1 компьютерлік графиканың негізгі элементтері


Грфикалық редакторлар түрлері. Растрлық графикалық



жүктеу 387,5 Kb.
бет2/9
Дата17.07.2020
өлшемі387,5 Kb.
#31155
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Мектеп информатика курсында графикалық редакторды оқыту әдістемесі

Грфикалық редакторлар түрлері. Растрлық графикалық


редактор – Paint
Суретке қойылатын негізгі талап оның формасының өте дәл болуы екендігі белгілі. Осындай суретті дәл салуға мүмкіндік беретін векторлық графикамен жұмыс істеуге арналған арнайы графикалық редакторлар бар. Олар компанияның логотиптерін жасауда, мәтінді көркемдеп өңдеуге сонымен қатар сурет, чертеж, схема немесе диаграмма жасағанда қолданылады.[1]

Интернет желісінде өз бетін ашуға көмектесетін материалдарды баспаға дайындау кезінде көмектесетін векторлық графиканың күшті де дамыған құрал-саймандары бар иллюстрациялық графика пакеттері қазіргі кезде көп шығарылған,және де олар қолданыста қарапайым болып келеді,яғни оны қолдануда жеңіл болуы үшін барлық жағдай жасалған.


Графикалық объект салу үшін иллюстрациялық веторклық графика программасы керек болады.Векторлық құралдардың пайдалылығы мен сапасы ең бастысы масштабтау мүмкіндіктері арқылы анықталады.
Объектлердің контурларын салуға, одан кейін оны бояп ішін өрнектерге толықтыруға көп көңіл бөліп пысықтау негізінде векторлық және иллюстрациялық графика пакеттері құрылған. Растрлық суреттер сияқты (пиксельдермен толтырылған торлар) емес, нүктелер мен қисықтардан құралған математикалық модельдер арқылы құрастырылғандықтан векторлық графикада контурларға әртүрлі өлшем беріп оны нақты түрде көрсетуге болады. Бұл категориядағы жабдықтар арасында жаңа мүмкіндіктер беретіндерге көптүсті градиенттік бояғышты жатқызуға болады. Жұлдыздар,көпбұрыштар,спиральдар сияқты примитивтер бұнда жәй құралдар ретінде қарастырылады. Байланыстағы түстер мысалға алғанда раушангүлінің түсін қызыл түстен сары түске ауыстыра алады,ал қосымша түс берушілер болса автоматты түрде өзгеріп отырады.Көпқабатты интерактивті түстік “диапозитивтер” суреттің анықтылығын қамтамасыз етеді,осының арқасында векторлық кескіндерді растрлыққа ауыстыруға болады.Соңғы кездерде шығарылған пакеттерге жатқызылатын принциптер векторлық графика туралы көзқарасты өзгертеді.

Қазіргі таңда графикалық редакторлардың көптеген түрлері қалыптасып, күннен күнге олардың саны көбейіп келе жатыр десек те болады. Графикалық редактор – графикалық бейне түріндегі суреттерді салуға және оларды өңдеуге арналған арнайы бағыттағы программа. Қазіргі кезде нүктелік және векторлық деп аталатын графикалық редакторлардың екі түрі белгілі. Нүктелік графикалық редакторларда кез келген сурет пиксельдер деп аталатын нүктелерден тұратын кішкене бейнелер арқылы салынады және сол нүктелердің әркайсысы түрлі түске бояла алады.

Көптеген жағдайларда жаңадан бастағандарға сурет, кескін салу үшін өздері білетін программаларды қолдануы қажет.Жалпы, растрлық және векторлық графикамен жұмыс жасауда жиі қолданылатын бірнеше программаларға тоқталып өтелік.

CorelDRAW Graphics Suite (ағыл: «CorelDRAW бағдарлама топтастығы») — машиналық графиканың нағыз шедеврлерін жасау үшін қолданылатын компьютерлік дизайнердің құралы. Түрлі-түсті көркемдеулерді; күрделі сызбаларды, кітаптар мен журналдар мұқабаларының фигуралық кітапталарын, фотографиялық шын және фантастикалық шын емес бейнелейлерді; дайын бейнелеулерді редакциялау үшін, графикалық Web-беттерді құру үшін, т.б. жасау үшін қолданылатын қолайлы игеруге қарапайым құрал. CorelDraw векторлық графикамен жұмыс істеуге арналған және ұқсас программалардың ішінде сөзсіз көшбасшы болып келеді. CorelDraw-дың әйгілілігін графикалық бейнелерді құру мен редакциялауда құралдардың көптігімен, ыңғайлы интерфейспен және алынған бейнелердің жоғары сапалысымен түсіндіреді. Оның көмегімен қарапайым контурлы суреттермен қоса, сонымен қатар кескінге бояуларды құю эффектілі иллюстрациялар және эффектілер жасауға болады.

Редактордағы негізгі түсінік обьект түсінігі болып табылады. Векторлық обьект деп бейнелеу элементтерін: түзуді, қисықты, шеңберді, тікбұрышты және т.б. айтамыз. Бірнеше обьектілердің қосындысы көмегімен топтау операциясын орындау арқылы обьектілер тобын немесе жаңа күрделі біріккен обьект құруға болады.

CorelDraw редакторы құжатқа растрлық суреттерді қоюға мүмкіндік береді. Мұндай кезде әр растрлық сурет жеке обьект болып табылады және оны басқа обьектілерден тәуелсіз редакциялауға болады. CorelDraw векторлық графиканы өңдеуге арналғанымен, ол растрлық суреттермен жұмыс істеуде де мықты құрал болып табылады.

Берілген программада сонымен қатар мәтінмен жұмыс істеуге арналған құралдар бар. Обьект ретінде фигуралы және қарапайым мәтінді форматаудың көптеген түрінің арқасында, редакторда мәтіні бар суреттер құруға болады. Сонымен бірге фигуралы мәтінде векторлық обьектілерге қатысты операцияларды орындауға болады.

CorelDraw - MS Windows басқаруымен жұмыс істейтін барлық программаларына арналған стандартты интерфейсі бар. Сонымен қатар экранда тек графикалық программаларға тән элементтер тобы орналасқан.

CorelDraw – ды іске қосу үшін Іске қосу –Программалар - CorelDraw Graphics шерту. Программа іске қосылғаннан кейін экранда CorelDraw терезесі ашылады.

Түрлі-түсті модельдер Сorelде түрлі-түсті модельдер пайдаланады:

RGB – (қызыл + жасыл + көк) – бейнелеулерді экранға шығару үшін

CMYK – (көгілдір + қызыл + сары + қара) – баспа өнімін жасау үшін

HSB – (рең + қою бояу + жарық) – жеке көркем шығармаларды жасау үшін

Растрлық графикалық редакторларының бірі Adobe Photoshop бағдарламасы - суреттерді, мәтіндерді өзгертуге, түрлендіруге, сақтауға арналған ең танымалы графикалық бағдарлама болып табылады. Adobe Photoshop графикалық бағдарламасы түстер палитрасымен жұмыс істеуге, суреттерді еңгізуге және шығаруға, контурларын ерекшелеуге, түс тандауға, сурет фильтрін тандауға, өлшемі мен кеңейтілімін өзгертуге, суреттерді түстендіруге және басып шығаруға мүмкіндік береді.

Adobe Photoshop интерфейсі бағдарламамен өзара әрекеттесу әртүрлі деңгейдегі қолданушыларға арналып ойластырылған. Бағдарламамен жұмыс істеу: командаларды тышқанды басу арқылы жүзеге асыру және пернетақтада белгілі бір перне комбинацияларын басу арқылы операцияларды жүзеге асыру мүмкіндігі. Операцияларды жүзеге асырудың екі түрі де бір бірінен оңайлығымен және функцияны орындау жылдамдығымен ерекшеленеді. Photoshop графиктік программасы бұл растрлық көріністермен жұмыс істеуге арналған мамандырылған бағдарлама. Бұл бағдарлама басқа растрлық көріністермен жұмыс істейтін программаларға қарағанда мүмкіншілігі өте жоғары. Adobe Photoshop бағдарламасының негізгі артықшылықтарына тоқталайық:

- графикалық көріністермен жұмыс кезіндегі жоғарғы сапа;

- жұмыс кезіндегі ыңғайлылық пен жайлылық;

-көріністермен жұмыс кезіндегі жоғарғы функционалдық мүмкіншіліктер ойлаған операцияны жасауға көмектеседі;

- негізгі сценарийларды қолданғандағы растрлық көріністерді жасаудағы кең автоматты мүмкіндіктер;

- әртүрлі көркем эффектілерді жасаудағы көп таңдаулы фильтрлік командалардың көмегі;

- түсті көрініспен жұмыс кезіндегі механизм;

Кез келген қолданушы жұмыс істеп отырған бағдарламаның жетіспеушілігінің болуы және оны қолданушы білуі міндетті. Бұл практика кезінде кездескен кезде уақытты үнемдеуге көмектеседі және қай кезде бұл программаны қолдануға болады, қай кезде қолдануға болмайтынына көмектеседі. Photoshop программасының кемшілігіне тоқталатын болсақ:

- көп түсті сызық және орбиталық қисық салуда;

- симметриялы орналасқан көп көріспен бір уақытта жұмыс істегенде;

- диалогтық терезесінен шықпай, әртүрлі фильтрлердің ісін көруге;

- қолданған түзету қалыңдығындағы (слой) көріністі түзету командасын ауыстырғанда;

- сorel photo-paint файлдық форматы бар құжатпен жұмыс кезінде;

-қолданушының еркімен программаның интерфейс элементтерін түзегенде;

- мозайкалы суретті құру кезіндегі көріністі көбейткенде;

Adobe Photoshop графиктік программасы растрлық құжаттарды өңдеуде мамандырылған бағдарлама болып табылады. Photoshop графиктік бағдарламасының басқа графиктік бағдарламалардан артықшылығы:

- графикалық көріністермен жұмыс кезіндегі жоғарғы сапа;

- жұмыс кезіндегі ыңғайлылық пен жайлылық;

-көріністермен жұмыс кезіндегі жоғарғы функционалдық мүмкіншіліктер ойлаған операцияны жасауға көмектеседі;

- негізгі сценарияларды қолданғандағы растрлық көріністерді жасаудағы кең автоматты мүмкіндіктер;

- әртүрлі көркем эффектілерді жасаудағы көп таңдаулы фильтрлік командалардың көмегі;

- түсті көрініспен жұмыс кезіндегі механизм болып табылады.

Кез келген графикалық редактор «ортасы» негізгі үш бөліктен тұрады:

Саймандық бөлігі - саймандарды кескіндейтін пиктограммалар жиынтығы. Әдетте бұл -кезкелген конфигурациядағы сызықтарды кескіндейтін «кисть» және түзу сызық кесінділерін сызуға арналған «сызғыш», «шеңбер», «тіктөртбұрыш», «эллипс» сәйкес фигураларды салу үшін, «ластик» кескіндерді өшіру үшін, «валик» фигураларды бояу үшін, «қайшы» кескін фрагменттерін кесу үшін.

Ортаның басқа бөлігі —кескіндердің түсін таңдау үшін палитра.

Үшінші бөлігі —редактор командаларының мәзірі. Ортаның осы бөліктері әдетте экран шеттерінде орналасады. Экранның ортаңғы бөлігі жұмысшы өріске арналған (немесе кескіндер жасалатын «холст» деп аталады). Графикалық редактордың келесі негізгі жұмыс іс-тәртіптері бар:

саймандарды таңдау және баптау, түс таңдау, суретпен жұмыс (салу және

редактірлеу), сыртқы құрылғылармен жұмыс. Графикалық редактормен жұмыс істегенде, пайдаланушы тек пернетақтаны ғана қолданбай, сонымен бірге (көптеген қазіргі компьютерлер және редакторлар) үшін манипулятор тышқанды да қолданады. Компьютер экранында кескіндерді жасау кезінде суретті тек қана өзін салмай, басқа кескіндерді де пайдалануға болады, мысалы, фотографиялар, кітаптағы суреттер және т.б. Осындай қосымша графикалық ақпаратты енгізу үшін арнайы құрылғы - сканер қолданылады.

Компьютер графикалық кесікіндерді құрудың және реакциялаудың ең қолайлы және қуатты құралы болып табылады. Ең қарапайым графикалық редакторлар сурет салуға, әртүрлі бояу жаққышты пайдаланып, суреттерді әр түрлі түске бояуға қалыңдығы мен түсі әртүрлі сызықтарды сызуға, суретке мәтін енгізуге мүмкіндік береді. Бұдан күрделірек графикалық редакторлар арнайы эффектілерді: көлем, көлеңке жасауды, суреттің бір бөлігін үлкейтуді түстерді өңдеуді және түзетуді бірінші кескіннен екіншісіне біртіндеп өтуді т.б.орындауға мүмкіндік береді. Редакторлар әртүрлі пішімді кескіндермен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Стандартты кескіндердің, суреттердің және дайындамалардың өте үлкен кітапханалары бар, оларды пайдаланып тіпті сурет салудан хабары жоқ адам да қажетті суретті жылдам салып шыға алады.

Paint (Paintbrush) – Windows жүйесінің стандартты программалар тобына кіретін қарапайым нүктелік графикалық редактор. Бұл бағдарлама компьютерде график құрудын және графикалык кескіндерді редакциялаудың ең қолайлы және қуатты кұралы болып табылады. Paint өзінің мүмкіндіктері жағынан професионалды графикалық редактордан біршама төмендеу болғанымен ол едәуір күрделі әрі тартымды, түрлі-түсті және ақ-қара суреттерді, схемаларды, сызбаларды даярлауға мүмкіндік береді. Бұл редакторды игеру онша қиын емес, оның құрамында сурет салу, сызу және оларды өңдеуге арналған стандартты қарапайым аспаптар жиыны бар, дайындалған бейнелер файлдардың кең тараған графикалық форматында сақталды. Бұл бағдарлама баспа басылымдарын, жарнаманы, құжаттарды, хаттарды тағы басқа безендіру үшін және дизайнерлік мамандықтың әліппесін үйренуге қолайлы.

Paint сурет салу бағдарламасы әртүрлі графикалық кескіндерді салуға, реакциялауға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаның көмегімен қарапайым суреттен бастап күрделі графикалық шығармаларға дейін жасауға болады. Яғни бұл редактор негізінен төмендегі қызметтерді атқарады:

1. Құрал-саймандар мен бояуларды қолдана отырып, сурет салуға;

2. Суреттерді бөлек бөліктерден құрастыруға;

3. Суретке мәтінді енгізу және қалыптастыруға;

4. Бар графикалық объектілерді түзетуге;

5. Схемаларды сызуға жәнс т.б. мүмкіндік береді.

Paint бағдарламасында өзіміз сурет салуымызға Windows-тың басқа қолданбаларын алмастыру буферге көшірілген дайын суреттерді қоюға, сондай-ақ сканердің көмегімен алынған күрделі кескіндерді қоюға болады. Windows 95 жүйесінде Іске қосу / Программалар / Стандартты / Раіnt командалар тізбегін орындасақ, экранда программаның терезесі пайда болады. Редакторды жүктегеннен кейін экранда әдеттегідей, тақырып жолынан, меню мен жұмыс үстелінен тұратын терезе пайда болады. Редактордың менюі алты пункттен тұрады, оларды маустың батырмасын басу арқылы тандауға болады. Менюдің әр пункті созылған бағыныңқы менюден тұрады. Меню арқылы терезенің түрін, жұмыс аймағының өлшемін өзгертуге, суреттің бөлігін көбейтуге, суреттің белгіленген бөлігінің түсін өзгертуге, еңкеюін ауыстыруға, суретті сақтау немесе қалпына келтіруге, суреттің экранға беру режимін өзгертуге (масштаб), суреттің бір бөлігін көшіруге және оны алмасу буферінде сақтауға (ақпаратты уақытша сақтауға арналған жадтың арнайы аймағы) болады.Менюді пайдалана отырып, терезеде құрал-саймандар тақтасын, палитраны және қалып-күй жолын жарықтандыруға болады. Егер жұмыс ортасының өлшемі терезе өлшемінен үлкен болып берілсе, онда жұмыс ортасының төменгі және оң жақтарында айналдыру жолақтары пайда болады. Қалып күй жолында меңзердің пикселдердегі координаттарын байқауға болады.

Терезенің сол жақ шеткі қабырғасына жақын тізбектеле саймандар немесе инструменттер панелі орналаскан. Оның бойынан сіздер Раіnt -та кездесетін барлық сурет салу саймандарын көре аласыздар. Кез келген сайманды таңдау үшін соның бейнесіне тышқан курсорын жеткізіп, оны сырт еткізе жеткілікті. Осыдан кейін таңдап алынған сайманның бейнесі (шартбелгісі) айқын түске боялып тұрады.

Терезенің төменгі жақтауы бойымен түстер палитрасы орналасқан. Раіnt -та бір уақытта екі түспен сурет салуға болады: қалам түсімен (мұнан былай оны қысқаша негізгі түс деп атаймыз) жэне фон түсімен (мүлан бүлай оны фондык деп атаймыз). Палитраның сол жақ шетінде бірі екіншісінің ішіне орналасқан кішкене екі тіктөртбүрыш тұр , осылардың үстіңгі - негізгі түсті және астыңғы - фондық түстері көрсетіп тұрады . Кез келген сәтте түстерді өзгерту мүмкіндігі бар . Ол үшін курсорды палитрадағы жаңа түске апарып, тышқанның сол -жақ батырмасын сырт еткізе отырып негізгі түсті, ал оң жақ батырмасын басу аркылы - фондық түсті өзгертуге болады.

Саймандар панелінің төменгі жағында сызықтар қалыңдығын анықтайтын терезе орналасқан. Сызықтар қалыңдығын таңдап алған соң, соның көмегімен түзу сызыкты, доғаларды, тіктөртбүрыштар мен элипс контурларын салуға болады.

PAINT редакторында 16 құралды пайдалануға болады. Олардың міндеттерін білу үшін,тышқанның нұсқағышын қажетті құралдың үстіне апару керек, сонда ішіне олардың міндеттеріне жазылған кішкене төртбұрыш пайда болады.

Сызықтың қалыңдығын, қылқаламның түрін немесе төртбұрыштың типін тағайындауды құралдар тақтасының тура астыңғы жағындағы арнайы аймақта жасауға болады. Сызықтардың қалыңдығын бір нүктеден бастап,бес нүктеге дейінгі өлшемде салуға және қылқаламның,төртбұрыштың бірнеше түрлерін пайдалануға болады. Ал кескіннің түсін таңдауда және сурет салатын түсті таңдау үшін, палитрадағы қажетті түстің төртбұрышына тышқан нұсқағышын орналастырып,сол жақ батырмасын шерту керек Сонымен бірге, фонның түсін таңдау үшін, палитрадағы қажетті түске тышқан нұсқағышын орналастырып,оң жақ батырмасын шертіңдер.Бұл фонды пайдаланып объектілер жасайтын құралдармен жұмыс істегенде қажет.

2 МЕКТЕП ИНФОРМАТИКА КУРСЫНДА ГРАФИКАЛЫҚ РЕДАКТОРДЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Мектеп информатикасының мазмұны мен мақсаты
Қазiргi уақытта информатиканы оқыту әдiстемесi қарқынды даму үстiнде. Оның көптеген мәселелерi теориялық жағынан зерттеудi талап етедi. Педагогика ғылымының осы саласы тұтас, әрi толық бiр мәндi болу үшiн информатиканың барлық деңгейде оқытылуы, зерттелуi керек: мектепке дейiнгi кезеңде, мектепте, орта оқу буындарының барлық типтерiнде, жоғары мектепте, информатиканы өзiнше оқитындар үшiн және т.б. Осы аталған буындардың бәрi қазiргi уақытта педагогика ғылымының алдына өзiне тән мәселелерiн қоюда.

Информатиканы оқыту әдiстемесi оқытудың жалпы мақсаттарына сәйкес өзiнiң алдына келесi негiзгi мiндеттердi қояды:



  • “Информатика және есептегiш техниканы“ үйретудiң нақты мақсатын және орта мектептегi жалпы бiлiм беру пәнiнiң мазмұнын анықтау, оқыту түрлерiн ұсыну;

  • “Информатика және есептегiш техниканы“ оқытудың барлық құралдарын қарастыру (оқу құралдары, программалық құралдар, компьютерлер және т.б.), мұғалiмнiң практикалық жұмысына оларды қолдануға нұсқаулар беру.

Информатика әдiстемесiне бiрiктiрiлген барлық әдiстемелiк педагогикалық бiлiмдер мен тәжiрибелер жиынтығынан “Информатиканы оқыту әдiстемесi“ деп аталатын пән бөлiнiп шығады. Бұл оқу пәнiнiң мазмұнында информатиканы оқыту әдiстемесiнiң жалпы теориялық негiздерi, типтiк техникалық құралдар жиыны және сонымен бiрге мектеп курсының нақты тақырыптарын оқыту әдiстерi қарастырылады.

Жалпы оқытудың негiзгi мақсаты – оқушыны дамыту. Осы мақсатқа сәйкес жас және педагогикалық психологиясында, сондай-ақ оқыту теориясында негiзгi орын алған мәселе – дамыта отырып оқытуды зерттейтiн бағыт.

Баланы дамыту сөзiн кең мағынада алғанда оның организмдегi психикалық және физиологиялық өзгерiсi, кез-келген қасиетiндегi қарапайымнан күрделiге, төменгi сатыдан жоғарғы сатыға көшу деп түсiнедi. Егер бұл мәселенi оқыту мен дамытудың өзара қатынасы тұрғысынан қарастыратын болсақ, онда дамыту деп, әдетте, ақыл-ойды дамытуды түсiнемiз. Мұндағы маңызды мәселе, баланың ақыл-ойын дамыту қай деңгейде оқытуға, ол қандай дәрежеде оның организмiнiң табиғи дамуына тәуелдiлiгiмен қорытындыланады. Бұдан оқытудың потенциалды мүмкiндiгiнiң шекарасын тағайындауға, сондай-ақ, нақты дидактикалық өзгерiстердiң мақсаты мен мiндетiн анықтау шығады. Сондықтан оқыту мен дамытудың өзара қатынасы дидактиканың аса маңызды әдiснамалық мәселесi болып табылады.

Орта бiлiм берудiң басты мақсаты – жеке тұлғаның өзiне, қоғамға қажет қабiлеттерiн қалыптастырып, дамыту және өз бетiмен бiлiм алу, өзiн-өзi дамытуға жағдай жасау.

Сонымен, мектептiң алдына төмендегiдей үш негiзгi мақсат қойылады:


  1. бiлiм беру;

  2. тәрбиелiлiк;

  3. практикалық.

Мектепте информатиканы оқытудың бiлiм беру мақсаты - әрбiр оқушыға информатика ғылымы негiздерiнiң алғашқы фундаментальды бiлiмiн беру, оқушыларға осы бiлiмдi мектепте оқытылатын басқа ғылымдардың негiздерiн түпкiлiктi және сапалы түрде меңгеруге қажеттi iскерлiктер мен дағдыларды қалыптастыру болып табылады.

Информатика ғылымының жалпы бiлiм берудегi қызметi өте жоғары. Информатикадын бiлiм негiздерiн меңгеру оқушылардың жалпы, ақыл-ойын дамытуға, олардың ойлау және шығармашылық қабiлеттерiн нығайтуға елеулi әсер етедi.

Информатиканы оқытудың бiлiм беру-дамытушылық мақсаты – оқушының шығармашылық қабiлетiн, жеке тұлғалық қасиетiн қалыптастыруға, ақыл-ойын, ойлау өрiсiн, ынтамен дамытуға, яғни қызмет субьектiсi ретiнде қалыптастыруға бағытталған.

Мектептегi информатика курсының практикалық мақсаты – оқушылардың еңбекке және политехникалық дайындығына үлес қосу, олардың мектеп бiтiргеннен кейiнгi еңбек етуiне дайындығын қамтамасыз ететiн бiлiмдермен, дағдылармен және iскерлiктермен қаруландыру.

Қорыта келгенде, информатиканы оқытудың практикалық мақсаты – оқушыларды практикалық қызметке, еңбекке, басқа пәндердi оқыту процесiнде практикалық есептер шешуге және оны информациялық қоғамда өмiр сүруге дайындауға бағытталған.

Мектептегi информатика курсының тәрбиелiлiк мақсаты өте зор. Информатиканы оқу барысында ой еңбегiнiң мәдениетi жаңа саналы деңгейде қалыптасады, оқушы өзiнiң жұмысын жоспарлай бiоу, оны ұтымды орындай бiлу, бастапқы жоспарды оның орындалуымен байланыстыра бiлу сияқты жалпы адамзаттық мәнi бар қасиеттер де қалыптасады. Информатиканы оқытудағы алгоритмдер мен программалар құру, оларды ЭЕМ-де орындау оқушыдан ойлануды және шыдамдылықты арттыруды, көңiл қоя бiлудi, көз алдына елестете бiлудi талап етедi. Сонымен қатар, жеке адамның табандылық, алдына мақсат қоя бiлу, шығармашылық, белсендiлiк көрсете бiлу, жұмысына жауапкершiлiкпен қарау, сенiмдi тәртiптi болып, бар мүмкiншiлiктi қолдана бiлу сияқты қасиеттерiн дамытады. Алгоритмдi жазуға дағдылану жауапкершiлiкпен қарауды, жаңа талап қоюды керек етедi.

Сонымен информатиканы оқытудағы тәрбиелiлiк мақсат – оқушыны адамзаттыққа, адамгершiлiк қасиетке және жоғары саналылыққа баулуға бағытталған.

Информатиканы оқып-үйренудiң жоғарыда аталған мақсаттары бiр-бiрiмен өте тығыз байланысты, оларды бiр-бiрiнен ажыратуға болмайды. Оқушыларға негiзгi жалпы бiлiмдi берiп болмай, информатиканы тәрбиелiлiк эффектiсiн алуға болмайды. Мектепте информатиканы оқытудың жалпы мақсаттары нақты оқу процесiне байланысты нақты мақсаттарға айналады, яғни нақты тақырыптарды оқытудың мақсатына айналады. Пәндi оқытудың нақты мақсаттарын анықтау жалпы дидактикадан басталады. Қазiргi қоғамның дамуына байланысты дидактиканың көптеген қағидалары өзгерiске ұшырап отыр. Информатика жас ғылым болғандықтан ол даму үстiнде, оны мектепте оқыту мазмұны да әлi қалыптасу үстiнде. Осындай жағдайда ғылыми тұрғыдан негiзделген мақсат қана оқыту мазмұнын дәл анықтауға мүмкiндiк бередi.

2.2 Мектеп инфформатика курсында графикалық редакторды оқыту әдістемесі
«Информатика» оқу пәні ретінде Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің базистік оқу жоспарының мемлекеттік компонентін құраушылардың бірі болып табылады.

Мектеп информатикасының мазмұнын дамыту келешегі оқушылардың ақпараттық сауаттылығы мен мәдениетін қалыптастыру бағытында информатиканың ғылыми зерттеу объектісінің кеңеюімен байланысты.

Мектептің білім мазмұнында информатиканы оқытудың жалпы мақсаттарын бөліп алуға болады:


  • ақпараттық қоғам жағдайында оқушыларды жан-жақты даярлау;

  • ақпараттық қоғам мен технологиялардың мүмкіндігіне бейімделген оқушыларды ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу;

  • информатиканың ақпаратты беру, түрлендіру және оны қолдану сияқты іргелі ұғымдарын оқушыларға меңгерту;

  • әлемдік ғылыми бейнені қалыптастырудағы ақпараттық процестердің мәнін ашу және қазіргі қоғамның дамуындағы ақпараттық технология мен компьютерлік техниканың ролі;

  • оқушыларды компьютерді оқу үрдісіне, бағдарлы бағытқа тиімді және ұқыпты пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру;

  • мектептің оқу-тәрбие үрдісіне ақпараттық-коммуникациялық технологияны енгізу үшін жағдай туғызу.

Бұл мақсаттарға жету келесі мiндеттердi шешу арқылы жүзеге асады:

  • ғылыми дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру (ғылыми әлемдік бейнені құруда және оны тірі табиғатта, техникада, қоғамда ақпараттық үрдістердің мәні туралы біліммен қаруландыру; қоғамның дамуында, адам еңбегінің сипаты мен мазмұнын өзгертуде информатика мен есептеуіш техниканың мәні туралы білімдермен қамтамасыз ету);

  • оқушылардың ойлау қабілетін дамыту (жеке жағдайда, алгоритмдік, әрекеттік және модульдік-рефлексивтік ойлау қабілетін дамыту);

  • оқушыларды практикалық және бағдарлы бағыттарға даярлау (компьютермен жұмыс жасау пригциптері, ақпаратты беру тәсілдері және түрлі мәселелерді шешуде ақпараттық-коммуникациялық технологияның негізгі кезеңдері туралы білімдермен қамтамасыз ету; түрлі пәндік салаларда ақпараттық технологияны қолдану мен модельдеу және компьютерді түрлі практикалық міндеттерді шешуде сапалы, әрі тиімді құрал түрінде қолдану дағдыларын қалыптастыру).

Информатиканы оқытудың басты мiндеттерi негiзiнде оқу бағдарламасында нақты дидактикалық мiндеттер айқындалады, оның iшiнде оқушыларды бiлiммен қаруландыру тәсiлдерiн үйрету аса маңызды болып табылады.

Бұл тарау мектеп информатикасының 7-8-сыныбында қарастырылады. Осыған байланысты оқу жоспарының осы бөлімді оқыту бөлімдерінің қысқаша көшірмесін келтере кетейік. Оқулықта информатиканың негізгі сұрақтары, компьютердің құрылысы және оларды программалық қамтамасыз ету қарастырылған. Сонымен қатар әр саладағы жұмыс технологиясын меңгеру мен оқушылардың шығармашылығын дамытуға бағытталған практикалық тапсырмалар берілген.

Оқушылар білуі тиіс:


  • Компьютерлік графика түсінігін;

  • Компьютерлік графика түрлерін

  • Грфикалық редактор қызметін;

  • Графикалық редакторлар түрлерін;

Информатика курсынан оқушылар үйренуі тиіс:



  • Табиғатта, техника, қоғамда ақпаратты жіберу, сақтау, реттеуге мысал келтіре алу;

  • Қарапайым мәтін теріп, оны редакциялауды ;

  • Графикалық редакторды қолдануды ;

  • мәтіндік редактордың параметрлерін қолдана алуы;

  • мәтіндік редактордың графиктік және шрифтік мүмкіндіктерін қолдана алуы;

2009-2010 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде информатиканы 7-11 сыныптарда оқытудың міндеттері ҚР БжҒМ-нің 24.09.2002 ж. № 693 бұйрығымен бекітілген ҚР орта жалпы бiлiм берудің “Информатика” пәні бойынша мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарты (ҚР БжҒМ-нің 24.09.2002 ж. № 693 бұйрығымен бекітілген) негiзiнде жүзеге асырылады.

Базистiк оқу жоспарында мектептiң негiзгi сатысында (7-9 сыныптарда) информатиканы оқытуға аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 102 сағат, оның iшiнде:

7 сыныпта - аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағат,

8 сыныпта - аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағат,

9 сыныпта - аптасына 1сағаттан, оқу жылында 34 сағат бөлiнген.

Еліміздегі білім беруді жаңарту үрдістерінің басты бағыттарының бірі бәсекелестікке қабілетті білім беру өрісін құруды меңзейтін мектептің жоғары сатысындағы бағдарлы оқыту болып табылады. Оның нормативті бағыттары білім берудің Мемлекеттік стандартында белгіленіп көрсетілген (2002 ж.) және де онда 11-жылдық мектептің жоғары сыныптарында бағдарлы бағытта оқытуға кезеңмен көшу ескерілген болатын. 2009-2010 оқу жылдарында бағдарлы оқыту оқушылар қалаулары бойынша қоғамдық-гуманитарлық немесе жаратылыстану-математикалық бағыттарының бірін таңдай алады.

Базистiк оқу жоспарында 10-11 сыныпта жаратылыстану-математикалық бағытта информатиканы оқытуға аптасына 1 сағат (10-11 сыныптарда информатиканы 2 жылда оқытуға барлығы 68 сағат), қоғамдық-гуманитарлық бағытта аптасына 1 сағат (10-11 сыныптарда информатиканы 2 жылда оқытуға барлығы 68 сағат) бөлінген. Кез келген бағдарлап оқытуда информатикаға және оның қолданыстарына қызығушылық танытқан оқушыларға мектеп таңдау курстарын ұйымдастыру арқылы информатикаға бөлінген сағат санын арттыра алады.



7-9 сыныптарда информатиканы оқытуда 7-сыныпқа арналған «Информатика» бағдарламасы - Алматы: РОНД, 2003 (ҚР БжҒМ-нің 11.03.2003 ж. № 148 бұйрығымен бекітілген); 8-9-сыныптарға арналған «Информатика» бағдарламасы - Алматы, 2004 (ҚР БжҒМ-нің 12.05.2004 ж. № 405 бұйрығымен бекітілген) пайдаланылатын болады.

жүктеу 387,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау