1. Жүк вагондары типтерін таңдау, вагондар параметрлері және ұзындық өлшемдері


Дәріс№31 Соққылы–тарту құралдарының жіктеулі. СА-3 автотіркегіші және автотіркегіш құралдарының басқа элементтерінің құрылымдық формаларын негіздеу



жүктеу 11,12 Mb.
бет36/40
Дата14.09.2023
өлшемі11,12 Mb.
#43380
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Лекции для вагонников

Дәріс№31
Соққылы–тарту құралдарының жіктеулі. СА-3 автотіркегіші және автотіркегіш құралдарының басқа элементтерінің құрылымдық формаларын негіздеу.
Автотіркеу қондырғысының негізгі бөліктері вагон кузовы рамасының жоталы балканың 5 консоль бөлігінде орналасады. Механизм бөлшектерімен автотіркеу корпусы 1 соққы розеткасы терезесіне 2 қондырылған және өзінің құйрығымен 4 көмегімен тарту қомытымен 7 бірігеді,ол төменгі жағына қойылады және жалқыш шайба мен гайкаларымен бекітілген екі блтқа 18 тіреледі. Ажыратқыш жетек раманың соңғы балкасына бекітілген. Ол екі иықты рычагтан 10, сөрелі кронштейннен 9, ұстағыштан13 және рычагты 10 автотіркеу механизмі жетегімен17 біріктіру ұшін шынжырдан 16 тұрады.

10.2 – сурет. Вагонда автотіркеу қондырғысы бөлшектерінің орналасуы

Соққылы – орталықтандырғыш құрал раманың соңғы балкасының 20 ортаңғы бөлігіне бекітілген соққы розеткадан 2, екі маятникті қалғаннан 14 және автотіркеу корпусы 1 тіркелетін орталықтандырылғыш балочкадан тұрады. Жегу қондырғысы тарту қамытынан 7, клиннен 4, тірек плиткасынан 12, планкамен 19 екі болттан 18, жапқыш шайбалар мен шплинттен тұрады. Тарту қомытының 7, ішінде жұтқыш аппарат 6 бар, ол алдыңғы тірекпен 3 өзара әрекеттесетін артқы тірек 8 пен тірек плитасынан арасында орналасады. арқы тірек 8 өзара қысқышпен біріккен және раманың 5 жоталы балкасының вертикаль қабырғасына бекітілген.


Дәріс№32
Автотіркегіш механизмнің бөлшектерінің өзара әрекеті
Алдыңғы тіректет 3 өзара соққы розеткасы 2 көмегімен біріккен және жотылы балканың 5 вертикаль қабырғасына қатты бекітілеген. Жегу қондырғысы қулаудан ұстағыш планкамен 1 сақтандырылған, ол төменде сегіз болтпен жоталы балканың 5 горизонталь сорелеріне бекітілген. автотіркеу ішінде Жылжымалы құрамның ұстасу, ажырату үрдестерін орындау үшін механизм бөлшектері орналасқан. Автотіркеу корпусы құйма тәрізді, басы мен құйрық бөліктерінен тұрады. Бас жағының ішінде, қалта деп аталатын,автотіркеу механизмдерінің бөлшектері роналасқан. Корпуста (3 сурет) үлкен 1 және кіші 4 тістер бар, араларында жұтқыншақ орналасқан.Жұтқыншеқтан құлып 3 құлыпты ұстағыш 2 шығып тұрады. Ұстау контуры – стандартты және үлкен тістердің, жұтқыншақтың, құлыптың шығып тұрған бөлігінің горизонталь проекциясы болып табылады. кіш тіс пен жұтқыншақтың ендік бетін соққылы деп атайды, ал үлкен, кіші тіс тердің артқы беттері – тартқышты деп аталады. Корпус басының жоғарғы бөлігінде шығынғы жер 5 құйылған, ол розеткамен өзара әрекеттесіп, жұтқыш аппараттың толық сығылуында қатты соққыны қабылдайды.

10.3 – сурет. Автотіркеу корпусының қондырғысы және механизм бөлшектерінің орналасуы.


Автотіркеу корпусының құйрық бөлігі 6 қуыс, тарту қамыты клині, қысқыш 8 үшін тесіктер 7 мен соққы жүктемесін беру үшін цилиндр формалы ені 9 бар.


Корпустың кіші тісі 4 жағынан екі ұстасқан автотіркеуді жвбу үшін арналған құлып 3 қондырылған. Оның жұмыс бөлігі ұстасқан күйде жұтқыншаққа шығады. Құлыпта өз - өзінен ажыратқыштан 11 сақтандырғышты ілу үшін ілгешек бар. құлыптың сопақ тесігі б көтергіш білігін 15 өткізуге арналған. Құлыптың төменгі жағында қалта ішіңде орын ауыстырғанда домаланатын радиалды бет 2, корпустың төменгі жағында ажырату жағдайында шығып тұратын және тісті бағыттайтын g қызыл түсті белгі беретін өсінді бар.
Өз - өзінен ажыратқыштан 11 сақтандырғыш құлыптың ілгешіне а ілінеді, өзінің жоғарғы иығымен е қалтанын сол жақ жанындағы беттегі сөрге 10 салынады. Автотіркеудің ұстасқан күйінде жоғарғы иықтың ені е құлыпты 3 қалта ішіне кетуіне кедергі жасап және автотіркеуді өз - өзінен ажыратылуынан сақтандыра отырып, құлып ұстағыштың қарсы салмақ тірегіне қарсы орналасады. Сақтандырғыштың 11 төменгі фигуралы иығы ж автотіркеу ажыратылғанда көтергішпен 13 өзара әрекеттеседі. Құлып ұстағыш 2 өзінің сопақ тесігімен И корпусытың 1 үлкен тіс жағынан қалта ішінің оң жақ қабырғасында орналасқан ілгішке 12 ілінеді. Оның қолы К қарсысалмақ Л ауырмалық күші әсерімен жұтқыншаққа шығады. Ұстасқан күйде қолы К көрші автотіркеу жұтқыншағының вертикаль бетіне тіреледі. Осы жағдайда қарсысалмақ көтерілген күйде болады, ал оның тірегі М сақтандырғыштың 11 жоғары иығының е еніне қарсы орналасады. Ажыратқыш бұрыш И көтергішпен өзара әрекеттесіп автотіркеу ажырағанға дейін құлыпты 3 ажыраулы күйде ұстайды. Көтергіш 13 автотіркеу корпусы 1 үлкен тіс жағынан қалтаның төменгі оң жағына орналасқан көтерілулерге 14 еркін жатады. Оның кең саусағы О үстіңгі жағында болады және жутқыншақ жаққа бағытталған. Көтергіш кең саусақпен О төменгі иықтан Ж сақтандырғышты 11 бұрады, сонда оның жоғарғы иығын е көтеріп автотіркеуді ажыратқанда құлыпты қалта ішіне әкетеді. Көтергіштің 13 тар саусағы п құлып ұстағыштың 2 ажыратқыш бұрышымен Н өзара әрекеттеседі, оның вертикаль шегіне секіре отырып, қалта ішінде автотіркеуді ажыратқанға дейін құлыптыұстайды. Көтергіш 15 білігі корпусқа тесік 16 арқылы қондырылады ал цилиндрлік бөлік Р құлыптың 3 сопақ тесігі б арңылы өтеді, квадрат бөлігі С көтергіштің 13 квадрат тесігі арқылы, ал цилиндрлік Т үлкен тіс 1 жағынан корпустың оң жақ қабырғасын да тесік арқылы кіреді.
Осы жағдайда көтергіш бөлігі 15 механизмнің барлық бөлшектерін түсіп қалудан сақтайды, және оларды қалтадан шығару мүмкін емес. Тесік у көтергіш білігі 15 балансирі Ф мен жетек шынжырын қосуға арналған, ал ойма Х – автотіркеу корпусы көтерілу тесігіне қондырылатын тиек болтын 17 орналастыру үшін. Ойма Х бөлікті қажетті бұрышқа бұрылуына мүмкіндік береді және өз - өзінен түсіп қалмауы үшін ұзындық бағытында орын ауыстырудан сақтайды. Болт гайкасы оның дестелерін майыстырумен тиек шайбасымен 18 төменгі жағынан белгіленеді.


жүктеу 11,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау