Дәріс№35
Жұтқыш аппараттардың жіктелу
Серіппелі бөлікке, негізден басқа, орталық серіппе, сегіз бұрыштық серіппе және төрт өзек жатады. Орталық серіппе 4 сыртқы серіппемен 2 бірдей, ал бұрыштық 8 серіппе ішкі серіппемен 3 бірдей. Бұрыштық серіппелер 8, 5 мойын және негіз қуыстарында орналасқан.
Өзектердің шеттері серіппенің ішіне, ал ортаңғы толық бөліктері корпус негізінің тесіктеріне орналасқан. Мойыннның бұрыштық қуыстарында серіппенің ішіне кіретін цилиндрлік тиектер бар.Тиектер мен өзектердің диаметрі бірдей. Жүктелінбеген аппараттың мойнындағы тиектер шеттерінде және өзектер арасында қажетті жағдайда бұрыштық серіппелердің бір ізбен қосылуын қамтамасыз ететін саңылау бар.
Соққылы немесе тарту күштерін ЦНИИ-Н6 жұту аппараты келесі түрде қабылдайды.
Алдымен орталық серіппе, содан соң бұрыштық серіппелер қысылады. Мойын тиектері өзектерге тигенде және оларды қысқанда, жұмысқа төрт бұрыштық серіппелер қосылады және аппараттың кедергісі біртіндеп ұлғаяды.
Аппаратқа 12 кН-нан жоғары жүктеме түскенде, серіппелі бөлікке қосымша серіппелі фрикционды бөлік қосылады.
Аппаратқа 280 кН-нан жоғары жүктеме түскенде, мойын корпустың негізіне тіреледі, содан соң аппараттың тек серіппелі-фрикционды бөлігі жұмыс жасайды. Жұту аппаратының серіппелі-фрикционды бөлігінің шекті кедергісі 464 кН құрайды.
1-ші және 2-ші кестелерде жолаушы және жүк вагондарында қолданылатын жұту аппараттарының сипаттамалары келтірілген.
11.1-кесте. Жүк вагондарына арналған автотіркегіштің серіппелі-фрикционды және гидравликалық жұту аппараттарының негізгі параметрлері
Көрсеткіштер
|
Ш-1-ТМ
|
Ш-2-Т
|
Ш-2-В
|
Ш-6-
ТСМ
|
ПМК-
110А
|
ПФ-4
|
ПГФ-4
|
ГА-500
|
Энергия сиымдылығы, кДж.
|
25...50
|
30…65
|
25...60
|
40...90
|
35...85
|
90...100
|
140...170
|
140...170
|
Қысу кезіндегі кедергі күші, МН
|
2,5...3,0
|
2,5
|
2
|
2
|
2
|
2
|
2 ... 2,5
|
2 ...2,5
|
Аппараттың толық жүрісі, мм
|
70
|
110
|
90
|
120
|
110
|
120
|
120
|
120
|
11.2- кесте. Жолаушы вагондары жұту аппараттарының негізгі параметрлері
Көрсеткіш аталуы
|
ЦНИИ-Н6
|
Р-2П
|
Р-4П
|
Р-5П
|
Энергия сиымдылығы, кДж.
|
15 ... 24
|
20 ... 25
|
28
|
40 ... 50
|
Қысу кезіндегі кедергі
күші, МН
|
1,5
|
1,3
|
1,8
|
1,2
|
Энергия жұтылуының
коэффициенті
|
0,70...0,75
|
0,32...0,38
|
0,55
|
0,31...0,36
|
толық жүрісі, мм
|
70
|
70
|
72
|
80
|
Дәріс№36
Ш-1-ТМ аппаратының жұмыс қағыдасы, ЦНИИ-Н6 аппаратының құрылысы
Шанақ вагонның қызметін анықтайтын негізгі бөліктерінің бірі болып табылады. Тасымалдау барысында, шанақ құрылыстық ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі жүктерді орналастыру үшін қызмет жасайды.Қазіргі жүк вагондарының шанағын жүктерді тасымалдаудың жоғарғы сапасын қамтамасыз ету, тиеу-түсіру жұмыстарын максималды механикаландыру және автоматтандыру шартын орындау, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қызмет көрсету персоналының еңбегін қорғау және пайдалануда өрттен сақтандыру мен дайындау барысында экологияны қамтамасыз ету есебімен жобалайды. Шанақтың конструктивтік сұлбасын таңдау кезінде, жүктердің қасиеттерінің ерекшеліктерін ескереді: тасымалдау барысында және уақыт мерзіміне қарай пайдалы сапасының өзгеруі, жауын-шашынның әсерінен сезімталдығы, тиеу-түсіру жұмыстарын орындағанда,шаң-тозаңның пайда болуы мен тасымалдау барысында үрленуі, және де жарылу немесе өрт болу қаупі, қоршаған ортаға жүктердің әсер етуі және т.б. Бұдан басқа, көптеген типтері үшін дайындау мен жөндеу қарапайымдылығы және пайдалануда техникалық қызмет көрсетуі ескеріледі. Шанақтарды жобалау және құру кезінде, жөндеу мен қызмет көрсету барысында ыңғайлылық көрсететін, олардың техникалы-экономикалық нәтижесін жоғарылататын бірыңғайлау принципін және модульді құрылысының қазіргі дайындау технологиясын кеңінен қолданады. Пайдалануда әр түрлі құрылысымен жүк вагондарының шанақтары кездеседі, олар бір-бірінен формасымен,өлшемімен және құрылыс ерекшелігімен ажыратылады. Дегенмен, оларды жеке белгілері бойынша біріктіруге болады:
шанақты пайдалану шартына байланысты - әмбебап және арнайыланған;
рама құрылысына байланысты тесілген және тесілмеген жоталық арқалығымен;
көмкерме материалына қарай тұтас металды, ішкі көмкермесі және едені ағаштан немесе металл емес материалдан дайындалатын металды және металды емес көмкермесімен.
Қазіргі шанақтарды дайындау технологиясында электрлі пісіруді кеңінен қолданады, ал бұрынғы типтегі шанақ құрылысында шегелеуді немесе аралас технологияны қолданған.
Тиеу-түсіру операцияларының әдістеріне байланысты шанақтар есік ойықтарымен және бүйір қабырғаларында люктерімен, төбесінде және еденінде люктерімен, көлбеу бүйір және шеткі қабырғаларымен, екі жаққа ашылатын немесе вагонның ен бойымен жылжитын төбелерімен, бүйір қабырғаларында жылжымалы секцияларымен болады.
Барлық жабық шанақтар жылу изоляциясыз немесе жылу изоляциясымен, салқындату және жылыту жүйелерімен немесе оларсыз жабдықталады.
Алып жүруші элементтер құрылысына байланысты шанақтардың үш типі болады:
Тұтастай алып жүруші, алып жүруші бүйір қабырғалары және рамасымен, еркін алып жүруші рамасымен.
Тұтастай алып жүруші шанақтарда жүктеме рамамен, бүйір қабырғалар және төбесімен қабылданады (13.1а-сур.). Бұл принцип бойынша қазіргі жабық, изотермиялық және жолаушы вагондарының шанақтары құрылады.
13.1-сурет.
Бүйір қабырғалары және рамасымен алып жүруші шанақтар (13.1б –сур.)бұрынғы типтегі жабық вагондар үшін қолданылады, онда төбесі жүктеме қабылдамайды, бірақ жүктерді жауын-шашыннан қорғайды және жоғарғы сапасын сақтап қалады.Бұл принцип қазіргі жартылай вагон шанақтарын жобалау үшін қолданылады.
Шанақтардың үшінші типі (13.1в-сур.)платформаларға тән,және де бүйір қабырғалары шанақтағы жүктің тек күштеу қысымын қабылдай алатын бұрынғы типтегі вагондар үшін жарамды. Бұл жағдайда жүктемелер бір рамамен қабылданады, сондықтан ол қуаттырақ болуы керек.
Барлық шанақ типтерінде негізгі алып жүруші элемент рама болып табылады. Жүктер әсері және шанақ тарасынан басқа соққылы тарту құралдарынан берілетін сыртқы шоғырланған күштердіТ және тіреу реакцияларынRқабылдайды (13.2-сур.).
Вагон рамаларының жалпы ерекшелігі, шанаққа әсер етуші сыртқы шоғырланған күштер рамаға ғана түседі. Мұндай күштерге соққылы тарту құралдарынан берілетін бойлық шоғырланған күштер және шанақтың арбашаларға шоғырланған тіреу реакциялары жатады. Рамаға әдетте пайдалы жүктеме де әсер етеді. Жеткілікті беріктікті қамтамасыз ету және шанақ құрылысына көп шоғырланған күштерді дұрыс таратып беру үшін рамада арнайы қатаңдырылған элементтер бар. Бұл элементтерге тіреу реакцияларын қабылдайтын шүберенді арқалықтар және бойлық күштермен жүктелінген жоталы арқалық жатады.
13.2-сурет
Достарыңызбен бөлісу: |