Дәріс№10
Вагондардың буксілерінің техникалық қызмет етуі
Буксалар вагонның жүріс бөліктерінің маңызды элементі болып табылады және пойыз қозғалысының қауіпсіздігі осыған байланысты. Буксалар ось мойнында орналасады және вагонның қажетті жылдамдықпен жүрісін қамтамасыз ете отырып дөңгелек жұбының айналу қозғалысын түрлендіреді. Олар дөңгелек жұптарына жүк тиелген кузовтың ауырлық күшін вагон қозғалысының қисық учаскелеріне бағыттағыш өтпелерінен жол қыртыстарымен, рельстің тегіс емес жерлерімен қозғалысында тежемеде, вагонды төбеден жібергенде дөңгелектің башмагқа жүрісінде, дөңгелекті айландыру бетімен тегіс емес прокатпен ползунның болуымен және т.б. динамикалық жүктемелерді қабылдайды және береді. Буксалар жағу үшін резервуар және потшипниктерді орналастыру орны бола отырып ось мойнының былғануынан, зақымдануынан қорғайды. Олар арбаша рамасымен салыстырғанда дөңгелек жұбының ұзына бойы және көлденен орын ауыстыруын шектейді.
Осындай жүктелудің күрделі жағдайлары мен қоршаған ортаның өзгермелі температурасы мен ауа райында жұмыс істей отырып, буксалар дөңгелек жұбының айналуға ең кіші мәндегі қарсылығын вагон қозғалысының үлкен сенімділігін, қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек. Сондықтан жобалауда олардың конструкциясымен есептелуіне, пойыз қозғалысының үлкен жылдамдығы мен осьтік жүктеменің өсуін ескере отырып үлкен талаптар қойылады.
Вагон құрылысы тәжірибесінде жеке топтарға біріктіруге болатын буксалар типі мен конструкиясының үлкен саны кеңінен қолданылады. Вагон типіне байланысты оларды кәдімгі, жылдамдықты және үлкен жылдамдықты пойыздар үшін арналған, жүк және жолаушылар вагон буксалары болып бөлінеді. Подшипниктер типі бойынша тербелу подшипниктерімен буксалар және сырғанау подшипниктерімен болып бөлінеді. Ось мойнына роликті подшипниктің ішкі сақинасын отырғызу әдісі бойынша ыстық және втулкалы отырғызу буксаларын қолданады. Ось мойнында подшипник ішкі сақинасының ендік бекіту типі бойынша-гайка мен немесе шайбамен бекітумен, олардың кейбірі серпімді элементпен жабдықталған. Мойында роликті подшипник саны бойынша бір немесе екі роликті буксалар, ал жылдамдықты және үлкен жылдамдықты вагондар үшін-қосымша тиекті шарикті подшипник қолданылады. Сырғанау подшипникті буксаларды подшипниктер типі бойынша бөледі-ұрғышты,полюстерлі және ось мойнына жағар майды берудің төменгі немесе жоғарғы жүйесі бар, механикалық қондырғыларға бөлінеді. Буксаның корпус конструкциясы бойынша бүтіндей және алынбалы корпусты, қақпақ типі бойынша-шарнирде аударылатын, корпусқа болтпен бекітілген тұйық қақпақты болып қолданылады. Алынбалы буксаның кемшілігі: болттар типі босап, ұрғыш(подбивка) мойынға жағар май жақпай қалады. Бұдан басқа корпус бөліктері тығыз жатпағандықтан жағар май ластанып, ағып кетеді, корпуста сызаттар мен сынбалар пайда болды. Нәтижеде жол бойында буксалар қатты қызып, ауыр жағдайға әсер етті. Сондықтан алынбалы буксалар 30-шы жылдары қазіргі қондырғыларын қондыруды ескеріп вагондардың түрлі типтері үшін жобаланған сенімді бүтіндей құйылғандарымен ауыстырылды. Ары қарай буксаның мойын корпустары беріктігі жоғары, салмағы аз құрым корпустармен ауыстырылды. Буксаның алдынғы бетін жабатын, корпусқа болтпен немесе шарнирлі бекітілген қақпақ жағу қондырғысы мен сырғанау подшипнигін қарауды, ауыстыруды, жөндеуді қамтамасыз етті. Буксаның қызуынан пойыздардың жаппай кешігуіне, вагондарға техникалық қызмет көрсету мен жөндеу шығындарының ұлғаюына, пойыздардың қауіпсіз қозғалысының бұзылуына әкелетін сырғанау подшипниктерімен буксалардың кемшілігі жолаушылар мен жүк вагондарының тербелу подшипникті буксаларына ауысудың себебі болып табылады
1960ж бастап барлық жолаушылар, ал 1983 ж барлық жүк вагондарының роликті подшипниктермен шығарады. Сырғанау подшипникті буксалармен салыстырғанда тербелу подшипникті буксакоармен жабдықталған вагондардың артықшылығы басым, оның негізгілеріне жатады: букса қызуы жағдайларының кенет төмендеуімен істен шығудың шамамен 10 есе төмендеуі, нәтижеде қозғалыс жылдамдығы үлкейеді және вагон айналымы үдейеді; 60-70 км\сағ жылдамдықта қозғалысқа қарсылық 20%-қа кемиді, ал орнынан қозғалғанда 7-10 есе; қозғалысқа қарсылық пойыздың тұру уақытына және қоршаған ортаның төменгі температурасына тәуелді емес; локомотивтерге отын мен электр энергиясының шығыеы 10%-қа қысқарады; жағар майға щығындар 5 есе кемиді; ұрғыш материалдар мен бабиттер шығыны жойылады, стансалық жағар майлаушылар мен буксаны толтырудың мезгілдік жұмысшылар штаты қажеттілігі жойылады, слессарь мен қараушылар, вагондарға техникалық қызмет көрсету пунктерінің саны қысқарады; букса майлау шаруашылығы мен оған қызмет көрсететін персонал және т.б. жойылады. Вагондарды роликті подшипниктерге ауыстырудың маңызды артықшылығы экологияның, вагон шаруашылығы жұмысшыларының әлеуметтік жағдаиларының жақсаруы. Қазіргі уақытта жүк вагон паркі мен брлық жолаушылар вагондарының 95% артығы тербелу подшипникті буксалармен жабдықталған.
Қазіргі жүк және жолаушылар вагонында ось мойнында цилиндр роликті подшипниктерінің ішкі сақиналары тұиық отырғызылған типтік буксалар қолданылады. Ыстық отырғызуда, белгілі созылуы бар ішкі сақина қызып, ось мойнына еркін кигізіледі, ал суыған соң оны берік қамтиды. Втулкалы отырғызуда конусты втулка, осындай конусты беті бар мойын мен ішкі сақина арасында арнайы пресс көмегімен сығылады. Темір жолдарда артықшылығы себебінен ыстық отырғызылған буксалар кең тараған. Екі цилиндр роликті подшипникпен қазіргі типтік букса кез келген жүк вагоны типі үшін ұзындықты орын ауыстырудан ішкі сақиналарды ендік бекітудің екі түрі болады – енді коронкалы гайкамен немесе тарелка тәрізді шайбамен. Гайкамен ендік бекітілетін (1-сурет ) букса корпусында қысқа цилиндр роликпен алдынғы және артқы подшипниктер орналасқан. Дөңгелек жағынан корпус лабиринтті тығыздағыш пен, ал алдынан корпусқа
болтпен бекітілген және болтпен, шайбамен қарау қақпағымен, бекіткіш тығыздағышпен жабылған.
8.1-сурет
Жүк вагонының букса торабы подшипниктерді гайкамен ендік бекітілген
1-букса корпусы
2-букса корпусының алынатын лабиринті
3-лабиринтті сақина
4-артқы подшипник
5-алдынғы подшипник
6-подшипниктің тығыздау сақинасы
7-ендік гайка М 110*4
8-бекіткіш қақпақ
9-тығыздағыш сақина
10-төсеніш
11-пружиналы шайба
12-болт М12*1,75
13-қарау қақпағы
14-стопар планкасы
15-пружиналы шайбамен стопар планкасының болты М12*1,75
16-сым
Бекіткіш қақпақ құры***тан немесе алюминий құймасынан, дөңгелек жұбы айналғанда ось бойымен жылжуға, айналуға мүмкіндік бермей, буксада роликті подшипниктердің сыртқы сақиналарын берік ұстап тұрады. Подшипниктердің ішкі сақиналары ендік жағынан ось мойнында гайкамен, стопар планкасымен және болттармен бекітілген. Букса корпусы мен бекіткіш қақпақ арасында букса торабының герметикалығын қамтамасыз ететін тығыздағыш сақина қондырылған. Буксаның ішкі қуысы подшипниктердің күрделі жағдайда жүктелуінде сенімді жұмысын қамтамасыз ететін кнсистентті жағармаймен толтырылған.
8.2-суретте подшипниктердің ішкі сақиналарын тарелка тәрізді шайбамен ендік бекіту нұсқасы көрсетілген, ол өзінің шығып тұрған жиектерімен ось жүктемесі әсер еткенде ұзындықты орын ауыстырылуын ұстай отырып, сақинаны қысады және ось мойнында подшипниктердің ішкі сақиналарын берік бекітеді.
8.2-сурет
Жүк вагондарының букса корпусы құрыштан немесе алюминий құймасынан дайындалады.1980 ж алюминий құймасынан букса корпусы сыналды, ол құрыштан 3 есе жеңіл. Серпімділіктің кіші (3есе) модулі есебінен жоғары жиілікті тербеліс әсері төмендейді. Нәтижеде подшипниктер ұзақтығы ұлғаяды, вагон мен жолдың жоғарғы құрылысының өзара әрекеті жақсарады шу деңгейі төмендейді. Конструкциясы жағынан алюминий корпус құрышқа ұқсас жылдамдықты пойыздың вагон буксалары 200 км\сағ дейінгі жылдамдықта пайда болатын жоғары осьтік жүк төмені қабылдайтын тығыздықты шарик подшипниктерімен ерекшеленеді.
Букса жұмысының сенімділігі подшипник теруі майлау сапасына тәуелді. 1973 жылдан роликті подшипниктерімен букса тораптары үшін қолдануда подшипниктердің белсенді жүктелуі үрдісінде тозуға, коррозияға қарсы құбылыстарды қамтамасыз ететін ЛЗ ЦНИИ консистентті жағу қолданылады. Бірақ 5%-ға дейін буксаға су тигенде оның сапасы төмендейді, подшипниктердің жұмыс қабілеті төмендейді, өйткені сақина борттары мен ролик ені ұстасады, аппараттардың орталықтан беті тозады және коррозиялық бүлінулер байқалады және т.б. Осыған байланысты букса торабының жұмысы үрдісінде жоғары тұрақтылық қасиеті бар арнайы химиялық белсенді отырғызумен роликті подшипниктер үшін жаңа жағар майлар сыналды. Осы талаптарға ВНИИЖТ жетілдірілген, «литол» шартты атауымен литий негізіндегі модификацияланған әмбебеп жағар май жауап береді
Достарыңызбен бөлісу: |