Нұрманова аталған тақырып бойынша 2 курстан бері жұмыс істеуде



жүктеу 0,8 Mb.
бет1/4
Дата08.03.2018
өлшемі0,8 Mb.
#11859
түріДиплом
  1   2   3   4

Нұрманова аталған тақырып бойынша 2 курстан бері жұмыс істеуде. Тақырыпқа орай көптеген ғылыми - теориялық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді қарастырды. Облыс, қала мектептерінде болып бастауыш сынып мұғалімдерінен пікірлесті. Мектептерде арнайы баяндама жасады. Университетте өткен студенттердің ғылыми-практикалық конференцияларында баяндамалар жасап, талқыланудан өтті.

Жұмыстың басты ерекшелігі - оқулық түзу мәселесін лингвостатистикалық тұрғыдан зерттеуі және тың әдіс, қатысымдық әдістен пайдаланды.

Жұмыс кіріспедеқ екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Әрбір бөлімдегі тақырыпшалар алдына қойған мақсат пен міндетке сай жазылып тиісті пікірлермен толықтырылды.

Диплом жұмысы оған қойылатын талапқа сай орындалды және бітті.

Жұмысты қорғауға жіберуге болады.



П I К I Р

Еліміз егемендік алғалы бері ұлттық салт-дәстүрімізге, сана-сезімімізге, ұлттық мектептерімізге лайық оқулық түзу мәселе қазіргі таңның аса күрделі де өзекті мәселесінің бірі. Осыған байланысты бірден айта кететін нәрсе - студенттің батылдығы, іздемпаздығы, ғылым құмарлығы. Бұл бізді қуантты.

Қазіргі таңда оқулық түзудің бірнеше әдіс-тәсілдері бар. Студент соларға шолу жасай келіп, оқулық лингвостатистикалық тәсілін қалады. Бұнысы - құптарлық. Себебі оқулыққа қанша аз, қанша мәтін, сол мәтіннің көлемі қандай болу керек. Онда қандай сөздер қамтылуы керек деген мәселені шешіп алмай тұрып, оқулық түзуге кірісу алғырттық болар еді. Осы тұрғыдан алғанда дипломанттың жұмысы оқулық түзу мәселесіне кіріспе десек те болады.

Дипломды жазу барысында студент алдына қойған мақсатын толық орындаған, оларға жатық та көркем ғылыми тілмен жеткізе білген.

Диплом жұмысына қойылатын талаптар толық орындалып, жұмыс соларға сәйкес жазылған. Ал оның авторы Нұрманова Рабиға «өте жақсы» деген бағаға лайық деп білеміз.

П I КІ Р


Мектеп оқулығын түзу мәселесі - қазіргі таңдағы ең өзекті мәселе. Себебі дұрыс оқулықсыз білім жоқ. Оқулық - білім берудің негізі. Диплом жазушы жақсы түсінгөн.

Аталған тақырып бойынша Рабиға Нұрманова бастауыш сынып мұғалімдері секциясында баяндама жасады. Тақырыпқа орай тартымды да тартысты пікірталас болды. Мұғалімдер өз пікірлерін айтты. Кейін көргеніміздей дипломант айтылған сын-ескертулерді өз жұмысында ескереді.

Тың тақырып, тың мәселе болғандықтан талас тудырарлық жәйттер баршылық. Дегенмен дипломанттың осындай қиын да аса ауыр мәселеге баруының ізі құптарлық жәйт.

Шымкент қаласы №62 А. Төреқүлов атындағы орта мектебінің ұжымы Нүрманова Рабиғаның дипломдық жұмысын жоғары бағалап, мемлекеттік аттестациялау коммисиясынан Нүрманова Рабиғаға өте жақсы деген баға қоюды сұраймыз.




Ф.4.7-007-03

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«Бастауыш мектепте филология пәндерін оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасы

Диплом жұмысы

Тақырыбы: II сынып қазақ тілі оқулығын қатысымдық бағыт тұрғысынан тузу негіздері.



Ғылыми жетекшісі: профессор

Молдабек Қ. ^. ^е^£_ Орындаған: Нүрманова Р.С. Шілер:


2%

-ептщ директоры эшбекова 3.

Шымкент 2005


Мазмұны

Кіріспе 3-4

I. Тілдік қатынас дегеніміз не 4-18

II. Тілдік қатынастың құрамы мен тұлғалары 18-29

II.1. Сөз тілдік қатынастың басты тұлғасы 30-34



III. Тілдік қатынастың ғылыми кезеңдері 35-40

III. 1. Тіл мен ойлау 41-47

Ш.2. Тіл мен сөйлесім 48-56

III.3. Тіл мен таңба 57-62

Қорытынды 63-69

Пайдаланған әдебиеттер 70-73

Кіріспе
Диплом жұмысының өзектілігі. Ғасырлар бойы

бостандықты, елдікті аңсаған еліміздің қолы тәуелсіздікке жеткелі бері мемлекеттік тілде ұлтымыздың сана-сезіміне, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына сай келетін, яғни ұлттық рухын жоғары көтеретін мәселесі тіл білімі саласында ғана емес, ғылымның барлық саласында күн тәртібіндегі айырықша маңызға ие болды. Осы бағытта көптеген ғалымдар: (Қ.Асылов, Ү.Құсайынов, Ф.Оразбаева, Ә.Жүнісбеков, Д.Рахымбек т.б.) еңбек еткен.

Оқулық түзу мәселесі үш түрлі бағытта жүріп жатыр, бірақ олардың бәрі бірдей өмірден практикалық қолданым талқылауда себебі білім стандарты мен оқу бағдарламалардағы негізгі бағыт оң болғанымен, оның жалпылама сипатта ғана беріліп, жүзеге асыру жолдарының нақты жүйесінің жасалынбауы оқулықтарға ол талаптардың орындалмай қалуына соқтырған. Біз үшінші бағытта коммуникативтік қатынастағы тіл ретінде үйретуге бағытталған оқулықтар тобына назар аударып отырмыз. Себебі тілдік қатысым болмай адамдар өзара түсінісе алмайды. Бұл - алғашқы қадам. Қазақ тіл білмегенде бұл салаға алғаш бет бүрып, осы бағыттың дұрыстығын дәлелдеген ғалым педагогика ғылымдарының докторы, профессор Оразбаева Фаузия Шамсияқызы. Оның: Қазіргі жас ұрпақ XXI ғасырда Қазақстан Республикасына білімді тұлғамен қатар қазіргі әлемдік өркениетке сай мінезі, тапқырлығы талабы мен таланты жетік өз ортасын жарып шыға алатын, бәсекеге төтеп бере алатын жеке тұлғаның қажет екенін біліп, мемлекеттік, шетел орыс тілдерін жетік білетін мамандарға үмтылуда — деген атты біздің дипломдық жұмысымыздың /маңыздылығын айқындай түсері хақ.

Диплом жұмысының мақсаты: II сынып қазақ тілі оқулығын қатысымдық бағыт түрғысынан түзу үшін қажетті тілдік қатынас теориясын анықтау.

Диплом жұмысының міндеті: Аталған мақсатты жүзеге асыру үшін

- Тілдік қатынас анықтамасын;



  • Тілдік қатынастың қүрамы мен тұлғаларын;

  • Тіл мен ойлардың сөйлесімнің, таңбаның бірліктерін
    шешу қажет.

Диплом жұмысының нәтижелерін теориялық түргыдан:

- қатысымдық бағыттағы оқулықтар түзуде;



  • қатысымдық бағыттағы оқулықтарға мәтіндер түзуде;

  • қатысымдық бағыттағы оқулықтарға жаттығулар
    пайдалануға болады.

Диплом жұмысын жазуда дәстүрлі лингвистикалық, талдау және жинақтау әдістеріне пайдаланылды.

Диплом жұмысының зерттеу объектісі. : Бастауыш

мектептері қазақ тілі оқулығы.



Диплом жұмысынң қүрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I. Тілдік қатынас дегеніміз не?

Қарым-қатынастың түрлері көп. Тілдік қатынасы - тіл арқылы байланыс, сөйлеу тілі арқылы адамдардың бір-бірімен карым-қатынас жасауы; қоғамдық, ұлттық тіл арқылы ұғынысу, түсінісу; яғни адамзаттың тіл арқылы қатынасқа түсуі тілдік қатынас дегенді білдіреді.

Бұл жерде сөйлеу тілі деген тіркесі ерекше бөліп айтуға тура келеді. Өйткені ол ауыз екі сөйлеу деген мағынаны емес, жалпы адамзаттың сөйлесу қүралы, сөйлеу қүралдарының қызметі, адамның тілі, адамның тілдік қатынас қүралы деген қоғамдық-әлеуметтік мәні бар ұғымды жеткізуі тиіс. Сондықтан осындай нақтылы ұғымды білдіру үшін, біз сөйлесім тілі деген тіркесті қолданамыз. Себебі «сөйлесім», «сөйлеу», түбірі арқылы жасала келіп, сөйлеу процесінің тек адамның ойын жарыққа шығару қасиетін білдіретіндіктен, көбінесе біржақты әрекет ретінде қабылданады. Ал «сөйлесім» «сөйлеу» түбіріне ортақ етістің «с» жүранғы қосылу арқылы жасала келіп, бір-бірімен тілдік қарым-қатынас нәтижесінде іске асатын ортақ қүбылысты көрсетеді. Тілдік қатынас жүзеге асу үшін, айтылған не жазылған хабардың қабылданып, оған жауап қайтарылуы, яғни істің ортақ атқарылуы — басты шарт. «Сөйлесім» - осы басты шартты және ортақ тілдік әрекетті аңғартатын сөз.

Сөйлесім тілі - тек адамзатқа ғана тән әрекет, тек адамдар ғана тіл арқылы сөйлей алады, үғыныса алады. Ал басқа тірі жануарлар т.б. бәрінде дененің бір мүшесі ретінде, анатомиялық-физиологиялық жағынан тіл болғанымен, олар сөйлеу мүшелеріне тән қызметпен қамтамасыз етілмеген, яғни олар тірлігі бар қүбылыс болғанымен сөйлей алмайды.

Сөйлесім әрекеті тек сөйлеу мүшелерінің қызметіне ғана емес, ойлау мен пайымдаудың, сана мен мидың да ерекшелігіне қатысты. Бұл - өз алдына бөлек, жеке мәселе.

Тілдік қатынас /ТҚ/ - сөйлеу тілі арқылы үғынысу, түсінісу дегенді нақтылай келіп, жай ғана қарым-қатынас дегеннен гөрі тамыры тереңге кеткен, өмірде өзіндік орны бар, қоғамның дамуы үшін ең қажетті қоғамдық-әлеуметтік ақпараттардың жиынтығы арқылы адамдардың бір-бірімен пікір алмасуы, адамдар қатынасының түп қазығы дегенді білдіреді.

Өмірде адамдар тек тілмен сөйлесу арқылы ғана бір-бірімен түсініспейді, кейде әр түрлі жағадайларға байланысты олар бір-бірін тілсіз-ақ үғып, соған қарай іс-әрекет жасайды. Мәселен, көшеде келе жатқанда, адамдар түрлі жарық көздеріне, естілген дыбыстарға назар аударып, соған өздерінше жауап қатады, соған сай әрекет жасайды. Сол сияқты жол белгілерінің әр түрлі үлгілері немесе таңбалары адамға белгілі бір жайдан хабар береді де, адам оны қабылдап, түсініп, осыған байланысты қозғалады.

Кейде адамдар белгілі бір шартты келісімдер немесе белгілер арқылы тілсіз-ақ үғынысады. Бұл да - адамдар арасындағы қарым-қатынастың бір түрі. Осы басқа да адамдардың бірін-бірі түсінудің көптеген жолдары бар.

Мүндай семиотикалық таңба-белгілерден өзгеше

адамдардың ыммен түсінісуі және көздің, ауыздың, қабақтың қимыл-қозғалыстары мен жалпы бет-әлпеттің өзгеруі арқылы үғынысуы сияқты қаншама көп белгілер бар. Тіптен дене мүшелерінің /қолдың, аяқтың, иықтың т.б./ әр түрлі қимыл-әрекеттерінің өзін неше саққа жүгіртуге болады.

Ауладан естілген қатты айқай немесе есікке берілген қоңырау, соны ести сала екінші адамның оған қарсы әрекет жасауы /далаға жүгіріп шығуы, не есікті ашыға үмтылуы/ бұл да өзара түсініскендік.

Қарым-қатынастың жоғарыда айтылған үлгілерінің барлығы өмірден, қоғамнан тыс бола алмайды. Мұндай қарым-қатынастар адам үшін қызмет етеді, ададмдардың өзара түсіністігіне жол ашады. Сондықтан олар да адамдардың қарым-қатынасына, байланысына /коммуникацияға/ жатады. Өмірдегі мүндай үғынсу, түсінісу тілсіз қарым-қатынас деп аталады.

Тілсіз қарым-қатынаста түсінісудің бәрі тілдік тұлғалардың /сөз, сөйлем т.б./ қатынасынсыз жүреді. Мүнда тіл қатынас қүралы ретінде қызмет атқармайды.

Дегенмен, тілсіз қатынас пен оның түрлері қоғамда да, өмірде де белгілі орын алады. Бұлар адамдардың қарым-қатынасына қызмет ете келіп, түсінісудің қарапайым жолы болып табылады.

Жалпы адамдардың қарым-қатынасына қатысты әрекеттер екі үлкен тармақтан тұрады. Оның бірі — тілдік қатынас, екіншісі - тілсіз қатынас.

Тілдік қатынас пен тілсіз қатынастың үқсастықтары да, айырмашылықтары да бар. Бұл қатынастардың сәйкес жақтары: олардың екеуі де, біріншіден, адамдардың бір-бірімен байланысын қамтамасыз етеді, яғни адамдар арасындағы қатынасқа қызмет етеді.

Екіншіден, тілдік қатынаста да, тілсіз қатынаста да белгілі бір нәрсе хабарланады, бірақ тілсіз қатынаста хабар шартты түрде болуы мүмкін.

Үшіншіден, тілдік, тілсіз қатынас та адамдардың өзара түсінісуіне жол ашады. Үғынысу тікелей жолмен емес, сырттай болуы да мүмкін, бәрібір адамның белгілі бір хабарды үғып, соған қатысты іс-әрекет жасауына мүмкіндік болады. Алайда тілдік қатынас адамдардың бір бірімен үғынысуын, ойын еркін, толық жеткізуінде ерекше қызмет атқарады. Оның осы ерекшелігіне ғалымдар баса көңіл аударады. Мәселен, Г.В.Колшанский: «Языковая коммуникация — это прежде всего общение с помощью языка в целях установления взаимопонимания», - деп, тілдік қатынасты өзара түсінісудің тіл арқылы жүзеге асуы деп бағаласа, И.М.Кобозева оны ойдың тіл арқылы берілу тәсілі дей отырып, бұл процесті сөйлеуге қатысты қарым-қатынаспен байланыстырады: «...это способ передачи мысли посредством языка, объективируемый в форме речевого акта — этого элементарного звена речевого общения»

Тілдік қатынас — тілсіз қатынастан әлдеқайда күрделі және бөлек. Сондықтан да тіл білімі - адамдардың қарым-қатынас қүралы тіл туралы және сол қарым-қатынасқа негіз болатын тілдік қатынас туралы ғылым.

Лингвистикадағы тілдік қатынас мәселесін жан-жақты қарастырып, белгілі бір түжырымға келген автордың бірі -Э.П.Шубин. шет тілдерін оқытудың қағидалары мен әдістемелерін сөз ете отырып, жалпы тілдік қатынастың күрамын, олардың атқаратын қызметін, оқытудың мақсаты мен мазмұнын, тілдік қүралдары анықтауға тырысады. Оның бұл проблемаға қатысты өзіндік пікірлері бар. Ол көзқарастардың ұғымды жақтары да, субъективтік жақтары да кездеседі.

Э.П.Шубин тілдік қатынасы хабармен алмасудың түтас жиынтығы дей келіп, негізінен, тілдің дыбыстық жүйесі мен таңбалық ерекшелігіне көңіл аударады:

«Естественно было бы определить языкаовую коммуникацию как комплекс явлений, связанных с обменом информацией между людьми через посредство универсальной системы звуковых или графических знаков, именуемой языком».

Тілдің таңбалық қасиетімен қатар автор хабардың берілуі мен қабылдау түрлеріне, оны жеткізуші шарттарға ерекше көңіл бөледі. Тіптен бір объектіден шыққан хабар /информация/ екінші объектіде қабылдану үшін, олардың арасында хабарды жеткізетін көмекші қүралдардың / «посредниктің»/ болатынын дәлелдеп, оған жазуды жатқызады:

«В примитивной языковой общине все коммуникативные


явления сводились к передаче и приему звуковых сообщений.
Но в обществе? имеющем письменность и взаймодействующем
с другими языковыми коллективами, обмен информацией
между коммуникантами нередко осложняется наличием
своеобразных «посредников» выполняющих особые

вспомогательные коммуникативные операции».

Тілдік қатынастың осындай ерекшеліктерін атап өте келіп, Э.П.Шубин оның /тілдік қатынастың/ тілсіз қатынастың екі түрлі айырмашылығы бар деп есептейді.

Біріншіден, тілдік қатынас әмбебап, яғни жан-жақты, өйткені ол адамдардың барлық саналық және физикалық әрекетіне қызмет етеді.

Екіншіден, тілдік қатынас бірінші пайда болады, яғни
алғашқы кезеңде тұрады, өйткені оған адамның ойдау
қабілеті негіз болады. Бүны ғалымның өз сөзімен келтірейік:
«Во-первых, языковая коммуникация универсальна, поскольку
она обслуживает все сферы умственной и физической
деятельности людей, неязыковая же коммуникация используется
либо в специальных ситуациях, либо как вспомагательная по
отношению к языковой. Во-вторых, языковая коммуникация
первична, поскольку на ней базируется само мышление
человека; трудно представить себе такой вид неязыковой
коммуникации, который осуществлялся бы без

психологического вмешательства знаков языка /точнее их образов/».

Э.П.Шубин айтып отырған тілдік қатынас бүкіл хабардың түтас жиынтығы деген анықтамамен келісуге болады. Бірақ мәселенің негізі мынада: тілдік қатынас жалпы хабардың, ақпараттың түтас жиынтығынан түратын болса, онда хабардың түтас /комплексті/ жиынтығы неден қүралады, оның басты қүрамы қандай деген сауалды шешуге тура келеді.

Бұл ретте тілдік қарым-қатынасты жүзеге асырушы хабарға қатысты барлық қүрамды бөліктер жеке-жеке жіктеле келіп, олардың әрқайсысының өзіндік қызметі анықталуы тиіс.

Ең алдымен, ерекше орын алатын тілдік қатынастың негізгі мазмұны, мәні, мағынасы болып табылатын - хабарды іс жүзіне асырушылар, хабарға тікелей қатысушылар. Олар мынадай қүрамнан тұрады:


  1. Белгілі бір ақпаратты, деректі хабарлайтын — Баяншы.

  2. Ақпаратты жеткізетін — Тұлғалар

  3. Ақпаратты не деректі - Қабылдаушы.

Баяншы - сыртқы объективтік әсерді, өмірді сезінуден, пайымдаудан туған санадағы ойды түрлі тілдік амал-қүралдардың, тұлғалардың көмегімен екінші біреуге баяндауды, хабарлауды жүзеге асыру үшін тілдік байланысқа қатысушы, тілдік қарым-қатынасқа түсуші.

Тұлғалар — хабарлаушыдан шыққан дерек туралы басқа адамның санасындағы ұғым тудыратын, оған ақпараттың түсінікті болуын қамтамасыз ететін, адамдар арасындағы карым-қатынасқа байланысшы ретінде қызмет атқаратын қатысымдық бірліктер.

Қабылдаушы — белгілі бір хабарды қабылдап, алып, оның мәнін тілдік тұлғалар арқылы түсініп, ой мен пайымдау арқылы өз санасынан өткізіп үғынудың нәтижесінде тілдік қатынасты ары қарай іске асырушы.

Баяншыға да, қабылдаушыға да — бәріне ортақ әрекет — байланыс, қатынас. Ал байланыс, тілдік қатынас тіл арқылы жүзеге асады. Адамдар арасындағы өзара байланыс болмаса, сөйлесім әрекеті де жүзеге аспайды. Байланыс — тілдік қатынастың негізін жасайтын, оны іске асырушы өзек, адамдар арасындағы тілдік қарым-қатынастың қажетті шарты.

Баяндау мен қабылдау үрдістері тілдік қатынастың
барлығына тән. Бірақ лингвист-ғалымдар оларды қарапйым
кунделікті сөздермен атаудан гөрі, лингвистикалық

терминдермен атауды жөн көреді. Дегенмен, бұл терминдердің өзі тіл ғылымына біркелкі емес.

Мәселен, Э.П.Шубин тілдік қарым-қатынастағы
хабарлауды, яғни хабар беруді-трансмиссия, ал қабылдауды -
рецепция деп атайды. Осыған орай хабар берушіні
трансмиссор, хабар қабылданушыны — реципиент дейді.
Сонымен қоса, алғашқы - хабарлауға қатысты қүбылыстарды -
трансмиссивті /трансмиссивные /немесе

продуктивті/продуктивные/; ал кабылдаута қатысты қүбылстарды - рецептивті /рецептивные/ деп көрсетеді. Э.П.Шубиннің айтуынша, хабар /Р/ трансмиссордан /Т/ шығады да, реципиентке /R\ жетеді.

Қазақ тіл білімінде тілдік қатынасқа қатысты терминдер қалыптаспағанын ескеріп, бұл ұғымдарды беру үшін төмендегі терминдерді қолданған дұрыс деп таптық. Олар: баяншы, хабар, тұлға, қабылдаушы. Сонда тілдік қатынас жүзеге асу үшін Баяншыдан /Б/ шыққан Хабар /X/ Тұлғалар /Т/ арқылы

Қабылдаушыға /Қ/ келіп, одан ары қарай қайтадан байланысқа түсіп, тілдік айналымда жүмасалады.

Шынтуайтқа келгенде, басты мәселе мынада: баяншыдан /Б/ шыққан хабар /X/ қатысымдық тұлғалар /Т/ арқылы қабылдаушыға /Қ/ дұрыс жету керек. Ал ол ауызша болсын, жазбаша болсын бәрібір жүзеге аса береді: тек жазбаша түрде болса, онда арада көп уақыт өтуі мүмкін. Өйткені әр түрлі жағдайларға байланысты хабардың бірден жеткізілмеуі, немесе тоқтап түруы, немесе бірнеше үздікпен берілуі мүмкін т.б.

Тілді зерттеуші ғалымдар тілдік қатынас қүбылысына байланысты үш кезеңді атап өтеді, олар мыналар:


  1. Хабардың дұрыс айтылуы, шығуы. Мүнда синтаксистік
    заңдылықтар, яғни грамматикалық единицалардың айтылуы,
    дыбысталуы ерекше көзге түседі.

  2. Айтылуға тиісті мағынаның дұрыс жеткізілуі, айтылар
    ой мен айтылған тілдік қүралдың тепе-тьеңдігі. Мүнда
    семантикалық заңдылықтар басым роль атқарады.

3. Әңгімелесуші - екінші адамның хабарды дұрыс
кабылдауы. Е.И.Пассов осы үш кезеңді баяндай келіп, тілдік
кдтынастың толық жүзеге асуы үшін ең бастысы-үшінші
кезең, алдыңғы екі кезең қарым-қатынасты іске асырмайды,
бірақ өкінішке орай тілдік қатынаста біз осы үшінші кезеңге
жете бермейміз, яғни қарым-қатынаста бірінші және екінші
кезеңдерде тоқтап қалып қоямыз деп көрсетеді.

Біздің пікірімізше, тілдік қатынас жалпы адамзат арасындағы ойға, санаға қатысты болса, ол, ең алдымен, сыртқы объективтік шындықты қабылдаудан, жеткізейін деген хабарды пайымдаудан туады.

Тілдік қатынастың дыбыс арқылы айтылуы және әріп арқылы таңбалануы лингвистикада ауызша және жазбаша

тілдік қатынастар деп те айтылады. Осы тұрғыдан келгенде, тілдік қатынасты дыбыстық және графикалық таңбалардың эмбебап жүйесі деп танысақ, онда тілдің таңбалар жүйесі тілдік қатынастың ауызша түрі, болып табылады. Тілдік таңбалар жазылу арқылы көзге көрінеді, ал дыбысталуы /немесе айтылуы/ арқылы естіледі. Бұл екеуі де тілдік қатынастың жүзеге асуы үшін қызмет етеді.

Ауызша қатынас адамдардың бір-бірімен тікелей қарым-қатынасы нәтижесінде іске аса келіп, белгілі бір хабардың дыбысталуы /естілуі/ арқылы сыртқа шығады. Адамдардың арасындағы ауызша тілдік қатынас - өте ертеден пайда болып, қоғаммен бірге өмір сүріп келе жатқан қүбылыс.

Ауызша қатынас — ойдың тіл арқылы сыртқа шығуы, ол тілдік тұлғалардың сөзге, сөйлемге айналып, дыбысталуы арқасында жүзеге асады.

Ауызша тілдік қатынаста басты роль атқаратын - адамның сөйлеу мүшелері. Дыбыстау мүшелері /ерін, тіл, тіс, мүрын, дауыс шымылдығы т.б./ жиі қозғалып, еркін жұмыс істеу арқылы қатысымдық тұлғалардың айтылып, естілуіне мүмкіндік жасайды.

Бұл — сөйлесім әрекетінің іске асуының алғашқы кезеңі болып табылады.

Ауызша ТҚ адамның сөйлеу қабілетіне қарай өзгеріп отырады және тілдік қатынастың әр түрлі қызметін /эмоциялық, экспрессивтік, байланыстырушылық т.б./ іске асырады. Бұл ретте дауыс ырғағының мәні ерекше. Жазбаша қатынас тілдік тұлғалардың таңбалық

қасиетімен байланысты бола келіп, адамдардың бір-бірімен тікелей қатынаста болуын аса қажет етпейді. Жазбаша қатынаста тілдік тұлғалардың естілу қасиетінен гөрі, көзге көріну ерекшелігі басым болады. Мүндай қарым-қатынас таңбаларының түрақты жүйесі арқылы іске асады, оны адам өз бетінше өзгерте алмайды.

Жазбаша тілдік қатынаста басты роль атқаратын - тілдік тұлғалардың таңбалық көрінісі. Жазбаша тілдік қатынас /ТҚ/ -ауызша тілдік қарым-қатынастан /ТҚ/ кейін пайда болған қүбылыс.

Ауызша ТҚ пен жазбаша ТҚ айырмашылықтарын қадағалай отырып, оларды дыбыстық ТҚ /дыбысталу нәтижесінде болатын/ және таңбалық ТҚ /әріптермен таңбаланудан болатын/ деп те атауға болады.

Дыбыстық ТҚ естілуімен ерешкеленеді, ал таңбалық ТҚ жазылады және әріптер арқылы көзге көрінеді.

Сонымен, ауызша қатынас дыбыстала келіп, сөйлеу арқылы іске асады және тыңдалады. Жазбаша қатынас таңбалана келіп, жазу арқылы жүзеге асады. Және оқылады.

Ауызша тілдік қатынас пен жазбаша тілдік қатынастардың әрқайсысы жеке қүбылыс ретінде өмір сүрмейді. Олар өзара тығыз байланысты бола келіп, біреуі екіншісіне үласады.

Тілдік қатынасқа негіз болатын адамның ойлау қабілеті, осы ерекшелігімен ол тілсіз қатынастан ажыратылады. Оны ғалымдар айтып та жүр. Ойлаусыз тілдік қатынас жоқ. Ойлау тілдік қатынастың тірегі ғана емес, ол — бүкіл сөйлеу әрекетімен өмір сүретін адамзаттың болмысы. Ойлау мен сана, тіл мен сөйлеу - бір-бірінен ажырамас жүйелі қүбылыстар.

Тілдік қатынас сөз жоқ ойлау мен сөйлеудің бірлігінен тұрады. Өйткені тіл-ойдың көрінісі, адам ойын тіл арқылы , яғни сөйлеу арқылы жеткізеді. Ал тілдік қатынастың негізі -тіл.

Сондықтан олардың бірлігі өте берік, олар бірінсіз бірі өз қызметтерін атқара алмайды. Яғни, ойлау мен сөйлеу тіл арқылы қарым-қатынаста маңызды роль атқарады. Рас, белгілі бір тілді оқытуда бұл бірлік табиғаттың болмысымен бірге қалыптасып дамыса, уақыт өткен сайын ол күрделене түседі және ана тілінен бөтен генеологиялық жағынан туыстас емес тілдерді үйренудің өзіндік қиындықтары мен кедергілері болуы мүмкін.

Сондықтан да шет тілін, екінші тілді оқыту әдістемесін зерттеуші ғалымдар қатыстым /коммуникативтік/ әдісіне қазір ерекше назар аударып жүр. Тілді оқыту қазір тілдің түрлі зандылықтарының теориясын үйретуте емес, тілдің адамдар арасындағы қатынастық қызметін меңгертуге, екінші тіл арқылы адамдар бір-бірімен қатынас жасай алатын болуына бағытталып отыр.

Екінші тілді оқытуда қатысым әдісінің қолданылуы кешірек басталғандықтан, әлі оның теориялық негізі толық қалыптасып үлгерген жоқ.

Ғалым-тілшілердің қатысымдық /коммуникативтік/

теорияны әлі бір жүйеге келтірмеуі оның анықталуына уақытты сарапшы санауға әкеліп отыр. Бұл мәселенің шешілуінің қиын да, күрделі екенін аңғартса керек.

Бүгінгі күн талабына сай барлық жерлерде екінші тілді, шет тілдерін үйрету, оқыту кеңінен іске асырылып жатқан кезде, қазақ тіл білімінде де тілдік қарым-қатынастың аясы кеңіп, тілдік қатынас өз-өзінен жүріп жатыр. Оны тілшілер ғана емес, барша қауым болып жүзеге асырып отыр. Сондықтан қазақ тілінің қатысымдық жүйесін бір ізге салып, оның теориялық негізін жасауға ат салысу — бүгінгі зерттеушілердің алдында түрған міндет.

Рас, қандай болсын ереже бірден сәтті болмауы мүмкін, өйткені ол үзақ тәжірибелердің жиынтығынан, бірнеше коллективтік еңбектің нәтижесінен түжырымдалады. Дегснмен, бүгінгі күн талабын қазірден бастап қолға алып, тіл заңдылықтарын зерттеуді тереңдете түссек, сол азды-көпті айтылған пікірлерден дұрыс түжырым жасауға мүмкіндік туады.

Сонымен, тілдік қатынас — адамдарға тән ойлау мен сөйлесім үрдісінің белгілі бір қоғамдық қатынаста тіл арқылы жарыққа шыққан көрінісі.

Тілдік қатынастың басты ерешкелігі: ол үздіксіз қозғалыста болатын қатынас қүралы тілдің санамен бірлігі арқасында жүзеге асады және тек адамзатқа ғана тән болып табылады.

Қандай болсын тілдік қатынасқа кем дегенде екі
байланысшы қатысады. Олардың біреуі хабарлайды, екіншісі
қабылдайды, немесе біреуі хабарды айтып, не жазып,

жібереді, екіншісі хабарды алады. Бұл екі процестің екеуі де сөйлесім әрекеті арқылы болады есту мүшесінің актви қызметі арқылы жүзеге асады көзбен көру арқылы қабылданады.

Екіншіден, ол адамдардың қарым-қатынас қүралы тіл арқылы жүзеге аса келіп, бір адамға ғана емес, жалпы адамзатқа, қоғамға қызмет етеді. Яғни, ол - қоғамның өзі туғызған, оның әлеуметтік қажеттігін өтейтін күрделі қүбылыс.

Үшіншіден, тілдік қатынас жеке адамның тікелей өз басына емес, жалпы оның қоғамдағы орнына байланысты болады. Ол қоғамдық қарым-қатынастың негізін сала келіп, адамның әлеуметтік пікірлсеудің, үғынысудың дамуына жол ашады. Сөйтіп, адамдар арасындағы қоғамдық қарым-қатынастың қалыптасуының шарты болып табылады. Адам мен адам тілдік қарым-қатынасқа түсу арқылы дербес, жеке өмір сүруден қалады, олар табиғатпен, жаратылыспен біріге отырып, күрделі әлеуметтік, қоғамдық ортаға түседі.

Төртіншіден, тілдік қарым-қатынас адамды қоғамдық күрделі үрдістермен қатар қойып, оны жаратылысқа, қоғамға тәуелді етеді. Себебі, адам тілді тікелей өзі өзгерте алмайды, өзі қолдан жасай алмайды, адам тек тілдік заңдылықтарды зерттей алады.

Бесіншіден, тіл — бүкіл қоғамдық-әлеуметтік

қүбылыстардың ең күрделісі, ол - кішіден бастап үлкенге дейінгі, үсақтан бастап іріге дейінгі әрекеттердің жүзеге асуын қамтамасыз ететін жетекші қүрал. Осы қоғамдық қатынастарды тіл жүзеге асырып қана қоймайды, оған бағыт сілтейді, жол ашады. Сондықтан да ол барлық қоғамдық үрдістердің іске асу көзі болып табылады.

Алтыншыдан, тілдік қатынас әлеуметтік идеялардың жүзеге асуына әсер ете келіп, бүтіндей қоғамның қалыптасуына қызмет етеді. Ол барлық саяси топтардың байланыстырушы қүралы бола отырып, өзі де қоғамдық-әлеуметтік қүбылысқа жатады.

Қорыта келгенде, тілдік қатынас /ТҚ/ - ойлау мен сөйлеудің қатысы арқылы тілдік тұлғалардың таңбалық жүйесі мен дыбысталу қасиеті нәтижесінде жүзеге асатын, катысымдық тұлғалардың семантикалық бірлігі мен байланысу заңдылықтар арқылы берілетін, адамдардың өзара түсінісуін қамтамасыз ететін, тек адамзатқа ғана тән күрделі тілдік қоғамдық-әлеуметтік процесс.

Тілдік қатынас ең кем дегенде екі адамның қатысы арқылы жүзеге асады деген пікір жоғарыда айтылды. Оны тілдік қатынасты зерттеуші ғалымдардың көпшілігі атап өтеді. Ол - тілдік қатынастың жеңіл түрі.

Бірақ бір ескеретін мәселе тілдік қарым-қатынас, пікірлесу екі адамның арасында ғана емес, екі топтың арасында да немесе бір адам мен үжымның, яғни көпшіліктің арасында да бола береді. Бұл — тілдік қатынастың жеке хабаршы мен жеке қабылдаушымен ғана атқарылмайтынын, хабаршы мен қабылдаушының сан жағынан түрліше болып келетінін көрсетеді.

Қатысатын адамдар санына қарай тілдік қатынас қарапайым ТҚ не күрделі ТҚ болып келуі мүмкін. Егер тілдік қарым-қатынас екі адамның арасында жүргізілсе, ол қарапайым /не жеңіл/ ТҚ болады. Ал бірнеше топтың, не үлкен ұжымдардың бір-бірімен қарым-қатынасын іске асыратын тілдік қатынас күрделі ТҚ жатады.

Тілдік қатынастың барлығы жоғарыда айтылған ауызша және жазбаша түрде іске асады.


жүктеу 0,8 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау