1 компьютерлік графиканың негізгі элементтері


Көркемдік және жарнамалық графика



жүктеу 387,5 Kb.
бет5/9
Дата17.07.2020
өлшемі387,5 Kb.
#31155
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Мектеп информатика курсында графикалық редакторды оқыту әдістемесі

Көркемдік және жарнамалық графика. Графикалық кескін жасау және редакциялау үшін, мысалы, баспа өнімдерін, жарнама безендіру, фотосуреттерді бояу және өңдеу,мультфильмдер,бейнесабақтар,компьютерлік ойындар жасау үшін қолданылады. Архитектурада сызба дайындау процесін автоматтандыруға және ғимараттарды қабаты бойынша жобалауға мүмкіндік береді.

Информатикада компьютерлік графикаларды оқытуда олардың түрлерін, бағыттарын білім алушыларға мұғалім мазмұны жағынан терең ұғындырып, өзіндік жұмыстарға көп уақыт бөлген жағдайда, оқушылар өздерін суретші ретінде сезініп, шығармашылық қабілеттерін, пәнге деген қызығушылықтарын арттыратыны сөзсіз. Осының барлығы ақпараттық технологиялар әдістерін меңгеруіне негіз болып табылады.

Оқытудағы психикалық – педагогикалық тәсіл оқу процесін субъект қызметі, яғни жеке ұмтылысының іске асу жолында оқушылардың ерекше әлеуметтік және танымдық белсенділік формасы ретінде қажет етеді.

Оқу процесінің объектілік нәтижелерін білу ғана міндетті емес, сонымен бірге оның жүру процесі: оқушыларды оқыту үшін қандай амалдар қажеттігі, «тұлғалық пікірді» қалай қалыптастыруды, оқу міндеттері және сәйкесінше оқу іс әрекетінің қалай таңдалуы сияқты. Оқу процесінде өзін өзі басқарудағы психологиялық механизм түсінігі оқу процесіндегі тұлғаның орнын анықтауға көмектеседі: белсенділігінің мөлшері, қарым қатынас жүйесі және тұлғалық құндылықтар.

Оқу процесінің психологиялық анализі оның сол функцияға жетекшісімен тығыз байланысты, оны оқушыларды дамытуда қолданылады. Жетекші процесс дамытудың өзіндік негізгі тенденцияларды біріктіреді, психологиялық процестерді қайта құрады және нысандайды, тұлғада психологиялық өзгерістерді шартқа ендіреді. Процесс жетекшіге айналуда, себебі онда жаңа бір нәрсе пайда болып , дамуда. Ондағы болып жатқан сапалық алғышарттарды түсінуге және мінездеуге көмектеседі.

Ақпараттық білім беру негізінде оқушылардың тұлғалық және психико – педагогикалық ойлау дамуының мәселелері.

Компьютерлік графика мен визуалды білім мүмкіндіктерімен байланысты еңбектер қарқынды даму үстінде. Оқыту бағдарламасында компьютерлік графиканы қолдану шығармашылық жағынан жеке адамды дамытады. Себебі, физиологиялық тұрғыдан адам миының оң жарты шарымен ойлаудың синтетикалық, бейнелі, интуитивті жағдай бойынша қамтамасыз ететіні белгілі.

Компьютерлік ойлауды бағдарламалаушының кәсіптік ойлаудың бір түрі десек те болады, сондай ақ ғалым немесе инженердің ойлауы тәрізді. Ол сонымен қатар ой еңбек мәдениетінің ең маңызды құрылымдық және органикалық бөлігі болып табылады, ол тұлғаның тәрбиесіне және даму қабілеттілігіне оң және теріс әсері бар. Қазіргі заманғы адамның кәсіптік ойлау түрлері ЭЕМ мен байланысты, адам мен компьютердің қарым қатынасын екі полярлық қарым қатынас ретінде жіктесек: «алыпсатарлық» және «авангардтық». Алғашқысы – адамның ақпараттық қоғамдық өмірге деген теріс әсері (алайда ол ЭЕМ – нің түрлеріне байланыссыз ақпаратты қолданады) және өз орнын жалпы алыпсатарлықпен анықтайды, компьютерлік процесті мойындамайды және оны тоқтады. Екінші жағдайда – адамның қазіргі заманғы мәдениет пен техниканың құндылығымен әуестенеді, компьютерлік оқытудың күнделікті өмірге енудегі алғышарттар, ақпараттық технологияның қазіргі заманның мәдениетіне толыққанды, шексіз компонент ретінде жүреді. Осы екі жолақтардың ортасында үш кәсіптік позициялар – операторлық, бағдарламалық, жүйелік, бұлардың әрқайсысының іске асуына ерекше ойлау формасы енеді. Сондықтан қарапайым операторлық орын адамның компьютерді басқару икемділігіне байланысты.

Бағдарламалық орын бағдарламалық тілдер мен бағдарламалауда алгоритмдердің іске асуын қажет етеді.

Жүйелік орын алгоритмдік жаңа құралдардың және бағдарламалаудың логико – математикалықпен қатар ғылыми – техникалық және технологиялық жасақтама дамуымен бірге компьютердің әр түрлі типті жүйесінің даму мүмкіндігін айтамыз. Компьютердің өндірістік практикаға және оқу процесіне кең қолданыс табуы ең алдымен ұжымдық ойлау қызметінің артуына, оқушылардың ой дамуының жаңа шарттарының сапалы түрлерін жасайды.

Психикалық – педагогикалық көзқарас бойынша жоғарыда айтылған өзгерістердің бірнеше жолдарын айқындауға болады.

Біріншіден, сенсомоторлық интеллектің қатысынсыз, ой дамуы және қызмет етуі реттелген экологиялық жасанды ортада іске асады. Адамның компьютерлік экологиямен бағытталған диалогтік қарым қатынас жүреді.

Екіншіден, осы айналмалы ортадағы ақпарат адамға әр түрлі жасанды тілдер көмегімен символдық формада аударылады. Тиімді ақпаратты өңдеу ЭЕМ мен диалогтік режим жұмысында іске асады.

Үшіншіден, бағдарламалау бойынша адам қызметінің ЭЕМмен іске асуы оның тұлғалық жағынан да байқалады. Ол енді адамдар арасындағы қарым қатынас іспетті енді компьютер арасындада іске асуда. Ендігі жерде тұлғалық дамудың бір ерекшелігі ретінде компьютерде қосымша жүреді. Тұлға дамуының көбінесе ЭЕМмен қатынаста, қосымша ойын мүмкіндіктері мен оның мүмкіндіктерімен түсіндіріледі. Сонымен қатар, әлеуметтік даму жағдайда түбегейлі өзгеріске (адам адаммен, адам компьютермен) ұшырайды.

Төртіншіден, адамның ЭЕМді қолдануы оның кәсіптік қызметінің тиімділігін компьютерде берілген алгоритмдік міндеттерді шешу есебінен компьютерде жаңа, батыл шарттар мәдениетте өзінің жеке типтік рефлекцияларында анықтады. Адам міндеттерін шешу үшін компьютерді қатыстыру – міндеттерді шешім іздеуде әртүрлі кезеңдік және ағындық шешімдерді ЭЕМ ді қолданушы ғана іске асыра алады.

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» Н. Ә. Назарбаев

Қазіргі кездегі жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның білім беру мекемелеріндегі жеткіншек ұрпақтарды оқыту мен тәрбиелеу олардың бойында жеке тұлғалық қасиеттерінің жан-жақты қалыптасуымен тығыз байланысты. Бұл мәселе дүниежүзілік қауымдастықта әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани дамудың басты факторы ретінде жариялануда.

ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Жалпы оқытудың мақсаты- оқушыны дамыту. Осы мақсатқа сәйкес жас және педагогикалық психологиясында, сондай-ақ оқыту теориясында негізгі орын алған мәселе – дамыта отырып оқытуды зерттейтін бағыт. Білім беру үрдісін ақпараттандыру және жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлату бүгінгі күннің басты талабы болып саналады.

XXI ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр:

компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, интерактивті құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.

Егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры болмақ. Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес. Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. «Білім берудегі АКТ» ұғымы «оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары» және т.б., тіркестермен тығыз байланысты.

Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен-күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Мектептің білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдерін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстардың тиімділігі мен нәтижелілігі бірнеше оқу-әдістемелік, психологиялық-педагогикалық мәселелердің шешімін ғылыми түрде негіздеуді талап етеді. Оларды бірнеше бағыттарға бөлуге болады:

- оқу үрдісінде ақпараттың технологияларды іске асырудың жүйелі ғылыми-әдістемелік жолын анықтау; - оқушылардың тәжірибелік іс-әрекетінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың әдістемесін жасау;

- мұғалімдердің ақпараттық технологияларды меңгеру және оқу үрдісінде пайдалану бойынша кәсіби біліктерін жетілдіру;

- оқушыларды білім, білік, дағдыны меңгеру үшін ақпараттық технологияларды пайдалануға үйрету;

- мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту.

Ақпараттық –коммуникациялық технологияны (АКТ) бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты.

Ақпараттық –коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, Интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.

Қазіргі таңда оқушы- ақпаратпен қаруланған, жан-жақты дамыған тұлға. Оның білімдік қабілеттерін дамыту үшін біздер, мұғалімдер жан-жақты қаруланған болуымыз керек.

«Балаға білім бергенде, алыстан жақынға, таныстан жатқа көшіп, жаңа білімді ескі білімге байлап беру керек»-деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, оқыту процесіне жаңа көзқараспен қарау керек.

Сол себептен жаңа технологияларды енгізу арқылы, оқу процесінің деңгейі көтеріледі, қазіргі заман талабына сай дамыған тұлға тәрбиеленеді.

Жылдан-жылға білім беру ісі ерекше қолға алынып отыр. Мектептерде жаңа бағдарламалар, технологиялар пайдаланылып жүр

Қазіргі заманда білім беру әлеуметтік құрылымның маңызды элементтерінің біріне айналды. Дүние жүзінде білімнің әлеуметтік рөлі артты. Адамның болашағы, оның қазіргі алған білімнің сапасына, көлеміне, ойлау деңгейіне байланысты.


жүктеу 387,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау