4
мектепті №13 Құмсуат колхозында,
7 жылдық мектепті Ким мектебінде, ал
орта мектепті Бірінші Май кеңшарында
1953 жылы бітіреді. Осы жылы
Қызылорда педагогикалық институты-
ның физика-математика факультетіне
оқуға түсіп, оны «физика» мамандығы
бойынша 1957 жылы үздік бітіреді.
Мұғалімдік қызметінің алғашқы қада-
мын ӛзі оқып бітірген қазіргі №40 орта
мектепте бастайды.
Мектепте физика, математика пән-
дерінен сабақтар бере бастайды. Бойына
білімнің бұла күшін жинаған жас жігіт
тынымсыз еңбегінің және үздіксіз ізде-
нісінің арқасында аз уақыттың ішінде
елге сыйлы болады. Мектептің және
ауылдың қоғамдық ӛміріне белсене ара-
ласып, мектеп жанынан құрылған ӛнді-
рістік бригадаға басшылық жасап, оқу-
шыларды еңбек тәрбиесіне баулиды,
ауылдың кӛркеюіне ӛз үлесін қосады.
Ӛз пәнін терең меңгеруі, жоғары ұйым-
дастырушылық қабілеті, әрбір іске ас-
қан жауапкершілікпен қарауы, ӛзіне де,
ӛзгеге де талап қоя білуі сияқты қасиет-
тері арқасында Базарбек ағай 2-3 жыл-
дың ішінде мектеп оқу ісінің меңгеру-
шісі қызметіне тағайындалады.
Базарбек Қашқынбаев 1962 жылы
ӛзі білім алған Қызылорда педагоги-
калық институтының «Теориялық физи-
ка» кафедрасына оқытушылық қызмет-
ке шақыртылады. Оқу орнына келген
уақыттан бастап студенттерге сапалы
дәріс беріп, ғылыми бағыттағы зерттеу-
шілік жұмыстармен айналыса бастады.
Институттағы қоғамдық жұмыстарға да
белсене араласып, осы жылы партия
ұйымының хатшысы, институт партбю-
росының мүшесі болып сайланады.
Жас маманның терең білімі мен
ғылымға деген құштарлығын, зерттеу
жұмыстарына деген бейімділігін байқа-
ған кафедра меңгерушісі Зұлқарнай
Икрамов оны ӛзі оқыған Киев қаласына
барып, аспирантураға түсуіне бағыт-
бағдар жасайды. Сӛйтіп, ғылымдағы
ізденісін 1967 жылы адамзат баласының
тарихында айырықша орын алатын
Киев шаhарындағы іргелі оқу орны
Тарас Шевченко атындағы Киев универ-
ситетінің теориялық механика кафедра-
сында аспирант болудан бастайды.
Базекең «Жоғары жиілікті электр тоғын
ӛндіретін жаңа типтегі массивті ротор-
лы турбогенераторлардан электромаг-
ниттік ӛрістің таралуын зерттеу» тақы-
рыбында ғылыми зерттеулерін 3 жылда
аяқтап, кандидаттық диссертациясын
сәтті қорғап, техника ғылымдарының
кандидаты ғылыми дәрежесіне ие бо-
лып, елге оралады. 1971 жылдан педаго-
гикалық институттың «Физиканы оқыту
және жалпы техникалық пәндер» кафед-
расын басқарды.
1977-1979
жылдары
Киевтегі
Украина Ғылым Академиясының Элек-
тродинамика институтында докторанту-
рада оқып, ӛзінің ғылыми зерттеулерін
жалғастырды. Зерттеулердің қорытын-
дысы бойынша халық шаруашылығына
аса қажетті жоғары жиілікті электр
тоғын ӛндіретін жаңа типті массивті
турбогенераторлардың жаңа үлгісі ұсы-
нылды.
«Ӛзіне де, ӛзгеге де талап қоя біле-
ді» дегеннен шығады, аспирант және
докторант болып жүрген кезеңінде
тумысынан еңбекқор Базекең Киев уни-
верситетінде білім алып жатқан барлық
қазақ азаматтарының тәртіпті болула-
рын, уақытылы оқу залына барып ғы-
лыммен айналысуларын, жатақханадағы
тәртіпті бұзбауларын қатаң бақылаған.
Ғылым жолына түскен жастардың бар-
лығына дерлік Базекең ағалық және ұс-
таздық қамқорлық жасаған. «Ішетін
тамағымыздан бастап, ғылыми тақы-
рыпты таңдау және ондағы зерттеу жұ-
мыстарына дейін ақылын айтып, жол
сілтейтін. Сол жігіттердің бәрі ғылым
жолында табысты еңбек етіп жатыр», -
деп еске алады сол жылдары Киевте
оқыған белгілі ұстаз Ысқақ Қарқынбаев
ағамыз.
Базекең докторантураны бітірген-
нен кейін Қызылорда педагогикалық
институтына кафедра меңгерушілігі
қызметіне қайта оралады. 1989 жылдан
Ғалымдар мінбері
№4 (42) 2014
8
5
институттың сырттай оқу факультетінің
деканы, 1993 жылдан профессор, осы
жылы ол институт жанынан дарынды
оқушыларға арналған қазақ-түрік лице-
йін ашуға ӛз үлесін қоса отырып, осы
лицейдің директоры болып тағайында-
лады.
Ұстазымыз жоғары оқу орны мен
лицейде қатар сабақ бере жүріп, сту-
денттер мен оқушылардың бойында
оқу-білімге, ғылымға деген құштар-
лықты арттырып, Отанға және туған
жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін
қалыптастыру бағытында ӛлшеусіз ең-
бек сіңірді. Физика пәніндегі құбылыс-
тар мен заңдылықтарды түсіндіру бары-
сында оларды ӛмірмен тікелей байла-
ныста қарастыратын, оның ӛмірде қол-
данылуы жағына басты назар аудара-
тын. Бұл дегеніңіз қазіргі уақытта білім
жүйесінде күн тәртібінде тұрған оқушы-
лардың функционалдық сауаттылығын
қалыптастырудың ӛзі емес пе?
Әдетте, кез келген ұстаздың еңбегі
оның шәкірттерінің жетістігімен баға-
латыны белгілі. Ағайдың шәкірттерінің
ішінде ғылым докторлары мен ғылым
кандидаттары, жоғары оқу орны ректор-
лары мен институт директорлары, қала-
лық және аудандық білім бӛлім басшы-
лары, мектеп директорлары, медицина
және мәдениет саласындағы қызметкер-
лер кӛптеп кездеседі. Олардың барлығы
әлі күнге дейін ӛздерінің тұлға болып
қалыптасуындағы Базарбек ағайдың сі-
ңірген еңбегі жайлы айтудан жалық-
пауда.
«Әлемдегі ең басты құдірет – ең-
бек және тәртіп», - деп ӛскен Базекең
физика ғылымы және оны оқыту әдісте-
месі тақырыбы айналасында 60-қа жуық
еңбегін одақтық, Украина және қазақ-
стандық белгілі басылым беттерінде
жариялады. Ол – «СССР-дің оқу-ағарту
ісінің үздігі» белгісімен, ҚР Білім және
ғылым министрлігінің және Облыстық
Кеңестің Құрмет грамоталарымен, «Ең-
бек ардагері» медалімен марапатталған
ұлағатты ұстаз. Суреті Жоғары оқу ор-
нының «Құрмет тақтасында» үнемі ілу-
лі тұратын.
1997 жылы Қорқыт Ата атындағы
Қызылорда мемлекеттік университеті
тарихында Меккеге барып, қажы атан-
ған тұңғыш ғалым да Базарбек ағай бо-
латын. Ислам дінінің жастарды иманды-
лыққа тәрбиелеудегі, қоғамды ізгілікке
шақырудағы рӛліне терең ғылыми кӛз-
қараспен қарайтын еді.
Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік
университеттің ӛзі ӛмір бойы дәріс ӛт-
кізген «Электротехника негіздері» зерт-
ханасына профессор Базарбек Қашқын-
байұлының есімі берілді. Ағайдың ӛмір
бойы оқу қағидатын ұстана жүріп,
Мәскеу, Ленинград, Киев және Алматы
қалаларынан жинаған 3000 данадан ар-
тық құнды кітаптарын жұбайы Тоқсұлу
апай мен баласы Сексенбай университет
кітапханасына сыйға тартты.
Базарбек ағайымыз жұбайы
Тоқсұлу апаймен бірге
Базарбек ағай – ұлағатты ұстаз бо-
лумен қатар үлгілі отбасы иесі, жақсы
әке бола білген жан. Жұбайы Тоқсұлу
апай – педагогикалық институттың
физика-математика факультетін бітіріп,
ұзақ жылдар бойы Қызылорда қаласын-
дағы орта мектепте математика пәнінен
сабақ берген, саналы шәкірттер тәрбие-
леген ұстаз. Апай қазір балаларымен
Астана қаласында тұрады. Туған інісі
Орынбасар
–
ғылым
кандидаты,
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық
университетінде математикадан дәріс
береді.
№4 (42) 2014
Ғалымдар мінбері
9
Достарыңызбен бөлісу: |