1-лекция Тақырыбы: Жеңіл атлетикадағы ғылыми зертеулер



жүктеу 0,65 Mb.
бет2/6
Дата21.02.2018
өлшемі0,65 Mb.
#10362
түріЛекция
1   2   3   4   5   6

4 – лекция.


Тақырыбы: Секіру барысындағы дене және қызметтік дайындық негіздері

Жоспары:

1. Секіру түрлері бойынша арнайы дене дайындығы

2. "Фосбюри флоп" әдісімен секірушілердің негізгі дене сапаларын дамыту
Әдебиеттер:

  1. Дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесі. Э.Ж.Тілеуов, оқу құралы. Шымкент – 2003 ж

  2. Дене шынықтыру және спорттың теориясы мен әдістемесі. П.ғ.қ.Р.Р.Аманбаев, типтік оқу бағдарламасы. Алматы – 2001 ж

  3. Теория и методика физического воспитания. ( под ред. Л.П.Матвеева и А.Д.Новикова – М: ФИС, 1976 гл. І-ІІ ).

  4. Матеев Л.П.Теория физической культуры – М.ФИС.1991 г

  5. Теория спорта / Под ред. В.Н.Платонова – К: Вищашк., 1987 г


Лекцияның мәтіні

1. Секіру түрлері бойынша арнайы дене дайындығы. Доға үлгісі бойынша жүгіру арқылы орындалған "фосбюри флоп" техникасына талдау итерілген кезде жүгірудің орталық күші пайда болатынын көрсетті . Міне , бұл тәсілдің айрықша ерекшілігі осында.

Жүгіріп келіп, биіктіккке секіру- бұл спорттың күрделі түрі. Оны сипаттап шығу үшін мынандай негізгі құрылымдық салаларға бөлуге болады: екпін алу, итерілу және белдеуден өту.

Екпін алу


Биіктіккке секіруді табысы секірушінің жоғары жүгіру жылдамдығына жетуіне байланысты ол итерулудің қуаты мен "ұшудың" бастапқы жылдамдығының артуына жағдай туғызады. Жүгіруді орындау барысында қозғалатын апппаратты /аяқты жаттықтыру / тиянақты дайындау, жылдамдықты бірте-бірте арттыруды қамтамасыз ететін және дененің итерілуі үшін қолайлы жағдай туғызу аса қажет.

Ұл жоғары жылдамдық пен доғаның қисықтық шағын радиусы кезінде орталық жүгіру жылдамдығы артып, итерулудің тиімділігін төмендететін артық күш жұмсалатындығымен түсіндіріледі. Жүгірудің жоғары жылдамдығы адамдардың санымен тығыз байланыста болады. Жүгіру ұзындығы 9-11 жүгіру адымын құрайдыда, жүгіру алдын ала 3-4 адым жасағаннан кейін орындалады. Жүгіру сөреден денені еңкейтутуден басталып, иық пен бас шамалы алға жіберіледі. Адым сөреден басталып, ьүкіл жүгіру бойында табанның ұшымен орындалады. Жүгіру техникасы ұзындыққа секіруге жүгірудің техникасына ұқсас келеді. Жүгіру жылдамдығы сөреден басталып, бірте -бірте ұлғайып, арта түседі. Жүгіру жылдамдығының жоғары деңгейі соңғы 6 адымға 7,9-8,2 м/с құрайды, ал ең соңғы адымда жылдамдық азайып, итерілетін аяқ жерге жанасар сәтте 7,7-7,8 м/с. болады.

2. "Фосбюри флоп" әдісімен секірушілердің негізгі дене сапаларын дамыту.

"Фосбюри флоп" әдісімен секіруде жүгіру жылдамдығының артуы жүгіру белсенділігімен байланысты болатындығы / В.М. Дьяков бойынша / анықталған. Бұл жағдайда коэфициент сермелетін аяқ арқылы 1,2-1,8 салыстырмалы бірлік аралығында өзгеріп отырады.

"Фосбюри флоп" әдісімен жүгіру ерекшелігі - оны 3-5 адымда "жуықтау" болып табылады. Бұл жағдайда орталық жүгіру күші пайда болып, оның шамасы жүгіру жылдамдығына, секірушінің соңғы адымдарда доға бойынша қозғалуыа, сонымен бірге секіруші денесінің массасына байланысты болады. Секіруші орталық жүгіру күшіне қарсы әрекет ете отырп, дегнесін жүгіру доғаның орталық нүктесін жақын қол адлға, шамалы ішке қарай босатылады.

Табан жүгіру сызығының бойында қалдырылып, өкшені сыртқа қарай жібермеу керек. Бұл жағдайды доға сызығы бойымен жүгірген кезде және итерілетін аяқты жеоге қойған сәтте сақтау аса маңызды. Соңғы адымның ұзындығы оның алдыңғысымен салыстырғанда 10-15 сантиметрге азаяды. Биіктікке секірушілердің спорттық шеберлігі жетілген сайын жүгірудің абсолютті жылдамдығы ғана емес, сонымен бірге жүгірудің соңғы кезіңіндегі адымдар екпінің артуы да үлкен маңызға ие болады

Келтірілген деректр жүгіріші қозғалысының сермелеу құрылымы жүгірудің соңына таман жылдамдықты ұдайы арттыруға байланысты құрылатын көрсетті.

Жүгірудің ең маңызды кезеңі итерілуге дайындық болып табылады.

Сермелетін аяқты қойған кезде сирақтың итерілуін, қозғалыстың бәсендеуіне және итерілетін жағдайда дайындық кезінде сермелетін аяқ қимылы бәсендейді. Сермелетін аяқтың табанымен сермеп итерілу итерілетін адым алдындақозғалысты арртыруға жағдай жасайды және жерге итерілетін аяқты дұрыс қоюды қамтамасыз етеді.

Сермелетін аяқ арқылы өту итерілуді орындауға дайындық кезіндегі басты шартардың бірі болып табылады. Секіруші сермелетін аяқ арқылы өткенде дене тік сақталады. "Фосбюри флоп" әддісімен секіргенде тік жағдайда сермелетін тізе буынының бұрышы 100-150 процентке тең / аударылу тәсілінде 90-95 процент /. Итерілу адымының алдындағы құрылым өзгерісі болған кезде, аударылу тәсілінен бөлек '' фосбюри флоп'' әдісімен секіргенде итерілу арнайы қозғалыс өзгерісін қажет етпейдіде оны орындау жүгіру барысында жүзеге асады.


5 – лекция.


Тақырыбы: Ұзындыққа секіру техникасына үйрету

Жоспары:

1. Серпілмелік жағдайында итерілу күштері

2. "Фосбюри флоп" тәсілімен секірушінің тік аяқпен сермелу
Әдебиеттер:

  1. Дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесі. Э.Ж.Тілеуов, оқу құралы. Шымкент – 2003 ж

  2. Дене шынықтыру және спорттың теориясы мен әдістемесі. П.ғ.қ.Р.Р.Аманбаев, типтік оқу бағдарламасы. Алматы – 2001 ж

  3. Теория и методика физического воспитания. ( под ред. Л.П.Матвеева и А.Д.Новикова – М: ФИС, 1976 гл. І-ІІ ).

  4. Матеев Л.П.Теория физической культуры – М.ФИС.1991 г

  5. Теория спорта / Под ред. В.Н.Платонова – К: Вищашк., 1987 г


Лекцияның мәтіні

1. Серпілмелік жағдайында итерілу күштері.

Итерілу итерген кезде ұшудың ең жоғарғы жылдамдығын қамтамасыз етіп, қолайлы бұрыш жасау керек және белдеуден тиімді өту үшін секірушінің өзіне қолайлы жағдай туғыза білуі басты шарт.

Итерлетін жерде аяқпен адымды кең жасап, өкшеге салмақ түсірместен, табанға тұтастай күш салып жүгіру қозғалысым жүзеге асырылады.Итерілу өкшеге салмақ түсірілмей орындалса, онда ол тез әрі сәтті жүзеге асады. '' Фосбюри флоп '' әдісімен секіргенде итерілу уақыты 0,17- 0,19 секунд аралығына созылады. Серпілмелік жағдайында итерілетін аяқты қойған кезде пайда болатын тік және түзу күштерін азайту қажет. Тірелтін, қозғалатын аппараты белсенді итерілуге дайындап, жүгіру кезінде пайда болған жылдамдықты ұшудың тік жылдамдығына тиімді ұштастыру да аса қажет.

Тірелетін аяқтың бұлшық еттері жиырылғанда серпілмелік жағдайында бұлшық еттер сол күшке орын беретіндей сипатқа ие болады. Итерілген кезде бұлшық еттер '' міндетті игеру '' қасиетін иемденеді. Бұл жағдай неғұрлым маңызды болып саналады. Өйткені оның параметрлері соңғы сәтті дене массасының жалпы орталық нүктесінің ұшу бұрышын анықтайды. Тізе буынындағы бұрыш аяқты итерілетін жерге қойғанда 160 проценттен аспайды. / В. Дмитриев/. Итерілетін аяқты қойғаннан бастап, тізенің буыннан бүгілуі басталады. Итерілетін аяқтын тізе буынындағы бүгілу бұрышы 140-141 процент болады. Серпелу жағдайын орындау уақытын азайту / 0,7-0,085 / , сермеліп итерілуді неғұрлым тез орындауға мүмкіндік береді. Итерілу секірушінің бүкіл денесінің өзара қимылы үйлескенде орындалады. Тізгіннің, белдің тез бүгілуі іске асырылып, сермелетін аяқ пен қолды тезірек сермеу және денені жоғары қарай көтеру әрекеттері орындалады.

Секірушінің бөксені итерілетін аяқтың ''ығымен'' кетіп қалуын болдырмау итерілудің ерекшелігі болып табылады. Сондықтан итерілетін аяқққа кірісер сәтте сермелетьін аяқ жақтағы сан ішке қапрай бұрылып, аяқ белдеуден біршама сыртқа қарай сермеледі. Бұл әрекет итерілу күші әсер еткенде бөксені сызық бойында тұруды қамтамасыз етеді.

Итерілетін аяқты жерге қойған жағдайда дене массасының жалпы орталық нүктесінің өсу көрсеткіші аударылу тәсіліне қарағанда 4-5 см. жоғары тұрады. Алайда '' фосбюри флоп '' әдісімен секірушінің итерілу сәті ачяқталған тұста дене массасының жалпы орталық нүктесі аударылу тәсілімен секірушіге қарағанда 3-4 см. төмен болады.

2. "Фосбюри флоп" тәсілімен секірушінің тік аяқпен сермелу.

"Фосбюри флоп" тәсілімен секірушінің тік аяқпен сермелуді орындау кезіндегі соққы күші 400-500 кг. Аралығынд өзгереді. Ал бүгілген аяқпен сермелгенде, ол ұзақтығы жағынан да, көрсеткіші жағынан да азайып, 250-400 кг. Болады. ''Фосбюри флоп'' - тың классикалық тәсілінде күші 70-80 килограммаға жетіп, ал тік аяқпен сермелуді орындау тәсілінде -120-140 кг. Болады.

Серпілмелік жағдайындағы күш итерілетін аяқтың инерциялық үлесі есебінен пайда болады./ И.В.Лазарев, 1985 /

Сермелеу қозғалысы итерілудің сермелеу күшіне жіне ұшу жағдайында дене массасының жалпы орталық нүктесінің ауысуына ықпал етеді. Итерілген кезде қолмен жұмыстың екі тәсәлі пайдаланылады : бірдей алып жүру және асимметриялы алып жүру. Екінші тәсіл неғұрлым тез итеріледі. Дегенмен, бірінші және екінші тәсілдерде де қолмен және аяқпен ермеу бірқалыпты орындалып, иықты алға қарай және аяқпен сермеу бірқалыпты орындалып, иықты алға қарай жіберумен аяқталады. Итерілудің ортасындағы күш негізінен сермелеу жағдайында тірелу реакциясына сермеу буындарының жалпы аяқтың тік жағдайына қарағанда артық болады.

Итерілуге кірісер сәтте денеге орталық жүгіру күші әсер етеді. Ол елеулі күш құрап, секіруші денесінің тік жағдайдан горизонталь жағдайға ауысуына мүмкіндік береді. Дененің горизонталь жағдайы иықтың белдеуге қарай қозғалуы есебінен ғана емес, бөксені жоғары қарай иықпен салыстырғанда тез ауыстыру есебінен болуына талпыну қажет.Жүгіру жылдамдығы неғұрлым жоғары болса, ұшу бұрышы 50-ден 60 градусқа дейін жетеді.



жүктеу 0,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау