологиялық операциялар тек қана қоршалған зона шегінде орындалады. Машиналар мен механизмдер бір-бірінен қауіпсіз ара-қашықтықта жұмыс жасауы керек. Ол қозғалысты дыбыстық сигналдан кейін істеу керек. Бұл кезде, артқа қарай қозғалыс тек қана осы жұмыстарға қатысып отырған адамдардың бұйрығымен ғана бастауға рұқсат етіледі. Машиналар мен механизмдердің жұмысшыларға кемінде 3м қашықтыққа жақындауға тиым салынады. Механикаландырылған бөлімшенің жұмыс зонасында жұмысшылар болмау керек. Машиналардан және механизмдерден түсуді және мінуді, сонымен қатар тіркелген агрегаттарды ағытуды немесе жабдықтарды шешуді тек қана олар тоқтағаннан кейін орындау қажет.

Қия жол бөліктерінде, доңғалақты базасы технологиялық жабдықтар мен көмекші құралдарды орнату кезінде доңғалақтардың өзінен-өзі тербелу мүмкіндігін жоятын шаралар қолдану қажет. Жұмыстар өндірісінің зонасынан жол машиналарының, механизмдерінің және технологиялық транспорттардың шығуы тек қана жұмысшы-реттеуші сигналы бойынша және жол қозғалысы Ережелерін бүзбай жүзеге асырылуы керек. Ерекше сақтылықты көшелер мен жолдарды механикаландырылған жинау кезінде сақтау қажет, себебі бұл жұмыстарды технологиялық зонаны қоршаусыз, транспорт ағынымен өзара әсерлессе қозғала отыра орындайды. Жұмыс процесінде жинау машиналары біркелкі жылдамдықпен қозғалып отыруы керек және мүмкіндігінше жүріс бөлігінің ені бойынша өзінің орнын өзгертпеу керек. Жүріс бөлігінде тұрған автомобильдерді айналып өтуді, асықпай, көрші жолаққа тез шықпай жүзеге асыру керек.

Жол жабындарын жинау технологиясы, қар артушылардан басқа, жол машиналарының транспорттық ағынға қарсы қозғалмауы керек, қар артушылар белгіленбеген жерлерден айналып өтпеуі керек. Жүріс бөлігінің арығында жатқан қарларды арту кезінде, қар артушылар транспорт ағынына қарсы қозғалуы керек. Ал тасуға бара жатқан машиналар қардан тазартылған жолақ бойынша артушының артынан артқы жүріспен жүріп, артып біткеннен кейін транспорт ағынын қиып отпей оған сіңіп кетуі керек.

Қар үйінідісі жүріс бөлігінің өсінде орналасқан кезде, қар артушы кез-келген бағытта қозғала алады, ал қар тиелген машиналар тек қана оңға қарай бұрылып, транспорт ағынына кіріп кете алады. Қар артушы мен машина жүргізушілерінің арасындағы байланысты реттеуші-жұмысшы жүзеге асырады. Осы арықтан қарды жинау кезінде қар артушының жанында жаяу жүргіншілер жолында түру керек, ал қар артушының жүріс бөлігінің ортасындағы жұмысы кезінде, реттеуші-жұмысшы қозғалып келе жатқан транспорт құралдарына қарсы бетте, тиеуге келе жатқан машинаның оң жағында тұруы керек. Түнгі уақытта, жүріс бөлігінде орналасқан жұмысшы-реттеушінің орны мен қар үйіндісі қар артушының жарық көздерімен жарықтандырылуы керек.

Нақты жол және комуналды машиналармен және механикаландырылған механизмдермен, технологиялық жабдықтармен және механикаландырылған саймандармен жұмыс жасау кезінде, оларды пайдалану бойынша инструкцияларға сай арнайы техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау керек.

Егерде жаяу жүргіншілердің, жұмысшылардың денсаулығына және өміріне қауіп төндіретін жағдайлар немесе транспорт құралдарының қозғалысында авариялық жағдайлар туа қалса, жұмыстарды қауіпті жойғанға дейін тоқтату қажет. Орындалуы кезінде бақытсыз жағдайларға алып келетін техника қауіпсіздігі ережелеріне қайшы келетін жұмыстарды орындауға тиым салынады.
5.3. Автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету

кезіндегі техника қауіпсіздігі.

Автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету зонасында тиым салынады:

- Қозғалтқыштарды, агрегаттарды, бөлшектер мен детальдарды тез тұтанатын сұйықтармен(бензин, еріткіш және т.с.с.) жууға;
- Тез тұтанатын және жанатын сұйықтарды, кышқылдарды, кальций

корбидін және тағы басқаларды сақтауға;

- Автомобильдерге отын құюға;

- Таза, сүртетін материалдарды, қолданылғандармен бірге сақтауға...

Автомобильді жөндеу және техникалық қызмет көрсету, қажетті құрылғылармен, приборлармен, инвентарьмен, саймандармен жабдықталған арнайы орындарда жасалады. Жөндеу және техникалық қызмет көрсетубекеттерінің орналасуы, осы бекеттерде қойылған автомобильдер арасындағы ара-қашықтық, сонымен қатар автомобильдер мен ғимарат конструкциялары арасындағы қашықтықтар ОНТП-01-86-ге сай келуі керек.

Жөндеу және техникалық қызмет көрсету бекеттеріне жіберілген автомобильдер лайдан және қардан тазаланып, жуылуы керек.

Көтергіште автомобильге қызмет көрсету кезінде(гидровликалық, электрлік) көтергіштің басқару тетігінде «Тиіспе автомобиль астында адамдар жұмыс жасап жатыр» деген жазу ілінуі керек.

Автомобильге жөндеу және қызмет көрсетуші жұмысшылар арнайы құрал-саймандармен жабдықталуы керек.

Жұмыс орнын шаңнан, ағаш үгіндісінен, басқа металл, үгіндісінен тазарту тек қана щеткалармен рұқсат етіледі. Шаңды, ағаш және металл үгінділерін қысылған ауамен үрлеуге тиым салынады.

Салмағы 15 кг немесе одан да көп агрегаттар мен бөлшектерді шенгу немесе орнату кезінде арнайы құралдармен шепгуге жабдықталған көтеруші транспорттық механизмдерді қолдану қажет.


Жылжымалы құрамның жабдықтарына және техникалық жағдайына талаптар.

Автомобиль кабиналарына келесі талаптар қойылады:

- Беттік және жандық терезелерінде көруді қиындататын

қараңғылық және сызат болмауы керек;

- Жандық терезелер қолменен немесе арнайы механизмдермен

қозғалуы қажет;

- Жүк автомобильдерінің кабинасында және жеңіл

автомобильдердің кузовында салон ішінде және автобус кабинасында зиянды заттардың құрамы төмендегідей

тағайындалған санитарлы нормалардан аспауы керек:

Оттегі тотығы - 20 мг/м3; акролеин - 0,2; азот тотығы - 5; бензпирен

- 0,00015; бензин буы - 100; бутан - 200; пропан - 180.

Қоректендіру, майлау және салқындату жүйелерінде отын, май, антифрид және су ақпау керек.

Капот астындағы кеңістікке газды жібермейтіндей, қозғалтқыш вентиляциясы жақсы жүмыс істеуі керек.

Шыққан газдағы зиянды заттардың құрамы МЕСТ 17,2,2,03-87 тағайындалған мөлшерден аспауы керек.

Доңғалақ дискілері ступицаға мықты қатырылуы керек. Доңғалақ дискілерінің майысқанына, сызат түсуіне жол бермеу керек.

Адамдарды тасымалдауға және осы мақсаттарға арнайы жабдықталған жүк автомобильдері мен автобустары қосымша екінші өрт сөндіргішпен жабдықталуы керек. Бұл кезде бірінші өрт сөндіргіш жүргізуші кабинасында тұрса, екіншісі - автобустың жолаушылар салонында немесе автомобиль кузовында орналасуы керек.


5.4. Автотранспорттық тұрақтарындағы және гараждарындағы

өрт қауіпсіздігі шаралары.

Автомобильдерді гараждарда, бастырма астындағы тұрақта, арнайы алаңдарда орналастыру, гаражсыз сақтау үшін гараждар құрылыстық нормаларға сай келуі керек.

Гаражда, автомобильді жөндеуде, сонымен қатар бастырма астындағы автомобиль тұрақтарында және ашық алаңдарда тиым салынады:

1.Ашық отты қолдануға, темекі шегуге және күйдіргіш лампалармен,

қозғалмалы пісіру аппараттармен жұмыс істеуге;

2. Бензо багінің қақпағы ашық автомобильді ұстауға;

3. Аккумулятор батареяларын зарядкілеуге;

4. Осы орындарға қатысты жабдықтардан басқа да қандай да бір

заттарды және материалдарды сақтауға;

5. Автомобиль кузовын және детальдарын бензин немесе керосинмен

жуу;

6. Автомобиль бактарында бензиннен басқа жанармайларды сақтауға.



Тез тұтанғыш сұйықтарды таситын автоцистернаны сақтау орындары басқа орындардан алшақ тұруы керек.

Автомобильге отын құю, ЖЖМ қоймасы жанындағы арнайы алынған алаңда жүргізілуі керек.

Автомобиль саны 5-ке дейін гараждарда детальдарды керосинмен жуу, қажетті өрт қауіпсіздігінің шараларын сақтай отырып, автомобильдерді жөндейтін арнайы орындарда жүргізіледі.

Автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсетудің барлық орындарында келесі өрт қауіпсіздігі шаралары сдкталуы тиіс:



  1. автомобильдердің тұрақтан желіге шыққанан кейін және әр смена

жұмысы соңынан кейін бөлмелерде және қарау шұңқырларында

қалдық және қоқымдарды жинап алу керек.



  1. төгілген май және отындар дер кезінде құм немесе ағаш үгіндісі

көмегімен тазалап, қолданылған құмды және ағаш үгіндісін жинап гараж сыртында орналасқан кақпағы бар арнайы темір жәшіктерге тастау керек.

Машиналарды қыздыру үшін ашық отты қолдануға тиым салынады. Бұл үшін ыстық су мен бу қолданылады. Гараждарда қолданылатын қозғалмалы лампалардың кернеуі 36 В-тан аспауы керек.



Бақытсыз жағдайлар кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек.

Аптечканы тек қана жарақаттанушыға алғашқы көмек көрсету үшін ғана пайдалану керек.

Бақытсыз жағдайдың куәгері болған немесе жарақаттанушыны тауып алған жұмысшы міндетті:

1. жарақаттанушы фактордың әсерінен жарақаттанушыны босату


шараларын жасауға;

2. жарақаттанушыны дәрігерлік пунктіне жеткізу керек, ал оны жеткізу

мүмкін болмаған жағдайда дәрігерді оқиға орнына шақырады;

3. дәрігерлік пункт жоқ болған кезде «жедел жәрдемді» Дереу шақыру керек.

Автомобиль транспорттық әр жұмысшысы алғашқы дәрігерге дейінгі көмекті көрсетуге, жарақаттанушыны транспорттау әдістеріне, аптечканың құрамын және орналасқан жерін білуге үйретілуі керек.

Улы және зиянды заттармен байланысты жұмыс орындарындағы аптечкаларда жалпы медикамент түрлерінен басқа ас содасының, бор және лимон қышқылы ерітіндісі, комфора, күйдірілген магнезия, глаубер тұзы болуы керек.



Жарықтандыру және электро-қауіпсіздік.

Өндірістік, көмекші және тұрмыстық орындарда кәдімгі жарықтандыру 11-4-79 ҚНжЕ-дің талаптарына сай келуі керек.

Күн жаққа қарайтын терезелер тіке күн сәулелерінен қорғайтын құрылғылармен жабдықталуы керек. Терезелерді және басқа да жарық саңлақтарын материалдармен, жабдықтармен т.с.с бекітуге тиым салынады.

Жоғары фонарлардың жарық саңлақтары торланған шынымен жабылу керек немесе фонарь астында кездейсоқ түсетін шыныдан сақтайтын металл тор ілініп тұру керек. Шыныларды тазалау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін арнайы құрылғыларды пайдалану керек(саты, көпірше).

Қолдан жарықтандыру, электро-жабдықтар және сымдар.

Бөлмелер және жұмыс орындары, жұмыстарды қауіпсіз орындау үшін жеткілікті жарықтармен қамтамасыз етілу керек. Адамның қауіпсіз болу және қозғалуы ҚНжЕ П-4-79, ҚНжЕ 3.05.06.-85 талаптарын қанағаттандырады. Өндірістің жұмыс орындарын жарықтандыру кемінде 5 л.к. болу керек. Барлық элетрожабдықтар сенімді жерленуі керек.

Табиғи жарықты түсуіне байланысты 3 жүйеге: жанымен, жоғарыдан және қиыстырылған болып бөлінеді.

Нормалық өлшем ретінде салыстырмалы өлшем бірлігі және табиғи жарықтану коэффициенті (ТЖК) алынады.

Ол бөлме ішінде берілген нүктенің жарықталуының Е б.і. сол мезеттегі сыртқы горизонталь, сәуленің ауада шашырап таралуымен пайда болған, жарықталуына Еа қатынасымен, процентпен көрсетеді:

ТЖК = Е б.і. /Е а*100%

Мен есептегелі отырған Оңтүстік Қазақстан Ішкі Істер басқармасы Жол полиция басқармасының ғимаратындағы «Техника қауіпсіздігі» бөлмесінің табиғи жарықталу коэффициенті (ТЖК) төмендегіше анықталады:
ТЖК = Е б.і. /Е а*100% 100% = 12,8 = 13%

Аспан жарығын төмендегіше анықтаймыз:

Е. = 2[Еа + (l2% Е а)+ (35%Ә Е а )+ (50:75% Е а )],

мұндағы 12% - терезенің ластануын түзету;

35% - терезенің үстіңгі жағындағы қолхон түзету;

50% - жазда талдардың көлеңкесіне түзеті;

75% - қыста талдардың көлеңкесіне түзету.

Радиациялық, химиялық барлаулың құралдары.

Барлау жұмыстары үзіліссіз жүргізілуі - оның жоспарлары, жүйелі түрде күндіз-түні, ауа-райына, жер жағдайына қарамастан қамтамасыз етілуі.

Барлаудың тез арада жүргізілуі, оның белгілі уақытта АҚ штабын барлау бөлімдерінің жинаған мәліметтерінің қажеттілігіне қарай тез арада штабтарға жеткізілуі.

Барлауды жинақтылығы - болған жағдайды толық қамту. Барлау шынайлығы - жағдай бірнеше жолдармен тексеріледі, жиналған мәліметтерді салыстыра отырып, оның дәлдігіне жеткізіледі.

Бейбітшілік кездегі төтенше жағдайда:


  • ауаның, судың, топырақтың, өсімдіктердің және басқа да объектілер-
    дің улы, радиоактивті заттармен ластанғанын бақылап, лаборато-
    риялық талдаудан өткізіп отыру;

  • табиғат дүлейіне не ірі апатқа ұшыраған аймақтың көлемін, қолайсыз
    эпидемиялық не эпизоттық жағдайға үшыраған аудандарды анық-
    тайды;

  • елді мекенді көшіретін жағдайда жолдың, жол бойындағы құрылым-
    дардың жайын, апатқа ұшырау қауіпі бар объектілерге жол-қатынас
    мүмкіндігін зерттейді;

  • барлаушылар соғыс сипатын, жаппай қарып-жою қаруларын және
    қару түрін, апат ошақтарын, химиялық қару жарылған зақымданудың
    бар-жоғын, деңгейін, улы заттардың түсін анықтайды.

Әуе барлауы ұшақ пен тікүшақтардың қаытсуымен жүргізіледі. Бұл барлау арқылы ядролық жарылыстың ортасын, бұл жердегі радиация деңгейі мен радиоактивті бұлттың жылжу бағытын, радиоактивті заттармен ластанған жерлердің шекарасын анықтайды. Өрттің көлемін, сипатын белгі-лейді. Ұшақ арқылы радиацияның деңгейі анықталады, кейбір аудандарды фотосуретке түсіріп алады.

Теңіз, өзен су арқылы барлау. Мұндай барлау жүмыстары теплоход-тармен, катерлермен, маторлы қайықтармен жүргізіледі. Теңіз, өзен жағалауындағы радиацияның деңгейін, улы заттардың концентрациясын, таралу бағыты мен көлемін және басқа да ластанудың дәрежесін зерттейді.

Құрлықтағы барлауға - азаматтық қорғаныстың күштері олардың барлаушылары түгел қатыса алады. Бұл қызметке арнайы барлау бекеттері, зертханалық бақылаулар қатысады. Өз қызметін аяқтап шыққаннан кейін, оларға арналған пунктке барып орналасады, ондай пунктер - химиялық заттармен, радияациямен ластанбаған ауданда болуы керек.

Радиоактивті заттарды сезіп, олардың шамаларын анықтайтын, сәулелерін зерттейтін құралдарды дозиметриялық құралдар деп атайды. Бұл құралдар арқылы радиоактивті заттардың түсе бастағанын, жердің, техниканың, әртүрлі мүліктің адамның қанша ластанғанын анықтауға болады.

Жұқтырылған территорияда 6 сағ. жұмыста технологиялық факультеттің құтқарушы команд аның жалпы сәулелендіру мөлшерін анықтау. Жарылыстан кейін 2 сағат өткен соң факультет территориясында радиация деңгейі 60 р/сағ. тең болатыны белгілі болса, құтқарушылар жүмысқа 10 сағаттан кейін. Құтқарушылар 7 қорғаныс коэффициентпен жұмыс істеді.

Ең алдымен жарылыстан кейін 10 жэне 6 сағат өткен соң радиация деңгейін мына формуламен анықтаймыз (жүмыстың басында немесе соңында):

Р1= Р0хК1t,

мұнда Р0-t0 уақытындағы сағат жаралысытан соң, радиация деңгейі;

К1 - жаралыстан кейінгі түрлі уақыттағы радиация деңгейін

есептеу үшін коэффициент, ол келесідей формуламен есептеледі:
К1 = (t/ t0) -1,2 ; K10 = (10/2)-1,2 = 0,145; К16 = (16/2)-1,2 = 0,082;

Р10 =60*0,145 = 8,7 р/сағ.; Р16 =60*0,082 = 4,95 р/сағ.

Сәулелендірудің жалпы мөлшерін есептеу үшін мына формула қолда-нылады:

D = Pср xt/K осл ; Pср = (Pн tн +Pк tк )/2,


мұнда Рн және Рк - жұмыстың басы мен соңындағы радиация деңгейі;

t - жұқтырылған территориядағы немесе жердегі тұрған уақыт.

Немесе сәулеленудің жалпы мөлшерін мынадай формула бойынша есептеуге болады:

D = 5х(Рн xt +Pк xtк )осл,

D = 5*(8,7*10-5*4,95*16)/7 = 5,57P.

Р - жұтқырлыған территорияда болған 6 сағаттағы жұмысшылар мен қызметшілердің алатын экспозициялық мөлшері.



6. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ

Қазақстан Республикасында бұл проблема мемлекеттік деңгейде шешілуде. Қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулылары мен қарарлары, ел Президентінің жарлықтары мен арнайы бағдарламалары қабылданып, олар іске асырылуда. Бұлардың ішінен Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 шілдедегі «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңың Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 наурыздағы «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» Заңын атап өтуге болады. Сонымен қатар 2004 жылы Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған «Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі бойынша бағдарлама» қабылданып, ол Қазақстан Республикасының Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы № 1241 жарлығымен бекітілген.

Қазақстан Республикасы мен Тараз қаласы үшін негізгі проблемалардың бірі ол транспорт қүралдарының ескіруі, сатылудағы жанар-жағар майлардың төменгі сапасы сапасы болып, ол қоршаған ортаның өте жоғары деңгейде ластануына әсер етеді. Қазақстан Республикасының статистика Агенттігінің мәліметтері бойынша Республикамыздың аса ірі өнеркәсіп қалалары үшін атмосфералық ауаның ластану деңғейі шамамен 13,6 құрайды.

Іштен жану қозғалтқыштарының сыртқы қоршаған ортаға шығаратын улы заттарының арасында пайдаланылған газдар мен картерлік газдардың және де карбюратор мен жанармай багынен шығатын жанармай буының алатын орыны ерекше. Улы газдардың негізгі бөлігі сыртқы қоршаған ортаға негізінен іштен жану қозғалтқыштарының пайдаланылған газдарымен шығарылады. Ал картерлік газдар мен карбюратор мен жанармай багынен шығатын жанармай буымен сыртқы қоршаған ортаға CnHm көмірсутегілерінің шамамен 45 пайызы шығарылады.

Қазақстан Республикасында бұл проблема мемлекеттік деңгейде шешілуде. Қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша Қазақстан

Республикасы үкіметінің қаулылары мен қарарлары, ел Президентінің жарлықтары мен арнайы бағдарламалары қабылданып, олар іске асырылуда. Бұлардың ішінен Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 шілдедегі «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 наурыздағы «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» Заңын атап өтуге болады. Сонымен қатар 2004 жылы Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған «Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі бойынша бағдарлама» қабылданып, ол Қазақстан Республикасының Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы № 1241 жарлығымен бекітілген.

Қазіргі кезде Қазақстанның Алматы, Шымкент, Семей сияқты ірі қалаларында ауаның ластнауының 80 пайызға жуығы автомобиль транспортының үлесіне тиеді.

Ауа ортасының ластануы өте шиелініскен және тез шешілуге тиісті проблем болып табылады. Екінші дүниежүзілік соғыс біткелі бері тазаланбаған түтінді ауаға шығарудың көлемі 2000 пайызға өсті.

Қоршаған орталық ластануына автомобиль көлігінің қосқан үлесі өте
үлкен. БҰҰ мәліметтері бойынша автомобильдің жалпы саны 2000 жылы 700
млн.асып түсті.

Дүниежүзілік автомобильдер паркі жылына шамамен 500 млн. тоннадай жанар-жағар май пайдаланады және қоршаған ортаға 300 млн.тоннадай улы заттар, соның ішінде 260 млн. тонна көмірсутегі тотығын, 40 млн. тонна көмірсутегілер және 10 млн. тоннадай азот тотықтарын шығарып тастайды.

Іштен жану қозғалткыштарының сыртқы қоршаған ортаға шығаратын пайдалынған газдарын сараптау нәтижелері көрсетіп отырғанындай олардың құрамында бірнеше ондаған түрлі улы компонештер болып, олардың негізгілері 6.1-кестеде келтірілген.

Күкірттің қос тотығы пайдаланылған газдардың құрамында тек қана егер күкірт пайдаланушы жанармай құрамында болса ғана болады /дизель отыны/.



.1.-кесте

Іштен жану қозғалтқыштарының пайдаланылған газдарының құрамы


Компоненттер

Компоненттер есебімен

құрамы, %

Бензиндік қозғалтқышта

Р

Дизельдік қозғалтқышта

Р

Улылығы

Улы емес

N2

74-77

76-78

NO2

0,3-8

2-18

Н2О

3,0-5,5

0,5-4,0

СО2

5,0-12,0

1,0-10,0

Н2

0-0,05




Улы

CO

0,5-12,0

0,01-0,5

NOX

0,8

0,0002-0,5

CnHm

0,2-0,3

0,009-0,5

Альдегидтер

0,2 мг/м3

0,001-0,09 мг/мЗ

Бензопирен

10-20 мг/мЗ

10 мкг/мЗ

түтін

0,-0,4 г/мЗ

0,01-1,1 мг/мЗ

6.1-кестеде келтірілген іштен жану қозғалқыштарының пайдаланылған газдарының құрамын сараптау нәтижесі көрсеткеніндей карбюраторлық қозғалтқыштардың пайдаланылған газдарының улылық деңгейі жоғары.

Себебі олардың құрамындағы көміртек тотығының, азот тотықтарының және көмірсутегілерінің пайыздық үлесі жоғары.

Пайдаланылған газдардың улы компоненттері адамдар өміріне кері әсерін тигізеді, тыныс алу жолдарының әртүрлі ауруларының пайда болуын көбейтеді, әртүрлі қауіпті аурулардың пайда болуы мен дамуына әсерін тигізеді.

Сыртқы қоршаған ортаның автомобиль транспортының әсерінен ластануын азайту проблемасы шешу мәселесі - тек қана Қазақстан Республикасының бүгінгі күннің басты да өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.

Дизельдік қозғалтқыштар сыртқы қоршаған ортаға негізінен түтінді немесе бос көміртегіні аса көп мөлшерде шығарғанымен бос көміртегінің өзі аса улы емес.

Бірақ бос көміртегінің бөлшектері жұту мүмкіндігінің жоғары қабілетіне ие бола отырып, өздерінің бойларымен улы заттардың, соның ішінде канцорегендік заттардың, бөліктерін алып жүреді. Бос көміртегі ауада бос күйінде үшып жүріп улы заттардың адамға тигізетін кері әсерін ұлғайтады.

6.2. «Ленгір-Баянауыл» автомобиль жолының

транспортының әсерінен ластануы.

«Ленгір-Баянауыл» автомобиль жолының жүйелері арқылы бағыттық жолаушылар тасымалдау транспортының көптеген бағыттары өтеді, олар үшін арнайы мамандырылған аялдамалар салынған. Көше бойларындағы көптеген автотұрақтарды да атап өту қажет. Олар негізінен көшенің екі жағына да орналасып, транспорт құралдарының қозғалысын қиындатады.

«Ленгір-Баянауылк» автомобиль жолының жүйелері қаланың аса жоғары деңгейде жүктелген көшелері қатарына жатқызылады. Ол көщелер бойымен қаланың орталық бөлігі қаланың шеткі ықшам аудандарымен, өнеркәсіп орындарымен байланыстырылған.

«Ленгір-Баянауыл» автомобиль жолының жол-көше жүйелеріндегі тәуліктік қозғалыс қарқындылығы шамамен 2200 құрайды, бұл шама жобаланған тәуліктік қарқындылық шамасынан (2000) 11 пайызға артық болып отырғанын атап оту керек.

Бұлардың барлығы сайып келгенде көше қиылстарындағы қозағлыс іркілістерін жоғарылатады және сыртқы қоршаған ортаға шығарылатын зиянды заттардың мөлшерін кебейтеді.

ОҚО Ішкі Істер Департаменті Жол полициясы Басқармасының мәліметтері бойынша Шымкент қаласының орталық болігіндегі жол-көше жүйелері арқылы жылына шамамен 2900 автотранспорт құралдары отеді, соның ішінде

1000 карбюраторлы қозғалтқышты автомобильдер;

900 дизельдік қозғалтқышты автомобильдер;

1000 газдық қозғалтқышты автомобильдер.

Қазақстан Республикасының статистика Агенттігінің мәліметтері бойынша Шымкент қаласының орталық бәлігіндегі жол-көше жүйелері арқылы отетін транспорт құралдары сыртқы, қоршаған ортаға жылына шамамен 580 тонна әртүрлі зиянды заттар шығарса, соның ішінде:

СО-2 50 тонна;

SOX- 10,4 тонна;

CnHm - 89,о тонна;

NOX-70,9 тонна

Шымкент Ішкі Істер Департаменті Жол полициясы Басқармасының мәліметтері бойынша Тараз қаласының орталық бөлігіндегі жол-көше жүйелерінде 2005 жылы 3674 мың автотранспорт құралы сырткы қоршаған ортаны сақтау бойынша белгіленген талаптардың орындалуына тексеріліп, олардың ішінен 106229 транспорт құралының талаптарға сай емес екендігі анықталды. (6.2-кесте)

6.2-кесте

Жамбыл Ішкі Істер Департаменті Жол Полициясы Басқармасы тарапынан Шымкент қаласының орталық бөлігіндегі жол-көше жүйелерінде 2007 жылы жургізілген тексерулер нәтижелері


Қозғалтқыш түрі

Тексерілгені, барлығы

Талапқа сай емес

Бензин

3558750

88968

Дизель

114975

17246

Газдық

275

15

Барлығы

3674000

106229


6.3. Атмосфералық ауаны ластағаны үшін төленетін төлемдер мөлшерін анықтау

Атмосфералық ауаны ластағаны үшін төленетін төлемдер мына төмендегілерден қүралады:

- белгіленген нормалар (МемСТ 17.2.2.03-87 және МемСТ 21363-75 талаптары) талаптарына сәйкес сыртқы қоршаған ортаға шығарылған зиянды қалдықтар үшін төленетін төлемдер;

сыртқы қоршаған ортаға шығарылған зиянды қалдықтар үшін белгіленген нормалар талаптарына сәйкес келмеген жағдайда төленетін айыппүлдық төлемдер.

Атмосфералық ауаны ластағаны үшін төленетін төлемдер мөлшері қолданылатын жанармай түріне және оның мөлшеріне байланысты болады.

Атмосфералық ауаны ластағаны үшін төленетін төлемдер мөлшері қолданылатын жанармай түріне және оның мөлшеріне байланысты болады.



Атмосфералық ауаны ластағаны үшін төленетін төлемдер мөлшері мына төмендегі формулалар көмегімен анықталады:

ПД = (6.1)

мұндағы Р1 - автомобиль жанармайының І-түрін пайдаланғаны үшін төленетін төлемдердің меншікті көрсеткіші, теңге/ тонна (1000 м3).

Этилденген бензиндер үшін - РЭб = 25 теңге/ тонна;

Этилденбеген бензиндер үшін РНб =1,5 теңге/ тонна;

Дизель отыны үшін Рдо = 4,0 тенге/ тонна;

В1 - есептік мерзім ішінде жүмсалған I- жанармайының мөлшері, тонна (1000 м3).

Жанармайдың жылдық шығыны:

бензин - ВБ = 9964,5 тонна;

дизель отыны - Вд = 6898,5 тонна;

газ - Вг = 876 тонна.

ИЗААТ - қоршаған ортаның автотранспорт салдарынан ластану индексі 5 жылда бір рет анықталады. Тараз қаласы үшін ИЗА АT = 4,0

Пд = 25,0х9964,5х+4,0х6898,5х4,0+1,5x876x4,0= 1112082 тенге/ жыл

Сыртқы қоршаған ортаға шығарылған зиянды қалдықтар үшін белгіленген нормалар талаптарына сәйкес келмеген жағдайда төленетін айыппұлдық төлемдер мөлшері жұмсалатын жанармай түрі мен мөлшеріне, сонымен қатар автотранспорт құралдарының үлесіне және сәйкессіздігіне байланысты анықталады.

Айыппұлдық төлемдер мөлшері мына формула бойынша анықталады



Ш = (6.2)

мұндағы S1 - автомобиль жанармайының I - түрін пайдаланғаны үшін төленетін айыппұлдық төлемдердің меншікті көрсеткіші, теңге/ тонна (1000 м3).

S1=4(l+П1o)

мұндагы П1 тексеру барысында іштен жану қозгалтқыштарының сыртқы қоршаған ортаға шығаратын пайдаланылған газдарының улылық деңгейі талапқа сай еместігі анықталған автотранспорт құралдарының саны;

По - тексерілген барлық автотранспорт құралдарының саны;

Шымкент Ішкі Істер Департаменті Жол Полициясы Басқармасының мәліметтері бойынша қабылдаймыз:

Бензиндік қозғалтқыштар үшін - П0=3558750 және П1= 88968;
Дизельдік қозғалтқыштар үшін - П0=3558750 114975 және П1= 17246;
Газдық қозғалтқыштар үшін - П0=275 және П1= 15.
Сонда айыппұлдық төлемдердің меншікті көрсеткіші
Бензин үшін – SБ= 4 (1+88968/3558750) =4,1 теңге/ тонна;
Дизель үшін – SД= 4 (1+17246/114975) =4,6 тенге/ тонна;
Газ үшін – SГ= 4 (1+15/275) =4,2 тенге/ тонна;

Сонда сыртқы қоршаған отраға шығарылған зиянды қалдықтар үшін белгіленген нормалар талаптарына сәйкес келмеген жағдайда төленетін айыппұлдық төлемдер мөлшері

Ш= 4,1x9964,5x4,0+4,6x6898,5x4,0+4,2x876x4,0=286933,8 теңге

Сыртқы қоршаған ортаға шығарылған зиянды қалдықтар салдарынан келетін экономикалық шығындар жекелеген элементтер салдарынан келетін шығындардан құралады:


У= УА + Ув + Уп (6.3)

мұндағы УА атмосфераны ластаудан келетін шығындар;

Ув - суды ластаудан келетін шығындар;

Уп - топырақты қатты заттармен ластаудан келетін шығындар. Атмосфераны ластаудан келетін шығындар мөлшері

УА1 К2УаМа (6,4)

Мұндағы К1 - ластау көзінің орналасуын ескеретін коэффициент,

К1 = 2,0;

К2 - ластау көзінің биіктігін ескеретін коэффициент, К2=1,5

Уа - 1 тонна ластаушы заттың атмосфераға шығарылуынан келетін меншікті шығын, теңге/ тонна. Ушан =120 тенге/ тонна;

Усо = 70 теңге/ тонна.

MA - атмосфераға шығарылатын заттың жылдық мөлшері, тонна. МСО=261 тонна; Mso= 104,4 тонна; МспНт=87 тонна; МNOX=69,9 тонна; Сонда

УА=2х1,5х(120х69,6+70х216+160х87,9+250х58+150х104,4)=212106 теңге


Суды ластаудан келетін шығындар

Ув=УвМв (6.5)

Мұндағы ув - 1 тонна ластаушы затты суға тастаудан келетін меншікті шығын;

Мв - суға тасталатын зиянды заттардың массасы, тонна/жыл.

Мқз=36,8 тонна; МспНт =18 тонна.

Әрбір тонна ластаушы затты суға тастаудан келетін меншікті шығын: ув=144КА (6.6)

К коэффициенті лас заттар тасталатын су шаруашылығы ауданына байланысты болады, Қазақстанның су шаруашылықтары үшін К=1,0

А коэффициенті тасталушы зиянды қалдықтың салыстырмалы түрдегі қауіптілігін көрсетеді, қатты қалдықтар үшін А=0,05, ал мұнай өнімдері үшін


Ам=20

Сонда


Уққ=144x1,0x0,05=7,2 теңге/тонна;

У спНт = 1441,0x20=2880 теңге/тонна.

Табылған бұл сандарды жоғарыдағы 5-формулаға қоятын болсақ, онда Ув=7,2х36,8+18х2880=52104,96 тенге

Қатты қалдықтарды топыраққа тастаудан келетін экономикалық шығындар

Уп=УпgМп (6.7)

Мұндағы уп - 1 тонна ластаушы затты топыраққа тастаудан келетін меншікті шығын;

Уорг =3 теңге/тонна, ут=4 теңге/тонна.

Мп - топыраққа тасталатын зиянды заттардың жылдық массасы, тонна/жыл.

Морг=105 тонна; Мт =208 тонна.

g - жер ресурстарының бағалылығын ескеруші коэффициент, g=0,7

Осыдан келіп

Уп=0,7хЗх105+0,7х4х 208=802,9 теңге

Бұл шамалардың барлығын 5.3-формулаға қойсақ

У=212106+52109,96+802,9=2650118,86 теңге

Осылайша Шымкент қаласының орталық бөлігіндегі жол-көше жүйелері арқылы өтетін транспорт құралдарының сыртқы қоршаған ортаға шығаратын зиянды заттарынан келетін экономикалық шығындар 2650118,86 теңгені құрайды.


жүктеу 1,73 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау