Жеңіл атлетиканың жаттығулары бес түрге бөлінеді: спорттық тәсілімен жүру, жүгіру, секіру, ядро, диск, найза, граната лақтыру және көп сайыс. Жүгіру мен жүру - күнделікті өмірде кездесетін дене жаттығуларының табиғи түрі. Осы екі түрімен күнделікті жаттығу адам денесінің негізгі мүшелері мен системаларының функциялары тиесілі әсерін тигізеді, жүрек-тамыр системасың нығайтады, тыныс алу органдарының қызметін жақсартады бүкіл организмнің төзімін арттырады. Спорттық түрлі қимылдар жеделдікті, күштілікті, икемділікті, шыдамдылықты шындайды.
1. Спорттың тәсілімен жүру.
Техникалық жағынан алып қарасақ, спорттық тәсілімен жүгірудің, жай жүрістен көптеген айырмашылығы бар. Спорттық жүрістің жылдамдығы жоғары және аяқтың жермен байланысы сақталмаса, онда спорт ережесі бұзылды деп есептелділе , екі рет ескертуден кейін сайыстан босатылады.
2.Тегіс жермен жүгіру
Стадиондағы жүріс жолдарында, шеңбер бойымен әртүрлі қашықтықта өткізіледі.
3.Кедергілерден қарғып жүгіру
Әрбір қашықтықтарда қойылған -10 кедергіден тұратын стдиондағы жол бойымен өткізіледі. Кедергіден қарғып жүріру 110-140 м. Ара қашықтықта өткізіледі . Қатарластыра қойылған кедергіден қарғып жүгіруге жаттығу үшін : 3 адымдап жүгіру үшін кедергілерді 8,40м, 5 адымдап жүгіру үшін 9-9,14 м. Аралықта қою керек. Мектеп оқушыларының осы екі жағдайда да кедергілерден еркін қарғи жүгірулері керек. Кедергілерді жүгіру жолына орналастырып қою тәртібі төмендегідей: бірінші кедергі мәре сызығынан 13м. 72 см қашықтықта қойылады. (110м.)
12 – лекция.
Тақырыбы: Биіктікке секіру техникасын талдау
Жоспары:
1. Биіктікке секірудің техникалық кезеңдері
2. Фосбюри Флоп секіру әәдістері
Әдебиеттер:
Дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесі. Э.Ж.Тілеуов, оқу құралы. Шымкент – 2003 ж
Дене шынықтыру және спорттың теориясы мен әдістемесі. П.ғ.қ.Р.Р.Аманбаев, типтік оқу бағдарламасы. Алматы – 2001 ж
Теория и методика физического воспитания. ( под ред. Л.П.Матвеева и А.Д.Новикова – М: ФИС, 1976 гл. І-ІІ ).
Матеев Л.П.Теория физической культуры – М.ФИС.1991 г
Теория спорта / Под ред. В.Н.Платонова – К: Вищашк., 1987 г
Лекцияның мәтіні
1. Биіктікке секірудің техникалық кезеңдері. Біріншіден ең жақсы көрсеткіштердің динамикасы тұрақты түрде өсіп келе жатқанын көрсетеді. Ю.В.Черткованың ғылыми зерттеу жұмысы дойынша /1983/ ол көрсеткішті бірнеше жыл алға болжау үшін, кейінгі жылдардың көрсеткіін алса болады деген , бұл үшін регрессия теңдеуін қолдану ұсынылған.
Екіншіден көрсеткіштің тығыздығы өседі, бірінші орынмен 10-шы орынның айырмашылығы алынады. Көп жағдайда бірінші орын алғанмен жүлделі орын алғандар, көбінесе, биіктіктіалу кезеңіне байланысты.
Үшіншіден секірушілер тобы ұзындыққа секірушілермен толықтырады. Кейінгі кездегі зерттеулер бойынша аспалау әдісімен секіруде адым ұзындығының өзгеруі біркелкі болмайді.
Біріншіден әйелдердің адым ұзындығы өзгермейді , кейбір авторлар тіпті азаяды дейді, бұл базалық екпін алуда байқалады
Адымнын ортақ ұзындығы 196,16 см ., ал ақырғы үш адымның ұзындығы 186,16 см, ақырғы үш адымның ұзындығы 186,14 см.
2. Фосбюри Флоп секіру әәдістері .
Шеберліктің өсуіне байланысты адым ұзындығы, мысалы екі жыл жаттығу нәтижесінде өседі, биіктік 141-ден 165 дейін, адым ұзындыы 16 см, өскен.
Итерілуге әсер ететін бірнеш механизмді атап өтуге болады а/секірушіге әсер ететін ерекшіліктер:
1. Аударылған маятник механизмі
2. Сермеу тізбектері механизмнің әсері / Дьячков 1938 , Денисов/
3. Итерілетін аяқтың жазылу механизмі / В.И.Гутевич 1955 , Скоморохов /
"Механизм" секірушіге бір бағытта әсер ету жиынтығы деген сөз. "Аударылған маятник механизмі" ол итеретін аяқтың, дене қозғалысының өсуімен есептелген, тізе бұрышы ме жамбас буыны өзгермейді. Итерілген аяқты жазылу механизмі - итерілген аяқ қозғалысының өсуінен және тізе буынының ашылуынан тұрады.
Бұл айтылған механизмдердің маңызы секірушунің шеберлігі өскен сайын байқалады, күрделі жарыстарда секірушінің женуіне өз үлесін қосады.
Фосбюри Флоп секіруінде " итерілетін аяқ, жамбас, сан іске кіріседі, содан кейін қозғалысқа тізе, табан қосылады. Бұл мүмкіншіліктерді толық пайдалана алмады. Себебі, сермеу қозғалысы тік аяқпен орындалады. Фосбюри Флоптың пайда болуы кең таралды, ол бойы биік спортшыларға кең жол ашып берді. Осындай секірушілер - И. Паклин /СССР/ -2,41 , Д.Мегебург /ФРГ/ -2,39 , П.Шеберг -2,39 , Сотомайор -2·43.
13 – лекция.
Тақырыбы: Найзаны лақтыру техникасы мен үйрету әдістемесі тарихи деректер
Жоспары:
1. Найза лақтырудың пайда болуы
2. Найза лақтыру техникасымен методикасы
Әдебиеттер:
Дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесі. Э.Ж.Тілеуов, оқу құралы. Шымкент – 2003 ж
Дене шынықтыру және спорттың теориясы мен әдістемесі. П.ғ.қ.Р.Р.Аманбаев, типтік оқу бағдарламасы. Алматы – 2001 ж
Теория и методика физического воспитания. ( под ред. Л.П.Матвеева и А.Д.Новикова – М: ФИС, 1976 гл. І-ІІ ).
Матеев Л.П.Теория физической культуры – М.ФИС.1991 г
Теория спорта / Под ред. В.Н.Платонова – К: Вищашк., 1987 г
Лекцияның мәтіні
1 Найзаны ертеде соғыс құралы және күн көру ретінде тамақ табуға қолданғалы белгілі. Алғашқы әдеби деректер / Гомердің "Иллиадасы" / ежелгі гректердің найзаны қашықтыққа және нысанаға лақтырып жарысқандығын көрсетеді. Найза лақтыру бес сайыс бағдарламасына б.э. дейінгі 708 жылы олимпиадалық ойындарға кіргізілген.
Найза лақтырудың техникасымен жаттығу әдістемесінің бірінші кезеңі 1886 жылдан 1912 жыл аралығын қамтиды.
Найза лақтырудан бірінші жарыс 1886 жылы Швецияда өтті. Бұл жарыста А.Вигерт найзаны 35,81 м. лақтырған.
Найза лақтыру Швеция мен Финляндияда кеңінен тарады. Найзаны, көбіне, әлді қолдың / әдетте оң қол / саусақтарымен соңынан ұстап, екінші қолмен ортасынан демей отырып лақтырған. Лақтыру алдында лақтыратын қол шегіне жнткенше артқа оңға қарай ығыстырылады. Лақтыру кезінде сол қол найзаны түсіріп, оң қол соңынан итеретін. Мұндай әдіс 2,5*2,5 м., ал кейінрек 10 метрден екпін ала лақтырған.
1906 жылы қазіргі олимпиадалық ойындарының 10 жылдығына арналған торқалы той Олимпиадасының бағдарламасына бірінші рет найза лақтыру еңгізідледі.
1908 жылы жарыс техникасының бұл түрі заң күшіне келтіріп, найза лақтырушының екпін ұзындығына шек қою тоқталды.
Бұл кезде швед лақтырушылары 50 м. Шегінен асып кетт. 1894 жылы А.Лемминг 42,92 м. Нәтиже көрсетсе, 1902 жылы З..Лемминг 50,44 м. Көрсетті.
1912 жылғы олимпиадалық ойындарда 60,64 м. Көрсеткішпен тағы да Э.Лемминг жеңіске жетті. Сол жылы Стокгольмде гректердің адамның жан-жақты дамуы түралы ойларын қолдай отырып, найза лақтырушылар бірінші және соңғы рет найзаны оң және сол қолмен лақтырудан сынға түсті. Жеңіске 109,42 м. /61,00+48,42/ финляндиялық Ю.Саристо жетті.
2. Найза лақтыру техникасымен методикасы
Найза лақтырудың техникасы мен жаттығу әдістемесі дамуының екінші кезеніңе 1902 жылы және 1938 жыл аралығын жатқызуға болады. 1912 жылы ең бірінші дүниежүзілік рекорд анықталады, Э. Лемминг 62,32 м.
Э.Лундквист дүние жүзінде бірінші болып найзаны 71,01 м. Лақтырды. Осылай 60-тан 70-м-ге дейінгі аралықты игеру үшін спортшыларға 17 жыл қажет болды.
Әйелдер арасындағы алғашқы 1916 жылы өткізілді. Осы жарыста француз спортшысы М.Уотила 800 г. салмақтағы найзаны лақтырып 30,45 м. /екі қолмен/ нәтиже көрсетті. 1926 жылдан бастап 600 г. салмақтағы найза енгізілді. Неміс спортшысы Е.Браумюллер 1930 жылы алғашқы болып найзаны олимпиадалық ойынның бағдарламасына енгізілді.
Найза лақтыру техникасының және жаттығу методикасы дамуының үшінші кезеңі 1940-1952 жылдар аралығын қамтиды. Бұл техникадағы шеберлікті жинақтаудың және жаттығу әдістемесі дамуының кезеңі. Дайындық одан да жоғары мамандырылды: дайындыққа қыс уақытында тек спорт түрлерінен алынған арнайы жаттығулар ғана емес, сонымен бірге әр түрлі снарядтарды лақтыру да енгізіледі.
Көрсеткіштердің өсуінде соғыстың кері әсері байқалады. Ерлер арасындағы жарыстарда жеңімпаздардың көрсеткіші 70м. Шамасында болды, яғни соғысқа дейінгі көзбен салыстырғанда - төмен, ал әйелдерде -48 метр.
Төртінші кезеңге /1952-1964/ совет спортшыларының қатысуына байланысты олимпиадалық ойындарға елеулі мән берілді, сонымен қатар спортшылардың, жаттықтырушылардың, ғалымдардың жаттығу және техниканың дамуы мәселелерінен қызығушылықтары арта түсті.
14 - лекция.
Тақырыбы: Эстафеталық жүгіру
Жоспары:
1. Эстафеталық жүгірудегі таяқща ұстау техникасы
2. Эстафета жүгіру түрлері
Әдебиеттер:
Дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесі. Э.Ж.Тілеуов, оқу құралы. Шымкент – 2003 ж
Дене шынықтыру және спорттың теориясы мен әдістемесі. П.ғ.қ.Р.Р.Аманбаев, типтік оқу бағдарламасы. Алматы – 2001 ж
Теория и методика физического воспитания. ( под ред. Л.П.Матвеева и А.Д.Новикова – М: ФИС, 1976 гл. І-ІІ ).
Матеев Л.П.Теория физической культуры – М.ФИС.1991 г
Теория спорта / Под ред. В.Н.Платонова – К: Вищашк., 1987 г
Лекцияның мәтіні
1. Эстафеталық жүгіру бірнеше адамнан құрылған команданың жүгіруі. Мұнда жүгірушілер дистансимясының ара қашықтығында өз бөлігін кезекпен жүгіріп өтеді, эстафетада қолданылатын таяқшынын ұзындығы 30см. диаметрі 3-4 см. Эстафета таяқшасын берудің екі түрліңдісі бар . Олар эстафеталық таяқшаны жоғарыдан жңне төменнен беру. КРОСС. Кросс дегеніміз ойлы-қырлы жерлермен жүгіру . Жаттығудады ой- шұқырларды, төбекшіктері бар, айдалған жер сияқты кедергілері бар жерде өткізуге болады. Ойлар мен шұқырлардың екпінмен аттап секіріп , оның ар жағына аяқтын ұшымен түседі. Беткейге қарай жүгіргенде, денені алға қарай иіп, тізені бүге адымдап көтерулуі керек. Беткейден төмен қарай жүгіргенде денені артқа қарай шалқайта ұстап, екпінді тежей отырып, еркін жәнебір қалыпта дем алу керек. Ойпатты жерлерде ара қашықтығы 15км дейін немесе жол бойымен өткізіледі, 42км, 195м, жерде өткізілетін жүгіріс марафон деп аталады. СЕКІРУЛЕР. Секірулердің барлық түрлері балаларға қиындық тудыратын жаттығулардың бірі. Секірулер аяқтың жңне дененің жоғарғы жақ бөлігінің бұлшық еттерің дамытып нығайтады, тыныс алу мен қан айналымы органдарының қызметі жақсартады. Биіктікке секіру әдісі жағынан мынадай топқа бөлінеді:
2 Эстафета жүгіру түрлері. 1. жүгіріп келіп биіктікке " адымдау " әдісімен секіру техникасы. 2. Жүгіріп келіп " аяқты кеудеге қарай тартып " биіктікке секіру техникасы ( аспалап секіру ) 3. Жүгіріп келіп " арқамен секіру " ( фосбюри-флоп) Ұзындыққа секіру мынандай түрлерге бөлінеді : 1. жүгіріп келіп " аяқты жиып " секіру 2. жүгіріп келіп " аяқты қайшылап " секіру 3. жүгіріп келіп " шалқалай " секіру ЛАҚТЫРУ. Лақтырғанда еркін және тез сілтеуді қалыптастыруға тырысу керек. Бір орында тұрып та, сондай - ақ жүгіріп келе жатып та лақтыруға болады.Тез сілтеп лақтыруды қалыптастыру үшін кішкентай доптарды, теннис, жай допты, хоккей добын нысанаға және қашықтыққа, сондай-ақ еденге соғып биікке ұшырып, қабырғаға соғып, алысқа мегзеп лақтырып жаттықтыру ең тиімді тәсіл болып табылады. ЯДРО итеру . Ядроның салмағы :ерлер қолданатын ядро 7кг .257гр. әйелдер -4кг. Ядроны шеңберде тұрып лақтырады. Шеңбердің бұрыш мөлшері 40 градус. ядроны бір орында тұрып та, адымдап та итереді . Шеңбердің көлемі 2,13,5 см. КӨПСАЙЫС. Көпсайысқа бірнеше жаттығулар кіреді: жүгіру, секіру, лақтыру. Көпсайыс мынандай түрлерге бөлінеді: үштік, бестік , ондық , жетілік. Әрбір жатығуға ұпай беру арқылы, кім тәір көрсеткішке жетсе сол көп ұпай жинайды. Мысалы 100м. -11,0 -532 ұпай , 1500м.-4,20,-438 ұпай.
15 – лекция.
Тақырыбы: Граната лақтыру техникасына анализ және оқыту әдістемесі
Жоспары:
1. Гранатаны лақтыру тәсілі
2. Жаттығу барысындағы қателер
Әдебиеттер:
Дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесі. Э.Ж.Тілеуов, оқу құралы. Шымкент – 2003 ж
Дене шынықтыру және спорттың теориясы мен әдістемесі. П.ғ.қ.Р.Р.Аманбаев, типтік оқу бағдарламасы. Алматы – 2001 ж
Теория и методика физического воспитания. ( под ред. Л.П.Матвеева и А.Д.Новикова – М: ФИС, 1976 гл. І-ІІ ).
Матеев Л.П.Теория физической культуры – М.ФИС.1991 г
Теория спорта / Под ред. В.Н.Платонова – К: Вищашк., 1987 г
Лекцияның мәтіні
1 Гранатаны лақтыру тәсілі найзаны лақтырудан еш айырмашылығы жоқ. Гранатаның салмағы ұлдарға 17-18 жас аралығында 800г, қыздарға 700г. Гранатаны лақтыруды басқа снарядтарға қарағанда оңайырақ. Бірақта гранатаны ерте сілкініп лақтырудың әсерінен иықтың және қолтық асты мүшелеріне ұзақ уақыт жарақат алуға әкеледі. Бұның бәрі жаттығуды қате жасау кезінде болады. Гранатаны бір орыннан және жүгіріп келіп лақтыру тәсілі спортзалда немесе арнайы щитте, дуалда жасалады. Гранатаның лақтыру 10 метр ара қашықтықта өткізіледі. Гранатаның лақтыру жылдамдыққа, адымдап аттау және лақтырғаннан кейінгі тоқтау әрекеті осы жаттығулардың найза лақтыруға келеді. Гранатаның кішілігі және салмағы лақтыру кезінде снарядқа күш салуына ықпалын тигізеді. Гранатаның ұшу бұрышы 400 пара – пар. Гаранатаны лақтыруда найзаны лақтыру тәсілін ұстанған жөн. Лақтыру кезінде техника қауіпсіздігін және тәртіпке көп көңіл бөлу керек. Сонда ғана сабақ барысында сапалы сабақты өтуге мүмкіншілікке ие боласыз.
2 Жаттығу барысындағы қателерді төмендегі сызбадан көреміз:
Қате
|
Себебі
|
Қатені түзеу
|
Саусақтың жоғарғы деңгейде тұруы
|
Лақтыру туралы түсініктің болмауы снаряд жоғары, төмен немесе алға жылжығанда биікке жіберілуі
|
Лақтыруды бір орында немесе жүгіріп келіп лақтыру, тәсілдерін қайталау.
|
Қолды төмен түсіріп тұру
|
Лақтыру туралы түсініктің болмауы. Оң аяқтың дұрыс бүгілмеуі
|
Қолды қимылдату лақтыру кезінде қолды жоғары – алға қимылдату
|
Қолды жиырып лақтыру
|
Қате сілкіну және снарядтың дұрыс жылдамдық алмауы
|
Лақтыру барысында снарядпен қолды дұрыс ұстау
|
Жанымен лақтыру
|
Қолдың дұрыс тұрмауы және снарядты лақтыру қателігі
|
Сілкіну кезінде иық бұрылысын оңға күшейту және алақанды арқа тұсына әкелу
|
Лақтыру кезінде тоқтап қалу
|
Лақтырудағы жылдамдықты арттыру оны және жақсарту
|
Аз уақытта жылдамдық азайту және лақтыруды бастау
|
Лақтыру сызығынан асып кету
|
Лақтыру алдында үзіліс жасау. Сол аяқтың лақтыру сызығынан жетпей қалуы
|
|
16 – лекция
Тақырыбы: Биіктікке секіру әдісінің даму тарихына қысқаша шолу
Жоспары:
1. Биіктікке секірудің даму тарихы
2. Аттап өту әдісін жетілдіру
Әдебиеттер:
Дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесі. Э.Ж.Тілеуов, оқу құралы. Шымкент – 2003 ж
Дене шынықтыру және спорттың теориясы мен әдістемесі. П.ғ.қ.Р.Р.Аманбаев, типтік оқу бағдарламасы. Алматы – 2001 ж
Теория и методика физического воспитания. ( под ред. Л.П.Матвеева и А.Д.Новикова – М: ФИС, 1976 гл. І-ІІ ).
Матеев Л.П.Теория физической культуры – М.ФИС.1991 г
Теория спорта / Под ред. В.Н.Платонова – К: Вищашк., 1987 г
Лекцияның мәтіні
1 Биіктікке секіру көрсеткіші жүз жылдың тарихында бір жарым есе өсті, ол іріктеп алуға, жарыс дәрежесінің өзгеруіне, спорттық дайындық жүйесінің дамытылуына байланысты болды, бірақ басты көрсеткіштің өзгеруі ол техниканы жете меңгеруге байланысты.
IX ғасырдың ортасында Англияда биіктікке секіру көрсеткіші 1,70-1,86 м, ондағы пайдаланған әдіс « аяқты өзіне қысып « және « аттап өту « , ол – қазіргі мектепте жүрген әдіс. Дененің ортақ массасы нүктесі белдемеден 20-30 см. / Н.Г. Озолен , 1939 , Дьяков 1979 / 1887 жылы американдық студент Боб Пейдж биіктікке 1,93 см. секіргенде қолданған әдісі « аттап өту «. Осы уақыттан бастап 50-жылдың ортасына дейін биіктік техникасының өзгеруі американдық спротшылардың атымен байланысты.
Аттап өту әдісін кейде қайшылап секіру деп атайды. Екпін алу 35-40 градустан басталады. Итерілгеннен кейін секіруші жоғары көтеріледі , дене тік ұсталынады. Дене мен сермеген аяқ белдемеге кіреді , итерілген аяқ бос, төмен бағытталған. Белдемеден өткен кезде мынандай қозғалыс жасалады. Сермелеген аяқтың белдемеден түсуі арқылы, итерілген аяқ доға қозғалысын жасап, тізені, табанның тұмсығын сыртқа қарай бұрып белдемеден өтеді. Бас, иық, дененің баолық мүшесі алға еңкейеді. Белдемеден өту сәтінде басты еңкейту, иықты алға беру арқылы секіруші жамбасты көтереді. Секіруші сермелген аяққа түседі, содан кейін итерілген аяққа дене массасының орталық нүктесі белдемеден 20 см. деңгейінде болады.
2 Аттап өту әдісін жетілдірген М.Суинней 1896 жылы рекордқа 4 см. қосқан. М.Суинней белдемеге тік жүгіріп, денені көлденең қалыпта ұстап, аяқты, денені, басты және қолды алма кезек өткізген. Толқын тәріздес қозғалыс арқылы дененің ортақ масса нүктесі белдемеден 10 см. өткен. 1912 жылы екі метрлік деңгейді Хорраин іздену арқасында домалап ету әдісімен алған. Белдеменің бұрышпен екпін алыпбелдемеге таяу аяқпен итеріліп, денені көлденең ұстап, итерілген аяқты өзіне қарай қысқан. Бұл әдісте екпін алатын жылдамдық өскен, итеру сәтінде дене мүшелері бірдейлік көрсеткен. 30- жылдары ережеге елеулі өзгеріс кірген, белдемеден бірінші аяқ өту керек деген талап алынып тасталған, сонымен қоса міндетті түрде аяқпен түсу деген ереженің бабы ұрықсат етілді, сонымен қоса белдемеден өтуді жетілдірді, осының негізінде 30- жылдары « аспалап » секіру әдісі қолданылады. 30- жылдарда таяқшадан өту қазіргі денгейге таяды, рекордтың өзгеруі көбінесе екі фазфны жетілдіру болды. Екпін алу және итерілу . Екпін алу мен жылдамдық өсті, бірақ итерілу фазфсфның өзгеруі, баяу жүргендегі көрсеткіш жоғары болмады. Итеретін аяқты өкшеден қою екпін жылдамдығын төмендетті.
Аспалап секірудің көп жетістікке жеткен совет мектебінің секірушілері Степанов, Шавлакадзе, Брумель. Итеруді жетілдіру, дененің бірі бірімен байланысын жақсарту итерілу жылдамдығынын жоғалуын азайтты. Екпін алу жылдамдығының өсуі жақсы нәтиже бере бастады. 1937 жылы Ю.Степанов әлемдік деңгей көрсетті -2,16. 1960 жылы Шавлакадзе Рим олимпиадасы ойындарында 1 орын алды. Осы тәсілмен В. Брумель 2,28 жеткізді /1961/ , ол 8 жыл тұрды.
Мехикода өткен IX олимпиадада Р. Фосбюри /АқШ/секіруді мүлдем жаңа әдіспен орындап, омырауына алтын медаль тақты. Бұл әдісті Фосбюри бұрыннан көрсеткен, бірақ оны ешкім қабылдамаған. 1968 жылы Фосбюри олимпиада тұғырына көтерілгеннен кейін, ол әдіс жан-жаққа тарай бастады. Осы әдіспен 1973 жылы әлем рекордын орнатты. 1976 жылы 2,32 – ке жеткізді. Г.Вессиг / ГДР/ 2,36 олимпиада чемпионы атанды. Қытай секірушісі Чжу Цзячьхуа 2,39 , Сотомайор 2,43 әйелдерде С.Симеони 2,01 / 1981/ , Быкова 2,05, Костадинова 2,09 /1987/. Сонымен қазір -2,30, секіретіндерлің барлығы осы әдіспен секіреді.
17- лекция
Тақырыбы: Қазіргі уақытта биіктікке секірудің негізі
Жоспары:
1. Биіктікке секіру тактикасы
2. Секірудегі көрсеткіштер
Әдебиеттер:
Дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесі. Э.Ж.Тілеуов, оқу құралы. Шымкент – 2003 ж
Дене шынықтыру және спорттың теориясы мен әдістемесі. П.ғ.қ.Р.Р.Аманбаев, типтік оқу бағдарламасы. Алматы – 2001 ж
Теория и методика физического воспитания. ( под ред. Л.П.Матвеева и А.Д.Новикова – М: ФИС, 1976 гл. І-ІІ ).
Матеев Л.П.Теория физической культуры – М.ФИС.1991 г
Теория спорта / Под ред. В.Н.Платонова – К: Вищашк., 1987 г
Лекцияның мәтіні
1. Биіктікке секіру тактикасы.
Достарыңызбен бөлісу: |