3
мыз бен тілімізді, ділімізді әртүрлі қи-
тұрқы идеологиялық қисындар қалы-
бына салуға тырысып баққаны ӛмір
шындығы. Бірақ, халық кӛкірегіндегі
тәуелсіз елдігін қайта орнатсақ деген
сенім мен үміт ұшқыны қоздап жанып,
ауық-ауық лап етіп белгі беріп қалатын.
Әсіресе, ХХ ғасырдың басында қаулап
ӛсіп жетілген демократиялық ұлттық
интеллигенция шоғыры, ұлттық кәсіби
саяси және интеллектуалдық элита ӛз
халқының мүддесі мен болашақ дербес
даму бағдарын айқындауға бел шеше
кірісті. Олардың қатарында Әлихан
Бӛкейханов,
Міржақып
Дулатов,
Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов,
Шәкәрім
Құдайбердиев,
Мұстафа
Шоқай және тағы басқа қазақ ұлтының
зиялы азаматтары болды.
Жан-жақты білімдарлық пен пара-
саттылықты, саяси күрестің тәсілдері-
мен қалыптасқан жағдайды шынайы
бағалай білуді жетік меңгерген демокра-
тияшыл қазақ зиялыларының бұл тобы
бұрынғы ұлт-азаттық кӛтерілістердің
жалаң қылышпен зеңбіректің аузына
қарсы шабатын ақ-кӛз бастаушылары-
нан мүлде ӛзгеше-тұғын. Олар туған
халқының кӛзін ашып, кӛмескі тартқан
рухын оятып, біліммен қаруландырып,
бірте-бірте тәуелсіз ел болуға жеткізу-
дің қиын да болса, ең сенімді жолын
саналылықпен таңдап алды. Осындай
кәсіби зиялылар қаққан тәуелсіздік
қоңырауының сарыны ұрпақтан-ұрпақ-
қа жалғасып, бостандық пен тәуелсіз-
дікті, азаттық пен дербес дамуды аңса-
ған азаматтар рухын шыңдаумен болды.
Бізді бүгінгі тәуелсіз ел болуға жеткізіп,
тәуелсіздігіміздің жиырма үш жылды-
ғын тойлағалы отырғанымыз да – сол
рух. Халық жадында жаңғырып, оның
күнделікті ӛмірімен астасып, сабақта-
сып отырмайтын тарих – ол ӛлі тарих.
Жансыз тарих жер бетінен жоғалған
халықтарда ғана болады. Бұрын қазақ
елінің тарихы, қазақ халқының жүріп
ӛткен ұлы тарихи жолы құр деректер
тізбегі түрінде самарқау баяндалып
келсе, бүгінгі талап басқаша. Біз осы
тарихымызды ұлттық және стратегия-
лық мүдде тұрғысынан, халқымыздың
ізгілікке, елдікке ұмтылуының үздіксіз
саяси процесс ретіндегі ұлт-азаттық
күрес түріндегі қасіретінен сабақ алып,
жарқын тұстарына орынды мақтана
отырып, қайта жазып отырмыз. Осы
орайда, халқымыздың қоғамдық-саяси
ойы дамуының елеулі кезеңінің шежіре-
сі іспетті тәуелсіз ел тарихын қайта бір
парақтап шығу бүгінгі бізге де, болашақ
ұрпаққа да пайдалы болмақ. Сондықтан
да сонау ХХ ғасыр басындағы зиялы
қауым ұстанған ұлттық идея бүгінгі
күні тәуелсіз елімізде «Мәңгілік ел»
идеясы, тәуелсіздіктің нұрлы жолы
ретінде іске асуда.
Тәуелсіздік Қазақстан халқына ең
басты игілік – еркін ӛмір сүру азатты-
ғын берді. Нағыз қазақи ӛмір сүру үшін
сол ұлтқа етене жақын, қаны мен
жанына сіңіскен ұлттық ӛмір салтын,
қазақша ӛмір дәстүрін, ұлттық тәрбиені
қалыптастыру қажет. Шын мәнінде,
қазақ халқы үшін ӛмірдің әлеуметтік-
философиялық мән-мазмұн дәл осы
ұғымға келіп тіреледі. Адамдардың нақ-
ты қоғамдық қатынастарда қалыптаса-
тын ойлау жүйесі, ӛмір салтының руха-
ни желісі, әдет-ғұрыптары мен діни
кӛзқарастары, әсіресе, олардың сана-
сында берік орын алған ақпараттық
ӛрістері елдігіміздің қалыптасуы мен
дамуына, әрі ӛзгеруіне айрықша зор
ықпал етеді. Ізгілік пен рақымшылдық-
қа ұмтылу – барша адамның бойында
бар қасиет, бірақ, ізгілік пен рақымшыл-
дықтың ӛзі туа біткеннен болмайды,
сондықтан оған адамдарды үйретіп, ұлт-
тық үрдісте тәрбиелеп, оқытып отыру
қажет. Ізгілікке, адамгершілікке қабі-
летті жандардың ішінде оған ӛз құмар-
лығын шектей алатын адамдар ғана
жете алады. Адамдар сезімдік түйсіктер
арқылы алынған деректер негізінде зат-
тардың қасиеті мен сипаттарымен таны-
са, ақыл-ой арқылы осы алынған дерек-
тер негізінде жалпылылықтың мәнін
түсінуге ұмтылады. Сол себепті, адам
ӛзін-ӛзі үнемі ұлттық рухани жағынан
Ғалымдар мінбері
№4 (42) 2014
4
4
жетілдіріп тұруы тиіс. Ұлттық рух мәсе-
лесіне ерекше кӛңіл бӛлуіміз қажет,
себебі, мұның ӛзі – әрбір адамның
әлеуетін ашатын, кӛптің қуатын ортақ
арнаға қосатын, халық даналығынан
жинақталған еркіндіктің түрі. Рухы биік
күшті елдердің қашан да бағы таймаған.
Ұлттық рухын сақтап қалған ел ғана ӛз
ерлерін қорлатпайды, ӛздері де қорлан-
байды, қорғайды.
Рухы күшті және текті адам ӛз
белсенділігі арқылы қоғамдық қатынас-
тарды шыңдайды. Біздің ойымызша,
қазақтың рухани тәрбиесінің негізгі
бағамдарының бірі оның ұлтшылдығы
болып саналады. Ұлтшылдық, ұлтсыз-
дық – ұлттық рухтан туындайтын нәрсе-
лер. Әлем қарама-қайшылық пен бір-
ліктен тұрады. Бұл диалектиканың заңы
десек, ұлтшылдық та, ұлтсыздық та
табиғатта бар нәрсе. Біз бұрын ұлтшыл-
дықпен күрессек, енді ұлтсыздықпен
күресуіміз керек. Ӛйткені, бұрын ұлтын
сүюді томаға тұйықтық ұлтшылдық деп
бағалап келдік. Осының салдарынан
нәрсіз, мән-мағынасыз, бейтарап интер-
националдық дегенге ұмтылып, кӛп нәр-
сені дұрыс ұғына алмадық, тіпті осы
күндері де осы бағытта ұмтылыс жасап
жүргендер кездеседі. Біз кӛптеген жыл-
дар бойы «ұлтшыл» деген сӛзді теріс қа-
былдап, оның толыққанды мәнін дұрыс
аша алмай келдік. Ал, шындығына кел-
сек, ұлтшыл болу – ұлт үшін қызмет ету
деген сӛз емес пе?! Қазақтың оқыған
зиялы азаматтарының арасынан алғаш-
қылардың бірі болып халықтың мұңын
жоқтаған, ұлтшылдық идеясын кӛтерген
қазақ ұлтының асыл азаматтарының бірі
Шоқан Уәлиханов болып табылады.
Ұлы Шоқан: «Бәрінен бұрын ӛзімнің қа-
зақ елімді, одан соң Сібірді, одан соң
Ресейді, содан соң бүкіл адам баласын
жақсы кӛремін» деген екен. Демек, ұлт-
шылдық – туған халқыңды ӛз анаңдай
құрметтеу, қолыңнан келген барлық
жақсылығыңды жасау, қызметіңді кӛр-
сету деген емес пе?!
Қазіргі кезеңдегі мақсатымыз –
ұлттық болмысымыз бен ұлттық сипа-
тымызды сақтай отырып, әлемдік даму-
да жаңа жетістіктерге қол жеткізу. Оған
жеткізетін «Мәңгілік ел» идеясына
сүйенген
тәуелсіздігіміздің
нұрлы
жолы. Бұл жайдан жай айтылып отыр-
ған дүние емес. Қазақстан халқы кӛп-
ұлтты ел болғандықтан, ұлттар арасын-
дағы татулықты сақтау тәуелсіздігіміз-
дің басты мәселесінің бірі болып отыр.
Тәуелсіздікті туған жердің рухына
айналдыру, әр азаматтың сана-сезіміне,
болмысына орнықтыру – бүгінгі дәуір
ұрпақтарының тӛл міндеті. Бұл –
қиыншылықтары мен қайшылықтары
мол, кӛп нәрсені жан-жақты қарастыру-
ды, терең талдауды қажет ететін мәселе.
Тәуелсіздік – еркіндік пен теңдікті
ажарлай түсетін принцип. Оған ұмтыл-
ған адамзат мазмұн ортақтығымен,
ұлттық егемендіктің дара, ешкімге
ұқсамайтын кӛріністерімен бетпе-бет
келеді. Бүгініміз де, бола-шағымыз да
осы сапалық сипаттамамен ӛлшенеді.
Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген
табыстарымызды, барымызды бағалап,
саралап кӛрсету әрбір қазақстандықтың
тӛл міндеті болуға тиісті деп есептейміз.
Біздің болашағымыз жас ұрпақ ӛз елін,
тілін, ділін, дінін құрметтеп, тәуелсіздік
тағылымын жан дүниесімен түсініп,
рухани және әлеуметтік әлемін байытып
жатса, тәуелсіздігіміз тұғырлана түсер
еді. Тәуелсіздік заманымызда кӛптеген
қаһармандарымыз
тарихқа
оралды,
ӛлгендеріміз тірілді, елеусіз қалғанда-
рымыз тӛрге шықты. Алайда осы бір
ұлы дүрмекте оларды жүзге бӛлу,
тайпалық принцип ұстау сияқты бей-
берекетсіз жағдайлар кездесіп отырады.
Шынды-ғына жүгінсек, бізде әлі де
рулық сана басым, сол се-бепті, біз
рулық санадан арылып, ұлттық сананы
қалыптастыруға ұмтылуымыз қажет.
Шын мәнінде, ұлылар бір тайпаның, бір
жүздің маңдайына сыймайды, олар –
ұлттың ұлылары, халық перзенттері,
тарих қайраткерлері. Ӛзіміздің үлесі-
мізге тиген рухани мұрамызды ақыл-
парасат
елегінен
ӛткізіп,
есептеп
қарайтын болсақ, біз ұлтымыздың күш-
№4 (42) 2014
Ғалымдар мінбері
5
Достарыңызбен бөлісу: |