1 компьютерлік графиканың негізгі элементтері



жүктеу 387,5 Kb.
бет1/9
Дата17.07.2020
өлшемі387,5 Kb.
#31155
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Мектеп информатика курсында графикалық редакторды оқыту әдістемесі


МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ


6

1 КОМПЬЮТЕРЛІК ГРАФИКАНЫҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТТЕРІ

8

1.1 Компютерлік графиканың негізгі түсініктері

8

1.2 Компьютерлік графика түрлері. Векторлық және растрлық графика


10

    1. Түс жүйелері. Графикалық бейнелері сақтау форматтары

16
    1. Грфикалық редакторлар түрлері. Растрлық графикалық редактор – Paint




23


2 МЕКТЕП ИНФОРМАТИКА КУРСЫНДА ГРАФИКАЛЫҚ РЕДАКТОРДЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

29

2.1 Мектеп информатикасының мазмұны мен мақсаты


29

2.2 Мектеп инфформатика курсында графикалық редакторды оқыту әдістемесі

31

2.3 Графикалық редакторларды меңгерудің психо-педагогикалық аспектілері

37

2.4 Графикалық редакторларды оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану

43





ҚОРЫТЫНДЫ


48

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


54















КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры.

Қазіргі заман талабы – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Оқытудың жаңа технологияларының бірі – ақпараттық технология. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді шәкірт тәрбиелеу мұғалімнің басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді. Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп, экономикасы дамыған елу елдің қатарына қосылу мақсатында дамудың жаңа белестерінен өтіп жатыр, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар білім беру жүйесіне брынша еніп, педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. Білім беру жүйесін ақпараттандыру оқушылар үшін үлкен мүмкіндіктерге қол жеткізуге жетелейді. Бүгінгі таңда компьютерлік, телекоммуникациялық техника мен технологиялардың ел өмірінде, күнделікті тұрмыс-тіршілігінде алатын орны мен атқаратын рөлі өзгеріске ұшырап, жаңа технология күннен күнге адам өміріне аса қажетті болып отыр. Қазіргі таңда шығып жатқан жаңа ақпараттық технологияны игеру әрбір адам үшін жазу-сызу секілді дағдыларды меңгеріп қана қоймай, өзбетінше білім алуға, білімін толықтыруға жағдай тудырып отыр. Адам баласының өркениетке сай алған білімі мен дағдысы қоғамның алға қарай ілгерілеуіне, оның даму жолдарын айқындауға жаңа мүмкіндіктер тудыратыны белгілі.

Әрбір дамыған және даму үстіндегі елдердің білім беру жүйесінде ерекше маңызды мәселелердің бірі – оқытудың ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарында ақпараттық кеңістікті құру енгізілді. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр.

Информатика пәнінің орта білім беру жүйесіндегі ролі ақпараттық білімнің, ақпараттық орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді етудегі және жаңа ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты құрамды бөлігі болып табылатын ақпараттық бейнесін қалыптастырудағы алатын орнымен қамтамасыз етіледі. Информатика пәні мектепте міндетті түрде оқытылатын пән ретінде оқу жүйесінің барлық басқыштарына енгізілумен бірге, жыл сайын сағат саны артып, пән мазмұны жаңа тақырыптармен толығуда. Оның себебі, қоғамның немесе бүкіл әлемнің ақпаратқа деген көзқарасымен байланыстыруға болады. Сондықтан информатика негіздерін оның даму болашағын, қолдану салаларын игеру әрбір саналы азаматтың міндетіне айналып отыр. Заманауи ақпараттық технология құралдарымен жұмыс істеу оқушыларды ұқыптылыққа, нақтылыққа, берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуге баулиды, сондай-ақ, ақпараттық технология құралдарымен жұмыс істеу барысында оқушылардың өзінің жеке іс-әрекетін дұрыс жоспарлауға, дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді.

Қазіргі уақытта «қоғамды ақпараттандыру», «білім берудіақпараттандыру» деген сөз тіркестері біздің сөздік қорымызға еніп кетті. Мектептерде Paint редакторы, COREL DRAW векторлық графикалық редактор және ADOBE PHOTOSHOP бағдарламаларының мүмкіндіктерін практикада қолдану барысында компьютерлік графиканының алатын орны ерекше және бүгінгі күннің өзектілігі мәселесі болып отыр.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Информатиканы мектеп курсында оқытуда компьютерлік графиканың орта білім беру жүйесінде құжаттарда қолданылатын қарапайым графикалық редакторларды және кәсіптік графикалық редакторларды информатика сабағында қолдану әдістерін оқушыларға түсіндіру, практикада қолдануы туралы білімдерді меңгерту, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, өз бетінше оқуға деген ынтасын қалыптастыру.

Дипломдық жұмыстың маңыздылығы. Информатика сабағында компьютерлік графиканың мүмкіндіктерін және қолданыстарын практикада іске асыру. Қазіргі уақыттағы ахуалы: бүгінгі таңдағы орта мектепте информатиканы оқыту әдістемесінің жетілдірілудегі жетістіктерін арттыру.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Жалпы білім беретін орта мектептегі информатика курсы болып табылады. Мектеп курсындағы 7-10 сыныптарда оқытылатын Компьютерлік графиканың мүмкіндіктерін әр түрлі бағдарламаларда қолдану тәсілдерін зерттеу болып табылады.

- жалпы білім беретін орта мектептерде векторлық графикалық редакторлардың мүмкіндіктерін енгізу жолдары анықталды;

- оқытудың жаңа технологиялары пайдаланылып, жалпы білім беру саласындағы оқушылардың құзырлығын қалыптастырудың әдістемелік кешені ұйымдастырылды.

Дипломдық жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, тоғыз бөлімшеден, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 КОМПЬЮТЕРЛІК ГРАФИКАНЫҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТТЕРІ


    1. Компютерлік графиканың негізгі түсініктері

Компьютерлік графика – программалық есептеу кешенінің көмегімен суреттері өңеу, салу тәсілдері мен әдістерін оқытатын информатиканың арнайы саласы болып табылады. Әртүрлі ғылыми және әскери зерттеулерде мәліметтерді графикалық түрде бейнелеп көрсету елуінші жылдарың ортасында пайа болып, содан бері компьютерлік графика қарқындап дамып, қазіргі таңда оны қолданбайтын сала кемде кем. Айта кететін болсақ, жаңашыл мультимедиалық бағдарламалар, телевизиалық жарнамалар, сондай-ақ киноның, мультфилмдерің арнайы эфектілерін жасап, оны көрерменге таң-тамаша етуе компьютерлік графиканың алар орны ерекше.[1]

Компьютерлік графикамен жұмыс – дербес компьютерді қолданудың алдыңғы бағыты, онымен мамананырылған суретшілер мен дизайнерлерде жұмыс атқарады. Кез келген кәсіпорын немесе оқу орынарына жарнамалық газет-журналдар немесе жарнамалық парақшалар мен буклеттер шығару қажеттілігі туынайды. Үлкен фирмалар мұндай тапсырыстарды арнайы дизайнерлік бюро немесе жарнамалық агенттіктерге тапсырыс беру арқылы жасатады. Ал кішігірім кәсіпорын игелері қаржы аздығынан қолжетімі бағарламалық құралар арқылы өздері жасап шығарады. Компьютерлік графикасыз ешқандай мультимедиалық бағарлама жұмыс жасай алмайды. Компьютерлік графикамен жұмыс баршаға қолжетімді бағдарламаларды жасап шығарушы бағдарламашылар ұжымының 90% жұмыс уақытын алады. Баспа жұмысында негізгі еңбек күші басылымдары графикалық бағарламалармен безеніру уақытына жұмсалатыны белгілі.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, әртүрлі бейнелерді, ақпараттарды, мәліметтерді нақты бейнелеу қажеттілігінен компьютерлік графика өмірге келді. Компьютерлік графика жүйесі сандық компьютермен бірге пайда болып, қатар дамып келеді.1960 жылдардың соңы мен 1970 жылдардың басында Компьютерлік графика аумағына жаңа фирмалар жұмыс жасап, Компьютерлік графика мүмкіндіктері шексіз екенігіне көз жеткіздірді. Ал 70-ші жылдардың аяғына қарай Компьютерлік графикада елеулі өзгерістер болып, растрлық дисплейлер ойлап шығарылы. Олар - көлемді ақпарат шығару, тұрақты өшпейтін бейнелер, түстермен жұмыс істеу мүмкініктері және арзан мониторлармен түстік гамма алу мүмкіндіктерімен ерекшеленді.



Графикалық бағарламалары қолдану қажеттілігі ең алымен интернеттің және бірінші кезекте миллиондағн интернет парақтарын бір «өрмекпен» байланыстырған  World Wide Web қызметінің  пайда болуынан туындады. Өйткені компьютерлік графикасыз безендірілген web-парақтың бүкіләлемдік желіде басқалардың көзіне түсіп, танымал болуы екіталай. Қазіргі таңда компьютерлік графиканың қарыштап дамығандығы сонша, оны түс ерекшелігіне қарай қара-ақ және түрлі түсті деп ажыратса, ал кескіндердің құрылу әдістеріне байланысты компьютерлік графиканы екі өлшемді және үш өлшемді (3D) графикаға бөледі, сондай-ақ қолдану бағытына байланысты іскерлік графика, инженерлік графика, ғылыми графика, көркем – жарнамалық графика және web графика сияқты түрлерге бөлінеді. Енді осы графика түрлеріне тоқталайық.

Іскерлік графика - компьютерлік графиканың бұл саласы әр түрлі мекемелер жұмысында жиі қолданылатын иллюстрация жасауға арналған. Жоспар көрсеткішін, есеп беру құжаттарын, статистикалық мәліметтерді – осы объектілер үшін іскерлік графиканың көмегімен иллюстрациялық материалдар график түрінде немесе диаграмма түрінде жасалады. Қандайда бір санмен берілген ақпаратқа қарағанда график түріне берілген ақпараттың адам жадына тез қабыланып, есте сақталуына барынша жол ашатыны белгілі.

Ғылыми графика - бұл ең бірінші пайда болған бағыт. Оның міндеті – объектілерді көрнекі бейнелеу. Ғылыми және инженерлік қызметте ғылыми графика ғылыми зерттеулер мен сынаулар жүргізгенде, есептеу нәтижесін графиктік өңдеу үшін, және олардың нәтижесін көрнекі түрде көрсету үшін қолданылады. Медициналық қызметте ғылыми графика кардиограмма, рентгенограмма және т.с.с. түрінде қолданылады.

Көркемдік графика - графикалық кескін жасау және редакциялау үшін, мысалы, баспа өнімдерін, жарнама безендіру, фотосуреттерді бояу және өңдеу, мультфильмдер, бейне сабақтар, компьютерлік ойындар жасау үшін қолданылады.

Инженерлік графика және Конструкторлық графика – жобалау жұмыстарымен айналысатын барлық салада қолданылады. Қарапайым киім үлгілерінен бастап, ракета үлгілерін жасауға дейін қолданатын күрелі бағдарламалық кешен болып табылады. Компьютерлік графиканың бұл түрі САПР-дың (систем автоматизации проектирования - жобалауды автоматтандыру жүйесі) міндетті элементі болып табылады. Конструкторлық графика құралдарын пайдалана отырып жазықтықтағы кескіндерді (проекциялар, сызбалар) ғана емес, кеңістіктегі үшөлшемді кескіндерді де жасауға болады.

Суреттеу графикасы (көркем графика) деп компьютер экранында ерікті түрде сурет салу мен сызуды айтады. Суреттеу графикасының пакеттері жалпы мақсатта пайдаланылатын қолданбалы программалық жасақтамалардың қатарына енеді. Суреттеу графикасында қолданылатын қарапайым программалық жабдықтарды графикалық редакторлар деп атайды.

Жарнамалық графика – теледидар пайда болғаннан кейін танымал бола бастады. Қазір компьютердің көмегімен жарнамалық роликтер, мультфильмдер, компьютерлік ойындар, видеодәрістер мен видеопрезентациялар жасалады. Оларды жасау үшін қолданылатын графикалық пакеттер осы мақсатта қолданылатын компьютерлердің жады мен жұмыс істеу жылдамдығына үлкен талап қояды. Осы графикалық пакеттердің басты ерекшелігі ретінде олардың шыншыл кескіндер мен «қозғалатын суреттерді» жасау мүмкіндігін айтуға болады. Үшөлшемді объектілерден тұратын суреттерді салу, оларды бұру, жақындату, алыстату, деформациялау үлкен көлемде математикалық есептеулерді қажет етеді. Мысалға, объектінің жарықтылық деңгейін сол объектіге түсіп тұрған жарық көзін, оны қоршаған заттардың, олардың көлеңкелерін есепке ала отырып бейнелеу үшін оптиканың заңдарын есепке алатын күрделі есептеулерді жүргізу қажет.

Web графика - web беттің дизайны мен оны құратын графикалық элементтерді тиімді пайдалану, графикалық элементтерің көмегімен бетті бөліктерге бөлу, түстік модельерді тиімді пайдалану және тағы да мәслелерді қарастыра отырып шешеді.

Компьютерлік графиканың қарқынды дамуы компьютерлік анимация түрлерінің пайда болып, дамуына жол ашты. Жалпы, компьютерлік анимация деп дисплей экранында қозғалатын кескіндерді жасау өнерін айтады. Суретші қозғалатын объектінің бастапқы және соңғы қалпын бейнелейтін суреттерді ғана салады, ал осы екі суреттің арасындағы барлық қозғалысты компьютер осы объектіні қозғалтуға қажетті алдын-ала белгіленген математикалық есептеулерді орындай отырып өзі суреттеп шығады. Белгілі бір жиілікпен бірінен кейін бірі пайда болатын осындай суреттердің жиынтығы экранда қозғалатын суреттерді бейнелеуге мүмкіндік береді.  Қазірде осындай анимациялардың мыңаған түрлері жасалып, бұрындары ойымызға кіріп шықпаған балалар, жастар, үлкендер қатар отырып тамашалай алатын жаңа мультипликациялық анимацияларға толы отандық 3d форматынағы өнімдерді жасап шығаруда



Компьютерлік анимация деп - дисплей экранында қозғалатын кескіндерді жасау өнерін айтады. Суретші қозғалатын объектінің бастапқы және соңғы қалпын бейнелейтін суреттерді ғана салады, ал осы екі суреттің арасындағы барлық қозғалысты компьютер осы объектіні қозғалтуға қажетті алдын-ала белгіленген математикалық есептеулерді орындай отырып өзі суреттеп шығады. Белгілі бір жиілікпен бірінен кейін бірі пайда болатын осындай суреттердің жиынтығы экранда қозғалатын суреттерді бейнелеуге мүмкіндік береді.

Мультимедиа деп - компьютер экранындағы жоғары сапалы кескінді дыбыстық сүйемелдеумен біріктіруді айтады. Мультимедиа құралдары оқу-ағарту саласында, электронды ақпарат құралдарында және т.б. мақсатта қолданылады. Мультимедиа мүмкіндіктерін толық пайдалану үшін компьютерге арнайы программаларды орнатып қана қоймай, арнайы құрылғыларды қосу қажет.

1.2 Компьютерлік графика түрлері. Векторлық және растрлық графика


Жоғарыда айтып өткендей, компьютерлік графика бейнелену тәсіліне байланысты растрлық, векторлық және фракталдық графика болып бөлінеді. Олар бір-бірінен монитор экранында бейнелену және қағаз бетіне басып шығарылған кезде кескіндердің қалыптасу принциптері бойынша ажыратылады. Ал обьектінің модулін тұрғызуда үш өлшемді графика жеке пән ретінде қарастырылады және әр графиканың өзіне тән қасиеттері мен жұмыс жасауда қолданылатын программалары бар.

Растрлық графикада кескіндер түрлі-түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады. Графикалық ақпараттың осындай нүктелер жиыны немесе пиксельдер түрінде ұсынылуы растрлық түрдегі ұсынылу болып табылады. Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр пиксельге компьютер жадында бір ұяшық қажет.     

Растрлық кескіннің сапасы сол кескіннің өлшеміне (тігінен және көлденең орналасқан пиксельдердің саны) және әр пиксельді бояуға қажетті түстердің санына тәуелді болады. 

 Растрлық кескіндер векторлық кескіндерге қарағанда сапасы жоғары, әсерлі болады. Қарапайым фотосуреттердің өзі компьютерде растрлық кескін түрінде сақталады.    Растрлық кескіндердің артықшылықтары да, кемшіліктері де бар.

Растрлық графикада түпнұсқаның көрсетілімі дюймдегі нүктемен өлшенеді және бейненің сапасына және файл көлеміне, сандық түрлендіру тәсіліне немесе иллюстрация құру әдісіне, таңдалынған файл форматына сондай-ақ өзге де параметрлерге қойылатын талап неғұрлым жоғары болса, түпнұсқаның көрсетілімі де соғұрлым жоғары болуы керек деген ереже сақталады. Ал бейненің экрандағы көшірмесіндегі растрдың элементарлық нүктесін пиксель деп атау қабылданған. Пиксель көлемі таңдалынған экрандық көрсетілімге, түпнұсқа көрсетіліміне және бейнелену масштабына байланысты. Бейнелерді өңдеуге арналған диагоналы 20-21 дюймдік мониторлар, ережеге сай стандартты 640х480, 800х600, 1024х768, 1280х1024, 1600х1200, 1600х1280, 1920х1200, 1920х1600 нүктелі экрандық көрсетілімдермен қамтамасыз ете алады. Сапалы мониторлардың 5 люминофорларындағы іргелес жатқан нүктелер арасындағы арақашықтық 0,22-0,25 мм құрайды. Экрандық көшірме үшін 72 dpi, түрлі-түсті және лазерлі принтерде шығару үшін 150-200 dpi, фотоқұрылғылар арқылы шығару үшін 200-300 dpi көрсетілім жеткілікті. Баспаға шығаруда түпнұсқа көрсетілімі шығару құрылғысының растр линиатурасына қарағанда 105 есе үлкен болуы керек деген эмпирикалық ереже қалыптасқан. Егер материалдық көшірмесі түпнұсқаға қарағанда ұлғайтылатын жағдай болса, ұлғайған мәнді, көлемін өзгерту коэффицентіне көбейту керек.

Басылған бейненің көрсетілімі және линиатура түсінігі. Қатты денедегі (қағаз, пленка т.б.), сондай экрандағы растрлық бейне нүктесінің көлемі, түпнұсқаны растрлеу параметрлеріне және қолданылған әдіске байланысты болады. Растр торының жиілігі дюймдегі түзу санымен өлшенеді және линиатура деп аталады. Растр нүктесінің көлемі әрбір элемент үшін есептеледі және аталған ұяшық түсінің интенсивтілігіне байланысты болады. Интенсивтілік неғұрлым жоғары болса, растр элементі соғұрлым тығыз толтырады. Яғни егер бір ұяшыққа таза қара түс кезіксе, растр нүктесінің көлемі, растр элементінің көлемімен сәйкес келеді. Бұл жағдайды 100% толтырылды дейді. Таза ақ түс үшін толтырылу мәні 0%-ды құрайды. Іс жүзінде элементтің толтырылуы 3-тен 98% құрайды. Бұл жағдайда растрдың барлық нүктелері шын мәнінде абсалютті қара түске жақындайтын біркелкі оптикалық тығыздықта болады. Анағұрлым қою түсті иллюзия, нүктелердің көлемін ұлғайту есебінен, растр элементтерінің орталарын біркелкі қашықтықта орналастыру, олардың арасындағы бос орындарды қысқарту арқылы құрылады. Мұндай әдіс амплитудалық модульдеу арқылы растлеу деп аталады. Түстің интенсивтілігі бірдей көлемдегі көршілес нүктелердің арасындағы арақашықтықпен реттелетін жиілікпен модульдеу арқылы растрлеу әдісі де бар. Осылайша жиілікпен-модульденген растрлеуде әр түрлі интенсивті түстегі растр ұяшықтарында нүкте саны әрқилы болып келеді. Жиілікпен-модульдеу әдісімен растрланған бейне анағұрлым сапалы болады, себебі онда нүкте көлемі кіші болады, қалай болғанда да амплитудалық модульдеу арқылы растрлеудеғі нүктенің орташа көлемінен біршама кіші. Бұл



жағдайда растр ұяшығындағы түстің интенсивтілігін бейнелеуге қажетті нүкте саны ғана есептеледі. Сонан соң бұл нүктелер ұяшық ішіне квазикездейсоқтық әдіспен есептелген арақашықтықта орналасады (шын мәнінде арнайы математикалық алгоритм қолданылады). Яғни ұяшық ішінде де бейнені тұтас алғанда да растрдың тұрақты құрылымы мүлдем болмайды. Мұндай тәсіл полиграфиялық құрал-жабдықтардың жоғары дәлдігі мен есептеуіш ресурстарға қомақты шығын жұмсауды қажет етеді: ол негізінен баспа кезінде бояу саны төртеуден асатын көркемдік жұмыстар үшін қолданылады. Түстің интенсивтілігін (жарықтығы деп аталады) 256 деңгейге бөліп қарау қабылданған. Адамның көзі саны артық градацияны қабылдамайды, сондықтан да артық болып саналады. Ал аз болуы бейне көрінісін төмендетеді, сапалы жартылай түсті иллюстрация үшін ең аз мөлшер 150 деңгейлік мән болып табылады. Түстің 256 деңгейін көрсету үшін растр ұяшығының көлемі небары 256=16х16 нүкте болу керек екендігін есептеу қиын емес._ Бейне көшірмесін принтерден немесе полиграфиялық құралдан шығаруда растр линиатурасы, баспа материалдарының параметрлері мен аппараттың мүмкіндіктері, талап етілетін сапа арасындағы ортақ пікірге қарай таңдалынады. Лазерлік принтерлер үшін ұсынылатын линиатура 65-100 lpi-ді, газет шығару үшін – 65-85 lpi-ді, кітап-журналдар үшін – 85-133 lpi-ді, көркем және жарнамалық жұмыстар үшін – 133-300 lpi-ді құрайды. Растрлары қабат орналасқан, мысалы, бірнеше түсті бейнелерді басып шығаруда, әрбір келесі растр қандай да бір бұрышқа бұрылады. Түрлі-түсті баспада әдетте мынадай бұру бұрыштары: көгілдір баспа түрі үшін 105 градус, күлгін түс үшін 75 градус, сары түс үшін 90 градус және қара түс үшін 45 градус қолданылады. Бұл жағдайда растр ұяшығы қисық бұрышқа айналады және 150 lpi линиатуралы 256 түс градациясын шығару (көрсету) үшін 16х150=2400 dpi көрсетілім жеткіліксіз болады. Сондықтан да кәсіби кластағы фото құрылғылар үшін растрдың әр түрлі бұрыштарында сапалы растрлеуді қамтамасыз ететін ең төменгі стандартты көрсетілім болып 2540 dpi қабылданған. Осылайша түрлі-түсті бейнелер үшін растрдың бұрылу бұрышын есепке алу коэффициенті 1,06 құрайды.

Растрлық графиканың артықшылығы:

  • әр нүкте бір-бірінен тәуелсіз;

  • бейнелік ақпаратты енгізудің автоматты техникалық түрде іске асырылуы. Мұндай құрылғыларға сканерлер, бейнекамералар, сандық фотокамералар және графикалық планшеттер жатады;

  • фотомүмкіндігі. Тұман немесе түтін суреттерін және басқа да әсерлер алуға болады;

  • файлдар форматы нүктелік бейнелерді сақтауға арналған және олар стандартты болып табылады;

  • Web-дизайнды қолдануға болады.

Растрлық графиканың кемшілігі:

  • Растрлық бейнені бұруға, еңкейтуге болмайды. Егер бейнені кішкене ғана қисайтатын болсақ онда бейне шеттері түзу сызық емес «баспалдақ» болып қалады;

  • Бейнені үлкейтіп анықтап көруге болмайды. Бейне нүктелерден тұрғандықтан, оны үлкейткенде нүктелер көлемі де үлкейеді. Бұдан бейненің сапасы нашарлайды;

  • Бейнені үлкейткенде файлдың көлемі үлкейіп кетеді. Бірақ бұл кемшіліктеріне қарамастан, қазіргі техникада растр өте жоғары сапалы кескін алуға мүмкіндік береді. Сондықтан растрлық кескіндер көркем графикада кеңінен қолданылады. 

  Растрлық графика электронды (мультимедиалық) және полиграфиялық басылымдарды жасап шығару үшін де жиі қолдылады. Растрлы графикалық редакторлар көбінесе жаңа суреттерді салу үшін емес, дайын суреттерді өңдеу үшін қолданылады. Осы мақсатта көбінесе суретшілердің қолымен салынған дайын суреттер сканерленіп алады немесе фотосуреттер алынады. Соңғы кездері растрлық кескіндерді компьютерге енгізу үшін сандық фотокамералар мен видеокамералар кеңінен қолданылуда.

Енді Растрлық графика редакторларының түрлері мен олардың атқаратын қызметтеріне жалпылама тоқталып өтелік.



  • Microsoft Paint – Microsoft операциялық жүйенің стандартты құрамына кіретін ең қарапайым редактор. Қарапайым суреттер салуға мүмкіндік беретін қарапайым функциялар.

  • Adobe Photoshop – расторлық графиканы профессиональды өңдеуге арналған мықты пакет. Расторлық суретті модификациялауға арналған түрлі мүмкіндіктері, эффектілері мен фильтрлері бар тұтас комплекс. Пакеттің бүлінген суреттерді қалпына келтіруге, суреттерді ретушьтауға және түрлі мүмкіндік беретін құралдары бар.

  • Photo Paint - Adobe Photoshop- н бәсекелеске түсірген Corel Draw пакетінің расторлық графиканы өңдеу редакторы. Бұл редакторда да түрлі фильтрлер және текстуралар бар Photoshop – тан айырмашылығы фильтрлерді қабылдау процесі баяу жүреді.

  • Painter- шынайы сурет салу құралдардың эмуляциялауға мүмкіндік береді (графит, бор, майлы бояу) сонымен қатар материалдар жазылған имитацияларға, анимация жасауға мүмкіндік береді. Көркем сурет (живопись) стилінде web – беттер мен фондық суреттерді әзірлеуге ыңғайлы.

Векторлық графика - сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер. Бұл жерде вектор дегеніміз - осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер жиынтығы. Бұл графиканың а өзіне тән артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Векторлық графиканың басты артықшылығы оған кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге, орай кішірейтуге және үлкейтуге болатындығы. Келесі артықшылығы - векторлық кескіндердің ақпараттық көлемі растрлық кескіндермен салыстырғанда әлдеқайда аз болады. Ал бір кемшілігі - бейнені фотографикалық сапада ала алмайды және кейбір кездері қағазға басылмайды немесе қағазда онша емес болып бейнеленеді.

Векторлық графикамен жұмыс істеуге арналған программалық құралдар бірінші кезекте кескіндерді өңдеу үшін емес, оларды жаңадан салу үшін қолданылады. Бұндай құралдар жарнама агенттіктерінде, дизайнерлік бюроларда, редакциялар мен баспаханаларда кеңінен қолданылады. Қарапайым геометриялық объектілер мен қаріптерді пайдалануға негізделген безендіру жұмыстары векторлық графика құралдарының көмегімен әлдеқайда оңай іске асады.

Векторлық графика редакторларына келесі реакторлар тобы жатады:

Adobe Illustrator – векторлық графикамен жұмыс жасауға арналған реактор. Интерфейсі Adobe Photoshop- қа ұқсас түрлі фильтрлер және эффектілер қосуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар түрлі графикалық формаларды оқиды.

Macromedia Freehand – өте қолайлы векторлық реактор. Программа өзінің басқару жүйесінің қарапйымылығымен және жоғары дәрежеегі тез жұмыс жасауымен ерекшеленеді. Ол қарапайым геометриялық фигураларды немесе қисықтары құра отырып, мәтінді форматтау, кірістіру, түсін өзгерту, нысанның пішінін өзгерту жұмыстарын атқара алады.

Corel Draw - векторлық графиканы өңдеуге арналған күшті құрылғылары бар редактор. Векторлық графиканы өңдеу пакетінен басқа, растрлық графиканы өңдеуші (Photo Paint) , бейнелерді трассировкалаушы, шрифтер редакторы, текстуралар және штрихкодтар әзірлеу программасы және суреттер галереясы бар.

Adobe Streamline – Adobe фирмасының бейнелерді трассировкалау (яғни расторлық графиканы векторлық графикаға түрлендіру) программасы. Векторлық графиканы web – беттер жасағанда пайдалану аса тиімді.
1-кесте. Векторлық және растрлық графиканың ұқсастығы мен айырмашылығы





ұқсастығы

айырмашылығы

Векторлық графика

файлдарды әртүрі форматтарда ашу мүмкіндітері,бірдей құрал-саймандар мен функциялардың қолданылуы.(қарындаш,қалам;бөліп алу,орын ауыстыру,масштабтау т.б.),керек түсті таңдау.


Векторлық форматта кескін матаематикалық жолмен жеке объектлердің біріктірілуі арқылы көрсетіледі

Растрлық графика

Растрлық форматта кескіндеу нүктелер арқылы жүргізіледі,мозаика сияқты.

Фракталдық графика - Фракталды графиканың жасалу әдісі сурет салуға немесе безендіруге емес,програмалауға негізделеді. Егер растрлық графикада растр (пиксель), ал векторлық графикада сызық базалық элемент болып табылса, фракталдық графикада математикалық формуланың өзі базалық элемент болып табылады, бұл компьютердің жадында ешқандай объект сақталмайды, кескін тек қана теңдік бойынша салынады деген сөз. Фрактал, фракталды графика, фракталды геометрия түсініктері 70-жылдардың аяғында ғылым саласына енді. Фрактал сөзі латын тілінен аударғанда – «фрагменттерден құралған» деген мағына береді екен. Оны 1975 жылы ұлы математик Бенуа Мандель Брот ұсынған екен. Компьтерлік графикада фракталдар табиғи құылыстарды, мысалы, бұлттар, қарды бейнелейді.

Үш өлшемді графика. Үш өлшемді графиканың негізі векторлық графика болып табылады. Мұнда бейнелер компьютер жадысында құраушы объектілер түрінде сақталады. Объект 3-өлшемді болуы үшін оның бетін каркастық құрылғы ретінде үш өлшемді координата x,y,z түрінде және кеңістіктегі түйіндік нүктелер арқылы тұрғызу қажет. Үш өлшемді графика немесе 3D ғылшын тілінен «3 dimensions» - үш өлшемді дегенді білдіреді екен. Яғни үш өлшемді графика дегеніміз – үлкен көлемді денелерді, заттарды анық, нақты түрде бейнелейтін құралдар жиынтығы. Растрлық, векторлық, үш өлшемді графика статистикалық және динамикалық болып бөлінеді.

Динамикалық үш өлшемді графика кинематографияда кеңінен қолданылады. Ал екі өлшемді графика x,y координатты графика мультфильмдерде және веб-беттерін өңдеуге қолданылады. Үшөлшемді гпһрафика қазіргі таңда өте кеңтаралған.Үшөлшемді векторлар арқасында күрделі көрсетілімдер құрастырылады. Қандай да дарынды болсаңыз да растрлық графика арқылы үшөлшемді сурет салу мүмкін емес.Ол үшін әртүрлі компьютерлік технологиялар әртүлі программаларға арналғандығын түсіне білу керек. Ал оларды дұрыс түрде орнатуға болады және орнату керек.




    1. Түс жүйелері. Графикалық бейнелері сақтау форматтары

Біз түрлі-түсті әлемде өмір сүреміз. Әр күн сайын үйден шықпай-ақ адам түрлі көптеген оттенктарды (түсті) көреді. Біз оған үйреніп кеткеніміз соншалық түстің табиғаты тұрғысында, оның бізге және біздің іс-әрекеттерге әсері туралы ойлана бермейміз. Күнделікті өмірде түстер көптүрлілігі аса маңызды емес алайда компьютерлік графикада пайдаланушының қабылдануына әсер ететін әрекеттер түс оттенгы және оның болмашы өзгерістері маңызды.

Түс формаға қарағанда субъективті ұғым болғанымен, оның практикада дизайнерлерпайдаланатын әмбебап заңдары бар.

Ең алдымен түстің құрылымын түсіну керек. Ол үшін оны құраушыларға жіктейміз. Көптеген түстік модельдердің ішінде HSV (Hue-Saturation-Value) (оттенк-қанықтылық-ашықтылық) моделі ғана түсті біздің күнделікті үйренген формамызда беріледі. HSV жүйесі 3 түрге жіктелінеді:

а) Оттнек (Hue) - түс туралы негізгі ақпарат.

б) Қанықтылық (Saturation)-қанықтылық түс неғұрлым қанық болады.

c) Ашықтылық (Value) - ашықтылық түстер ашықтау болып қабылданады.

Негізгі түстерді суық (холодные) және жылы (теплые) деп 2-ге бөлінеді. Графикалық режимде экран жекелеген жарқырауық нүктелерге бөлініп, олардың саны монитордың мүмкіндігіне тәуелді болып келеді. Мониторлар базалық түсінің түрлері 16 стандартты түсті болады және төрт элементпен түстің құраушысы қызыл, жасыл, көк түстерден тұрады.

Жалпы, өмірде жиі кездесетін осындай түстерге кішкене анықтама беріп өтелік.

Қызыл түс - мазасыздық және белсенділіктің түсі. Қызыл өзіне назар аудартуға мәжбүрлейді (Ескертулер қызыл фонға немесе қызыл әріптермен жазылады сондықтан), көптеген адамдарда отпен ассоцияланады, анықтылығының әсерінен тез шаршатады, әрине егер өте көп болса.

Сары түс - ең ашық түс болғандықтан, қуанышты көңіл-күй, оптимизмді беру үшін пайдаланылады. Сондықтан сары түс- туристік композицияның жарнамада жиі пайдаланылады.Сары-алтын түсі болғандықтан, көп жағдайда жетістік, байлық және дәулеттілікпен ассоциаланады.

Көк түс - салқындық және тазалық эффектілерін тудырады, тыныштандырады, ұйықтауға арналған бөлмелер дизайны үшін тиімді.Бұл түсті тыныштықты, тазалықты, тұрақтылықты ерекшелеу үшін пайдалануға болады.

Жасыл түс - тыныштандыратын түс, қысымды азайтады, қан айналымын жақсартады. Жасыл түс барлық биологиялық тіршілікті, табиғатпен байланыстылығы, жұмбақтылықты көрсету үшін пайдалануға болады.

Қара түс - өте ауыр түс, қайғы және мұңды көрсетеді. Шаршағандық және дискомфортты сезімін тудырады. Қызыл түспен біріктіріледі дәулетті білдіреді.

Ақ түс - өте көңілді түс. Мөлдір ассоциаланатын жеңілдік, еркіндік және салмақсыздық сезімін тудырады.

Түстердің үйлесімділігін талқылауда «Талғамға талас жоқ» деген сөздер толығымен күштілікке енгізіледі, яғни түс үйлесімділігіне универсал ережелер жоқ деуге де болады. Алайда бірнеше ортақ заңдылықтарды айтуға болады. Жалпы, түстерді таңдағанда алдымен бір –біріне жақын түстерді таңдау қажет. Бұл әдіс кәсіби жұмыс істеу үшін ыңғайсыз болып келеді, үйлесімді түстерді іздеу үшін бірқалыпта түстік шеңберді пайдалануға болады. Сондай –ақ аралық түстер жақсы үйлессе, бір – біріне қарама - қарсы орналысқан түстер онша үйлеспейді, ең жақсы үйлесімді суреттегі бір – бірімен түзу сызық арқылы байланысқан түстер береді. Ақ және қара түстер барлық түстерден жақсы үйлеседі.

Əрекеттер принциптері үшін аталған түстік модельдерді үш класқа бөлуге болады:

1. аддитивті (RCB), түстерді қоюға негізделген;

2.субтрактивті (СМУ, СМУК) есептеу операциясының негізін құрайды (субрактивті синтез)

3. перцепционды (HSB, HLS, Lab, YCC) қабылдауға қор жинайды.

СІЕLab түстік моделі

1920 жылы түстік кеңістік моделі СІЕLab (Communication International del Eclairage – жарықтандыру бойынша халықаралық комиссия. L,a,b – осы жүйедегі координаталар өсінің белгіленуі) жасалады. CIELab моделінде кез келген түс жарықтығымен (L) және хроматикалық құрамымен: жасылдан қызылға дейін өзгеретін диапазон параметрімен (a), және көктен сарыға дейін өзгеретін диапазон параметрімен (b) анықталады. CIELab моделінің түсті қамтуы баспа құралдары мен монитор мүмкіндіктерінен біршама асып түседі, сондықтан бұл модельмен бейнені баспаға шығармас бұрын оны түрлендіріп алуға тура келеді. Аталмыш модель түрлі-түсті химиялық процестерді полиграфиялық процестермен үйлестіру үшін жасалған болатын. Бүгінге ол Adobe Photoshop программасы үшін бірауыздан мақұлданған стандарт болып табылады.

RGB түстік моделі

RGB түстік моделі аддитивті болып табылады, яғни кез келген түс әр түрлі деңгейде үш негізгі түстің – қызыл (Red), жасыл (Green), көк (Blue) қосындысынан тұрады. Ол – электрондық түрде көрсетуге арналған (мониторда, телевизорда) компьютерлік график құру мен оны өңдеуде негізгі

қызмет атқарады. Негізгі түстің бір компонентін, екіншісінің үстінде қолдануда сәулеленудің сомалық жарықтығы ұлғаяды. Үш компоненттің араласуы, жарықтығын ұлғайтқан кезде ақ түске жақындайтын ахроматикалық сұр түсті береді. Өңнің 256 градациялық деңгейінде қара түске RGB–дің нөлдік мәні, ал ақ түске (1,1,1) координатымен ең жоғарғы мәні сәйкес келеді.

СМYK түстік моделі

СМҮК түстік жүйесі – графикалық бейнелерді құруда компьютерлерді пайдаланбай тұрып ақ белгілі болды. СМҮК түстерінде бейнелердің түстерін бөлуде компьютерлер қолданылса, ал баспа жасауда олардың арнайы модельдері жасалып шығарылған. RGB жүйесіндегі түстерді СМҮК жүйесіне ауыстыру барысында көптеген қиындықтар туындайды, яғни әртүрлі жүйелерде түстер өзгеріске ұшырап отырады. Мұндай жүйелерде түстерді қабылдау табиғаты жағынан әртүрлі, мысалы, монитор экранында бейнеленген бейнені басып шығару барысында бейнені нақты тұп-тура ету мүмкін емес. Қазіргі таңда СМҮК түстерімен жұмыс жасайтын арнайы бағдарламалар бар. Векторлық графика программаларының өзі осындай қасиетке ие, ал растрлық графика программалары СМҮК түстерімен жұмыс жасау және де басып шығару барысында бейненің дұрыс сақталу мүмкіндігін қолданушыларға ұсынады. CMYK түстік моделі субстрактивті болып табылады және оны жарияланымды баспаға дайындауда қолданады. СМҮK-дің түстік компоненттеріне ақ түстен бөлініп алынған негізгі түстер қызмет етеді.

көгілдір (cyan) = ақ – қызыл = жасыл + көк

күлгін (magenta) =ақ – жасыл = қызыл + көк

сары(yellow) = ақ – көк = қызыл + жасыл

Мұндай әдіс түпнұсқадағы баспадан шағылған сәуленің физикалық

табиғатына сай келеді. Көгілдір, күлгін және сары түстерді толықтырушы деп

аталады, себебі олар негізгі түстерді ақ түске дейін толықтырады. Бұдан СМҮK түстік моделінің басты проблемасы – толыктырушы түстерді іс жүзінде бірінің үстінде бірін қолдану таза қара түсті алуға мүмкіндік бермейтіндігі келіп шығады. Сондықтан да түстік модельге таза қара түс компоненті қосылған. СМҮК түстік моделінің аббревиатурасындағы төртінші әріп (Cyan, Magenta, Yellow, black) осылайша пайда болған. Түрлі-түсті компоненттерлік бейнені полиграфиялық құралда басу үшін СМҮК түстік моделінің компоненттерімен сәйкес келетін құрамдас бөліктерге бөлу қажет. Бұл процесті түс бөлу деп атайды. Нәтижесінде түпнұсқада компоненттің түсінен тұратын төрт жеке бейне алынады.

HSB түстік моделі

HSB түстік моделі адамның түс қабылдау ерекшеліктерін жан-жақты есепке ала отырып жасалған. Ол Манселдің түс шеңбері негізінде тұрғызылған. Түс үш компонентпен: өңмен, қанықтылықпен, жарықтықпен сипатталады. Түстің мәнін шеңбердің центрінен шыққан вектор түрінде таңдайды. Центрдегі нүкте ақ түске, ал шеңбердің периметріндегі нүктелер – таза спектрлі түстерге сәйкес келеді. Вектор бағыты градуспен беріліп, түстің реңін сипаттайды. Вектордың ұзындығы түстің қанықтылығын сипаттайды. Ахроматикалық деп аталатын өсте жарықтығы беріледі, бұл жағдайда нөлдік нүкте қара түске сәйкес келеді. HSB моделінің түс қамтуы нақты түстердің бізге белгілі барлық мәндерін қабылдайды. HSB моделін компьютерде бейне құруда суретшінің жұмыс әдістерін имитациялау мен құралы ретінде қолдану қабылданған. Қаламсап, сауыт, кисттерді имитациялайтын арнайы программалар бар. Олар арқылы әр түрлі тұстармен және бояулармен жұмыс имитациясы қамтамасыз етіледі. Бейне құрғаннан кейін жарияланым түріне қарай оны өзге түстік модельге түрлендіру ұсынылады.

Әдетте файл форматын ақпаратты байттар тізбегінің көмегімен жазу тәсілі деп түсінеміз.



Графикалық файлдар форматы-файлда графикалық ақпаратты сақтау тәсілін,сонымен қатар ақпаратты сақтау формасын (қысу алгоритмін қолдануды) анықтайды.

Графикалық формат- графикалық ақпаратты жазу тәсілі.Графикалық формат суретті өңдеу және баспаға шығару мүмкіндіктерін,сонымен қатар оның жадыда алатын көлемін береді.файлдың форматы әдетте файл атының кеңейтілуімен белгіленеді.

Қазіргі кезде компьютерлік графикада графикалық файлдардың 30-дан астам түрлері қолданылады.Бірақ олар тек кейбіреулері ғана стандартты,яғни кез-келген программада жұмыс істеуге қолайлы болады.Векторлық,растрлық және үшөлшемді суреттердің файлдарының форматтары бір-біріне сәйкес келмейді.Көптеген графикалық редакторларда ақпаратты тез ашып және кодталған суреттерді тез қалпына келтіру керек,сондықтан да суреттерді сақтау барысында суреттің өз форматын қолданып сақтаған тиімді.Басқа программалар осы берілген файлдар форматымен жұмыс істей алмауы мүмкін.Егер суреттерді құру немесе өңдеу үшін бірнеше программалар қолданылса немесе суретерді басқа бір адамдарға жіберсеңіз,онда компьютерде кеңінен қолданылатын форматтарды қолданған жөн. Қосымшалардың көпшілігі өзінің жеке форматтарына негізделгендіктен,файлдарды басқа программаға ауыстырғанда арнайы фильтрлерді қолдануға немесе суретті стандартты форматқа экспорттауға тура келеді.

Қандай мақсатқа анралып жасалғандығына байланысты әр формат графикалық ақпаратты әр түрлі етіп сақтайды.Кез келген форматтың артықшылығы және кемшілігі болады.

Компьютерде графикалық ақпаратты векторлық және растрлық түрде беруге болатыны белгілі,ендеше графикалық файлдар форматының да сәйкесінше векторлық және растрлық түрлері бар.



Растрлық файлдар форматында:

  • Суреттің өлшемі-горизанталь және вертикаль өлшемдері бойынша суреттегі бейненүктелердің саны.

  • Биттік тереңдік-бір бейненүктенің түсін сақтау үшін қолданылатын биттер саны.

  • Суретті сипаттайтын мәліметтер(суреттегі бейненүктенің түсі),сонымен қатар қосымша ақпарат сақталады.

Растрлық суреттердің көлемі үлкен болғандықтан растрлық графикалық файлдар форматында файлды қысу қысу алгоритмі қолданылады. Қысу алгоритмдері 2 түрге бөлінеді:

  • файлдарды архиватор-программалардың көмегімен қысу;

  • файл форматына енгізілген қысу алгоритмінің көмегімен қысу.

Бірінші жағдайда арнайы архиватор-программалар бастапқы файлды қысу алгоритмін қолдана отырып,жаңа файл құрады.Бірақ осылайша архивтелген файлды қайтадан бастап қалыпқа келтірмейінше ешқандай программа оны өздігінше аша алмайды.

WINDOWS жүйесінде файлдарды қысудың кең тараған түрлеріне-ZIP,ARJ,RAR және т.б жататыны белгілі.Ал графикалық файлдарды қысу архиватор программалардың көмегімен файлдарды архивтеуден өзгеше.

Суреттердің әр түрлі типтеріне сәйкес өзіндік қысу алгоритмі бар.Егер файлдар форматына қысу алгоритмі қосылса,онда сәйкес программалар қысылған мәліметтерді дұрыс оқуға жағдай жасайды. [1]

BMP (Bit Map image) форматы. BMP (Bit Map image) форматы растрларды Windows ОЖ-де сақтау үшін қолданылады. Ол растрлық суреттерді салатын Windows қосымшаларында қолданылатын формат болып табылады.

BMP форматының артықшылығы – Windows –пен үйлесетін кез келген программаны сүйемелдеуі. Ал кемшілігі – қысу мүмкіндігінің нашарлығы. Бұл форматта тек қана 4 және 8 биттік суреттерге ғана сәйкес RLE қысу алгоритмі қолданылады. BMP файлдары дискіде көп орын алады. Сонымен қатар BMP файлдарын қолдану Windows платформасымен шектеулі. Форматтың кемшілігі: жиырма төрт биттік түс тереңдігін қолданғанда, файлдың өлшемі өте үлкен болады. Сонымен қатар бұл форматта басқа форматтағыдай кейбір қосымша мүмкіндіктер жеткіліксіз.



TIFF форматы. TIFF (Tagged Image File Format, файл атының кеңейтілуі .TIF) жоғары сапалы расторлық суреттерді сақтауға арналған кең таралған формат. Ол ақ қара түстен RGB және СМҮК модельдеріне дейін барлық түстерді қамтиды. ТІІҒ форматында LZW қысу алгоритмі қолданылады.

ТІҒҒ форматы түсті тарату және қысу механизмінің тиімділігіне сай сканерленген аэрофото және ғарыштық суреттерді сақтауға өте ыңғайлы.



РСХ форматы. PCX (PC PaintBrush File Format, файл атының кеңейтілуі. PCX) форматын PC PaintBrush программасы үшін Z – Soft фирмасы жасаған. РСХ файлдарын компьютерлердің барлық графикалық қосымшалары аша және импорттай алады. Бұл форматта RLE қысу алгоритмі қолданылады. Бірақ РСХ СМҮК моделімен немесе RGB моделінен басқа модельдермен жұмыс жасай алмайды. Бейненің түстік бөлінуін сақтамауы, түстік модельдің аздығы және басқа шектеулер бұл форматтың қолданыстан шығуына сеьеп болды. Қазіргі кезде бұл формат секірген формат болып табылады.

GIF форматы. GIF (Graphics Interchange Format, файл атының кеңейтілуі .Gif) форматын 1987 жылы (GIF 87a) СompuServe фирмасы желімен растрлық суреттерді тарату үшін арнайы жасаған. Сондықтанда бұл форматта қысу механизмі жақсы, WEB беттерінен суреттерді тез жүктейді. GIF форматы LZW қысу әдісін қоданады. GIF суретті «жол арқылы» жазуға мүмкіндік береді. 1989 жылы мөлдірлік пен анимацияны сүйемелдеуге байланысты GIF форматы қайтадан (GIF 89a) толықтырылды. Нәтижесінде GIF – те немесе бірнеше түстерді мөлдір етіп орнатуға болады, сондықтан бұл түстер Интернеттің көру программаларында көрінбейді.

GIF файлдар бір немесе бірнеше растрлық суреттерден тұруы мүмкін, программа файлда көрсетілген жиілікпен суреттің бірінен кейін бірін жүктейді. Осылайша қозғалысты алуға болады (GIF анимация). GIF форматында түстік сурет тек қана 256 түс режимінде жазылады. Сондықтан бұл формат Интернет желісінде электрондық басылдымдарды құру кезінде қолданылады.



Форматтың кемшілігі түстің өте аз тереңдігінде болып табылады. Мұнда тек 256 – дан артық түс қолданылмайды. Және суреттерді сақтау ыңғайсыз, мұнда түстері аз суреттерді сақтауға болады.

JPEG форматы. JPEG (JOINT PHOTOGRAPHIC EXPERTS GROUP файл атының кеңейтілуі .JPEG) растрлық бейнелерді сақтауға арналған форма. Нақты мәндердің орнына JPEG нүктеден нүктеге ауысу жылдамдығын сақтайды. Ол кейбір мәндерді ортақтастырып артық түстік ақпаратты лақтырып тастайды. Қысу деңгейі үлкен болған сайын, көп мәліметтер лақтырылып тастайдыда, суреттің сапасы нашарлайды. JPEG форматын қолдану арқылы BMP форматындағы файлдын көлемі 10 – 500 рет аз файл алуға болады. Мұнда қысу әдісі «артық» ақпаратты жоюға негізделген, сондықтан бұл формат тек электрондық басылымдарға ғана қолдануға ұсынылады. JPEG түрлі - түсті фотосуреттерді толықтай түстік реңктер жиынтығымен сақтап, таратуға мүмкіндік береді. Мұнда әрбір нүктенің түсі 24 битпен кодталады. Сондықтан 16 млн – дай түсті сақтауға болады.

PSD форматы. PSD (PhotoShopDocument, файл атының кеңейтілуі .PSD) Adobe Photoshop графикалық редакторында қолданылатын растрлық графикалық файлдар форматы. Бұл формат қабаттар параметрлерін, арналарды, тұнықтық көрсеткішін және көп қабаттарды сақтауға көмектеседі.

Бұл форматта ақпаратты қысу алгоритмі жоқ болғандықтан, файлдың үлкен көлемі болады, сондықтан сурет жадыдан көп орын алад Ол форматтың негізгі кемшілігі болып табылады.



PNGформаты. PNG (Portable Network Graphics, файл атының кеңейтілуі .PNG) форматы 1995 жылы JPEG және GIF форматтарын ауыстыру үшін жасалған, сонымен қатар суреттерді Интернетке орналастыруға мүмкіндік беретін салыстырмалы түрде жаңа формат. Ақпаратты сапасын жоғалтпай қысуға мүмкіндік береді.

PhotoCD форматы. файл атының кеңейтілуі .PCD. KODAK фирмасында жасалған. Ол растрлық цифрлық суреттерді өте жоғарғы сапада сақтауға мүмкіндік береді.

Векторлық форматтың растрлық форматтан айырмашылығы, векторлық графика ауқымында әр түрлі платформада, әр түрлі программаларда қолданылатын стандартты форматтардың жоқтығы деп айтуға болады. Векторлық суреттерді салудың арнайы алгоритміне сәйкес барлық векторлық графикалық программалардың өз форматтар болады. Векторлық форматтағы файлдар суреттерді сипаттаудан тұратын графикалық примитивтер құруға арналған командалр жиынынан және бірқатар қосымша ақпараттардан тұрады.



Әр векторлық формат командалр жиынымен және оларды кодтау тәсілімен ерекшеленеді. Бірақ векторлық графикада кейбір кездерде файлдарды әртүрлі қосымшаларда тасымалдау қажеттілігі туған жағдайда өздерінше стандарты болып табылатын WMF, CDR, AI форматтары қолданылады. Сонымен қатар, векторлық және растрлық суреттермен жұмыс істеуге арналған әмбебеп файлдар форматтары да бар, олар: EPS, PDF. Кез – келген векторлық форматтағы файлдарда растрлық графикалық суреттерді сақтауға болдаы. Бірақ ол түстің бұрмалануына әкеліп соқтырады, сондықтан да егер сурет векторлық нысандардан тұрмайтын болса, онда растрлық форматты қолданған тиімді.

WMF (Windows Meta File) форматы. Бұл Windows операциялық жүйесінің векторлық форматы. Онда барлық векторлық суреттер программадан программаға ауыстыру буфері арқылытасымалданған кезде конверттеледі. WMF форматының көмегімен векторлық картографиялық суреттерді Windows – тың офистік қосымшаларына экспорт жасағанда қолданылады.

Кемшілігі: полиграфияда қолданылатын стандартты түстік палитрамен жұмыс істеу мүмкіндіг жоқ.

CDR (CorelDraw Document) форматы. Ол – танымал Corel Draw графикалық редакторынын жұмыс форматы. Формат векторлық растрлық графиканы және мәтін жазуға мүмкіндік береді. CDR файлдарының жұмыс алаңы – 45 метр, мысалы сыртта ілінетін жарнамаларды құруға қолданылады. CDR форматының кемшілігі, талап ететін жадының үлкен көлемі және әртүрлі версия форматтарының үйлесімсіздігі.

AI (Adobe Illustrator Document) форматы. Бұл Adobe Illustrator графикалық пакетінің негізгі форматы. АІ форматы CDR форматына қарағанда әлсіздеу. Онда тек қана бір рет қана сақталады. Оның жұмыс алаңы – 33 метр. Ол барлық басылымдық – полиграфиялық қосымшаларда қолданылатын Adobe фирмасының Post Script тілімен үйлесімді.

EPS (Encapsulated Post Script) форматы. Файл атының кеңейтілуі .EPS. Ол Post Script тілінде векторлық және растрлық суреттерді сипаттау форматы, сонымен қатар әмбебап формат. Графикамен жұмыс істейтін барлық программалар бұл форматтағы файлды сақтай және оқи алады. EPS форматында бірмезгілде векторлық, растрлық графика, түстер, қаріптер сақталады. EPS форматы растрлық суреттермен шектелген векторлық контурды да сақтай алады. Фотосуретті кез-келген формада,мысалы овал түрінде алуға болады.Ол үшін EPS форматы экранда векторлық графиканы шығару үшін WMF форматын,ал расторлық графиканы шығару үшін TIFFматын қолданады.Бірақ экрандағы көшірмеде нақты суретті жалпы кескінде береді,бұл EPS форматының кемшілігі болып табылады.

PDF (Portable Document Format) форматы. PDF (Portable Document Format) (файл атының кеңейтілуі. PDF) форматын Adobe фирмасы ұсынған. Онда векторлық және растрлық суреттер, әр түрлі қаріптер жиынынан тұратын мәтін, гипермәтіндік сілтеме сақталады.Бұл форматпен жұмыс істеу үшін Adobe компаниясы Acrobat пакетін шығарды. Acrobat Reader тегін утилитасы құжатты оқуға, баспаға шығаруға мүмкіндік береді,бірақ құжатты құруға және жөндеуге болмайды.[1]


    1. жүктеу 387,5 Kb.

      Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау