Дәріс№34
Жұту аппараттар
Жұту аппараты автотіркегіш арқылы шанақ рамасы мен вагонның басқа да бөліктеріне берілетін бойлық созу және қысу күштерін төмендетуге арналған. Бұл бірге соғылатын массалардың кинетикалық энергиясын үйкеліс күшінің жұмысына және аппараттың серпімді элементтерінің деформациялық потенциалдық энергиясына айналдыру арқылы орындалады.
Жұту аппараты вагонды, сонымен бірге ондағы жолаушылар мен жүктерді бойлық динамикалық зиянды әсерден сақтайды. Бұл әсіресе қазіргі кездегі пойыздардың массасы мен жылдамдығының жоғарылауына, маневрлік жұмыстардың жоғарғы қарқындылығына орай өте маңызды.
Жұту аппараттары серіппелі, серіппелі-фрикционды, сақиналы, резеңкелі, резеңкелі-фрикционды, резеңкелі-металды, гидравликалық, гидропневматикалық және гидрофрикциондық болады.
Жылжымалы құрамда серіппелі-фрикционды аппараттар кеңінен қолданылады. Жүк вагондарының көпшілігінде қолданылатын Ш-1-ТМ жұту аппаратының жұмыс жасау мақсатын мысал ретінде қарастырамыз.
11.1-сурет.
Ш-1-ТМ – серіппелі-фрикционды аппарат. Серіппелі-фрикционды аппараттың қарапайымдылығы және кейбір пайдалы ерекшеліктері олардың кеңінен таралуына мүмкіндік берді. Ш-1-ТМ типтік жұту аппараты төрт өсті жүк вагондарында қолданылады. Ш-1-ТМ аппараты алты қырлы пішінді корпустан, қысу конусынан, үш фрикциялық сынадан, қысу шайбасынан, тарту бұрандасынан, сыртқы және ішкі серіппелерден тұрады. Аппараттың корпусы мен тетіктері болаттан құйылған, жұту аппаратының массасы 134 кг.
Аппарат қысылған кезде басылатын конус 1 корпустың 5 ішіне жылжи отырып, сыналарды 3 орнынан ауыстырады (яғни жылжытады) және қысу шайбасы 4 арқылы серіппелерге 6 және 7 күш береді. Аппараттың барлық бөліктері гайкасы бар болтпен 2 бекітілген.
Аппараттың қысылу мөлшеріне қарай сыналардың корпусқа тақалуы үлкейеді, сәйкесінше үйкеліс күші мен қысымға қарсы жалпы кедергі өседі. Қысылу күштерінің әсері тоқтағаннан кейін, серіппелер қысу шайбасын орнына қайтарады, сыналар мен корпус алғашқы күйіне келеді.
Жолаушы вагондары пойыз орнынан қозғалғанда, қажетті қалыппен қозғалысын қамтамасыз ететін ЦНИИ-Н6 типті жұту аппаратымен жабдықталған. ЦНИИ-Н6 аппараты бірінен соң бірі қосылған екі бөліктен тұрады; серіппелі және серіппелі- фрикционды.Осыған байланысты оның корпусы екіге бөлінген: негізгі және мойынға.
Мойынға үш фрикционды сыналар, қысу корпусы, шайба және орталық серіппелер (ішкі және сыртқы) орналасқан.
1-шайба; 2- сыртқы серіппе; 3-ішкі серіппе; 4-орталық серіппе;
5-бұрыштық серіппе;6-тіреу өзегі; 7-негіз; 8- бұрыштық серіппе; 9-мойын;
10-фрикционды сына; 11-қысу конусы; 12-болт; 13-гайка
11.2-сурет.
Достарыңызбен бөлісу: |